Авторлық баған

Главная страница / Отанымыздың тарихын әлемдік деңгейде насихаттау- әрқайсымыздың міндетіміз
Главная страница / Отанымыздың тарихын әлемдік деңгейде насихаттау- әрқайсымыздың міндетіміз

Отанымыздың тарихын әлемдік деңгейде насихаттау- әрқайсымыздың міндетіміз

Қарасаев Ғани Мұқашұлы

Деректану тарихнама және Отан тарихы бөлімінің басшысы,тарих ғылымдарының докторы

     

Үстіміздегі жылдың 20 қаңтарындағы Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында Еліміздің ары қарай дамуыныің  келелі бағыттары талқыланып, оларды іске асырудың жолдары көрсетілгендігі белгілі. Яғни, Ұлттық Құрылтай отырысы арқылы Мемлекет басшысы осындай шешімін табуға тиісті ауқымды да келелі мәселелерді бүкіл Қазақстан халқына ұсына отыра, олардың барынша талқылануына назар аударды.   

  Осылай Ұлттық Құрылтайдың әрбір отырысы Ел деңгейіндегі  туындап отырған  мәселелердің маңызы мен  оларды ойдағыдай шешудің жолдарын ақылдасудың  алаңына айналып отырғандығы белгі.

  Міне, аталған мақсаттағы Ұлттық жиынның  соңғы отырысында да басқаларымен  қатар, адамзаттың даму тарихына елеулі өзгеріс әкелуі арқылы  әлемдік маңызға ие болып отырған   «Төл тарихымыздың»  айшықты мәселелері мен оқиғаларын   ел шеңберінен асыра отыра,  дүниежүзілік деңгейде насихаттаудың, одан ары жүйелі тұрғыда зерттеулер жүргізудің  қажеттігі атап көрсетілді.

     Атап айтқанда, Президентіміз  баяндамасында «Біз соңғы жылдары сан ғасырлық тарихи мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерделеу және дәріптеу жолында біраз жетістікке жеттік. Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Мен осы ауқымды жобаның басталғаны туралы Атырауда өткен Құрылтай отырысында айттым. Көп сериялы фильмнің тұсаукесері беделді халықаралық платформаларда өтеді. Бұл туынды Алтын Орда брендін жер жүзіне дәріптеуге ықпал етеді. Бірақ осындай тарихи тақырыпқа келгенде тартымды, көрнекі, яғни визуалды бейне жасаудан бөлек, алдымен оның ішкі мазмұны, мән-мағынасы терең болуын ойластыру қажет. Сондықтан менің тапсырмаммен мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум ұйымдастырылады. Іс-шараға әлемнің беделді ғалымдары шақырылады»,-деп көрсетіп,  оның дүниежүзілік шеңбердегі баға жетпес  тарихи маңызына назар аударды.

 Мемлекет басшысының «Біз тұтас түркі өркениетін зерделеуге де баса мән береміз. Қыркүйекте ресейлік әріптестерімізбен және басқа да елдердің өкілдерімен бірге «Өр Алтай — түркілердің ата қонысы» деген халықаралық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз»,-деген тұжырымынан да  барша   түркілердің, олардың заңды ұрпақтарының қатарындағы қазақтардың  мыңдаған жылдар бойғы төл мекені болып, адамзаттық өркениеттің кіндігіне айналған Алтай өңірінің тарихи маңызын халықаралық деңгейде одан ары барынша кеңінен  жариялап, ғылыми баға берудің  қажеттігіне тоқтады.

Егерде, кейінге шолу жасайтын болсақ Қазақстандық Алтайдың төрінде  бұл тақырыптағы халықаралық ғылыми конференциялар соңғы он жыл бойы өткізіліп келеді. Ал,  Еліміздің басшысының өзінің осы ұсынысы арқылы  бұл ғылыми жиынды ұйымдастырудың  мемлекеттераралық маңызына айырықша көңіл  бөліп отырғагндығына куә боламыз.

     Қазақстан Президенті    жоғарыдағы баяндалғандармен  бірге,    Жетітомдық  «Қазақстан тарихы»  академиялық еңбекті дайындап шығарудың  керектігіне де назар аударды.  

  Өзінің осы баяндамасында Мемлекетіміздің Жетекшісі бұлармен бірге  Ел азаматтарының, соның ішіндегі жас ұрпақтың бойында «Отансүйгіштік», «Қазақстандық патриотизм» сезімін қалыптастырудағы    тағы да басқа атқарылар шараларға тоқтай отыра, мыңдаған жылдарды қамтиын Ұлт тарихының, есімдері мен атқарған істері баршаадамзаттық бағалылықтың  қатарына енуге  лайық    тарихи тұлғаларымызды   «Дүниежүзілік Даналар» құрамына кіргізудің келелігін тағы да атап өтті. 

   Президентіміздің айырықша атап көрсеткен   атқарылуға тиісті  осы  маңызды бастамалары   Отанымыздың тарихының алтын беттерін Әлемдік тарихтың құрамдас бөліміне енгізудегі нақты қимылдар деп есептеуге болады

Қарасаев

Ғаний

Мұқашұлы

Деректану тарихнама және Отан тарихы бөлімінің басшысы

Қарасаев Ғани Мұқашұлы – Деректану тарихнама және Отан тарихы бөлімінің басшысы

1955 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. 1972 жылы осы аудандағы Покровка ауылындағы орта мектепті аяқтаған.  1978 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «Тарих» факультетін үздік дипломмен бітіргеннен кейін, осы жылдың қыркүйек айынан 1980 жылдың мамыр айына дейін Қазақстан Коммунистік Жастар Одағы Тарбағатай аудандық комитетінде алдымен  нұсқаушы, одан ары «Спорт және жалпы қорғаныс» бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1980 жылдың мамыр айынан 1988 жылдың  сәуір айына дейін Қазақстан Компартиясы Тарбағатай аудандық комитетінде  лектор, нұсқаушы  қызметтерінде болды.

Қарасаев Ғани Мұқашұлы- шетелдік  және республикамыздың ғылыми ортасына белгілі ғалым-зерттеуші, тарих ғылымдарының докторы, Отан тарихының (Қазақстан  Республикасы тарихының) әр кезеңдерін  зерттеуге арналған   300 ден артық ғылыми еңбектің, солардың қатарында 10-нан  астам монография мен кітаптың  және 3 ұжымдық монографияның авторы.  Солардың қатарында өзі кеңінен айналысатын  Қазақстанның шығыс өлкесі мен Алтай өңірінің көне заманнан ХХ ғасыр басына дейінгі тақырыбын  зерттеуге арналған 200-ден артық ғылыми шығармалары, бұлардың қатарындағы 5 монографиясы  дайындалып, жарияланған. 

      Ғылыми зерттеулерінің екінші саласы — Тәуелсіз Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына арналған 2 монографияның, 30-ға жуық ғылыми еңбектің де авторы. Аталған мақалалардың 20-дан астамы ағылшын тіліндегі  жоғары рейтингтік шетелдік журналдарда жарияланған,        Ғылыми еңбектерінің басым  бөлегі ҚР ҒЖБМ  Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған және  әлемнің 15-тен  астам елдерінің, атап айтқанда, Ресей, Монғолия, Қытай, АҚШ, Румыния, Словакия,  Англия, Испания, Украина, Венесуэла, Чили, Аргентина, Нидерланды, Чехия,  Италия, т.б. елдері  жоғары рейтингтіқ басылымдарында жарияланып, лайықты бағасын алған. 100-ден артық халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, конгрестер мен форумдарға қатысып, баяндама жасаған.

    2018-2025 жылдың басы     аралығында  оның шетелдік  жоғары рейтингалық журналдарда Scopus», «Web of Science»)  40-тан астам  мақаласы жарияланып, оларға 170- тен астам  шетелдік авторлар сілтемесі мен 15  Индекс «Хирша» белгісі түсті.  Бүгінгі күнге 100 ден артық шетел журналдары мен  редакцияларынан бұл мақалаларға қолдау хаттар жіберілді және мақалаларын осы журналдарға жіберу туралы ұсыныстар жасалды. Қазіргі күні 5 мақаласы осындай жоғары рейтингтық шетелдік ғылыми журналдар редакциялары сараптамасынан өтіп, қабылданды. 

      Көптеген ғылыми шығармалары ғылыми еңбектердің халықаралық көрмелерінде марапаттаулар алған.  

  Атап айтқанда, оның ғылыми туындылары   2020 жылы Мәскеу қаласында өткізілген  мерекелік XLV халықаралық ғылыми көрмеде алтын медальмен, арнайы дипломмен,   Маиндағы Франкфурт қаласындағы халықаралық ғылыми кітап көрмесінің «Frankfurter Buchmesse»(Франкфурт на Майне (Германия) алтын медалі, дипломымен,  Испанияның Барселона қаласындағы «LIBER BARCELONA» Испания) 2020 және Лондон қаласындағы  ғылыми еңбектер көрмесінің  «The London Book Fair 2021» (Ұлыбритания) және  Гонконг қаласындағы2023 жылдың 19-25 шілде аралығында өткізілген   «HONG KONG BOOK FAIR 2023» Қытай (Гонконг)» ғылыми көрмелерінде  арнайы дипломдармен марапатталды.

      Осындай шетелдік Ғылыми көрмелер  марапаттауларының қатарында автордың  Қазақстан Республикасының   Тәуелсіздік  жылдарындағы көпсалалы сыртқы саясатына арналған (2-кітап) және Қазақстанның шығысы мен Алтай өңірінің көне заманнан ХХ ғасыр басына дейінгі тарихына  арналған (4- кітап)  монографиялары мен шетелдік жоғары рейтингтік журналдарда жарияланған: «Nazarbayev and the Problem of Nuclear Weapons in the History of Independent Kazakhstan (1991-1995)» және  «HISTORY OF KAZAKHSTAN – USA PARTNERSHIP RELATIONS (1991-1996)»  деген мақалалары бар.

Ғылыми шығармаларының халықаралық дәрежеде танылуына орай  Еуропа Одағы (Евросоюз) Ғылыми-өндірістік Палатасының, «Еуропа ғылыми-өндірістік  концорциумының» «Европейское качество» (Gold medal «European Quality»)   және  Халықаралық Максимилиан Вебер (MEDAL EUROPEAN SCIENTIFIC AND INDUSTRIAL CONSORTIUM «ESIC» — MAXIMILIAN WEBER) атындағы ғылыми  бірлестіктің Алтын медалдарымен марапатталған.

      Есімі  Ресейдің  «Известные  ученые  и  специалисты России» атты Энциклопедиясының 8,16 томдарына енгізіліп, арнайы төсбелгі,  куәлік  және сертификаттармен марапатталған.

 Ғани Мұқашұлына Ресей Жаратылыстану Академиясы Төралқасының шешімімен «Заслуженный деятель науки и образования» атты Құрметті атағы берілген.     Ресей Жаратылыстану Академиясының Толық мүшесі (Академигі).

     Ресей Федерациясы Санкт Петербург Мемлекеттік Университеті  Тарих институты студенттеріне оқыған дәрістері, осы оқу орнының Диссертациялық кеңестегі белсенді қызметі, осы Тарих институты ғалым- оқытушылары  арасындағы ғылыми байланысты іске асырудағы қызметі  үшін  Санкт-Петербург Мемлекеттік  Университеті Ректоратының Алғыс хатымен  және осы Университеттің  Тарих институтының арнайы Төсбелгісімен марапатталды.

     Қарасаев Ғани Мұқашұлы ҚР Тарихшылар және қоғамтанушылар Академиясының Академигі, Қазақстанның кәсіпқой тарихшылар Лигасының, Тарихшылардың Ұлттық Конгресінің мүшесі.

     «Қазақстан ғылымына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері. Республикадағы бірнеше жоғары оқу орындарының (Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ (2 рет), Ш.Құдайбердіұлы атындағы Семей МУ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау МУ) дамуына қосқан үлесі үшін медальдарын алған. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің “Құрметті докторы” атағы берілген.

  2016 жылғы ҚР Президентінің халықаралық “Болашақ” стипендиясының иегері.

          Қазақстан Республикасының 2020 жылғы Мемлекеттік Ғылыми стипендиясының иегері.

     Абай шығармаларын  насихаттаудағы атқарған ұзақ жылғы қызметі үшін 2022 жылы  Қазақстан Республикасы  «Абай» атындағы халықаралақ мәдениет пен өнерді қолдау қорының   шешімімен   Абайдың туғанына 175 жыл  толуына орай «АБАЙ»  мерекелік медалімен марапатталды.

    2025 жылы  аталған халықаралық қордың ұйғарымымен   Абайдың туғанына 180 жыл толуына байланысты  «АБАЙ 180» мерекелік медалінің  иегері атанды. 

      Ол сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясының «ҚАНЫШ СӘТПАЕВТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫ» атындағы мерекелік медалының» иегері.

   «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  ТӘУЕЛСІЗДІГІ 25 ЖЫЛДЫҒЫ» және «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ» мерекелік медальдарын алған.

      2025 жылдың 21 қазанында  Қазақстан Республикасы  Президентінің жарлығымен  «Ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытудағы сіңірген еңбегіі үшін  «ҚҰРМЕТ» орденімен  марапатталды.

      ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтында атқарылып отырған іргелі және қолданбалы ғылыми жобалардың орындалуына үнемі белсене қатысады.  Атап айтқанда ол қазіргі күні 2023-2025 жылдарға арналған «Қазақстан тарихындағы саяси институттар мен құрылымдардың эволюциясы (ХІХ-ХХІ ғғ.)»» деген тақырыптағы  Бағдарламалы  мақсатты  ғылыми жобаның (ПЦФ) ғылыми жетекшісі болып табылады.

     ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтында атқарылып отырған іргелі және қолданбалы ғылыми жобалардың орындалуына үнемі белсене қатысады. Ол сонымен қатар  бірнеше рет  ҚР ҒЖБМ  тарапынан жарияланған Бағдарламалы  мақсатты  ғылыми жобаның (ПЦФ), гранттық ғылыми жобалардың  жетекшісі және орындаушысы болды.

Бұлармен бірге  Республикамыздың, солардың ішінде Астана қаласы жұртшылығы, ғалымдары мен студенттері алдында Тәуелсіз Қазақстанның  әр салалы тарихына, қазіргі саясатына, солардың ішінде ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларын талқылап, насихаттауға   арналған дәрістер оқып, әңгімелер өткізуге белсенді тұрғыда ат салысуда.  

2024 жылғы шілде айындағы  Астана қаласындағы Жоғары деңгейдегі ШЫҰ Саммитінің жұмысын халықаралық және еліміз деңгейінде насихаттаудағы атқарған қызметі үшін   осы жылдың шілде айында ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасындағы  жоғары оқу орындарындағы диссертациялық кеңестерінің  мүшесі ретінде жоғары дәрежелі  ғалым -таррихшы мамандар дайындау ісіне де белсене қатысуда.

         Қазақстан тарихынан дайындалған ғылыми жобаларды талқылауға арналған Мемлекеттік ғылыми-техникалық Ұлттық Орталықтың сарапшысы.  2023 жылдан  ҚР Ұлттық Ғылыми Кеңесінің мүшесі болды. “Халықаралық “Болашақ” Бағдарламалар Орталығы” тәуелсіз сараптаушылар тобының мүшесі.

     Халықаралық «e-history.kz/rue» электронды және Қазақстанның бірнеше  жоғары рейтингті   журналдарының  ғылыми сарапшысы.

Қазақстандағы бірнеше жоғары оқу орындарындағы Мемлекеттік  Аттестациялау және Емтихан комиссияларының Төрағасы болып бекітілген.

Жас ғалымдарды дайындау мен тәрбиелеуге тұрақты  назар аударады. Жақсы ұйымдастырушы, ғалымдар, әріптестері арасында беделге ие.

 

Толығырақ көру

Сонымен бірге  осы қызметтерде бола отыра, қоғамдық әіс ретінде Қазақстан Компартиясы Тарбағатай аудандық комитеті бастауыш партия ұйымының хатшылығын бірге атқарды.

 1991 жылы аудан  коммунистері атынан Қазақстан Компартиясы  ХІҮ сьезіне делегат болып сайланды.

    1988 жылдың сәуір айынан 1993 жылдың қыркүйегіне дейін аудан орталығындаға қазақ және орыс тілдерінде білім беретін Абай атындағыв орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

    Осы мерзімде аталған мектепте 1200-ден астам оқушы білім алды. Мұғалімдер саны 120-дан асты.  Абай атындағы орта мектебі сол  уақыттарда халық арасында «Тарбағатай ауданының Университеті» деп аталатын еді. Себебі ХХ ғасырдың 50-60 жылдарына дейін ауданның  түгелге жуық  ірі елді мекендерінде орта білім алу орындары  болмай,  олардағы оқушылардың басым бөлегі 9-10 сыныптардағы білімдерін Абай атындағы орта мектептерінде жалғастырып, орта білім туралы аттестаттарын алатын еді.

     Осы айтылғандармен қатар, аталған ғасырдың 70- ші жылдарында аудан кеңшарларындағы бұрын жұмыс істеп келген орыс тіліндегі оқыту сыныптары жабылып,  көптеген оқушылар орыс тілінде білім алуды Абай атындағы орта мектебінде жалғастыратын еді.

    Осының негізінде аудан орталығындағы Абай атындағы орта мектебінің барлық кезеңдердегі  түлектерінің арасында  елімізге, шетелдерге белгілі болған  ғылымның әр саласындағы ғалымдар,  мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет, халыққа білім беру, т.б. бағыттардағы  адамдар бар.

    Ғани Мұқашұлы аталған мектептің директоры қызметтерін атқарған мерзімде мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, оқу процеесін заман талабына сай  жүргізуге,  оқу сапасын арттыруға жоспарлы негізде назар аударылды.

      Мұғалімдердің кәсіптік білімін арттыру жұмыстары жүйелі тұрғыда  атқарылды.   

    1993 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың шілде айына дейін Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы Мемлекеттік техникалық Университетінде доцент, қазақ тілінде оқыту факультеті деканының орынбасары, «Қазақстан тарихы  және құқық» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

    2013 жылдың шілде айынан бүгінгі күнге дейін Астана қаласындағы  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі  Ғылым комитеті «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінде (ғылыми зерттеу институты) «Деректану тарихнама және Отан тарихы» бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді. Тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы «Тарих және қоғам тану» Академиясының Академигі, Ресей Федерациясы Жаратылыстану Академиясының Толық мүшесі (Академигі).

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін