ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

Авторлық баған Теги: Т.М. Әминов Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері Қазақстан біздің_тарих Жаңа қазақстандық мемле­кеттіліктің маңызды көрінісі республика рәміздерінде орын алады. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері — еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық пен билік арасындағы бірліктің дәлелі. Олар қазақстандық мемлекеттіліктің, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға ұмтылып, шоғырлану идеясын білдіреді. Мемлекеттік рәміздердің мақсаты, бір жағынан, мемлекеттілік идеясының негізгі басымдықтарын: тұтастықты, тәуелсіздікті, ел азаматтарының санасындағы бірлікті бекіту болса, екінші жағынан, халықаралық деңгейде Қазақстанның бейбітшілікті сүйетін, ізгі көршілестікті жақтаушы ретіндегі беделінің қалыптасуына септігін тигізеді. Мемлекеттік рәміздерде қазақ философиясының негізгі қасиеттері, ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтауға көмектесетін іргелі ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар айшықты бейнелен­ген. Мемлекеттік рәміздер ұлттық мемлекеттілік идеологиясының сыртқы пішіндері де болып табылады. Бір-бірлерін өзара толықтыра отырып, олар Қазақстан Республи­касы азаматтарының және халықаралық қоғамдастықтың санасында республиканың және президенттік биліктің бұлжымастығы негіздері ретінде, біртұтас қалпында қабылданады.   1992 жылғы маусымның 4-інде: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қойылды. Ал 1992 жылғы маусымның 6-сында Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театры ғимаратында республикамыздың мемлекеттік рәміздеріне арналған алғашқы салтанатты жиын өтті. Сол күні Қазақстан Республикасы Президенті резиденциясының және Жоғарғы Кеңесі ғимаратының үстінен Мемлекеттік ту желбіреп, Мемлекеттік елтаңба орнатылды. 1992 жылғы желтоқсанның 11-інде Мемлекеттік әрұранның мәтіні бекітілді. Кейіннен мемлекеттік рәміздер туралы ережелер Қазақстан Президентінің Конституциялық заң күші бар, 1996 жылғы қаңтардың 24-інде шыққан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы Жарлығында бір жүйеге келтірілді. Мемлекеттік ту мен Мемлекеттік елтаңба үлгілері Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында сақтаулы. Олар Алматыдан жаңа елорда – Астанаға  құрметті күзетпен бірге арнайы көлікпен жеткізілді. Сол жағында ұлттық өрнек, ортасында алтын күн және қалықтап ұшқан бүркіт салынған көгілдір ту бүгінгі күні республикамыздың барлық әкімшілік ғимараттарына сән беріп, егемен Қазақстанның шет мемлекеттердегі елшіліктерінің төбесінде желбірейді, соны­мен қатар БҰҰ ғимараты маңында да орнатылған. Қазіргі таңда ол бостандықтың, тәуелсіздіктің және егемендіктің нышаны ретінде қабылданады. Мемлекеттік тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Отандық тудың таза көгілдір түсі халықтың мәдени-этностық бірлігін дәлелдейді және бір мезгілде мемлекеттің бөлінбестігі идея­сын да көрсетеді. Жарық – өмір мен қуат көзі. Сондықтан ел туының ортасындағы алтын күн өмірді бейнелеп тұр. Туымыздағы күн сәулелеріне (32 сәуле) зер сала қарасақ, олардан бидай дәнінің пішінін – молшылық пен әл-ауқаттың белгісін көреміз.  Көшпенділердің дүниетанымында дала бүркіті ерекше орын алады. Бұл жерде бүркіт бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдік пен көрегендікті білдіреді. Қыр тұрғыны үшін бұл – бостандықтың, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке, болашаққа ұмтылудың белгісі. Сонымен бірге бүркіт өзінің әлеуетті күшімен болашаққа ұмтылғандарға кедергі келтіргісі келетін кез келген қаскөйге лайықты тойтарыс бере алады. Бүркіттің бейнесі жас егемен Қазақстанның әлемдік өркениеттің биік шыңдарына ұмтылуы идеясынан туған. Туымызға жаңа және қайталанбайтын сипат беріп тұрған элемент – ол тудың тұғырын бойлай жүргізілген, ұлттық ою-өрнектен тұратын жолақ. Бұл жерде қазақтың «қошқар мүйіз» деп аталатын өрнегі бейнеленген. Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Елтаңбаның қақ ортасында шаңырақ салынған, ал оның астында мемлекеттің «Қазақстан» деген атауы бар. Елтаңбаның жоғары бөлігінде – бесбұрышты жұлдыз, бүйірлерінде қанатты тұлпарлар бейнеленген. Елтаңбаның негізгі реңкі тудағыдай көгілдір, ал қиялымыздағы қанатты аттар, шаңырақ пен жұлдыз алтын түстес.  «Шаңырақ» – киіз үйдің жоғарғы күмбез түріндегі төбесі отбасының, әлемнің, жаһанның берекесін, тыныштығын білдіреді. Түңдік – киіз үйдің төбесіндегі ойық көз алдымызға көгілдір ашық аспан аясында жарқыраған күнді елестетеді. Елтаңбаның қақ орта­сынан күмбездің біркелкі тарай орналасқан уықтары өмір мен жылу көзі – күн сәулелерін бейнелейді. Авторлар киіз үйдің керегелерін бейнелеудің дұрыс шешімін таба алған. Шаңырақты көтеріп, тіреп тұратын айқыш үш қабат күлдіреуіш оның беріктігін қамтамасыз ететін үш жүздің бірлігін паш етеді. Осылайша, авторлар геральдика, яғни елтаңбалардың суреттері, олардың тарихы туралы ғылым тілімен қазақстандықтардың бейбітшілік пен тыныштық сүйетін қасиетін бей­нелеп берген. Елтаңбаның құрылымын құрайтын келесі бір бөлігі – жарты ай пішінді мүйіздері бар, алтын қанатты, қиял-ғажайып аттар. Гераль­дика тілінде тұлпарлар бейнесінің терең мағынасы бар. Ол жауларға қарсы күресте: арыстанның айбатын, қыранның қырағылығын, бұқаның әлеуетті күшін, еліктің жылдамдығы мен әсем қимылын, түлкінің қулығы мен тапқыштығын білдіреді. Тұлпарлардың алтын қанаттары бидайдың алтын сабақтарын, яғни ерен еңбекті, молшылық пен материалдық әл-ауқатты бейнелейді. Оның үстіне, тұлпар көшпелілердің барша шаруашылық және рухани өмірлеріне тікелей байланысты серігі де болып саналады. Қанатты ат (пырақ пен жалғыз мүйіздің қосындысы) күшті, өркендеген мемлекетке ұмтылуды білдіреді. Бесбұрышты жұлдыз қазақстандықтардың барлық бес континенттің мемлекеттері мен халықтарының қоғамдастығына бірігуін көрсетеді.  Қоғамдық санада орын алған өзгерістер елдің музыкалық­ поэзиялық нышанының жаңа мазмұнын талап етті.  Әнұран республика егемендігінің, Қазақстан халқының бірлігі мен достығының, бауырластығының мемлекеттік нышаны болып табылады. Әнұранның жан толқытатын сезімдік әсері – ол адамдарды Отанға деген сүйіспеншілік және берілгендік сезіміне біріктіретін тебіреніс, серпіліс, қуаныш. Алайда халықтың отаншылдық сезімдерін білдіру үшін көбінесе 1950 жылдары Шәмші Қалдаяқовтың Жұмекен Нәжімеденовпен бірге жазған «Менің Қазақстаным» әні қатар айты­латын болды. Бұл ән еліміздің ресми емес әнұранына айналып, қазақстандықтардың жүрегінен орын тапты.  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының 2006 жылғы қаңтардың 6-сында өткен бірлескен отырысында еліміздің жаңа әнұраны туралы мәселе қаралды. Елдің жоғарғы заң шығарушы органының күн тәртібіне республика үкіметі «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын қарауды ұсынды.  Заң жобасын талқылау барысында бірқатар депутаттар «Менің Қазақстаным» атты жаңа әнұранның авторлары құрамына Қазақстан Республикасының экс-Президенті Н.Ә.Назарбаевты ресми түрде енгізу туралы ұсыныс жасады. Мәжіліс пен Сенат депутат­тары жаңа әнұран мәтінінің авторлары ретінде Ж.Нәжімеденов пен Н.Ә.Назарбаевты бірауыздан қолдады. Сөйтіп, 2006 жылғы қаңтардың 10-ы Қазақстан тарихына елдің жаңа әнұранының туған күні болып енді. Жаңа ресми музыкалық-поэзиялық нышан – әнұран алғаш рет Астанада, президенттің «Ақорда» сара­йында президент Н.Ә.Назарбаевтың кезекті президент сайлауындағы жеңісінен кейінгі ұлықталуы кезінде шырқалды. Ел әнұранының таныстырылуына әлемнің жетпіс елінен келген қонақтар куә болды. Олардың арасында бұл салтанатты мерекеге: президенттер, премьер-­министрлер, министрлер мен елшілер, халықаралық ұйымдардың бас­шылары мен өкілдері де келді. Ресми салтанаттарда әнұран орындалған кезде, қатысушылар орындарынан тұрып, оң қолдарының алақанын кеуделерінің сол жақ тұсына қояды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны мәтінінің мазмұны және жігерлі де әсерлі әуені адамдардың жүректерінде отаншылдық сезімін оятады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша: «Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы».  Сондай-ақ Президент Мемлекеттік рәміздерді: Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі  деп сипаттайды. Новости Меню навигации

V Еуразиялық экономикалық форум туралы

Авторлық баған Теги: Т.М. Әминов Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері Қазақстан біздің_тарих 2026 жылғы 28 мамырда Астанада интеграция, өнеркәсіптік кооперация және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға арналған маңызды халықаралық алаңдардың бірі — V Еуразиялық экономикалық форум өзінің жұмысын бастады. V Еуразиялық экономикалық форумның негізгі тақырыбы – «Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектке басымдық». Іс-шара тақырыбы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық «бестік» мемлекеттері басшыларына жолдаған үндеуінде айқындалған Қазақстан Республикасының ЕАЭО-ға төрағалығының басымдықтарын көрсетіп, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің рөліне баса мән береді. Іскерлік бағдарлама аясында 2026 жылғы 28 мамырда өнеркәсіпті дамыту перспективалары мен цифрлық трансформация мәселелеріне арналған бірқатар тақырыптық панельдік сессиялар өткізу жоспарланған.   Сонымен қатар, «Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялаудың жаһандық үрдістері: ЕАЭО және ЮНИДО тәжірибесі» панельдік сессиясында өнеркәсіп секторына озық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Талқылау Еуразиялық экономикалық комиссия мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияны іске асыру аясында өтіп, жасанды интеллект технологияларын қолдану, өнеркәсіптік роботтандыру, сондай-ақ өнеркәсіпті цифрлық жаңғыртудың халықаралық тәжірибелерін қамтиды. Еуразиялық экономикалық форум — бұл Еуразиялық экономикалық одақ аясында өткізілетін ірі халықаралық экономикалық алаң. Форумда мүше елдер арасындағы сауда, инвестиция, цифрландыру, өнеркәсіп, көлік-логистика және интеграция мәселелері талқыланады. Іскерлік бағдарлама аясында 2026 жылғы 28 мамырда өнеркәсіпті дамыту перспективалары мен цифрлық трансформация мәселелеріне арналған бірқатар тақырыптық панельдік сессиялар өткізу жоспарланған. Соның ішінде негізгі іс-шаралардың бірі – «ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік кооперация: бизнес-идеялар және қолдау тетіктері» панельдік сессиясы. Оның барысында қатысушылар мүше мемлекеттердің индустриялық кешендерін дамытудың стратегиялық бағыттарын, кооперация саласындағы бизнес-бастамаларды, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі бірлескен өнеркәсіптік жобаларды қолдау тетіктерін талқылайды.   Талқылау Еуразиялық экономикалық комиссия мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияны іске асыру аясында өтіп, жасанды интеллект технологияларын қолдану, өнеркәсіптік роботтандыру, сондай-ақ өнеркәсіпті цифрлық жаңғыртудың халықаралық тәжірибелерін қамтиды.   Форумда теміржол дәліздері,  халықаралық автокөлік бағыттары,  «Бір белдеу – бір жол» бастамасымен байланыс,  кедендік цифрландыру мәселелері қаралады.  Бұл Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтеді.   Форумға белгілі халықаралық компаниялар, инвесторлар және қаржы ұйымдары қатысады. Бұл Қазақстандағы энергетика, цифрландыру, көлік, ауыл шаруашылығы сияқты салаларға инвестиция келуіне ықпал етеді. Қазақстан басқа елдермен сауда және серіктестік қатынастарын кеңейтеді. Жаңа келісімдер мен меморандумдар жасалуы кұтіледі. Форум кезінде қонақүйлер, мейрамханалар, көлік қызметтері белсенді жұмыс істейді. Бұл жергілікті бизнеске табыс әкеледі.   Новости Меню навигации

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтіп жатыр

Авторлық баған   Теги: Т.М. Әминов Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері Қазақстан біздің_тарих «Алтын Орда» халықаралық симпозиумы – ғылым, білім және мәдениет салаларындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық алаң. Бұл симпозиум түрлі елдерден келген ғалымдар мен сарапшылардың тәжірибе алмасуына, өзекті мәселелерді талқылауына және жаңа идеялардың қалыптасуына үлкен мүмкіндік берді. Аталған іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, мазмұндық құндылығы мен халықаралық маңызы оның беделін арттыра түседі. Симпозиум аясында көтерілген ғылыми және әлеуметтік бастамалар болашақта тиімді жобалардың жүзеге асуына негіз болады деп сенеміз. «Алтын Орда» халықаралық симпозиумының жұмысына ризашылық білдіре  отырып, оның ғылым мен қоғам дамуына қосар үлесі зор боларына қолдау білдіреміз. Астанада өткен «Алтын Орда» халықаралық симпозиумына әлемнің 20-дан астам елінен делегация қатысты. Олардың қатарында тарихшы-медиевистер, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, моңғолтанушылар, нумизматтар, эпиграфика мамандары, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар. Алтын орда симпозиумының маңызы Алтын Орда симпозиумдары мен ғылыми конференцияларының маңызы бірнеше бағытта көрінеді: Тарихты терең зерттеу Симпозиумдда Алтын Орданың саяси құрылымы, экономикасы, мәдениеті, дипломатиясы және түркі халықтарының тарихындағы орны жан-жақты талқыланды. Бұл ортағасырлық тарих туралы жаңа ғылыми тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Ұлттық тарихи сананы нығайту Қазақстан тарихында Алтын Орданың мұрасы маңызды орын алады. Осындай жиындар халыққа мемлекеттілік дәстүрінің терең тамырларын көрсетуге ықпал етеді. Халықаралық ғылыми байланыс Симпозиумға түрлі елдердің тарихшылары, археологтары мен зерттеушілері қатысады. Бұл халықаралық ынтымақтастықты күшейтіп, ортақ ғылыми жобалардың пайда болуына жол ашады. Археологиялық және жазба деректерді таныстыру Жаңа қазба жұмыстарының нәтижелері, сирек қолжазбалар мен тарихи құжаттар ғылыми айналымға енгізіледі. Түркі әлемінің ортақ мұрасын насихаттау Алтын Орда көптеген түркі халықтарының тарихи дамуына әсер еткен мемлекет болғандықтан, симпозиум ортақ мәдени мұраны сақтау мен дәріптеуге қызмет етеді. Жастарды ғылымға тарту Мұндай шаралар жас зерттеушілерге өз еңбектерін таныстыруға, тәжірибе алмасуға және тарих ғылымына қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді. Новости Меню навигации

ҚАЗАҚСТАН ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА

Авторлық баған   Теги: Т.М. Әминов Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері Қазақстан біздің_тарих Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылғы 1 қыркүйектен 1945 жылғы 2 қыркүйекке дейін созылған, әлем халқының 80 пайызға жуығы (шамамен 1 млрд. 700 млн. кісі) зардабын тартқан сұрапыл соғыс. Соғыс өрті сол кезде әлемдегі 73 мемлекеттің 62-сін (Еуразия және Африка құрлығы) шарпып өткен. Соғысқа қатысқан әскерилердің саны 110 миллионнан асса, сол соғыста 60 миллионнан аса адамның өмірі құрбан болған. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына Германияның агрессиялық саясатынан бөлек, сол кезде танымал болған «ымыраластыру саясаты» арқылы гитлерлік Германияның Австрия мен Чехословакияны жаулап алуын мақұлдаған Ұлыбритания Премьер-Министрі Невилл Чемберленнің әрекеті мен «Молотов-Риббентроп пактісіне» құпия қол қойғызған, сол арқылы Польшаны Кеңес Одағы мен фашистік Германия арасында бөлісіп алуға келіскен, екі ел арасында соғыс өртін тұтатпау туралы уағдаласқан Кеңес Одағы басшылығының де кінәсі бар екені туралы айтылады. Осылайша, Кеңес Одағының ресми келісімін алу арқылы Германия 1939 жылғы 1 қыркүйекте Польшаға басып кіреді. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған күні ретінде есептеледі. Соған биыл 85 жыл болып отыр. Соғыс барысында Германия Еуропаның көп мемлекеттерін қысқа мерзімде тізе бүктіру арқылы 1941 жылы 22 маусымда Кеңес Одағына тұтқиылдан басып кіреді. Бұл кеңестік жылнамада Ұлы Отан соғысының басталуы немесе фашистік Германияның шабуылы нәтижесінде Кеңес Одағының Екінші дүниежүзілік соғысқа кіріскен уақыты ретінде саналып келді [1]. Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңіске биыл 81 жыл болады. Президентіміз Қ.К.Тоқаев айтқанындай, Жеңіс күні – халқымыздың ерлігі мен батырлығының айқын көрінісі. Біз Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің алдында әрдайым қарыздармыз. Олардың ерлігі – мәңгілік үлгі, ал бейбіт өмір – ең қымбат құндылығымыз. Сондықтан 9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл — жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Бұл  фашизмді жеңген ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн. Сұрапыл соғыста халқымыз күш-жігерін сарп етіп, орасан зор шығынға ұшырады. Майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеттік. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау — қасиетті борышымыз [2]. Екінші дүниежүзілік соғыс адам шығыны бойынша әлемдік тарихтағы ең қатігез, қиянкескі ұрыс саналады. Жоғарыда айтылғандай, соғыс барысында шамамен 60-65 миллион адам шығыны болған. Оның ең көбісі Кеңес Одағынан болған. КСРО 27 миллионға жуық адамынан айрылған. Соғыстың алғашқы кезеңі өте ауыр соқты. Осындай жағдайда Қазақстанның  рөлі біршама өсті. Соғыс сирек кездесетін металдар және түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібінің өнімдерін көптеп шығаруды талап етті. Қазақстан эвакуацияланған мекемелерді қабылдады. 1941-1942 жылдары республикаға 220-дан астам зауыттар мен фабрикалар, цехтар мен артельдер көшірілді. Бұған қоса, Қазақстанда 1941-1945 жылдары 240 өнеркәсіп орындары салынды. Қазақстан 85% қорғасын, 35% қалайы, 75% полиметалл рудаларын беріп отырды. Соғыс жылдары Қарағанды шахтерлары 34 миллион тонна көмір өндірді. Мұнай өндіру 39 %-ға өсті [3]. Ауыл шаруашылығы да соғыс қажетіне бейімделді. Соғысқа шақырылғандардың үштен екісі ауыл шарушылығы еңбекшілері екендігіне қарамастан, көптеген колхоздарда еңбекшілердің 80%-ын әйелдер құрады. Қолхозшылар еңбекте ерлік көрсетті. Қазақстанның ауыл шаруашылық еңбекшілері майданға нан, ет, шикізат өнімдерін беріп қана қоймай, 370 мыңға жуық эвакуацияланған мал басын сақтап қалды. Осылайша майданға ет, сүт, жүн, тері өнімдерін көптеп жіберді. Қазақстан тұрғындары танкілер, самолеттер, сонымен қатар тұтас эскадрилья құрастыру үшін қаражат жинады. Қазақстандықтардың майдан мұқтажы үшін өз еріктерімен өткізген қаражаты 4700 миллион сомды кұрады. Бұдан басқа, майданға 2,5 миллионға жуық жылы киімдер, 1600 вагон сыйлықтар жөнелтілді. Сонымен қатар, Қазақстанға ғылыми және шығармашылық қоллективтері эвакуацияландырылды. Алматыға Москва және Ленинград киностудиялары, 20-ға жуық ғылыми мекемелер және аттары әлемге әйгілі  И.П.Вернадский, В.А.Обручев, А.М.Панкратова, А.А.Скочинский, т.б. сияқты академик-ғалымдар көшірілді. Рухани қару ретінде әдебиет үлкен қызмет атқарды. Майданның және тылдың батырлары жайында Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Дмитрий Снегин сияқты поэзия мен проза шеберлері, Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Сағынғали Сейітов, Жұмағали Саин сияқты жас жазушылар өз еңбектерін жазды. Қазақстанның 90 ақын-жазушысы соғыс майдандарында шайқасты [3]. Соғыстың бірінші күндерінен-ақ Қазақстан аумағында әскери құрамалар мен бөлімдер жасақталды, барлығы 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық жеке полктар мен батальондар, әртүрлі әскери жасақтар құрылды. Соғыс жылдары 1 196 164 қазақстандық әскер қатарына шақырылды. Жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдер құрамы жағынан көп ұлтты болды. Өнеркәсіп орындарында жұмыс істеу үшін 670 мың адам мобилизацияланды. Москва түбіндегі шайқаста генерал-майор И.В.Панфилов басқарған даңқты 316-атқыштар дивизиясы шешуші рөл атқарды. Ол жаудың танкілеріне қарсы табандылықпен қарсы тұра білді. 1941 жылдың 16 қарашасында Дубосеково разъезінде фашистердің 18 танкісін жойып, жауды Мәскеуге өткізбеген 1075-атқыштар полкінің 28 жауынгерінің өшпес ерлігі бүкіл әлемге белгілі. Осы топтың құрамында болған политрук В.Г.Клочковтың: «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ! Артымызда, Мәскеу!» деген қанатты сөздері бүкіл майданға тарады. Барлық жиырма сегіз панфиловшыларға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Генерал И.В.Панфилов 1941 жылғы 18 қарашада ерлікпен қаза тапты. Мәскеу үшін шайқаста, Батыр атағын 1990 жылы ғана алған, Бауыржан Момышұлы басқарған батальон табандылық көрсетті. Сол шайқаста Кеңес Одағының батырлары Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, т.б. ерлік көрсетті. П.Б.Вихревке Кеңес Одағының батыры атағы ерлікпен қаза тапқаннан кейін берілді. Сонымен қатар, Кеңес Одағының батырлары – қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров,  минометші  Қ.Сыпатаев, лейтенант  Г. Рамаев Отан үшін ерлікпен қаза тапты. Қазақстанда құралған басқа дивизиялар, бригадалар мен полктер Ұлы Отан соғысы майдандарына 1942 жылы кіргізілді. Бұл кезде Ақтөбеде жасақталған 312-ші дивизия Малоярославль түбінде жаудың үш-төрт дивизиясына қарсы бір жеті бойы қасарысқан қорғаныс ұрысын жүргізді. Шымкент қаласында құрылған 102-ші дивизия Украинаның солтүстік-шығысында қорғаныс шебін ұстап тұрды. Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы бетбұрыс кезең болды. Бұл сұрапыл шайқасқа қатысқан құрамалардың арасында Қазақстанда жасақталған 38-атқыштар дивизиясы бар еді. Ол әр кезде  62-армия /қолбасшысы В.И. Чуйков/, 57-армия /колбасшысы Ф.И. Толбухин/, сондай-ақ Сталинград үшін болған шайқастың негізгі ауыртпалығын көтерген 64-армияның /қолбасшысы М.С. Шумилов/ құрамында соғысты. Сталинград түбіндегі ұрыстарда Жамбыл қаласында жасақталған 81-атқыштар дивизиясы жауды талқандауда салмақты үлес қосты. 1942 жылғы қарашаның аяғы – желтоксанның басында бұл дивизия Котельниково қаласын алуға, сөйтіп Сталинград қаласында қоршауда қалған Паулюстің армиясын босату үшін әрекет жасаған неміс-фашист әскерлеріне қарсы шайқастарға қатысты. Сондай-ақ Орал қаласында жасақталған 152-ші атқыштар бригадасының батальондары Элиста-Астрахань жолы арқылы Еділ өзенінің төменгі сағасына өтуге тырысқан неміс, румын әскер бөлімдерінің жолын бөгеді. Қызыл әскер бөлімдерімен шайқастарда көптеген шығындарға ұшыраған неміс-фашист әскерлері Астраханьға шабуыл жасауға тырысқан әрекеттерінен бас тартты. Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен қатар Курск иінінде,  Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жанқиярлықпен соғысты. Ленинград қоршауындағы әскери бөлімдерде қызмет еткен жауынгерлердің арасында Д.Шыныбековтың, алысқа ататын зеңбірекке бекітілген аэростат командирі С.Жылқышиевтің есімдері мақтанышпен аталды. 1942 жылғы шайқастардың бірінде Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының түлегі Арыстан Ахметов өз есімін өшпес данққа бөледі. Ол 19 жауынгермен әскери маңызы бар бір төбені жаудан корғап, соңғы адамы қалғанша соғысты. Жаралы болып ес-түссіз жау қолына түскен одан жау солдаттары әскери мағлұмат алмақ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНЕН ШЫҚҚАН: БАТЫР ҚЫЗДАР МӘНШҮК ПЕН ӘЛИЯНЫҢ ЕРЛІГІ ЖАСТАРҒА ҮЛГІ

Авторлық баған Сүлейменова Дәметкен Досмұханқызы Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Теги: Қазақстан біздің_тарих    Қазіргі Қазақстан қоғамында жастар тәрбиесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Әсіресе, Жаңа Конституция қағидаттарын ілгерілету арқылы өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу ел болашағын айқындайтын стратегиялық міндет. Бұл үдеріс жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық құндылықтарға құрметті, сондай-ақ тәуелсіздік пен егемендік идеяларын терең қалыптастырумен тығыз байланысты.      Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің құқықтық негізі ғана емес, ол қоғамның құндылықтық бағдарын айқындайтын маңызды құжат. Конституцияда бекітілген адам құқықтары, еркіндік, заң үстемдігі, бірлік пен келісім қағидаттары жастардың азаматтық санасын қалыптастыруда негізгі тірек болып табылады. Саясаттану ғылымында бұл құбылыс «азаматтық бірегейлік» ұғымымен түсіндіріледі, яғни жеке тұлғаның өзін мемлекетпен, оның құндылықтарымен сәйкестендіруі.     Патриоттық тәрбие мәселесін философиялық тұрғыдан алып қарасақ Әл-Фараби «қайырымды қоғам» идеясында тұлғаның қоғам алдындағы жауапкершілігін ерекше атап өтеді. Оның пікірінше, ізгі қоғам тек парасатты, тәрбиелі азаматтар арқылы қалыптасады. Бұл тұжырым қазіргі азаматтық тәрбие теорияларымен толық үндеседі.      Ал қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы да отаншылдық пен адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуде білімнің рөлін жоғары бағалаған. Оның «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген қағидасы – тек гуманизмнің ғана емес, сонымен қатар ұлттық бірлік пен елге деген сүйіспеншіліктің негізі. Абайдың қара сөздерінде «елге қызмет ету – азаматтың басты борышы» екені айқын көрініс табады.     Қазіргі педагогика ғылымында патриоттық тәрбие тұлғаның әлеуметтік және моральдық дамуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, жастардың патриоттық санасы олардың тарихи жадымен, мәдени мұрамен және ұлттық құндылықтармен байланысы арқылы қалыптасады. Осы тұрғыда білім беру жүйесінде Қазақстан тарихын, әдебиетін және мәдениетін терең оқыту ерекше маңызға ие.     Сонымен қатар, тәуелсіздік пен егемендік құндылықтарын дәріптеу жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудың негізгі факторы. Тәуелсіздік тек саяси ұғым ғана емес, ол – халықтың тарихи жетістігі мен рухани символы. Бұл идеяны жастардың санасына сіңіру үшін нақты мысалдар мен тарихи деректерді қолдану тиімді. Сондықтан тарихи тұлғаларды дәріптеу жастар тәрбиесінде өте маңызды факторлардың бірі болып табылады.      Мәншүк Мәметова Батыс Қазақстан өңірінде 1922 жылы 23 қазанда Қызылқоға ауданындағы Қамысты ауылында дүниеге келген. Мәметова Айман Мәншүктің немере сіңлісінің айтуынша: «Телғара атасынан – Әлі мен Мәмбет дүниеге келген. Әліден – Жеңсігәлі дүниеге келеді. Жеңсігәліден – Нағи, Қадір, Мәнсия дүниеге келген. Ал Мәмбеттен – Ахмет пен Қанат дүниеге келген. Ахметтен ұрпақ болмағасын, Жеңсігәліден Мәнсияны Ахмет жастай асырап алады.      Мәншүктің өз әкесі – Жеңсігәлі 1929-1930 жылдары астық қоймасын күзеткен, сол уақытта қоймадан астық ұрланып, «соны сен шығарып бердің»- деген жаламен ұсталған. Ал Мәншүктің өз туған анасы — Тойымша құсадан өлген, балалары Нағи мен Қадер Қанат ағайының қолында тәрбиеленген. Нағи соғыстың алдында қайтыс болған. Ал Қадер Ұлы Отан соғысына қатынасып, хабарсыз кеткен. Ал Қанат Ұлы Отан соғысына қатынасып, жараланып елге келіп, «Жаңа жол» колхозында басқарма болып,1951 жылы қайтыс болған[1].(Мәмбетова А. «Жақсыдан қалған көз едік» // Қазақстан әйелдері, №3.03.1995 ж.)      Саратов университетін бітірген соң Ахмет Мәмбетовты Семейге жұмысқа жібереді. Мәншүк сол жерде балабақшаға, кейін 1 сыныпқа оқуға барады. Мәншүктің ата-анасы 1932-1934 жылдары Орал қаласына жұмысқа келеді,сол жылдары Мәншүк Оралда №4 мектепте оқыған. Кейінен Алматы қаласына көшкенде Мәншүк №28 мектепте оқыған. 7 сыныптан соң Мәншүк 3 жыл медицина рабфагіне түсіп,оны 2 жылда үздік бітіріп, медицина институтына қабылданады»[2].(Нұркина Ж. «Ерлік ер мұрасы» //Қазақстан әйелдері,№ 3.03.1995 ж.)       Мәншүк Мәметова 1942 жылдың тамызында өз еркімен сұранып майданға аттанады. Алғашында медбике болуға тырысқанмен, кейін пулеметші болуды таңдап, осы мамандықты екі айда толық меңгеріп шығады, кейіннен аға сержант шеніне дейін көтеріліп, пулемет расчетінің командирі болады.        Мәншүк Мәметованың майдан жолы 1942 жылдың қыркүйегінде 100 — ат қыштар бригадасының құрамында Москваның солтүстік жағындағы «Бабушкино» деген шағын қаладан басталады. Бастапқыда Мәншүк штабта «іс-қағаздарын реттеуші, әрі 4-бөлімшенің комсомол жетекшісі болады.       1943 жылдың жазында Мәншүк штабта хатшы болмаймын деп бірнеше қайтара рапорт жазып, алдыңғы шепке сұранады. Ақыры 1943 жылдың маусым айында жаңадан құрылып жатқан 4-ші пулеметшілер батальонына қабылданады. Мәншүктің пулеметі «Максим» деп аталатын,оны төрт адам бөліп-бөліп көтеретін,оқтарымен қосқанда салмағы 90 кг. және барған жерде қайта құрастырылатын. Мәншүк тез арада осы жұмыстардың бәріне төселіп, тез арада оны толық меңгеріп алады[3].(Лейник О. «Мәншүктің есімі жұлдыздай жарқырайды»// Октябрь туы,№39.28.03.1970 ж.)       14 қазанда Невель қаласының терістік жағында 15 шақырым жерде теміржол торабы орналасқан Изочи станциясынан Ленинград, Москва бағытында теміржолдары өтетін,осы жолды фашистерден азат ету үшін шайқас екі күнге созылады. Осы шайқас туралы Ұлы Отан соғысының ардагері, 100 — атқыштар бригадасының жауынгері Болатов Ахметқазы  «Құрыштай құйылған жан еді» деген естелігінде Мәншүк Мәметованың батырлығы туралы  былай дейді: «Ұлы Отан соғысында менің байқағаным қазақтай қайсар, төзімді жан жоқ екен, оны олардың үш түрлі басты қасиеттерінен таныдым. Біріншіден, аштыққа төзімді, қолда барына қанағатшыл, екіншіден, тамаққа отырғанда жасы үлкендерден бұрын асқа қол созбайтын тәрбиелік, тектілік. Үшіншіден, намысшыл, жігерлі, соғыс өнерін тез арада меңгеріп алуы, «Қазақстандықтар» деген жалғыз ауыз сөзге сүттей ұйып, еліне, өз арына кір келтірмеу үшін кеудесін от пен оққа төсегендерді өз көзімен көрдім. Солардың бірі – Мәншүк еді.         Изочи станциясы үшін шайқаста 100 — бригада жауынгерлері жотадан қайтып келе жатқанда Мәншүк артымыздан қуған фашистерге пулеметінен оқты төктіде отырды, бұл пулеметтің радиусы кең, екі шақырым жерді қамтитын. Біздің жігіттер жеткенше өкшелеп келе жатқан жауды беттепей, қоғадай жапырды. Біз Мәншүк бекінген жерге жетіп қарасақ,ол жалғыз қалып басынан жараланған, жарасын таңып алыпты, пулеметі істен шыққан. Қасындағы иесіз қалған пулеметке ауысып, оны іске қосып жатыр екен. Мен Мәншүктің табандылығын, қайсарлығын осы жолы көрдім. Біз Мәншүктің бізбен бірге жүруін өтіндік, бірақ ол пулеметке жабысып, фашистердің 3-4 дүркінгі бас көтерген шабуылына төтеп берді. Мәншүк бізге: «Сендер бара беріңдер,мен сендерді қорғай тұрамын»,- деді,оның соңғы айтқан сөзі осы болды. Біздер жотаның астына құлдилап кете бердік. Біздер 300-400 метрдей ұзаған шамада Мәншүктің сылқылдаған пулеметінің даусы үзілді. Фашистер біздерді жотаға жеткізбей-ақ жойып жіберер ме еді, кім білсін,100-бригаданың қаншама жігіттерінің өмірін сақтап қалды. Мәншүктің ерлігінің мәні міне осындай. Мені бірнеше күннен кейін командирім шақырып: «Сен Изочидегі ұрысқа қатынастың ба?-деп сұрады, мен қатынасқанымды айттым. Ол ендеше Мәншүк Мәметованың мерт боларда бекінген жерін, пулеметінің орнын, сүйегін таба аласың ба?»-деп сұрады, «Табар едім»,-дедім мен тайсалмай, ендеше капитан Т. Әбуов екеуің барып, Мәншүк Мәметованың сүйегін тауып, Невель қаласына апарып жерлейсіңдер»,-деді. Біздер қиналмай ол жерді тауып, пулеметтің орнын да ажыраттық. Снаряд түсіп, сүйекті топырақ жауып қалыпты, қазып жүріп әуелі етігіне кездестік, содан соң сүйекті топырақ астынан аршып алдық. Адамның шашы бұзылмайды екен. Шашын көргеннен кейін Мәншүктің сүйегі екеніне шүбәміз қалмады. Плащ —

2026 жылғы 10 сәуірде ҚР Президенті Архивінде қазіргі заман тарихы құжаттарын жинақтауға арналған монографияның тұсаукесері өтті.

           Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде ҚР Президенті Архивінде қазіргі заман тарихы құжаттарын жинақтауға арналған монографияның тұсаукесері өтті. Кітаптың таныстырылымы 10 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде өтті. Ғылыми қауымдастық өкілдері, депутаттар және архив саласының жетекші мамандары қатысқан шараға Мемлекет тарихы институтының ғалымы, саяси ғылымдар докторы Қуанышев Жапсарбай Ілиясұлы да қатысып, өз қолдауын білдірді. Назарларыңызға ұсынылып отырған монография – архивтік практика мен ғылыми талдаудың ұштасуының жарқын үлгісі. Еңбекте мемлекеттік архивтерді қазіргі кезең құжаттарымен жинақтау мәселелері Президент Архивінің тәжірибесі негізінде жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар архив қорларын қалыптастырудың теориялық және қолданбалы қырлары кеңінен талданады. Басылымда отандық және шетелдік тарихнамаға шолу жасалып, жинақтау үдерістерін реттейтін нормативтік-құқықтық базаға талдау берілген. Бұл архив қорларын қалыптастыру жұмысын түсінуге және оның әдістемелік сүйемелденуін ұғынуға мүмкіндік береді. Басылым тарихшыларға, ғалымдарға, зерттеушілерге, мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлеріне, сондай-ақ бейіндік мамандықтардың оқытушылары мен білім алушыларына арналған.

Қоғам дамуындағы басты фактор – оқырман ұлт қалыптастыру

Авторлық баған Ермұханова Х.К. Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Теги: Қазақстан біздің_тарих кітапкүні Кітап-адамзат өркениетінің ең құнды қазынасы. Мемлекет басшысы «Кітап күні» мерекесінің маңызын атап өтіп, оқуға деген құштарлық-қоғам дамуының басты қозғаушы күштерінің бірі екенін атап өткен болатын. Кітап оқу арқылы білім алумен қоса, ойлау қабілетімізді, тіл байлығымызды дамытуға қол жеткіземіз. Оқу адамды ойлануға, салыстыруға және қорытынды жасауға үйретеді, сөздік қорды байытып, ойды жүйелейді. Қазіргі техниканың дамыған заманында кітап оқуға қарағанда әлеуметтік желінің басымдылығы байқалады. Жастарымыз жеңіл мазмұнды ақпаратқа үйреніп алып, негізінен кітап оқудан алыстап бара жатқаны жасырын емес. Алайда кітап мүлдем оқылмайды деп айта алмаймыз. Жастар арасында кітап оқу мәдениеті әртүрлі деңгейде қалыптасқан. Олардың бірі әлеуметтік желіден қысқа ақпаратты тұтынуды әдетке айналдырса, екіншілері әдебиетке бет бұрып, кітап оқуды әдетке айналдырып келеді. Осы себепті қоғамдағы басым міндет жоғары оқу мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Жастардың рухани дамуына әсер ететін маңызды бағыттың бірі-ұлттық әдебиетпен танысып, ұлттық әдебиетті оқу деп ойлаймын.  Мысалы, айтар болсақ, жеке тұлғалық даму негізінде «Абайдың қара сөздерін» оқып- зерделеу маңызын әлі күнге жойған жоқ. «Жақсы кітап-ақылды адамның әңгімесімен бірдей. Кітап жансыз, бірақ шынайы дос»-деген халық даналығын еске түсірсек, мағыналы да сапалы кітапты оқу жан-дүниеңнің көкжиегін кеңейтіп, рухани дамуға негіз болады. Новости Меню навигации

2026 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президент орталығында Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи дамуы контексіндегі Халық Конституциясы» атты ғылыми семинар өтті.

Ғылыми семинарға көрнекті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, саясаттанушылар, заңгерлер, тарихшылар қатысты. Баяндамашылардың арасында белгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ж.И. Ибрагимов, Мемлекет тарихы институты, Қазақстандық қоғамдық даму институтының ғалымдары болды. Семинардың төрағасы ретінде ҒЖБМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, PhD, қауымдастырылған профессор Н.С. Пұсырманов баяндама жасады. Баяндамашы жаңа Конституцияның мәтіні бүкілхалықтық референдумнан өтіп, ол негізінен халқымыздың жалпы қолдауын тапқанын атап өтті. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталған. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс. Мемлекет тарихы институтының директорының пайымдауынша, тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норманы бекітілді. Баяндама жасау үшін келесі сөз Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Ғ. Аяған мырзаға берілді. Өз баяндамасында ірі ғалым қазақ мемлекеттігінің нышандары ежелгі заманнан бері дамып келе жатқандығын айқындады. Белгілі тарихшыдан кейін заң ғылымдарының докторы, профессор Ж.И. Ибрагимов сөз сөйледі. Көрнекті заңгердің пікірінше, Конституция жаңа қоғамда әділеттілікті нығайтады. Содан кейін баяндама жасау үшін сөз Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдар докторы  Ж.I. Қуанышев мырзаға берілді. Баяндамашының пайымдауынша, бүкілхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлуді, тежемелік тетіктерін нақтылауды арттыруды көздейді. Ғылыми семинарды өткізуге жауапты болған Деректану, тарихнама және отан тарихы бөлімінің басшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ғ.М. Қарасаев баяндамасында жаңа қабылданған Конституция парламент рөлін арттыруға және үкімет жауапкершілігін күшейтуге оң ықпалын атап өтті. Деректану, тарихнама және отан тарихы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Т.М. Әминов мырза жаңа Конституция Қазақстан Республикасының саяси жүйесін құрайтын және өз тарихи міндетін орындаған негізгі заң деп бағалады. Қорытынды баяндама жасау үшін сөз Мемлекет тарихы институтының директоры, PhD, қауымдастырылған профессор Н.С. Пұсырманов берілді.Семинар барысында мемлекеттілік қағидаттарының сабақтастығы, олардың трансформациясы және қазіргі конституциялық құрылымдағы көрініс мәселелері қарастырылды. Ғылыми семинар ұйымдастырушылары ретінде Мемлекет тарихы институты, Қазақстан Республикасының Президент орталығы болып  табылды. #біздің_тарих

2026 жылғы республикалық референдум: мемлекетті дамытудың жаңа бағдарлары

  2026 жылғы республикалық референдум азаматтардың тікелей ерік білдіруінің маңызды көрінісі болып, Қазақстанның стратегиялық даму міндеттерін шешудегі жалпыұлттық плебисциттің маңызын тағы бір мәрте айқындады. Дауыс беру нәтижелері азаматтардың жоғары белсенділігін және елдің саяси-құқықтық жаңғыру бағытын қолдайтынын көрсетті. Бүгін Мемлекет тарихы институтында республикалық референдумның нәтижелері мен оның мемлекеттің одан әрі дамуы үшін маңызын талқылауға арналған ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен кездесу өтті. Пікірталас барысында қабылданған конституциялық өзгерістердің саяси-құқықтық және қоғамдық қырлары, сондай-ақ олардың елдің институционалдық дамуына ықпалы қарастырылды. Экзитпол деректеріне сәйкес, қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады. Референдумға қатысу деңгейі 73 пайыздан асып, қоғамның маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісіне жоғары деңгейде тартылғанын көрсетті. Орталық референдум комиссиясының мәліметі бойынша, Конституцияның жаңа редакциясын қабылдауға 7 954 667 азамат дауыс берді. Бұл – дауыс бергендердің жалпы санының 87,15 пайызы. Еуразиялық интеграция институтының департамент басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Арман Ешмұратов Қазақстан бойынша 200-ден астам учаскеде интервьюерлер жұмыс істегенін атап өтті. Оның айтуынша, зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 86,7 пайызы конституциялық өзгерістерді қолдаған. Сонымен қатар ол жаңа саяси субъект – заң шығару бастамасы құқығына ие Қазақстан халық кеңесінің пайда болуы саяси жүйенің дамуына ықпал ететінін айтты. Арман Ешмұратов қазіргі кезеңде оң қоғамдық көзқарастарды қалыптастырудың, мемлекет пен азамат арасындағы тұтастықты нығайтудың маңызы артып отырғанын, сондай-ақ әлемдегі шешім қабылдау үрдістеріндегі жаңа трендтер партиялық жүйенің күшеюіне және саяси бәсекелестіктің өсуіне әсер ететінін атап өтті. Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, Жалпыұлттық коалицияның мүшесі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Венера Абыхановна Жексембекова жаңа Конституцияда алғаш рет ғылым мен білімнің маңызы нақты бекітілгенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға деген сенімін көрсетеді және елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін адами капиталды нығайтуға бағытталған. Институттың бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдар докторы Жапсарбай Ілиясұлы Қуанышев республикалық референдумды ел тарихындағы тағдыршешті оқиға ретінде бағалады. Оның айтуынша, референдумның жаңа жыл – Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілуі ерекше символикалық мәнге ие, өйткені бұл тек жылдың ғана емес, қоғамның да жаңаруын білдіреді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған жаңа Конституция қазіргі әлемдегі күрделі сын-қатерлерге жауап беретін маңызды құжат екенін айтты. Ол азаматтық қоғамды нығайту, экономикалық мәселелерге назар аудару және тарихи тәжірибеден сабақ алу елдің тұрақты дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Тарих ғылымдарының докторы Ғани Қарасаев қазіргі геосаяси жағдайда тұрақтылықтың маңызы артып отырғанын айтты. Оның пікірінше, экономикалық жаңғыру мен өнеркәсіпті дамыту ғылым мен инновацияның дамуының нәтижесі болуы тиіс. Мемлекет тарихы институтының директоры, PhD, қауымдастырылған профессор Нұрбек Пұсырманов жаңа Конституцияны үш негізгі тұрғыдан қарастыруға болатынын айтты. Оның сөзінше, бұл өзгерістерді тек құқықтық немесе саяси қырынан ғана емес, сонымен қатар идеологиялық, символдық және болашақ даму траекториясы тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Дәметкен Сүлейменова жаңа Конституция тарихи білім беру, қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік салалардың дамуына оң әсер ететініне сенім білдірді және саяси партиялардың бәсекелестігін арттыруды маңызды деп таныды. Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, PhD Еркебұлан Жұмашов экзитпол нәтижелері халықтың мемлекетке карт-бланш бергенін, енді ол сенімді ақтаудың маңызын атап өтті. Үлкен сенімнің жауапкершілігі де үлкен болатынын, Конституциядан кейінгі реформалардың осы аксиоманы есте сақтауының маңызын тілге тиек етті. Сонымен қатар ол қоғамның жаңғыру үдерісінде жастардың рөлі ерекше маңызды екендігіне тоқталды. Оның айтуынша, 2020-2021 жылдары туу көрсеткішіндегі рекордты, жалпы соңғы жылдардағы демократиялық толқынның әлеуетін пайдалану үшін билік бар күшін салуы қажет. Осы толқынға салынған инвестиция, оның әлеуеті мен сенімі Қазақстанның осы ғасырдағы келбетін анықтайтынын уәждеді. Дөңгелек үстел қорытындысында ғалымдар мен сарапшылар жаңа Конституция ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжат екенін атап өтті.  

Жаңа Конституциялық бастамалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргілуде

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы аясында МТИ Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, с. ғ. д., профессор В. А. Жексембекова 20-ақпан мен 13-наурыз аралығында ҚР министрліктерінің ұжымдарымен кездесіп, талқылаулар өткізді. Осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасының Әділет, Туризм және спорт, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ауыл шаруашылығы, Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Қаржы, Сыртқы істер, Сауда және интеграция, Көлік министрліктерінде жаңа конституциялық реформалардың негізгі бағыттары бойынша баяндамалар жасады. Конституциялық жаңғыртудың құқықтық мемлекет құрудағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған бастамалар туралы ой-пікірлермен бөлісті. Сондай ақ, коалиция құрамында В.А. Жексембекова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Басқармасымен, «Қазақконцерт» ұйымымен, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығымен, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен, «СК-Фармация» ЖШС ұжымымен, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» ұжымымен, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ мен қоғамдық саясат институтымен бірлескен кездесулерге қатысып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасулар өткізді. Мұндай кездесулер қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты нығайтып, жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін кеңінен түсіндіруге мүмкіндік берді. #біздің_тарих

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін