
Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері
Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумы елдегі саяси жаңғыру мен институционалдық реформалардың маңызды кезеңінде ұйымдастырылып отырғаны ерекше мәнге ие.
Біріншіден, мәслихаттар өңірлердің нақты қажеттіліктерін жақсы білетін институт ретінде жергілікті бюджеттердің тиімді жоспарлануына, инфрқұрылымдық жобалардың іске асуына және шағын және орта бизнесті қолдау шараларының нақты бағытталуына ықпал ете алады. Сондықтан мұндай форумдар орталық және өңірлік экономикалық саясаттың үйлесімділігін күшейтетін маңызды механизм болып саналады.
Екіншіден, форумда көтеріліп отырған мәселелер алдағы конституциялық реформалардың мазмұнымен де тығыз байланысты. Конституциялық өзгерістердің негізгі мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтарының теңгерімін нығайту және мемлекеттік институттардың есеп берушілігін арттыру. Мұндай институционалдық реформалар экономикалық тұрғыдан да маңызды, себебі тиімді басқару жүйесі инвестициялық климаттың жақсаруына және экономикалық саясаттың тұрақтылығына ықпал етеді.
Үшіншіден, конституциялық реформаларды халықтың қатысуымен талқылау және референдум тетіктерін пайдалану қоғамдағы сенімді күшейтеді. Экономикада тұрақтылық пен болжамдылық өте маңызды факторлар саналады. Егер мемлекеттік шешімдер ашықтық пен қоғамдық қолдау негізінде қабылданса, бұл инвесторлардың сенімін арттырып, кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне оң әсер етеді.
Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі форум, конституциялық реформалар мен референдум тәжірибеі – өзара байланысты процестер. Олар саяси жүйені жаңғыртумен қатар, өңірлік басқаруды күшейту арқылы экономикалық саясаттың тиімділігін арттыруға және елдің тұрақты дамуына негіз қалыптастыруға бағытталған.
* — Толтыруға міндетті өрістер
Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін