Жаңалықтар

Басты бет / Жаңалықтар

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңа Конституциялық бастамалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргілуде

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы аясында МТИ Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, с. ғ. д., профессор В. А. Жексембекова 20-ақпан мен 13-наурыз аралығында ҚР министрліктерінің ұжымдарымен кездесіп, талқылаулар өткізді.

Осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасының Әділет, Туризм және спорт, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ауыл шаруашылығы, Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Қаржы, Сыртқы істер, Сауда және интеграция, Көлік министрліктерінде
жаңа конституциялық реформалардың негізгі бағыттары бойынша баяндамалар жасады.

Конституциялық жаңғыртудың құқықтық мемлекет құрудағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған бастамалар туралы ой-пікірлермен бөлісті.

Сондай ақ, коалиция құрамында В.А. Жексембекова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Басқармасымен, «Қазақконцерт» ұйымымен, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығымен, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен, «СК-Фармация» ЖШС ұжымымен, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» ұжымымен, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ мен қоғамдық саясат институтымен бірлескен кездесулерге
қатысып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасулар өткізді.

Мұндай кездесулер қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты нығайтып, жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін кеңінен түсіндіруге мүмкіндік берді. #біздің_тарих

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін