ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ БОЙЫНША ПІКІР

Авторлық баған Әминов Талғатбек Махметұлы Тарих ғылымдарының кандидаты Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих Қазақстан тарихында еліміздің Ата заңы бірнеше рет жаңартылды. 1993 жылғы алғашқы Конституцияда президент пен парламент арасындағы өкілеттік теңгерімі айқындалғаны айтылып келеді. 1995 жылы қабылданған Конституция президенттік өкілетті кеңейтт. Ұсынылып отырған жоба осы эволюцияның келесі кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Жаңа Конституция жобасының преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде белгіленген. Сондай-ақ бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде айқындалады. Егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар қатарына енгізілген. Әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілмек. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы әрі егемендіктің иесі – Қазақстан халқы екені нақты тұжырымдалады. Қазіргі таңда Конституцияның жобасы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп. ол негізінен жалпы қолдау табуда. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталған. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс. Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норманы бекітіту ұсынылып отыр. Мұны біз толық қолдаймыз. Біздің ойымызша, Конституцияның тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған. Конституция жобасының негізгі өзгерістерінің ішінде алдымен бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылатынын атап өту керек. Оны құру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институционалдық рөлін арттыруға және саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді. Жаңа жалпыұлттық диалог платформасы – Қазақстанның Халық Кеңесі құрылады, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырады. Бұл Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін, заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік орган болады. Реформаның негізінде Вице-президент институты құрылады. Адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бап алғаш рет Конституцияда бекітіледі. Осы және басқа да Конституцияға енізілетін өзгерістер Мемлекет тарихы институты мен Президенттік орталығының сарапшылармен өткізген басқосуында жан-жақты талқыланып, толықтай қолдау тапты. Новости Меню навигации
Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасы Еліміздің болашақ дамуының кепілі

Авторлық баған Қарасаев Ғани Мұқашұлы Деректану тарихнама және Отан тарихы бөлімінің басшысы,тарих ғылымдарының докторы Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих Үстіміздегі жылдың 30 қаңтарындағы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялағандығы белгілі. Биылғы жылы өзінің Тәуелсіздігіне қол жеткізген отбесжыл мерзімдегі еліміздің қазіргі жаһандану заманындағы ұзақ жылдарға арналған әр бағытты дамуына сай келетін бұл саяси құжаттың маңызы ерекше екендігі әркімге айғақ. Осылардың ішіндегі кейбір жаңа баптардың маңыздылығына тоқтай кетсек, атап айтқанда, мемлекетіміздің 1995 жылы қабылданып, қазіргі жұмыс істеп тұрған Конституциясына көрсетілмеген маңызды бап және оның тармағы бар. Жобаның 30-бабының 2-ші тармағында «Неке – еркек пен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деп анық жазылған. Осы сөздердің келелілігі сонда,, барлығымызға белгілі, әлі күнге дейін күнделікті өмірімізде кездесетін, жас қыздарды олардың ешқандай келісімінсіз, тіпті бірін-бірі толығынан білмесе де жігіт жағынан өзіне күшпен қосуы(алып қашу) кеңінен орын алып отырғандығы жасырын емес. Ал, мұның өзі Еліміздегі адам құқығының өрескел бұзылуы, тіпті одан ары айтқанда қылмыстық әрекет болып табылатындығы белгілі. Осындай әрекеттен барып, одан ары жақсы, өзара түсіністі, ұрпақ болашағына жауап беретін жанұя қалыптаспайды.Жанұяда толық еркіндік орнамайды. Басқаны айтпағанда, мұндай әректтердің соңы қайғылы жағдайларға ұласып жатқандығын да білеміз. Оған тіпті соңғы уақыттарда мысалдар да жеткілікті. Мұның өзінен Мемлекетіміздегі жанұя қатынасының кіршіксіздігіне, теңдігі мен ұғыныстығына тікелей нұқсан келтіріп отырғандығы айғақтала түседі. Жаңа Конституция жобасындағы 30 баптың жоғарыдағы аталған жаңа тармағының қабылдануы жанұя, некелік қатынастың толық еркіндігіне, жұбайлардың өзара түсіністігі мен сыйластығына әкеледі деп есептейміз. Осы жаңа тармақтың өзі ғана бүгінгі күні қызу талқыланып жатқан Ел Конституциясы жобасының қазіргі уақыт талабына сай дайындалғандығының айқын дәлелі болып табылады. Новости Меню навигации