Нұрбек Пұсырманов 2010 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (тарих бакалавры), 2013 жылы магистратура, 2019 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторантурасын бітірген (PhD).
Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әртүрлі жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің сарапшысы, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бас сарапшысы қызметтерін атқарған. 2018-2021 жж. Астана қаласы Ішкі саясат басқармасында бөлім басшысы, 2020-2021 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының доценті м.а., 2021-2023 жылдары ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ШЖҚ РМК Ғылым жөніндегі вице-президенті болған. 2023 жылдан бастап ҚР ҒЖБМ ҒК “Мемлекет тарихы институтының директоры”
44 ғылыми және 18 танымдық жарияланымдар, «Қазақстан тарихы» (сандар мен сызба-кестелерде)/2010/ атты оқу құралының авторы. «Ұлттық идея қазақстандық қоғамды топтастырудың факторы ретінде» тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық мемлекеттік университетінің тарих факультетін 1979 жылы, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ біліктілікті арттыру институтын 1987 жылы аяқтады. Монтеррей халықаралық институтында (АҚШ, 1994 ж.), Стэнфорд университетінің Гувер соғыс, революция және бейбітшілік институтында ғылыми тағылымдамадан өтті. (АҚШ, 2003). «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасымен Амстердам қаласындағы Корольдік әлеуметтік тарих институтында ғылыми тағылымдамадан өтті (Нидерланды Корольдігі, 2014-2015 жж.).
1988 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды, 1996 жылы «1970-1990 жылдар аралығында Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік дамуы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Профессор, саяси ғылымдар доценті. Қазақстанның мектептері мен жоғары оқу орындарына арналған 120-дан астам ғылыми мақалалардың, монографиялардың, оқулықтардың авторы. Жошы ұлысының тарихымен-Алтын Орда және қазіргі заман тарихымен айналысады. Аталған бағыттар бойынша Scopus, Web of Science халықаралық жоғары рейтингті журналдарында 17 мақала, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған журналдар мен және Ресейдегі РИНЦ базасына енетін журналдарда 9 мақала жариялады. Қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша баспа беттерінде, БАҚ-та жиі сұхбаттары мен публицистикалық пікірлері жарияланады.
1979 жылы тарих факультетін бітіргеннен кейін кафедрада оқытушы болып қалды. 1989-1990 жылдары республиканың Оқу-ағарту министрлігінде жетекші маман, 1990-1996 жылдары Қазақстан Президенті мен республика үкіметінің аппаратында жұмыс істеді. 1996 жылғы желтоқсан айынан 1998 жылғы қазанға дейін Қазақ гуманитарлық заң университеті сыртқы байланыстар орталығының директоры. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің құрылымында 1998 жылдың қазанынан 2003 жылдың мамырына дейін департамент директорының орынбасары, Басқарма бастығы болып жұмыс істеді. 2003-2008 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» ЖАҚ директоры-бас редакторы болып жұмыс істеді. 2008 жылдың қазан айында ҚР Ғылым және білім министрлігінің «Мемлекет тарихы институты» ММ директоры болып тағайындалды. 2020 жылдан бері Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары.
Б.Г. Аяған «Қазақ білім академиясының», Әлеуметтану академиясының, Білім академиясының академигі, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті академигі (2022 ж.). «Көшпенділер», «Ұлы дала дүбірі», «Жау жүрек мың бала», «Соғыс кепілі» (Карлаг тұтқындары туралы) кинофильмдеріне ғылыми кеңесшісі болды. Ғалымның бастамасымен 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандарының жолдары бойынша» ғылыми экспедициясы ұйымдастырылды. 2013 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстан мен Ресей тарихшыларының жұмыс тобының тең төрағасы. Кәсіби тарихшылар мен қоғамтанушылар лигасының төрағасы. Республика тарихшыларының Ұлттық конгресі төрағасының орынбасары (2013-2019 жж.). Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі (2013 жылдан 2023 жылға дейін), саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі (2019 ж.-2023 ж.), Астана әкімдігі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының мүшесі (қазіргі уақытта).
Б.Г. Аяған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен (2014 ж.), сондай-ақ 8 медальмен марапатталды. Сондай-ақ «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» (2005 ж.), Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» (2011 ж.), «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» (2014 ж.) төсбелгісілерінің иегері. 2022 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген азаматы» атағын алды. Түркия Республикасының және басқа да шет мемлекеттердің ғылымына қосқан үлесі үшін медальдары бар.
ORCID — (https://orcid.org/0000-0001-9498-0000)
2020 жылдан 2025 жылдар аралығында жарияланған негізгі ғылыми еңбектері.
Басшылығымен немесе қатысуымен кең тиражбен жарияланған монографиялар мен оқулықтар:
Оқулықтар мен оқу құралдары:
4.Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Тарихы ғылымы :тарихнама проблемалары-Алматы,2022.,464 б.-Кіріспе.1 тарау.5-45 бб.
5. История Казахстана для высших учебных заведении.Предисловие. Глава 11.-Алматы, 2022. -352 с.(қазақша/орысша)
Жүмашов Еркебұлан Әлімханұлы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің тарих факультетін 2007 жылы бакалаврды тәмамдаған. 2010 жылы Түркия Республикасындағы Анкара университетінен магистр дәрежесін алды. «Болашақ» халықаралық стипендиясының қаржыландыруымен 2020-2021 жылдары Ұлыбританиядағы Бирмингем университетінде білім алды. 2025 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі диссертациялық кеңесте «Жергілікті өзін-өзі басқарудың қазақстандық моделін қалыптастырудың тетіктері» тақырыбында диссертациясын қорғап, саясаттану мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесін алды.
Еркебұлан Әлімханұлы еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық және аймақтық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері болып бастаған. 2014-2015 жылдары «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бас сарапшысы, 2016-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент академиясының консультанты, 2019-2020 жылдары «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтында жоба менеджері болып еңбек етті. 2021-2024 жылдар аралығында Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту орталығының директоры лауазымын атқарды.
2 монографияның, рецензияланатын ғылыми әдебиеттердің халықаралық библиографиялық және рефераттық дерекқорына кіретін журналдарда жарияланған 4, ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған журналдарда жарияланған 9 ғылыми мақаланың авторы. Басқа да ғылыми журналдар мен конференция жинақтарында жиырмаға жуық мақаласы жарияланған, оннан аса әдістемелік құралдарды, талдамалық жазбалар мен түсіндірме құралдарын әзірлеуге қатысқан.
Аманғосов Еркебұлан Русланбекұлы – Ғалым хатшы
1987 жылғы 3 мамырда Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келген. 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіріп, 2013 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Әлеуметтану» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алды. «Әлеуметтану» мамандығы докторант. Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 2013 жылы Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2015–2017 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-де сарапшылық және басшылық қызметтер атқарды.
2017–2021 жылдары Еуразиялық интеграция институтында әлеуметтік зерттеулер саласында жетекші сарапшы болды. 2021–2023 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Стратегия, ғылым және талдау орталығын басқарды. 2023 жылдың тамыз айынан бастап Мемлекет тарихы институтының ғылыми-ақпарат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Ғылыми қызығушылықтары ұлттық идеология, саяси институттар, ұлт құрылысы, этносаясат, білім беру саясаты және әлеуметтік зерттеу әдістемесін қамтиды.
Негізгі жарияланымдары:
Прикладной социологический анализ качества жизни населения Казахстана // Перспективы повышения качества жизни…, 2019.
* — Толтыруға міндетті өрістер
Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін