2026 жылғы республикалық референдум: мемлекетті дамытудың жаңа бағдарлары

  2026 жылғы республикалық референдум азаматтардың тікелей ерік білдіруінің маңызды көрінісі болып, Қазақстанның стратегиялық даму міндеттерін шешудегі жалпыұлттық плебисциттің маңызын тағы бір мәрте айқындады. Дауыс беру нәтижелері азаматтардың жоғары белсенділігін және елдің саяси-құқықтық жаңғыру бағытын қолдайтынын көрсетті. Бүгін Мемлекет тарихы институтында республикалық референдумның нәтижелері мен оның мемлекеттің одан әрі дамуы үшін маңызын талқылауға арналған ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен кездесу өтті. Пікірталас барысында қабылданған конституциялық өзгерістердің саяси-құқықтық және қоғамдық қырлары, сондай-ақ олардың елдің институционалдық дамуына ықпалы қарастырылды. Экзитпол деректеріне сәйкес, қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады. Референдумға қатысу деңгейі 73 пайыздан асып, қоғамның маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісіне жоғары деңгейде тартылғанын көрсетті. Орталық референдум комиссиясының мәліметі бойынша, Конституцияның жаңа редакциясын қабылдауға 7 954 667 азамат дауыс берді. Бұл – дауыс бергендердің жалпы санының 87,15 пайызы. Еуразиялық интеграция институтының департамент басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Арман Ешмұратов Қазақстан бойынша 200-ден астам учаскеде интервьюерлер жұмыс істегенін атап өтті. Оның айтуынша, зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 86,7 пайызы конституциялық өзгерістерді қолдаған. Сонымен қатар ол жаңа саяси субъект – заң шығару бастамасы құқығына ие Қазақстан халық кеңесінің пайда болуы саяси жүйенің дамуына ықпал ететінін айтты. Арман Ешмұратов қазіргі кезеңде оң қоғамдық көзқарастарды қалыптастырудың, мемлекет пен азамат арасындағы тұтастықты нығайтудың маңызы артып отырғанын, сондай-ақ әлемдегі шешім қабылдау үрдістеріндегі жаңа трендтер партиялық жүйенің күшеюіне және саяси бәсекелестіктің өсуіне әсер ететінін атап өтті. Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, Жалпыұлттық коалицияның мүшесі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Венера Абыхановна Жексембекова жаңа Конституцияда алғаш рет ғылым мен білімнің маңызы нақты бекітілгенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға деген сенімін көрсетеді және елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін адами капиталды нығайтуға бағытталған. Институттың бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдар докторы Жапсарбай Ілиясұлы Қуанышев республикалық референдумды ел тарихындағы тағдыршешті оқиға ретінде бағалады. Оның айтуынша, референдумның жаңа жыл – Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілуі ерекше символикалық мәнге ие, өйткені бұл тек жылдың ғана емес, қоғамның да жаңаруын білдіреді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған жаңа Конституция қазіргі әлемдегі күрделі сын-қатерлерге жауап беретін маңызды құжат екенін айтты. Ол азаматтық қоғамды нығайту, экономикалық мәселелерге назар аудару және тарихи тәжірибеден сабақ алу елдің тұрақты дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Тарих ғылымдарының докторы Ғани Қарасаев қазіргі геосаяси жағдайда тұрақтылықтың маңызы артып отырғанын айтты. Оның пікірінше, экономикалық жаңғыру мен өнеркәсіпті дамыту ғылым мен инновацияның дамуының нәтижесі болуы тиіс. Мемлекет тарихы институтының директоры, PhD, қауымдастырылған профессор Нұрбек Пұсырманов жаңа Конституцияны үш негізгі тұрғыдан қарастыруға болатынын айтты. Оның сөзінше, бұл өзгерістерді тек құқықтық немесе саяси қырынан ғана емес, сонымен қатар идеологиялық, символдық және болашақ даму траекториясы тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Дәметкен Сүлейменова жаңа Конституция тарихи білім беру, қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік салалардың дамуына оң әсер ететініне сенім білдірді және саяси партиялардың бәсекелестігін арттыруды маңызды деп таныды. Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, PhD Еркебұлан Жұмашов экзитпол нәтижелері халықтың мемлекетке карт-бланш бергенін, енді ол сенімді ақтаудың маңызын атап өтті. Үлкен сенімнің жауапкершілігі де үлкен болатынын, Конституциядан кейінгі реформалардың осы аксиоманы есте сақтауының маңызын тілге тиек етті. Сонымен қатар ол қоғамның жаңғыру үдерісінде жастардың рөлі ерекше маңызды екендігіне тоқталды. Оның айтуынша, 2020-2021 жылдары туу көрсеткішіндегі рекордты, жалпы соңғы жылдардағы демократиялық толқынның әлеуетін пайдалану үшін билік бар күшін салуы қажет. Осы толқынға салынған инвестиция, оның әлеуеті мен сенімі Қазақстанның осы ғасырдағы келбетін анықтайтынын уәждеді. Дөңгелек үстел қорытындысында ғалымдар мен сарапшылар жаңа Конституция ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжат екенін атап өтті.  

Жаңа Конституциялық бастамалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргілуде

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы аясында МТИ Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, с. ғ. д., профессор В. А. Жексембекова 20-ақпан мен 13-наурыз аралығында ҚР министрліктерінің ұжымдарымен кездесіп, талқылаулар өткізді. Осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасының Әділет, Туризм және спорт, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ауыл шаруашылығы, Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Қаржы, Сыртқы істер, Сауда және интеграция, Көлік министрліктерінде жаңа конституциялық реформалардың негізгі бағыттары бойынша баяндамалар жасады. Конституциялық жаңғыртудың құқықтық мемлекет құрудағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған бастамалар туралы ой-пікірлермен бөлісті. Сондай ақ, коалиция құрамында В.А. Жексембекова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Басқармасымен, «Қазақконцерт» ұйымымен, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығымен, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен, «СК-Фармация» ЖШС ұжымымен, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» ұжымымен, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ мен қоғамдық саясат институтымен бірлескен кездесулерге қатысып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасулар өткізді. Мұндай кездесулер қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты нығайтып, жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін кеңінен түсіндіруге мүмкіндік берді. #біздің_тарих

ӨҢІРЛІК САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

Авторлық баған   Ермұханова Хадиша Кенжеғұлқызы Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Теги: Реформа Қазақстан Құрылтай2026 Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан кең ауқымды тарихи өзгерістер мен барлық бастамалар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуда. Осы  реформалар негізінде «Күшті өңірлер – қуатты ел» қағидатына сәйкес қоғамда мәслихаттардың беделі артып, мемлекеттік жүйедегі маңызды институттардың біріне айналып келеді. Елімізде мемлекеттік басқару, экономика және әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан терең жаңғыртулар үдерісі мәслихаттарға ерекше міндет жүктейді. Осыған байланысты, 2026 жылдың 12 наурызында өткен Мәслихат депутаттарының III республикалық форумы мәслихаттардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін күшейтуге, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және депутаттық корпусқа қоғамның сенімін арттыруға арналды. Бұл жиынның өңірлік саясаттың тиімділігін бағалаумен қоса, өзекті мәселелерді талқылауда маңызы айрықша болды.  Айтар болсақ, мәслихат депутаттарының халықпен өзара байланысын арттыру, қоғамның депутаттарға деген сенімін күшейту мәселелері тереңірек қарастырылды. Сонымен қатар, мәслихаттардың саяси және экономикалық реформаларды іске асырудағы және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудағы рөлінің ерекшелігіне көңіл бөлінді. Осының негізге ала отырып, мәслихаттардың әлеуетін арттыру барысында оларға бірқатар міндеттер жүктелді. Атап өтер болсақ, аймақтар өз бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс екендігі көрсетілді. Алдағы уақытта жергілікті жерлердегі қордаланған мәселелерді шешуде мүмкіндік пен ресурстардың арта түсетіндігі айтылып,  мәслихаттарға қаражаттың тиімді жұмсалуын қатаң бақылау жүктелді. Сонымен бірге, мәслихаттардың өкілеттігін одан әрі кеңейте түсу қажеттілігі, билік өкілдерінің халықпен ашық, тығыз қарым-қатынас орната білуі керектігіне баса назар аударылды. Халық тарапынан болатын шағымдарды жергілікті деңгейде уақыт күттірмей шешуге тапсырма берілді. Бұдан басқа, мәслихаттарға жоғары заң шығарушы органға қажетті кадрларды даярлау міндеттеліп, осы бағытта жұмыс істеу тапсырылды. Республика көлеміндегі бұл басқосу мәслихат институтын одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды. Қорыта келе,  форум барысында елдің саяси жүйесін жаңғырту, жергілікті басқаруды күшейту және жаңа Конституция аясындағы реформалар кеңінен талқыланып, еліміздің саяси жүйесін одан әрі дамыту мен жаңғырту жолындағы маңызды қадам болды. Новости Меню навигации

Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумындағы Президент баяндамасының маңызы туралы

Авторлық баған Сулейменова Дәметкен Досмухановна Мемлекет тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих       2026 жылғы 12 наурызда Астана қаласында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті. Бұл форум Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға, өңірлік басқару тиімділігін арттыруға және мемлекет пен қоғам арасындағы институционалдық байланыстарды нығайтуға арналған маңызды саяси алаң болды. Форумға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент депутаттары, барлық облыстардан, қалалар мен аудандардан келген мәслихат депутаттары, сондай-ақ сарапшылар мен қоғам өкілдері қатысты. Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жергілікті басқару жүйесінің қазіргі жағдайына тоқталып, оның болашақ даму бағыттарын айқындады. Президент өз сөзінде мәслихаттардың мемлекет өміріндегі рөлі ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, мәслихат депутаттары халықтың мүддесін тікелей білдіретін маңызды өкілді институт болып табылады. Сондықтан олардың қызметінің тиімділігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететінін айтты.      Президент баяндамасының негізгі бағыттарының бірі – жергілікті басқару жүйесін жетілдіру мәселесі болды. Мемлекет басшысы Қазақстанда соңғы жылдары жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту бағытында маңызды реформалар жүзеге асырылғанын атап өтті. Мысалы, ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесінің енгізілуі азаматтардың жергілікті билікке қатысу деңгейін арттырды. Сонымен қатар ауылдық округтердің дербес бюджеттері қалыптастырылып, бұл жергілікті мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік берді. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін орталықтандырудан біртіндеп децентрализациялауға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Президент мәслихаттардың қызметін одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, мәслихат депутаттары тек бақылаушы орган ғана емес, сонымен қатар өңірлік дамудың стратегиялық бағыттарын қалыптастыруға белсенді қатысатын институт болуы тиіс деді. Осыған байланысты депутаттардың жауапкершілігін арттыру, олардың кәсіби біліктілігін күшейту және жергілікті қоғаммен тұрақты байланыс орнату маңызды міндеттердің бірі ретінде көрсетілді. Баяндамада өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы ерекше назарға алынды. Мемлекет басшысы Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды дамыту, коммуналдық жүйелерді жаңғырту, жолдар мен энергетикалық нысандарды жаңарту мәселелеріне тоқталды. Қазіргі таңда елде жаңа энергетикалық нысандарды салу, су және жылу жүйелерін жаңарту, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар өңірлердің   экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғандығына тоқталды..     Президенттің баяндамасының негізгі ғылыми маңызыдылығы біріншіден, бұл баяндама мемлекеттік басқарудағы децентрализация принципінің маңызын көрсетеді. Децентрализация – қазіргі заманғы басқару жүйесінде кеңінен қолданылатын әдіс, ол билік өкілеттіктерін орталықтан жергілікті деңгейге беру арқылы басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар осы бағыттағы  институционалдық өзгерістердің айқын мысалы болып табылады. Екіншіден, Президенттің сөзінде демократиялық басқару қағидаттарын нығайту мәселесіде айтылды. Мәслихаттардың рөлін күшейту азаматтардың саяси қатысу деңгейін арттыруға ықпал етеді. Саяси ғылым тұрғысынан алғанда, бұл үрдіс өкілді демократия институттарының дамуына және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Үшіншіден, Президент баяндамасы өңірлік саясаттың маңыздылығын көрсетеді. Қазіргі әлемде аймақтық даму мәселесі көптеген мемлекеттер үшін стратегиялық мәнге ие. Қазақстан сияқты үлкен аумақты мемлекеттерде өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңгерімді сақтау ерекше маңызды. Мәслихаттардың белсенді қызметі осы міндетті жүзеге асыруда маңызды құрал болып табылады. Осы форумның халық үшін маңызы да ерекше. Мәслихат депутаттары халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелермен айналысады. Мысалы, жергілікті жолдардың сапасы, мектептер мен ауруханалардың жұмысы, коммуналдық қызметтердің жағдайы, әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуы сияқты мәселелердің барлығы мәслихаттардың құзыретіне кіреді. Сондықтан бұл форумда қабылданған шешімдер азаматтардың тұрмыс сапасына тікелей ықпал етеді. Сонымен қатар форум мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттыруға бағытталған. Қоғам мен билік арасындағы диалогты дамыту қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттердің негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Мәслихат депутаттарының республикалық форумы осындай диалогтың маңызды алаңы ретінде қызмет етеді.    Қорыта айтқанда, 2026 жылғы 12 наурызда өткен Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы Қазақстандағы жергілікті басқару жүйесін дамытудағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндамасы мемлекеттік басқаруды модернизациялау, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және өңірлік саясатты жетілдіру бағыттарын айқындады. Форум барысында көтерілген мәселелер Қазақстан қоғамының тұрақты дамуына, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бастамаларды қамтитын форум болып табылады.     Новости Меню навигации

Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III Республикалық форумына қатысты сарапшылық пікір

Авторлық баған Хасенова Нурбану Нурхатовна Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумы елдегі саяси жаңғыру мен институционалдық реформалардың маңызды кезеңінде ұйымдастырылып отырғаны ерекше мәнге ие. Біріншіден, мәслихаттар өңірлердің нақты қажеттіліктерін жақсы білетін институт ретінде жергілікті бюджеттердің тиімді жоспарлануына, инфрқұрылымдық жобалардың іске асуына және шағын және орта бизнесті қолдау шараларының нақты бағытталуына ықпал ете алады. Сондықтан мұндай форумдар орталық және өңірлік экономикалық саясаттың үйлесімділігін күшейтетін маңызды механизм болып саналады. Екіншіден, форумда көтеріліп отырған мәселелер алдағы конституциялық реформалардың мазмұнымен де тығыз байланысты. Конституциялық өзгерістердің негізгі мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтарының теңгерімін нығайту және мемлекеттік институттардың есеп берушілігін арттыру. Мұндай институционалдық реформалар экономикалық тұрғыдан да маңызды, себебі тиімді басқару жүйесі инвестициялық климаттың жақсаруына және экономикалық саясаттың тұрақтылығына ықпал етеді. Үшіншіден, конституциялық реформаларды халықтың қатысуымен талқылау және референдум тетіктерін пайдалану қоғамдағы сенімді күшейтеді. Экономикада тұрақтылық пен болжамдылық өте маңызды факторлар саналады. Егер мемлекеттік шешімдер ашықтық пен қоғамдық қолдау негізінде қабылданса, бұл инвесторлардың сенімін арттырып, кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне оң әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі форум, конституциялық реформалар мен референдум тәжірибеі – өзара байланысты процестер. Олар саяси жүйені жаңғыртумен қатар, өңірлік басқаруды күшейту арқылы экономикалық саясаттың тиімділігін арттыруға және елдің тұрақты дамуына негіз қалыптастыруға бағытталған. Новости Меню навигации

2026 ЖЫЛҒЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ БОЙЫНША ПІКІР

Авторлық баған   Әминов Талғатбек Махметұлы Тарих ғылымдарының кандидаты Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих Қазіргі таңда Конституцияның жобасы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп, ол негізінен жалпы қолдау табуда. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталған. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс. Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норманы бекіту ұсынылып отыр. Мұны біз толық қолдаймыз. Біздің ойымызша, Конституцияның  тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған. Конституция жобасының негізгі өзгерістерінің ішінде алдымен бір  палаталы жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылатынын атап өту керек. Оны құру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институционалдық рөлін арттыруға және саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді. Жаңа жалпыұлттық диалог платформасы – Қазақстанның Халық Кеңесі құрылады, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырады. Бұл Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін, заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік орган болады. Реформаның негізінде Вице-президент институты құрылады. Адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бап алғаш рет Конституцияда бекітіледі. Осы және басқа да Конституцияға енгізілетін өзгерістер Мемлекет тарихы институты мен Президенттік орталығының сарапшылармен өткізген басқосуында  жан-жақты талқыланып,  толықтай қолдау тапты. Жаңа Конституция жобасының преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде белгіленген. Сондай-ақ бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде айқындалады. Егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар қатарына енгізілген. Әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілмек. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы әрі егемендіктің иесі – Қазақстан халқы екені нақты тұжырымдалады. Қазіргі таңда Конституцияның жобасы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп. ол негізінен жалпы қолдау табуда. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталған. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс. Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норманы бекітіту ұсынылып отыр. Мұны біз толық қолдаймыз. Біздің ойымызша, Конституцияның  тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған. Конституция жобасының негізгі өзгерістерінің ішінде алдымен бір  палаталы жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылатынын атап өту керек. Оны құру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институционалдық рөлін арттыруға және саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді. Жаңа жалпыұлттық диалог платформасы – Қазақстанның Халық Кеңесі құрылады, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырады. Бұл Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін, заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік орган болады. Реформаның негізінде Вице-президент институты құрылады. Адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бап алғаш рет Конституцияда бекітіледі. Осы және басқа да Конституцияға енізілетін өзгерістер Мемлекет тарихы институты мен Президенттік орталығының сарапшылармен өткізген басқосуында  жан-жақты талқыланып,  толықтай қолдау тапты. Новости Меню навигации

Мемлекетіміздің басты құндылығы – адам капиталы

Авторлық баған Ермұханова Хадиша Кенжеғұлқызы, Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих Жаңа Конституция жобасында ел болашағының білімді, кәсіби жәнешығармашыл азаматтарға сүйенетіндігіне баса назар аударылып, Қазақстандамуының жаңа бағыты айқындалған.Ел дамуындағы негізгі фактор ретінде адамның білімі мен қабілетіалдыңғы орынға қойылып, білім мен ғылымға, мәдениет пен инновацияғабасымдық берілгендігі қуантады. Себебі, әрбір азаматтың білімі менеңбегінің деңгейі, адами капитал сапасы еліміздің келешекте қандайболатынын айқындайтын көрсеткіш. Осылайша, мемлекетіміздің негізгіміндеттерінің қатарына адами капиталды дамыту белгіленіп, басты мақсатретінде сапалы білімге қолжетімділік, ғылыми әлеуетті күшейту жәнезияткерлік ұлт қалыптастыру көзделген.Осы тарихи құжатта, сонымен бірге, халқымыздың тарихисабақтастығын негіздейтін «Ұлы Дала» ұғымы көрініс тапқан. Атап өтерболсақ, Жоғары заң шығарушы органның — Құрылтай атануы тарихи саясиүрдістің қайта жаңғыртылып отырғанының дәлелі. Сондай-ақ, ұлттыққұндылықтарымызды дәріптеу, тарихи мұраны сақтау, шығармашылықеркіндік қоғамдағы маңызды фактор ретінде айқындалған.Бұл тарихи маңызы бар құжат білімді ұлт, инновациялық даму жәнеболашағымыз бен қауіпсіздігімізді қамтамасыз етудегі басты бір сенімдіқадам болады деген сенімдеміз. Новости Меню навигации

Сарапшылар жаңа Конституцияны талқылауға қатысты пікір білдірді

Авторлық баған Калижанов Нұржау Талғатұлы Мемлекет тарихы институтының кіші ғылыми қызметкері Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих 2026 жылғы 3 ақпанда Президенттік орталықта Қазақстан Республикасының негізгі заңы – жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті. Іс-шара аясында қатысушылар конституциялық реформаның мазмұны мен ұсынылып отырған өзгерістердің қисынына қатысты тұжырымдамалық және қолданбалы мәселелердің кең ауқымын қарастырды. Талқылаудың негізгі бағыттарының бірі құқық қолдану мәселелері болды. Сарапшылар Конституция нормаларының тиімділігі олардың іс жүзінде жүзеге асырылуына, атап айтқанда сот жүйесінің, Парламенттің, адвокатураның және қоғамдық бақылау институттарының қызметіне, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейі мен мемлекеттік институттарға деген сенімге тікелей байланысты екенін атап өтті. Кездесу барысында конституциялық реформаның басты бағыттары және олардың мемлекеттілікті нығайту, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, сондай-ақ биліктің тұрақты әрі есеп беретін жүйесін дамытудағы маңызы жан-жақты талданды. Ерекше назар жаңартылған Ата Заңның түпқазығы ретінде тұлғаның басымдығы қағидатына аударылды. Сонымен қатар институционалдық өзгерістер мен оларды іске асыру тетіктері жеке блок ретінде қарастырылды. Ұсынылып отырған конституциялық жаңашылдықтардың мемлекеттік басқарудың неғұрлым теңгерімді моделін қалыптастыруға және қоғамдық-саяси саладағы құқықтық кепілдіктерді күшейтуге бағытталғаны атап өтілді. Бұдан бөлек, қатысушылар Конституция преамбуласының мәніне ерекше тоқталып, оны елдің болашақ дамуының идеялық-құндылықтық негізі ретінде қарастырды. Онда заң үстемдігі қағидаттары, тарихи сабақтастық, мемлекеттің қоғам алдындағы жауапкершілігі, сондай-ақ экология мен инновациялық дамудың басымдықтары көрініс табатыны айтылды. Новости Меню навигации

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасындағы негізгі баптардың құқықтық және саяси маңызы

Авторлық баған Сүлейменова Дәметкен Жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты,доцент Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих      Қазіргі заманғы мемлекеттердің дамуы құқықтық жүйенің қоғамдағы өзгерістерге уақтылы бейімделу қабілетіне тікелей байланысты. Конституция мемлекеттің саяси құрылымын ғана емес, сонымен қатар қоғамның құндылықтық бағдарларын, азамат пен билік арасындағы өзара жауапкершілікті айқындайтын негізгі құқықтық акт болып табылады. Осы тұрғыда конституциялық реформалар билік жүйесін жаңарту құралы ғана емес, қоғамдық дамудың стратегиялық бағытын қайта айқындау тетігі ретінде көрінеді. Қазақстанда әзірленіп жатқан жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік рөлін күшейтуге, азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға және саяси тұрақтылықты институционалдық тұрғыдан бекітуге бағытталған кешенді трансформацияны білдіреді. Атап айтқанда, 3, 6, 24 және 48-баптар мемлекеттің жаңа даму философиясын айқын көрсететін негізгі құқықтық нормалар болып табылады. Бұл баптар арқылы мемлекет тек басқарушы құрылым емес, қоғамдық дамудың белсенді қатысушысы ретінде қайта қалыптасуда.    Жаңа Конституция жобасының 3-бабында мемлекеттің қызметтік қағидаттары айтарлықтай кеңейтілген. Онда адам құқықтарын қорғау, ұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық диалогты дамыту, білім мен ғылымды қолдау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтар ретінде белгіленеді. Қолданыстағы Конституцияда мемлекеттік биліктің құрылымдық қағидаларына көбірек назар аударылса, жаңа жоба мемлекетті әлеуметтік және рухани дамудың жетекші институты ретінде көрсетеді. Бұл өзгеріс мемлекеттің тек құқықтық реттеуші ғана емес, қоғамның ұзақ мерзімді дамуына жауапты субъект ретіндегі рөлін күшейтеді. Осылайша конституциялық нормаларда әлеуметтік әділеттілік пен тұрақты даму идеялары тікелей бекітіледі.     6-бапта саяси және қоғамдық жүйені реттеудің жаңа тетіктері енгізілген. Саяси әралуандық сақтала отырып, мемлекеттік органдарда партиялық құрылымдарға тыйым салу және қоғамдық бірлестіктердің қаржыландыру ашықтығын қамтамасыз ету көзделген. Бұл нормалар саяси процестердің сыртқы ықпалдан тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.     Аталған бап демократиялық еркіндікті шектемей, оны ұлттық қауіпсіздікпен үйлестіру принципіне негізделеді. Мұндай тәсіл қазіргі конституциялық теорияда «еркіндік пен тұрақтылықтың теңгерімі» ретінде кеңінен қолданылады және институционалдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиімді құралы саналады.     24-бапта еңбек ету бостандығы нақты құқықтық мазмұнға ие болады. Азаматтардың кәсіп пен қызмет түрін еркін таңдау құқығы айқындалып, еріксіз еңбекке тек сот шешімі немесе төтенше жағдайларда ғана жол берілетіні белгіленеді. Бұл нормалар еңбек құқықтарын халықаралық құқық стандарттарына жақындатады.     Нәтижесінде әлеуметтік құқықтар бұрынғыдай декларативті сипатта қалмай, нақты құқықтық қорғау тетіктерімен қамтамасыз етіледі. Бұл мемлекет пен азамат арасындағы әлеуметтік келісімнің жаңа деңгейін қалыптастырады.     48-бапта Президент өкілеттігін уақытша беру тәртібінің сақталуы саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды механизм болып табылады. Өкілеттіктің заңмен белгіленген тәртіппен берілуі басқару вакуумының алдын алып, мемлекеттік институттардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл баптың өзгеріссіз қалуы конституциялық реформаның радикализмге емес, институционалдық тұрақтылыққа негізделгенін көрсетеді. Яғни реформалар эволюциялық сипатта жүзеге асырылып отыр.     Жаңа Конституция жобасындағы 3, 6, 24 және 48-баптар Қазақстандағы конституциялық дамудың сапалық жаңа кезеңін білдіреді. Мемлекет енді тек билік жүргізуші құрылым емес, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, құқықтарын нақты қорғауға және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жауапты әлеуметтік институт ретінде қалыптасуда. Бұл реформалар құқықтық мемлекет қағидаттарын тереңдетіп, демократиялық басқарудың жаңа моделін орнықтыруға бағытталған. Әлеуметтік әділеттілік, саяси тұрақтылық және адам құқықтарының нақты кепілдігі жаңа Конституция жобасының өзегіне айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, жүргізіліп жатқан конституциялық жаңғырту Қазақстанның ұзақ мерзімді саяси және құқықтық дамуының стратегиялық негізін құрайды.   Новости Меню навигации

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ БОЙЫНША ПІКІР

Авторлық баған Әминов Талғатбек Махметұлы Тарих ғылымдарының кандидаты Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих Қазақстан тарихында еліміздің Ата заңы  бірнеше рет жаңартылды. 1993 жылғы алғашқы Конституцияда президент пен парламент арасындағы өкілеттік теңгерімі айқындалғаны айтылып келеді. 1995 жылы қабылданған Конституция президенттік өкілетті кеңейтт. Ұсынылып отырған жоба осы эволюцияның келесі кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Жаңа Конституция жобасының преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде белгіленген. Сондай-ақ бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде айқындалады. Егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар қатарына енгізілген. Әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілмек. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы әрі егемендіктің иесі – Қазақстан халқы екені нақты тұжырымдалады. Қазіргі таңда Конституцияның жобасы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп. ол негізінен жалпы қолдау табуда. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталған. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс. Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норманы бекітіту ұсынылып отыр. Мұны біз толық қолдаймыз. Біздің ойымызша, Конституцияның  тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған. Конституция жобасының негізгі өзгерістерінің ішінде алдымен бір  палаталы жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылатынын атап өту керек. Оны құру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институционалдық рөлін арттыруға және саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді. Жаңа жалпыұлттық диалог платформасы – Қазақстанның Халық Кеңесі құрылады, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырады. Бұл Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін, заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік орган болады. Реформаның негізінде Вице-президент институты құрылады. Адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бап алғаш рет Конституцияда бекітіледі. Осы және басқа да Конституцияға енізілетін өзгерістер Мемлекет тарихы институты мен Президенттік орталығының сарапшылармен өткізген басқосуында  жан-жақты талқыланып,  толықтай қолдау тапты. Новости Меню навигации

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін