Нұрбек Пұсырманов 2010 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (тарих бакалавры), 2013 жылы магистратура, 2019 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторантурасын бітірген (PhD).
Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әртүрлі жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің сарапшысы, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бас сарапшысы қызметтерін атқарған. 2018-2021 жж. Астана қаласы Ішкі саясат басқармасында бөлім басшысы, 2020-2021 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының доценті м.а., 2021-2023 жылдары ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ШЖҚ РМК Ғылым жөніндегі вице-президенті болған. 2023 жылдан бастап ҚР ҒЖБМ ҒК “Мемлекет тарихы институтының директоры”
44 ғылыми және 18 танымдық жарияланымдар, «Қазақстан тарихы» (сандар мен сызба-кестелерде)/2010/ атты оқу құралының авторы. «Ұлттық идея қазақстандық қоғамды топтастырудың факторы ретінде» тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық мемлекеттік университетінің тарих факультетін 1979 жылы, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ біліктілікті арттыру институтын 1987 жылы аяқтады. Монтеррей халықаралық институтында (АҚШ, 1994 ж.), Стэнфорд университетінің Гувер соғыс, революция және бейбітшілік институтында ғылыми тағылымдамадан өтті. (АҚШ, 2003). «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасымен Амстердам қаласындағы Корольдік әлеуметтік тарих институтында ғылыми тағылымдамадан өтті (Нидерланды Корольдігі, 2014-2015 жж.).
1988 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды, 1996 жылы «1970-1990 жылдар аралығында Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік дамуы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Профессор, саяси ғылымдар доценті. Қазақстанның мектептері мен жоғары оқу орындарына арналған 120-дан астам ғылыми мақалалардың, монографиялардың, оқулықтардың авторы. Жошы ұлысының тарихымен-Алтын Орда және қазіргі заман тарихымен айналысады. Аталған бағыттар бойынша Scopus, Web of Science халықаралық жоғары рейтингті журналдарында 17 мақала, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған журналдар мен және Ресейдегі РИНЦ базасына енетін журналдарда 9 мақала жариялады. Қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша баспа беттерінде, БАҚ-та жиі сұхбаттары мен публицистикалық пікірлері жарияланады.
1979 жылы тарих факультетін бітіргеннен кейін кафедрада оқытушы болып қалды. 1989-1990 жылдары республиканың Оқу-ағарту министрлігінде жетекші маман, 1990-1996 жылдары Қазақстан Президенті мен республика үкіметінің аппаратында жұмыс істеді. 1996 жылғы желтоқсан айынан 1998 жылғы қазанға дейін Қазақ гуманитарлық заң университеті сыртқы байланыстар орталығының директоры. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің құрылымында 1998 жылдың қазанынан 2003 жылдың мамырына дейін департамент директорының орынбасары, Басқарма бастығы болып жұмыс істеді. 2003-2008 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» ЖАҚ директоры-бас редакторы болып жұмыс істеді. 2008 жылдың қазан айында ҚР Ғылым және білім министрлігінің «Мемлекет тарихы институты» ММ директоры болып тағайындалды. 2020 жылдан бері Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары.
Б.Г. Аяған «Қазақ білім академиясының», Әлеуметтану академиясының, Білім академиясының академигі, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті академигі (2022 ж.). «Көшпенділер», «Ұлы дала дүбірі», «Жау жүрек мың бала», «Соғыс кепілі» (Карлаг тұтқындары туралы) кинофильмдеріне ғылыми кеңесшісі болды. Ғалымның бастамасымен 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандарының жолдары бойынша» ғылыми экспедициясы ұйымдастырылды. 2013 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстан мен Ресей тарихшыларының жұмыс тобының тең төрағасы. Кәсіби тарихшылар мен қоғамтанушылар лигасының төрағасы. Республика тарихшыларының Ұлттық конгресі төрағасының орынбасары (2013-2019 жж.). Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі (2013 жылдан 2023 жылға дейін), саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі (2019 ж.-2023 ж.), Астана әкімдігі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының мүшесі (қазіргі уақытта).
Б.Г. Аяған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен (2014 ж.), сондай-ақ 8 медальмен марапатталды. Сондай-ақ «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» (2005 ж.), Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» (2011 ж.), «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» (2014 ж.) төсбелгісілерінің иегері. 2022 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген азаматы» атағын алды. Түркия Республикасының және басқа да шет мемлекеттердің ғылымына қосқан үлесі үшін медальдары бар.
ORCID — (https://orcid.org/0000-0001-9498-0000)
2020 жылдан 2025 жылдар аралығында жарияланған негізгі ғылыми еңбектері.
Басшылығымен немесе қатысуымен кең тиражбен жарияланған монографиялар мен оқулықтар:
Оқулықтар мен оқу құралдары:
4.Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Тарихы ғылымы :тарихнама проблемалары-Алматы,2022.,464 б.-Кіріспе.1 тарау.5-45 бб.
5. История Казахстана для высших учебных заведении.Предисловие. Глава 11.-Алматы, 2022. -352 с.(қазақша/орысша)
Жүмашов Еркебұлан Әлімханұлы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің тарих факультетін 2007 жылы бакалаврды тәмамдаған. 2010 жылы Түркия Республикасындағы Анкара университетінен магистр дәрежесін алды. «Болашақ» халықаралық стипендиясының қаржыландыруымен 2020-2021 жылдары Ұлыбританиядағы Бирмингем университетінде білім алды. 2025 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі диссертациялық кеңесте «Жергілікті өзін-өзі басқарудың қазақстандық моделін қалыптастырудың тетіктері» тақырыбында диссертациясын қорғап, саясаттану мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесін алды.
Еркебұлан Әлімханұлы еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық және аймақтық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері болып бастаған. 2014-2015 жылдары «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бас сарапшысы, 2016-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент академиясының консультанты, 2019-2020 жылдары «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтында жоба менеджері болып еңбек етті. 2021-2024 жылдар аралығында Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту орталығының директоры лауазымын атқарды.
2 монографияның, рецензияланатын ғылыми әдебиеттердің халықаралық библиографиялық және рефераттық дерекқорына кіретін журналдарда жарияланған 4, ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған журналдарда жарияланған 9 ғылыми мақаланың авторы. Басқа да ғылыми журналдар мен конференция жинақтарында жиырмаға жуық мақаласы жарияланған, оннан аса әдістемелік құралдарды, талдамалық жазбалар мен түсіндірме құралдарын әзірлеуге қатысқан.
Қайдарова Әсем Серікқазықызы 1982 жылы 12 наурызында ШҚО туған. Қайдарова Әсем 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бакалаврын, 2005 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың саясаттану кафедрасының магистратурасын, 2007 жылы саясаттану кафедрасының аспирантурасын бітірді. 2007 жылы саяси ғылымдар бойынша «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету контексіндегі ғарышты игеру саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация, 2010 жылы «Қазақстан Республикасындағы ұлттық идеяның қалыптасуы (саясаттанулық талдау)» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
2007-2016 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің саясаттану кафедрасында ассистент, оқытушы, доцент қызметін атқарды.
2012-2013 жылдары АҚШ-та Болашақ бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.
2012 жылы International Conference on Social Sciences (Венеция, Италия), 2016 жылы International Conference on Academic and Industrial Research in Business Management and Social Sciences (БАӘ, Дубай) сияқты бірнеше халықаралық конференцияларда баяндамалар жасады.
2016 жылдан 2019 жылға дейін «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2019 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма Төрағасының орынбасары, кеңесшісі қызметтерін атқарды.
2024 жылдың 9 қыркүйегінен осы уақытқа дейін Мемлекет тарих институтында қызмет етеді.
150 ден астам халықаралық қатынастар, ұлттық идея мен идеология, ұлттық бірегейлік, жастар, отбасы саясаты қоғамдық даму салалары бойынша ғылыми мақалалардың, «Қазақстан жастары», Қазақстандық отбасылар ұлттық баяндамаларының, «Жас отбасыларды әлеуметтік қолдау», «Антикоррупционное образование и воспитание молодежи в учебных заведениях для формирования нетерпимости к проявленным коррупции», «Геосаясат», «Халықаралық қатынастар теориясы» т.б. атты бірнеше еңбектердің авторы.
Бірнеше ғылыми жобалардың, «Поддержка на национальном уровне повышения потенциала молодежных ресурсных центров Кызылординской и Мангистауской областей», «Изучение механизмов работы с молодежью категории NEET» т.б. халықаралық жобалардың жетекшісі.
Қазақстан ғалымдарының энциклопедиясы мен «Ғылымға арналған өмір. Қазақстан Республикасының ғалымдары» атты жинақтарға енді.
Оқу білімге құштарлығымен, кәсіби біліктілігімен, ұйымдастырушылық қабілеті мен мақсаттылығымен ерекшеленеді.
Аманғосов Еркебұлан Русланбекұлы – Ғалым хатшы
1987 жылғы 3 мамырда Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келген. 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіріп, 2013 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Әлеуметтану» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алды. «Әлеуметтану» мамандығы докторант. Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 2013 жылы Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2015–2017 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-де сарапшылық және басшылық қызметтер атқарды.
2017–2021 жылдары Еуразиялық интеграция институтында әлеуметтік зерттеулер саласында жетекші сарапшы болды. 2021–2023 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Стратегия, ғылым және талдау орталығын басқарды. 2023 жылдың тамыз айынан бастап Мемлекет тарихы институтының ғылыми-ақпарат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Ғылыми қызығушылықтары ұлттық идеология, саяси институттар, ұлт құрылысы, этносаясат, білім беру саясаты және әлеуметтік зерттеу әдістемесін қамтиды.
Негізгі жарияланымдары:
Прикладной социологический анализ качества жизни населения Казахстана // Перспективы повышения качества жизни…, 2019.
Жексембекова Венера Абыхановна —Еуразиялық зерттеулер және саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, саяси ғылымдар докторы, профессор.
2004 жылы Жексембековаға саяси ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
2007 жылы оған «Саясаттану» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.
2010 жылы ол докторлық диссертациясын қорғап, саяси ғылымдар докторы ғылыми дәрежесін алды.
Өзінің ғылыми қызметі барысында бірнеше рет стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, сондай-ақ оқу құралдарының әзірленуіне белсене қатысты.
Жастар саясаты, электоралдық процестер, сот жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әрекеттестігі, жаңа қазақ патриотизмі, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары, экологиялық қауіпсіздік, Каспий өңірінің проблематикасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне арналған көптеген ғылыми еңбектердің авторы.
Кейбір жұмыстар
«Саяси модернизация процесі және қазіргі кезең». Оқу құралы. — Алматы: ЖШС «Полиграфия сервис и К»; 2006. — 67 б.
«Қазақстан Республикасының саяси партиялары қызметіндегі ұлттық топтасу мәселелері». Монография. — Алматы: ЖШС «Полиграфия сервис и К»; 2007. — 195 б.
«Қазақстан қоғамның демократияландырудағы саяси жаңарту». Монография. — Алматы, 2009. — 254 б.
«Қазақстан қоғамын жаңғырту жағдайында кредиттік оқыту жүйесін енгізудің факторы ретінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау» Оқу құралы. – Павлодар, 2009 ж.
Modern political processes and mechanisms to ensure geoecological safety and sustainability of the Northern Caspian Region by the example of the Republic of Kazakhstan and the Russian Federation – Rivista di Studi sulla Sostenibilità, 2023, ISSN 2239-1959, 2-том. – Б. 129–147, DOI: 10.3280/RISS2023-002008 (авторлық бірлестікте).
Современные политические процессы и механизмы обеспечения геоэкологической безопасности северного Прикаспия (на примере Республики Казахстан и Российской Федерации) — «Қоғам және Дәуір» журналы, 3-том, №83, Астана, 2024 ж., Б. 104–116, https://doi.org/10.52536/2788-5860.2024-3.08 (авторлық бірлестікте).
Қалиева Марал Шатулақызы — Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор (доцент).
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген (1979-1984 жж.).
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінің күндізгі аспирантурасын бітіріп (1996-1999 жж.), «23.00.03 — Саяси мәдениет және идеология» мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Кеңестік Ресейде партиялық-мемлекеттік идеологияның қалыптасуы (1921-1925 жж.)» тақырыбында диссертация қорғады (1999 ж.); тарих ғылымдарының кандидаты.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «23.00.02 — Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар» мамандығы бойынша саяси ғылымдар докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Қазақстан Республикасын саяси жаңғырту процесінде қоғамды идеялық шоғырландыру» тақырыбында диссертация қорғады (2009 ж.); саяси ғылымдарының докторы.
Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік жаңғыруы, тәуелсіз Қазақстан тарихы, деректану және тарихнама, этносаяси процестер, этносаралық қатынастар, полиэтникалық қоғам болып табылады.
Келесі ғылыми жобаларға қатысты: 2018-2021 жж. – «Қазақстан халқының этнодемографиялық дамуы (1989-2019 жж.)»; 2021-2022 жж. – «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихи ғылымын қалыптастырудың ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу»; 2023-2024 жж. – «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және аймақтар (1991-2021 жж.)»; 2023-2024 жж. – «Қазақстан тарихындағы саяси институттар мен құрылымдардың эволюциясы (ХІХ–ХХІ ғғ.)»; қазіргі уақытта: 2025-2027 жж. – «Қазақстан тарихындағы тұлға рөлінің концепциясы зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері».
Республикалық және шетелдік ғылыми басылымдарда 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылады, оның ішінде:
БАҚ және әлеуметтік желілер:
Марапаттар:
Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі (1990 ж.).
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ҚР БҒМ Мемлекеттік грантының иегері (2009 ж.).
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЕҢБЕГІ ҮШІН» төсбелгісі (2020 ж.).
Қарасаев Ғани Мұқашұлы – Деректану тарихнама және Отан тарихы бөлімінің басшысы
1955 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. 1972 жылы осы аудандағы Покровка ауылындағы орта мектепті аяқтаған. 1978 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «Тарих» факультетін үздік дипломмен бітіргеннен кейін, осы жылдың қыркүйек айынан 1980 жылдың мамыр айына дейін Қазақстан Коммунистік Жастар Одағы Тарбағатай аудандық комитетінде алдымен нұсқаушы, одан ары «Спорт және жалпы қорғаныс» бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1980 жылдың мамыр айынан 1988 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Компартиясы Тарбағатай аудандық комитетінде лектор, нұсқаушы қызметтерінде болды.
Қарасаев Ғани Мұқашұлы- шетелдік және республикамыздың ғылыми ортасына белгілі ғалым-зерттеуші, тарих ғылымдарының докторы, Отан тарихының (Қазақстан Республикасы тарихының) әр кезеңдерін зерттеуге арналған 300 ден артық ғылыми еңбектің, солардың қатарында 10-нан астам монография мен кітаптың және 3 ұжымдық монографияның авторы. Солардың қатарында өзі кеңінен айналысатын Қазақстанның шығыс өлкесі мен Алтай өңірінің көне заманнан ХХ ғасыр басына дейінгі тақырыбын зерттеуге арналған 200-ден артық ғылыми шығармалары, бұлардың қатарындағы 5 монографиясы дайындалып, жарияланған.
Ғылыми зерттеулерінің екінші саласы — Тәуелсіз Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына арналған 2 монографияның, 30-ға жуық ғылыми еңбектің де авторы. Аталған мақалалардың 20-дан астамы ағылшын тіліндегі жоғары рейтингтік шетелдік журналдарда жарияланған, Ғылыми еңбектерінің басым бөлегі ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған және әлемнің 15-тен астам елдерінің, атап айтқанда, Ресей, Монғолия, Қытай, АҚШ, Румыния, Словакия, Англия, Испания, Украина, Венесуэла, Чили, Аргентина, Нидерланды, Чехия, Италия, т.б. елдері жоғары рейтингтіқ басылымдарында жарияланып, лайықты бағасын алған. 100-ден артық халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, конгрестер мен форумдарға қатысып, баяндама жасаған.
2018-2025 жылдың басы аралығында оның шетелдік жоғары рейтингалық журналдарда («Scopus», «Web of Science») 40-тан астам мақаласы жарияланып, оларға 170- тен астам шетелдік авторлар сілтемесі мен 15 Индекс «Хирша» белгісі түсті. Бүгінгі күнге 100 ден артық шетел журналдары мен редакцияларынан бұл мақалаларға қолдау хаттар жіберілді және мақалаларын осы журналдарға жіберу туралы ұсыныстар жасалды. Қазіргі күні 5 мақаласы осындай жоғары рейтингтық шетелдік ғылыми журналдар редакциялары сараптамасынан өтіп, қабылданды.
Көптеген ғылыми шығармалары ғылыми еңбектердің халықаралық көрмелерінде марапаттаулар алған.
Атап айтқанда, оның ғылыми туындылары 2020 жылы Мәскеу қаласында өткізілген мерекелік XLV халықаралық ғылыми көрмеде алтын медальмен, арнайы дипломмен, Маиндағы Франкфурт қаласындағы халықаралық ғылыми кітап көрмесінің «Frankfurter Buchmesse»(Франкфурт на Майне (Германия) алтын медалі, дипломымен, Испанияның Барселона қаласындағы «LIBER BARCELONA» Испания) 2020 және Лондон қаласындағы ғылыми еңбектер көрмесінің «The London Book Fair 2021» (Ұлыбритания) және Гонконг қаласындағы2023 жылдың 19-25 шілде аралығында өткізілген «HONG KONG BOOK FAIR 2023» Қытай (Гонконг)» ғылыми көрмелерінде арнайы дипломдармен марапатталды.
Осындай шетелдік Ғылыми көрмелер марапаттауларының қатарында автордың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы көпсалалы сыртқы саясатына арналған (2-кітап) және Қазақстанның шығысы мен Алтай өңірінің көне заманнан ХХ ғасыр басына дейінгі тарихына арналған (4- кітап) монографиялары мен шетелдік жоғары рейтингтік журналдарда жарияланған: «Nazarbayev and the Problem of Nuclear Weapons in the History of Independent Kazakhstan (1991-1995)» және «HISTORY OF KAZAKHSTAN – USA PARTNERSHIP RELATIONS (1991-1996)» деген мақалалары бар.
Ғылыми шығармаларының халықаралық дәрежеде танылуына орай Еуропа Одағы (Евросоюз) Ғылыми-өндірістік Палатасының, «Еуропа ғылыми-өндірістік концорциумының» «Европейское качество» (Gold medal «European Quality») және Халықаралық Максимилиан Вебер (MEDAL EUROPEAN SCIENTIFIC AND INDUSTRIAL CONSORTIUM «ESIC» — MAXIMILIAN WEBER) атындағы ғылыми бірлестіктің Алтын медалдарымен марапатталған.
Есімі Ресейдің «Известные ученые и специалисты России» атты Энциклопедиясының 8,16 томдарына енгізіліп, арнайы төсбелгі, куәлік және сертификаттармен марапатталған.
Ғани Мұқашұлына Ресей Жаратылыстану Академиясы Төралқасының шешімімен «Заслуженный деятель науки и образования» атты Құрметті атағы берілген. Ресей Жаратылыстану Академиясының Толық мүшесі (Академигі).
Ресей Федерациясы Санкт Петербург Мемлекеттік Университеті Тарих институты студенттеріне оқыған дәрістері, осы оқу орнының Диссертациялық кеңестегі белсенді қызметі, осы Тарих институты ғалым- оқытушылары арасындағы ғылыми байланысты іске асырудағы қызметі үшін Санкт-Петербург Мемлекеттік Университеті Ректоратының Алғыс хатымен және осы Университеттің Тарих институтының арнайы Төсбелгісімен марапатталды.
Қарасаев Ғани Мұқашұлы ҚР Тарихшылар және қоғамтанушылар Академиясының Академигі, Қазақстанның кәсіпқой тарихшылар Лигасының, Тарихшылардың Ұлттық Конгресінің мүшесі.
«Қазақстан ғылымына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері. Республикадағы бірнеше жоғары оқу орындарының (Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ (2 рет), Ш.Құдайбердіұлы атындағы Семей МУ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау МУ) дамуына қосқан үлесі үшін медальдарын алған. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің “Құрметті докторы” атағы берілген.
2016 жылғы ҚР Президентінің халықаралық “Болашақ” стипендиясының иегері.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы Мемлекеттік Ғылыми стипендиясының иегері.
Абай шығармаларын насихаттаудағы атқарған ұзақ жылғы қызметі үшін 2022 жылы Қазақстан Республикасы «Абай» атындағы халықаралақ мәдениет пен өнерді қолдау қорының шешімімен Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай «АБАЙ» мерекелік медалімен марапатталды.
2025 жылы аталған халықаралық қордың ұйғарымымен Абайдың туғанына 180 жыл толуына байланысты «АБАЙ 180» мерекелік медалінің иегері атанды.
Ол сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясының «ҚАНЫШ СӘТПАЕВТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫ» атындағы мерекелік медалының» иегері.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІ 25 ЖЫЛДЫҒЫ» және «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ» мерекелік медальдарын алған.
2025 жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытудағы сіңірген еңбегіі үшін «ҚҰРМЕТ» орденімен марапатталды.
ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтында атқарылып отырған іргелі және қолданбалы ғылыми жобалардың орындалуына үнемі белсене қатысады. Атап айтқанда ол қазіргі күні 2023-2025 жылдарға арналған «Қазақстан тарихындағы саяси институттар мен құрылымдардың эволюциясы (ХІХ-ХХІ ғғ.)»» деген тақырыптағы Бағдарламалы мақсатты ғылыми жобаның (ПЦФ) ғылыми жетекшісі болып табылады.
ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтында атқарылып отырған іргелі және қолданбалы ғылыми жобалардың орындалуына үнемі белсене қатысады. Ол сонымен қатар бірнеше рет ҚР ҒЖБМ тарапынан жарияланған Бағдарламалы мақсатты ғылыми жобаның (ПЦФ), гранттық ғылыми жобалардың жетекшісі және орындаушысы болды.
Бұлармен бірге Республикамыздың, солардың ішінде Астана қаласы жұртшылығы, ғалымдары мен студенттері алдында Тәуелсіз Қазақстанның әр салалы тарихына, қазіргі саясатына, солардың ішінде ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларын талқылап, насихаттауға арналған дәрістер оқып, әңгімелер өткізуге белсенді тұрғыда ат салысуда.
2024 жылғы шілде айындағы Астана қаласындағы Жоғары деңгейдегі ШЫҰ Саммитінің жұмысын халықаралық және еліміз деңгейінде насихаттаудағы атқарған қызметі үшін осы жылдың шілде айында ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарындағы диссертациялық кеңестерінің мүшесі ретінде жоғары дәрежелі ғалым -таррихшы мамандар дайындау ісіне де белсене қатысуда.
Қазақстан тарихынан дайындалған ғылыми жобаларды талқылауға арналған Мемлекеттік ғылыми-техникалық Ұлттық Орталықтың сарапшысы. 2023 жылдан ҚР Ұлттық Ғылыми Кеңесінің мүшесі болды. “Халықаралық “Болашақ” Бағдарламалар Орталығы” тәуелсіз сараптаушылар тобының мүшесі.
Халықаралық «e-history.kz/rue» электронды және Қазақстанның бірнеше жоғары рейтингті журналдарының ғылыми сарапшысы.
Қазақстандағы бірнеше жоғары оқу орындарындағы Мемлекеттік Аттестациялау және Емтихан комиссияларының Төрағасы болып бекітілген.
Жас ғалымдарды дайындау мен тәрбиелеуге тұрақты назар аударады. Жақсы ұйымдастырушы, ғалымдар, әріптестері арасында беделге ие.
Сонымен бірге осы қызметтерде бола отыра, қоғамдық әіс ретінде Қазақстан Компартиясы Тарбағатай аудандық комитеті бастауыш партия ұйымының хатшылығын бірге атқарды.
1991 жылы аудан коммунистері атынан Қазақстан Компартиясы ХІҮ сьезіне делегат болып сайланды.
1988 жылдың сәуір айынан 1993 жылдың қыркүйегіне дейін аудан орталығындаға қазақ және орыс тілдерінде білім беретін Абай атындағыв орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
Осы мерзімде аталған мектепте 1200-ден астам оқушы білім алды. Мұғалімдер саны 120-дан асты. Абай атындағы орта мектебі сол уақыттарда халық арасында «Тарбағатай ауданының Университеті» деп аталатын еді. Себебі ХХ ғасырдың 50-60 жылдарына дейін ауданның түгелге жуық ірі елді мекендерінде орта білім алу орындары болмай, олардағы оқушылардың басым бөлегі 9-10 сыныптардағы білімдерін Абай атындағы орта мектептерінде жалғастырып, орта білім туралы аттестаттарын алатын еді.
Осы айтылғандармен қатар, аталған ғасырдың 70- ші жылдарында аудан кеңшарларындағы бұрын жұмыс істеп келген орыс тіліндегі оқыту сыныптары жабылып, көптеген оқушылар орыс тілінде білім алуды Абай атындағы орта мектебінде жалғастыратын еді.
Осының негізінде аудан орталығындағы Абай атындағы орта мектебінің барлық кезеңдердегі түлектерінің арасында елімізге, шетелдерге белгілі болған ғылымның әр саласындағы ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет, халыққа білім беру, т.б. бағыттардағы адамдар бар.
Ғани Мұқашұлы аталған мектептің директоры қызметтерін атқарған мерзімде мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, оқу процеесін заман талабына сай жүргізуге, оқу сапасын арттыруға жоспарлы негізде назар аударылды.
Мұғалімдердің кәсіптік білімін арттыру жұмыстары жүйелі тұрғыда атқарылды.
1993 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың шілде айына дейін Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы Мемлекеттік техникалық Университетінде доцент, қазақ тілінде оқыту факультеті деканының орынбасары, «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2013 жылдың шілде айынан бүгінгі күнге дейін Астана қаласындағы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінде (ғылыми зерттеу институты) «Деректану тарихнама және Отан тарихы» бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді. Тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы «Тарих және қоғам тану» Академиясының Академигі, Ресей Федерациясы Жаратылыстану Академиясының Толық мүшесі (Академигі).
Қуанышев Жапсарбай Ілиясұлы – ҚР БҒЖБМ Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері.
1979 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
1982–1986 жылдары КСРО Ғылым академиясының КСРО тарихы институтында тағылымдамадан өтіп, аспирантурада оқыды. 1987 жылы Москва қаласында «Қазақ КСР-індегі ауылдық және селолық кеңестердің қызметі (1966–1975 жж.)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. КСРО ЖАК-тың «аға ғылыми қызметкер» ғылыми атағы бар.
Саяси ғылымдарының докторы. 2001 жылы «Қазіргі Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі казактар» тақырыбында диссертация қорғады.
Еңбек жолын 1979 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында лаборант болып бастап, кейін аға ғылыми қызметкер және ғылыми хатшы қызметтерін атқарды (1979–1992). 1992 жылдан бастап мемлекеттік қызметте түрлі басшылық лауазымдар атқарды: ҚР Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинетінің Ақпараттық-талдау орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі (1992–1996), ҚР Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі, көмекшісі (1996–2004), ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының хатшылығының меңгерушісі (2004–2008), Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі (2008–2014).
2014–2015 жылдары «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясының бас директоры қызметін атқарды.
2015–2018 жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директорының орынбасары, қызмет басшысы болды.
260-тан астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектің, соның ішінде монографиялардың авторы: «Казачество современного Казахстана: основные проблемы и тенденции». – Алматы, 2000; Архетипы сознания казачества в Республике Казахстан (1999-2002 гг.). – Астана, 2005; Казахстан в 1971-1985 гг. // Учебное пособие по истории Казахстана с древнейших времен до наших дней. – Алма-Ата. 1992 (бірлескен); Казахстан в 70-е 80-е годы. // История Казахстана с древнейших времен до наших дней (очерк), – «Дәуір», Алматы, 1993 (бірлескен); Республика Казахстан. Социально – экономическое развитие. Под. ред. А.Р. Медеу. 2-е издание. Алматы, 2010, – Т. 2, гл. 10 История (бірлескен), член редакцилық алқаның мүшесі); «Республика Казахстан: 20 лет прогресса и стабильности» коллективная монография. // Алматы, 2011 (бірлескен); Ұлттық тарих көкжиегі (Қазақстан тарихы ғылымының Тәуелсіздік дәуіріндегі дамуы). – 2018. (бірлескен); Современные проблемы внутренней и внешней политики Республики Казахстан: Коллективная монография. – Астана, 2019.
Ғылыми қызығушылықтары: Қазақстанның кеңестік және тәуелсіздік кезеңіндегі тарихы, ұлттық бірегейлік пен азаматтық тұтастық мәселелері, этносаяси үдерістер, мемлекеттік басқаруды жаңғырту және сот-құқықтық реформалар.
«Парасат» және «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, көптеген мерейтойлық медальдармен, «Алтын барыс» төсбелгісімен (2009, 2014), сондай-ақ «Мінсіз қызметі үшін», «Үздік мемлекеттік қызметші», «Білім саласының құрметті қызметкері», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған. Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі.
Негізгі ғылыми еңбекторі мен жарияланымдары:
Деятельность сельских и аульных Советов Казахстана по развитию сельского хозяйства (1965-1975) // Изв. АН КазССР сер. обществ.наук, 1986, №5; История коллективизации сельского хозяйства Казахстана в новом свете Коллективизация сельского хозяйства в республиках Средней Азии и Казахстана: Опыт и проблемы. – Алма-Ата: «Ғылым», 1990; Талқаны шыққан тың дала…// Арай, 1991, №5-6; Колбин. Саяси портретінің штрихтары // «Алматы…1986. Желтоқсан». – Алматы. – 1991 (жинақ); Взаимосвязь демополитики и политической жизни (На примере Казахстана. Середина 50-х – 80-е годы) // Тезисы докладов и сообщений Всесоюзной научной конференции: «Демографические процессы на Урале, в Сибире, Средней Азии и Казахстане 19-20 вв» Целиноград, 1991; Национальная политика и политическая жизнь Казахстана в середине 50-х – 80-е годы: новые подходы. // «Национальные проблемы и конфликты: поиски путей и их решения. // Тезисы докладов научной конференции (12-14.09.91. Бишкек Чолпан-Ата), ч.1 Бишкек, 1991; Жетісудағы ауыл шаруашылығын коллективтендірудің кейбір мәсәлелері // Жетісу тарихы мен мәдениеті ғылыми теориялық конференциясының материалардары. Талдықорған, 1 кітап, 1992, 1-2 кітап; Институционализация плюралисткой системы в бикультуральном обществе // Казахстан-Спектр, №3-4, 2000; 70-80 жылдардағы ауыл шараушылығын дамытудағы қиындықтар // Қазақстан тарихы. Әдістемелік журнал.-2011. – № 11; Астана – тәуелсіздік тәжі // Астана ақшамы, 2018 жыл, №№72-77; Ұлы Дала мәдениетінің қайнар көздері және тарихи сана ренесансы. – «Қазақ тарихы». – 2019; Азаматтық сәйкестікті қалыптастыру және ондағы қазақ халқының біріктіруші рөлі – «Қазақ тарихы». – 2019; Роль административных реформ в формировании эффективного государства. – «Қазақ тарихы». — 2020; Әбіш Кекілбаев: Гуманист. Патриот. Саясаткер. – «AQIQAT». — 2020; О некоторых проблемных вопросах в ходе проведения судебно-правовой реформы в Республике Казахстан. – «Қазақ тарихы». – 2020; Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстан: саяси ахуалдың ұлттық қыры. – Қазақ тарихы. – 2020; Қазақстандық ұлтаралық және дінаралық келісім моделі: әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси қырлары. – Қазақ тарихы. – 2021; Рухани жаңғыру және ырым-тыйымдар 2021 ж. 16 тамыз; 2000-ші жылдардың саяси тренді – құқықтық мемлекеттің негізін қалау. – 2021; Қазақстандық ұлтаралық және дінаралық келісім моделі: әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси қырлары. – Қазақ тарихы. – 2021; Конституциялық процесс: саяси ерік-жігер мен табандылық. — Сборник материалов международного круглого стола «Президент – символ и гарант незыблемости Конституции Республики Казахстан». – 2021; Тұрғындарды әлеуметтік қолдау туралы – Қазақ тарихы. – 2022; Маңғыстау облысын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері — Қазақ тарихы. – Қазақ тарихы. – 2022; Правовые основы рыночных реформ в Республике Казахстан. – Қазақ тарихы. – 2021. – №3; Саяси реформалардың мән-мәтініндегі ауыл әкімдерінің сайлауы, 2021 (e-history.kz); Рухани жаңғыру және ырым-тыйымдар 2021 (e-history.kz); Жаңа жағдайдағы сот жүйесін модернизациялау: азаматтардың сенімін арттыру – Қазақ тарихы. – 2021. – №4; 2000-ші жылдардың саяси тренді – құқықтық мемлекеттің негізін қалау, 2021 (e-history.kz); Қазақстан азаматтарының жаңа ұлттық сана-cезімін қалыптастырудың тарихи негіздері, 2021 (e-history.kz); Қазақстан азаматтарының жаңа ұлттық сана-cезімін қалыптастырудың тарихи негіздері, 2021 (e-history.kz); Конституциялық процесс: саяси ерік-жігер мен табандылық. – Сборник материалов международного круглого стола «Президент – символ и гарант незыблемости Конституции Республики Казахстан», // Под общей ред. З.К.Шаукеновой – Нур-Султан: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, 2021; Қызылорда арнайы экономикалық аймағы // (XX ғасырдың 90-жылдарының екінші жартысы), 2022 (e-history.kz); ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ (Оңтүстік Қазақстан облысының мысалында. ХХ ғасырдың 90-жылдарының бірінші жартысы. Қазақ тарихы. – 2022. – №3; МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (2000 — жылдар). Қазақ тарихы. – 2022. – № 3; Аймақтық дамудың әлеуметтік әлеуеті / «XIX-XXI ғасырдың алғашқы ширегіндегі отандық тарихтың аймақтық аспектілері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектер жинағы. Тараз: Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ баспаханасы, 2023 (e-history.kz); Тарихи сананың мәдени аспектілері, 2023 (e-history.kz); САЯСИ РЕФОРМАЛАРДЫҢ КОНТЕКСТІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫ (2000 жылдардың бірінші жартысы) // Қоғам & Дәуір ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ № 2 (86) 2025 (бірлескен).
Смагулова Айзада Бөкесбайқызы- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» РММ-нің Бас бухгалтері.
2006 жылы Арқалық қаласындағы Торғай агро-техникалық колледжіне, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша біліктілігін алған.
2010 жылы Көкшетау қаласында «Көкше Академиясына, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бакалавр біліктілігін алған. 2009 жылы Жастар тәжірибесі бойынша «Есіл ауданының Салық басқармасына» бухгалтер көмекшісі болып жұмыс атқарған.
2009 жылдың желтоқсан айында Жастар тәжірибесінің аяқталуына байланысты, жұмыстан шыққан.
2010 жылдан 2013 Есіл аудандық Теплосервисте бухгалтер болып жұмыс атқарған.
2013 жылдан 2014 жылдың маусым бойынша «Есіл ауданының мұрағаты» ММ бас бухгалтер болып жұмыс атқарған.
2014 жылдың маусым айында Астана қаласына қоныс аударған. 2014 жылдың тамыз айынан 2016 жылдың шілде айы бойынша «Ішкі істер министрлігінің оқу орталығында» бухгалтер ретінде жұмыс атқарған.
Медеубаев Ерлан Ислямұлы — Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихы бөлімінің басшысы.
1995 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының тарих факультетін бітірді, 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасындағы күндізгі аспирантурасын 07.00.02 – Отан тарихы мамандығы бойынша тәмамдады. Тарих ғылымдарының кандидаты (1999 ж.), диссертация тақырыбы: «Қазақстандағы әскери коммунизм саясаты (1918–1921 жж.)».
2013 жылы Гонконгтегі Lingnan University (Hong Kong) Тарих департаментінде Visiting Scholar (шақырылған ғылыми қызметкер) болды.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. 2021 жылы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Құрметті білім беру қызметкері» төсбелгісімен наградталған.
Ғылыми қызығушылық салалары: ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы (деректану, историография және Қазақстан тарихының методологиясы), тарихи жад саясаты мен мемориалдық мәдениет мәселелері, музейлер және музей ісі.
Жаңа заман тарихы, тарихи саясат мәселелері бойынша 50-ден астам мақала мен бірнеше монографияның авторы.
Негізгі ғылыми еңбектері мен жарияланымдары:
Кітаптар:
Негізгі жарияланымдар:
Медеубаев Е.И., Ковальская С.И. «Советское партийное государство и элиты казахского аула в 1920-е годы: политика, практика и результаты» // Новейшая история России. 2025. №1.
Әминов Талғатбек Махметұлы 1944 жылы Ресей Федерациясы Таврия ауданының Қоянбай ауылында дүниеге келген.
1963-1966 жж. – Курил аралдарында Шекара әскерінде қызметте болған.
1966-1968 ж. – Алматы қаласының Калинин аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.
1972 ж. – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің жанындағы Алматы Жоғары партия мектебін «тарихшы-саясаттанушы» мамандығы бойынша бітірген.
1974 ж. – Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
1972-1991 жж. – Алматы қаласы, Орал облысы партия органдарында, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінде қызметте болған (сол жылдары Алматы және Орал марксизма-ленинизм университеттерінде СОКП тарихы, ғылыми коммунизм және политэкономия пәндері бойынша дәріс берген).
1991-1992 жж. – ҚР Әділет министрлігінің Қоғамдық және діни бірлестіктері жөніндегі басқармасының консультан-кеңесшісі.
1992-1996 жж.. – ҚР Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының референті, сектор меңгерушісі, ҚР Жоғарғы Кеңесі Бақылау палатасының бөлім меңгерушісі.
1996-2008 жж. – ҚР Парламенті Сенаты Апаратының Редакциялық-баспа бөлімінің бас консультанты (1996 жылдан бастап бір мезгілде Қазақ технология және бизнес унивеститі Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті).
ІХ-ХІ.2008 ж. – Қазақ медицина академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті.
ХІ.2008 ж. – VIII 2017 ж. – «Астана медицина университеті» Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі (бұрынғы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы).
Х.2017 ж. — қазіргі уақытқа дейін – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының аға, жетекші және бас ғылыми қызметкері.
Кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін Т.М. Әминов Қазақстан тарихына арналған 100-ден артық ғылыми еңбек жазып жариялады, соның ішінде 5 оқу құралының авторы, 4 ұжымдық моногорафияның бірлескен авторы. 2023 жылғы 07 қараашада ҚР ҒЖБМ-нің «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелгені туралы» Куәлік алды.
Қазіргі кезде Институт тарапынан ұйымдастырылатын Қазақстан тарихын зерттеуге арналған халықаралық және республикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер және семинарларды дайындау мен өткізуге белсене қатысуда. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауларын, бағдарламалық мақалаларын насихаттауға тұрақты түрде қатысады.
Т.М. Әминов өзіне жүктелген міндеттерді зор ынтамен және кәсіби шеберлікпен атқаруда. Ол әріптестері арасында лайықты беделге ие.
Қоңырбаев Нұржан Өсерханұлы — Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD доктор.
1988 жылы 12 қыркүйекте Түркістан облысы, Арыс ауданы, Шөгірлі ауылында дүниеге келген. 1995-2006 жылдары «Шөгірлі» орта мектебінде оқыды.
Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің тарих факультетін «050203 — Тарих» мамандығы бойынша бітірген (2006-2010 жж.). «Мемлекеттік думадағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі» тақырыбында диплом жұмысын қорғады.
2010-2012 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде «Археология және этнология» мамандығы бойынша бітіріп, гуманитарлық ғылымдарының «магистрі» атанды. «ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектеріндегі этнографиялық деректер» тақырыбында магистірлік қорғады.
2017-2020 жж. аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетінің «6D020800 — Археология және этнология» мамандығы бойыннша PhD докторантурасын оқып, 15.04.2022 күні «Әлихан Бөкейхан еңбектеріндегі қазақ этнографиясы» тақырыбында диссертация (философия докторы PhD) қорғады.
11.03.2024-11.03.2025 аралығында Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы бойынша Иедитепе университетінде (Yeditepe Üniversitesi, Istanbul Turkey) 1 жыл іс-тәжірибеден өтті. Ғылыми тағылымдама тақырыбы «Қазақстан-Түркия арасындағы оқу-ағарту және ғылыми байланыстар тарихы 1991-2022 жж».
Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары Қазақстан-Түркия арасындағы байланыстар, алаш зиялыларынң еңбектеріндегі қазақ тарихы, этнографиясы, түркі халықтарының саяси, ғылыми және мәдени байланыстары.
Келесі ғылыми жобаларға қатысты: 2023-2024 жж. – «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және аймақтар (1991-2021 жж.)»; қазіргі уақытта: 2025-2027 жж. – «Қазақстан тарихындағы тұлға рөлінің концепциясы зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері».
Республикалық және шетелдік ғылыми басылымдарда 20-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылады, оның ішінде:
БАҚ және әлеуметтік желілер:
Марапаттар:
ҚР Ғылым және жоғарғы білім министірінің алғыс хаты (2023ж)
Бағдатова Сәуле Ахметқызы — Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты.
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1981).
«07.00.02. – Отан тарихы» мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Сәкен Сейфуллиннің тарихи-мәдени көзкарастары» тақырыбында диссертация қорғады (2010 ж.); тарих ғылымдарының кандидаты.
Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары: Тәуелсіз Қазақстанның тарихы, аймақтар тарихы, архив, және архив ісі, сонымен қатар Астана қаласының тарихы тақырыптарға қызығушылық танытады.
2012-2014 жж. арналған «Қазақстан экономикасы: қалыптасуы мен даму тарихы» атты іргелі ғылыми жобаның орындауышысы ретінде жақсы нәтиже көрсетті; 2015-2017 жж. арналған «Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар: құрылуы мен қызметінің тарихы» атты іргелі ғылыми жобаның орындаушысы бірі болып табылады; 2015-2017 жылдарға арналған «Астана – жаңа қала» атты қолданбалы ғылыми-зерттеу жобаның орындаушысы; 2021-2022 жж. – «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихи ғылымын қалыптастырудың ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу»; 2023-2024 жж. – «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және аймақтар (1991-2021 жж.)»; 2023-2024 жж. – «Қазақстан тарихындағы саяси институттар мен құрылымдардың эволюциясы (ХІХ–ХХІ ғғ.)»; қазіргі уақытта: 2025-2027 жж. – «Қазақстан тарихындағы тұлға рөлінің концепциясы зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері» ғылыми жобалардың орындаушысы.
Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері — 40-н астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы.
2.Багдатова С.А. Динамика этнодемографических процессов в Акмолинской области (по данным переписей населения) // Вестник Карагандинского государственного университета имени Е.А. Букетова. № 1 (113). – 2024. – С.111-120. Серия История. Философия.DOI: https://doi.org/10.31489/2024 HPh1/11-120. (в соавторстве)
Марапаттар:
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы» (2023).
* — Толтыруға міндетті өрістер
Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін