Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасы Еліміздің болашақ дамуының кепілі

Авторлық баған   Қарасаев Ғани Мұқашұлы Деректану тарихнама және Отан тарихы бөлімінің басшысы,тарих ғылымдарының докторы Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих Үстіміздегі  жылдың  30 қаңтарындағы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялағандығы белгілі. Биылғы  жылы өзінің Тәуелсіздігіне қол жеткізген отбесжыл мерзімдегі еліміздің  қазіргі жаһандану заманындағы ұзақ жылдарға арналған әр бағытты дамуына  сай келетін бұл саяси құжаттың  маңызы ерекше екендігі әркімге айғақ.  Осылардың ішіндегі кейбір жаңа баптардың маңыздылығына тоқтай кетсек, атап айтқанда,   мемлекетіміздің 1995 жылы қабылданып, қазіргі жұмыс істеп тұрған Конституциясына көрсетілмеген маңызды бап және оның тармағы бар.  Жобаның 30-бабының 2-ші тармағында «Неке – еркек пен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деп анық жазылған. Осы сөздердің келелілігі сонда,, барлығымызға белгілі,  әлі күнге дейін күнделікті өмірімізде кездесетін,  жас қыздарды олардың ешқандай келісімінсіз, тіпті бірін-бірі толығынан білмесе де жігіт жағынан өзіне күшпен қосуы(алып қашу) кеңінен орын алып отырғандығы жасырын емес. Ал, мұның өзі Еліміздегі адам құқығының өрескел бұзылуы,  тіпті одан ары айтқанда қылмыстық әрекет болып табылатындығы белгілі. Осындай әрекеттен барып, одан ары жақсы, өзара түсіністі, ұрпақ болашағына жауап беретін жанұя қалыптаспайды.Жанұяда толық еркіндік орнамайды. Басқаны айтпағанда, мұндай әректтердің соңы қайғылы жағдайларға ұласып жатқандығын да білеміз. Оған тіпті соңғы уақыттарда мысалдар да жеткілікті. Мұның өзінен   Мемлекетіміздегі жанұя қатынасының кіршіксіздігіне, теңдігі мен ұғыныстығына тікелей  нұқсан келтіріп отырғандығы айғақтала түседі. Жаңа Конституция жобасындағы  30 баптың жоғарыдағы аталған жаңа тармағының қабылдануы жанұя, некелік қатынастың толық еркіндігіне,  жұбайлардың өзара түсіністігі мен сыйластығына әкеледі деп есептейміз. Осы жаңа тармақтың өзі ғана бүгінгі күні қызу талқыланып жатқан Ел Конституциясы жобасының  қазіргі уақыт талабына сай дайындалғандығының айқын дәлелі болып табылады. Новости Меню навигации

Отанымыздың тарихын әлемдік деңгейде насихаттау- әрқайсымыздың міндетіміз

Авторлық баған   Қарасаев Ғани Мұқашұлы Деректану тарихнама және Отан тарихы бөлімінің басшысы,тарих ғылымдарының докторы Теги: Реформа Қазақстан Құрылтай2026 Үстіміздегі жылдың 20 қаңтарындағы Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында Еліміздің ары қарай дамуыныің  келелі бағыттары талқыланып, оларды іске асырудың жолдары көрсетілгендігі белгілі. Яғни, Ұлттық Құрылтай отырысы арқылы Мемлекет басшысы осындай шешімін табуға тиісті ауқымды да келелі мәселелерді бүкіл Қазақстан халқына ұсына отыра, олардың барынша талқылануына назар аударды. Осылай Ұлттық Құрылтайдың әрбір отырысы Ел деңгейіндегі  туындап отырған  мәселелердің маңызы мен  оларды ойдағыдай шешудің жолдарын ақылдасудың  алаңына айналып отырғандығы белгі. Міне, аталған мақсаттағы Ұлттық жиынның  соңғы отырысында да басқаларымен  қатар, адамзаттың даму тарихына елеулі өзгеріс әкелуі арқылы  әлемдік маңызға ие болып отырған   «Төл тарихымыздың»  айшықты мәселелері мен оқиғаларын   ел шеңберінен асыра отыра,  дүниежүзілік деңгейде насихаттаудың, одан ары жүйелі тұрғыда зерттеулер жүргізудің  қажеттігі атап көрсетілді. Атап айтқанда, Президентіміз  баяндамасында «Біз соңғы жылдары сан ғасырлық тарихи мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерделеу және дәріптеу жолында біраз жетістікке жеттік. Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Мен осы ауқымды жобаның басталғаны туралы Атырауда өткен Құрылтай отырысында айттым. Көп сериялы фильмнің тұсаукесері беделді халықаралық платформаларда өтеді. Бұл туынды Алтын Орда брендін жер жүзіне дәріптеуге ықпал етеді. Бірақ осындай тарихи тақырыпқа келгенде тартымды, көрнекі, яғни визуалды бейне жасаудан бөлек, алдымен оның ішкі мазмұны, мән-мағынасы терең болуын ойластыру қажет. Сондықтан менің тапсырмаммен мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум ұйымдастырылады. Іс-шараға әлемнің беделді ғалымдары шақырылады»,-деп көрсетіп,  оның дүниежүзілік шеңбердегі баға жетпес  тарихи маңызына назар аударды. Мемлекет басшысының «Біз тұтас түркі өркениетін зерделеуге де баса мән береміз. Қыркүйекте ресейлік әріптестерімізбен және басқа да елдердің өкілдерімен бірге «Өр Алтай — түркілердің ата қонысы» деген халықаралық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз»,-деген тұжырымынан да  барша   түркілердің, олардың заңды ұрпақтарының қатарындағы қазақтардың  мыңдаған жылдар бойғы төл мекені болып, адамзаттық өркениеттің кіндігіне айналған Алтай өңірінің тарихи маңызын халықаралық деңгейде одан ары барынша кеңінен  жариялап, ғылыми баға берудің  қажеттігіне тоқтады. Егерде, кейінге шолу жасайтын болсақ Қазақстандық Алтайдың төрінде  бұл тақырыптағы халықаралық ғылыми конференциялар соңғы он жыл бойы өткізіліп келеді. Ал,  Еліміздің басшысының өзінің осы ұсынысы арқылы  бұл ғылыми жиынды ұйымдастырудың  мемлекеттераралық маңызына айырықша көңіл  бөліп отырғагндығына куә боламыз. Қазақстан Президенті    жоғарыдағы баяндалғандармен  бірге,    Жетітомдық  «Қазақстан тарихы»  академиялық еңбекті дайындап шығарудың  керектігіне де назар аударды. Өзінің осы баяндамасында Мемлекетіміздің Жетекшісі бұлармен бірге  Ел азаматтарының, соның ішіндегі жас ұрпақтың бойында «Отансүйгіштік», «Қазақстандық патриотизм» сезімін қалыптастырудағы    тағы да басқа атқарылар шараларға тоқтай отыра, мыңдаған жылдарды қамтиын Ұлт тарихының, есімдері мен атқарған істері баршаадамзаттық бағалылықтың  қатарына енуге  лайық    тарихи тұлғаларымызды   «Дүниежүзілік Даналар» құрамына кіргізудің келелігін тағы да атап өтті. Президентіміздің айырықша атап көрсеткен   атқарылуға тиісті  осы  маңызды бастамалары   Отанымыздың тарихының алтын беттерін Әлемдік тарихтың құрамдас бөліміне енгізудегі нақты қимылдар деп есептеуге болады Новости Меню навигации

Ұлттық Құрылтайда туған ой

Авторлық баған   Сүлейменова Дәметкен Жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты,доцент Теги: Реформа Қазақстан Құрылтай2026 Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтай қоғамдық диалогтың стратегиялық бағдар айқындаудың және Ұлттық бірегейлікті нығайтудың маңызды алаңы ретінде қалыптасып отыр. Құрылтайда тарихи сабақтастық ерекше атап өтілді. Президент бүгінгі реформалар кездейсоқ емес, қазақ мемлекеттілігінің ұзақ эволюциясының жалғасы екенін айтты. Бірақ бұл өткенге оралу емес, тарихты қазіргі жауапкершілікпен қабылдау деген ұстаным. Бағдарламаның өзекті бағыттары тарихи әділеттілікпен ұлттық жады, ғылым мен білімнің стратегиялық рөлі, мәдени кеңістіктің жаңаруы және әлеуметтік жауапкершілік. Ғылыми тұрғыда алғанда, бұл басылымдықтар “Институционалдық жаңғыру” және “Құндылықты трансформация” ұғымдарымен сабақтас. Ұлттық бірегейлік те осы логикада қаралды. Ол тек тіл мен мәдениет емес. Ұлттық бірегейлік заңға сену, әділетке қол жеткізу, мемлекетпен диалогта болу. Мемлекет дамуының келесі кезеңі материалдық өсіммен ғана емес, интеллектуалдық және мәдени капиталдың сапасы мен өлшенетіні айқындалды. Президенттің баяндамасында тарихи білімді идеалогиялық құрал емес, ғылыми дәлдікке негізделген қоғамдық сананың тірегі ретінде дамыту қажетігі атап өтілді. Бұл ұстаным қазіргі тарихнамалық талаптарға толық сәйкес келеді. Ғылыми қауымдастық үшін маңызды тұс — тарихи зерттеулерде деректік базаға, архив материалдарына және пәнаралық әдістерге сүйену қажеттігін баса көрсетілді. Сонымен қатар, ғылым мен білім саласы ұлттық қауіпсіздікпен тұрақты дамудың негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырылады. Президенттік көзқараста ғылым экономикалық өсімге қызмет ететін қосалқы сала емес елдің стратегиялық ресурсы ретінде бағаланады делінген. Осы тұста құқық пен әділет тақырыбы алдыңғы қатарға шықты. Қоғамда әділеттілік қағаз жүзінде емес, нақты механизм арқылы сезілуі керек. Бұл туралы адвокат Айман Омарова бірнеше рет атап өткен: егер адам өз құқығын қорғай алмаса, қалған реформалардың барлығы формалды болып қалады. Шынында да, адвокаттар — жүйенің ең әлсіз жері қайда екенін бірінші болып көретін топ. Сотта, тергеуде, процесте. Сондықтан «әділетті мемлекет» туралы сөз адвокаттың тәуелсіздігімен, соттағы теңдікпен тікелей байланысты. V Құрылтайдың маңызды тұсы — институционалдық трансформация жай ғана ұран ретінде емес, нақты бағыт ретінде айтылды. Мемлекет тиімді, ашық, жауап беретін құрылымға айналуы керек деген ой басым болды. Бұл — саяси мәдениеттің өзгеруі. Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік, аймақтық теңсіздік, жастар мен осал топтарды қорғау мәселелері де нақты аталды. Экономикалық өсімнің өзі адам капиталымен және тең мүмкіндікпен бірге жүрмесе, тұрақты нәтиже бермейтіні ашық айтылды. Менің ойымша, бұл Құрылтайдың басты айырмашылығы декларациядан іске өтуге дайындықтың байқалуы. Бірақ кез келген реформа оның қалай жүзеге асатынымен өлшенеді. Заң қабылданып қана қоймай, ол жұмыс істеуі керек. Құрылтай — бастама. Ал нәтиже — күнделікті өмірде көрінуі керек. Новости Меню навигации

Жаңғыртудан тұрақтылыққа: Президент сөзінің тұжырымдамалық бағдарлары

Авторлық баған   Жексембекова Венера Абыхановна Бөлім басшысы , саяси ғылымдар докторы Теги: Реформа Қазақстан Құрылтай2026 Қасым-Жомарт Тоқаевтың 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзі тұжырымдамалық әрі жүйеқұраушы сипатқа ие. Ол реформалардың кезекті кезеңінің қорытындысын шығарып қана қоймай, сонымен бірге қазіргі әлемдегі күрделі геосаяси және құндылықтық трансформация жағдайында Қазақстанның институционалдық дамуының логикасын нақты айқындайды. Реформалар – тарихи сәтке берілген жауап. Мемлекет басшысының реформаларды жекелеген бастамалар жиынтығы емес, қоғамның сұранысы мен тарихи дамудың логикасынан туындайтын үздіксіз үдеріс ретінде қарастыруы принциптік тұрғыдан аса маңызды. Қазіргі кезеңде бұл саяси жаңғырту дәуірінен жаңа мемлекеттік модельді институционалдық тұрғыда бекіту фазасына өтуді білдіреді. Мұнда басты назар декларацияға емес, қатысу, жауапкершілік және қоғамдық сенім тетіктерінің орнықтылығына аударылады. Осы тұрғыда жаңа үлгідегі бірпалаталы парламентті қалыптастыру ерекше мәнге ие. Ол неғұрлым ықшам, функционалды әрі азаматтардың мүдделерін мазмұнды түрде өкілдік етуге бағытталған болуы тиіс. Әңгіме жүйені жеңілдету туралы емес, оның тиімділігі мен қоғам алдындағы есептілігін арттыру туралы болып отыр. Бұл унитарлы мемлекеттердегі парламенттік дамудың озық әлемдік тәжірибелеріне сәйкес келеді. Халық кеңесі және қоғамдық диалогтың жаңа архитектурасы. Халық кеңесін тұрақты жұмыс істейтін консультативтік алаң ретінде құру идеясы жария саясаттың анағұрлым кемелденген моделіне көшуді білдіреді. Ұсынылып отырған формат өкілетті мемлекеттік органдарды алмастырмайды, керісінше, сайлау циклдері арасындағы кезеңде институционалданған қоғамдық қатысу арнасын қалыптастыра отырып, оларды толықтырады. Бұл ретте ондаған жылдар бойы этносаралық келісімді нығайту бойынша бірегей миссия атқарып келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен айқын сабақтастық байқалады. Дәстүр сабақтастығы және заманауи патриотизм. Президенттің риторикасында патриотизм декларативті ұғым ретінде емес, елге, оның болашағына және әлеуметтік тұрақтылығына деген практикалық жауапкершілік ретінде түсіндірілетініне ерекше назар аудару қажет. Ұжымдық талқылаудың тарихи формасы – Құрылтайға жүгіну – символикалық қадам ғана емес. Керісінше, бұл дәстүрлі саяси мәдениет пен заманауи басқару институттарымен табиғи үйлесімін көрсетеді. Мұндай тәсіл қатысуға, ынтымаққа және көптүрлілікті құрметтеуге негізделген азаматтық, жасампаз патриотизмді қалыптастырады. Қазіргі реформалар кезеңінің алдыңғы кезеңдерден басты айырмашылығы да осында: мемлекет тек институттарды реформалап қана қоймай, жауапкершілік пен ортақ іске қатыстылық мәдениетін қайта өндіреді. Жалпы алғанда, ұсынылған бастамаларды дәуір сын-қатерлеріне берілген уақтылы әрі салмақты жауап ретінде қарастыру қажет. Олар стратегиялық ойлауды, қоғамдық сұранысқа сүйенуді және институционалдық орнықтылыққа ұмтылысты айқын көрсетеді. Біз диалог, сабақтастық пен патриотизм мемлекетті дамытудың жүйелі негіздеріне айналатын жаңа саяси архитектураның қалыптасу үдерісінің куәгерлері әрі қатысушылары болып отырмыз. Новости Меню навигации

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін