Жаңа Конституциялық бастамалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргілуде

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы аясында МТИ Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, с. ғ. д., профессор В. А. Жексембекова 20-ақпан мен 13-наурыз аралығында ҚР министрліктерінің ұжымдарымен кездесіп, талқылаулар өткізді. Осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасының Әділет, Туризм және спорт, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ауыл шаруашылығы, Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Қаржы, Сыртқы істер, Сауда және интеграция, Көлік министрліктерінде жаңа конституциялық реформалардың негізгі бағыттары бойынша баяндамалар жасады. Конституциялық жаңғыртудың құқықтық мемлекет құрудағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған бастамалар туралы ой-пікірлермен бөлісті. Сондай ақ, коалиция құрамында В.А. Жексембекова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Басқармасымен, «Қазақконцерт» ұйымымен, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығымен, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен, «СК-Фармация» ЖШС ұжымымен, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» ұжымымен, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ мен қоғамдық саясат институтымен бірлескен кездесулерге қатысып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасулар өткізді. Мұндай кездесулер қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты нығайтып, жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін кеңінен түсіндіруге мүмкіндік берді. #біздің_тарих
ӨҢІРЛІК САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

Авторлық баған Ермұханова Хадиша Кенжеғұлқызы Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Теги: Реформа Қазақстан Құрылтай2026 Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан кең ауқымды тарихи өзгерістер мен барлық бастамалар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуда. Осы реформалар негізінде «Күшті өңірлер – қуатты ел» қағидатына сәйкес қоғамда мәслихаттардың беделі артып, мемлекеттік жүйедегі маңызды институттардың біріне айналып келеді. Елімізде мемлекеттік басқару, экономика және әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан терең жаңғыртулар үдерісі мәслихаттарға ерекше міндет жүктейді. Осыған байланысты, 2026 жылдың 12 наурызында өткен Мәслихат депутаттарының III республикалық форумы мәслихаттардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін күшейтуге, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және депутаттық корпусқа қоғамның сенімін арттыруға арналды. Бұл жиынның өңірлік саясаттың тиімділігін бағалаумен қоса, өзекті мәселелерді талқылауда маңызы айрықша болды. Айтар болсақ, мәслихат депутаттарының халықпен өзара байланысын арттыру, қоғамның депутаттарға деген сенімін күшейту мәселелері тереңірек қарастырылды. Сонымен қатар, мәслихаттардың саяси және экономикалық реформаларды іске асырудағы және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудағы рөлінің ерекшелігіне көңіл бөлінді. Осының негізге ала отырып, мәслихаттардың әлеуетін арттыру барысында оларға бірқатар міндеттер жүктелді. Атап өтер болсақ, аймақтар өз бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс екендігі көрсетілді. Алдағы уақытта жергілікті жерлердегі қордаланған мәселелерді шешуде мүмкіндік пен ресурстардың арта түсетіндігі айтылып, мәслихаттарға қаражаттың тиімді жұмсалуын қатаң бақылау жүктелді. Сонымен бірге, мәслихаттардың өкілеттігін одан әрі кеңейте түсу қажеттілігі, билік өкілдерінің халықпен ашық, тығыз қарым-қатынас орната білуі керектігіне баса назар аударылды. Халық тарапынан болатын шағымдарды жергілікті деңгейде уақыт күттірмей шешуге тапсырма берілді. Бұдан басқа, мәслихаттарға жоғары заң шығарушы органға қажетті кадрларды даярлау міндеттеліп, осы бағытта жұмыс істеу тапсырылды. Республика көлеміндегі бұл басқосу мәслихат институтын одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды. Қорыта келе, форум барысында елдің саяси жүйесін жаңғырту, жергілікті басқаруды күшейту және жаңа Конституция аясындағы реформалар кеңінен талқыланып, еліміздің саяси жүйесін одан әрі дамыту мен жаңғырту жолындағы маңызды қадам болды. Новости Меню навигации