
Тарих ғылымдарының кандидаты
Қазақстан тарихында еліміздің Ата заңы бірнеше рет жаңартылды. 1993 жылғы алғашқы Конституцияда президент пен парламент арасындағы өкілеттік теңгерімі айқындалғаны айтылып келеді. 1995 жылы қабылданған Конституция президенттік өкілетті кеңейтт. Ұсынылып отырған жоба осы эволюцияның келесі кезеңі ретінде қарастырылып отыр.
Жаңа Конституция жобасының преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде белгіленген. Сондай-ақ бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде айқындалады. Егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар қатарына енгізілген. Әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілмек. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы әрі егемендіктің иесі – Қазақстан халқы екені нақты тұжырымдалады.
Қазіргі таңда Конституцияның жобасы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп. ол негізінен жалпы қолдау табуда. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталған. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс. Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норманы бекітіту ұсынылып отыр. Мұны біз толық қолдаймыз.
Біздің ойымызша, Конституцияның тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Конституция жобасының негізгі өзгерістерінің ішінде алдымен бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылатынын атап өту керек. Оны құру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институционалдық рөлін арттыруға және саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді. Жаңа жалпыұлттық диалог платформасы – Қазақстанның Халық Кеңесі құрылады, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырады. Бұл Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін, заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік орган болады. Реформаның негізінде Вице-президент институты құрылады. Адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бап алғаш рет Конституцияда бекітіледі.
Осы және басқа да Конституцияға енізілетін өзгерістер Мемлекет тарихы институты мен Президенттік орталығының сарапшылармен өткізген басқосуында жан-жақты талқыланып, толықтай қолдау тапты.
* — Толтыруға міндетті өрістер
Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін