Отанымыздың тарихын әлемдік деңгейде насихаттау- әрқайсымыздың міндетіміз

Авторлық баған Қарасаев Ғани Мұқашұлы Деректану тарихнама және Отан тарихы бөлімінің басшысы,тарих ғылымдарының докторы Теги: Реформа Қазақстан Құрылтай2026 Үстіміздегі жылдың 20 қаңтарындағы Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында Еліміздің ары қарай дамуыныің келелі бағыттары талқыланып, оларды іске асырудың жолдары көрсетілгендігі белгілі. Яғни, Ұлттық Құрылтай отырысы арқылы Мемлекет басшысы осындай шешімін табуға тиісті ауқымды да келелі мәселелерді бүкіл Қазақстан халқына ұсына отыра, олардың барынша талқылануына назар аударды. Осылай Ұлттық Құрылтайдың әрбір отырысы Ел деңгейіндегі туындап отырған мәселелердің маңызы мен оларды ойдағыдай шешудің жолдарын ақылдасудың алаңына айналып отырғандығы белгі. Міне, аталған мақсаттағы Ұлттық жиынның соңғы отырысында да басқаларымен қатар, адамзаттың даму тарихына елеулі өзгеріс әкелуі арқылы әлемдік маңызға ие болып отырған «Төл тарихымыздың» айшықты мәселелері мен оқиғаларын ел шеңберінен асыра отыра, дүниежүзілік деңгейде насихаттаудың, одан ары жүйелі тұрғыда зерттеулер жүргізудің қажеттігі атап көрсетілді. Атап айтқанда, Президентіміз баяндамасында «Біз соңғы жылдары сан ғасырлық тарихи мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерделеу және дәріптеу жолында біраз жетістікке жеттік. Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Мен осы ауқымды жобаның басталғаны туралы Атырауда өткен Құрылтай отырысында айттым. Көп сериялы фильмнің тұсаукесері беделді халықаралық платформаларда өтеді. Бұл туынды Алтын Орда брендін жер жүзіне дәріптеуге ықпал етеді. Бірақ осындай тарихи тақырыпқа келгенде тартымды, көрнекі, яғни визуалды бейне жасаудан бөлек, алдымен оның ішкі мазмұны, мән-мағынасы терең болуын ойластыру қажет. Сондықтан менің тапсырмаммен мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум ұйымдастырылады. Іс-шараға әлемнің беделді ғалымдары шақырылады»,-деп көрсетіп, оның дүниежүзілік шеңбердегі баға жетпес тарихи маңызына назар аударды. Мемлекет басшысының «Біз тұтас түркі өркениетін зерделеуге де баса мән береміз. Қыркүйекте ресейлік әріптестерімізбен және басқа да елдердің өкілдерімен бірге «Өр Алтай — түркілердің ата қонысы» деген халықаралық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз»,-деген тұжырымынан да барша түркілердің, олардың заңды ұрпақтарының қатарындағы қазақтардың мыңдаған жылдар бойғы төл мекені болып, адамзаттық өркениеттің кіндігіне айналған Алтай өңірінің тарихи маңызын халықаралық деңгейде одан ары барынша кеңінен жариялап, ғылыми баға берудің қажеттігіне тоқтады. Егерде, кейінге шолу жасайтын болсақ Қазақстандық Алтайдың төрінде бұл тақырыптағы халықаралық ғылыми конференциялар соңғы он жыл бойы өткізіліп келеді. Ал, Еліміздің басшысының өзінің осы ұсынысы арқылы бұл ғылыми жиынды ұйымдастырудың мемлекеттераралық маңызына айырықша көңіл бөліп отырғагндығына куә боламыз. Қазақстан Президенті жоғарыдағы баяндалғандармен бірге, Жетітомдық «Қазақстан тарихы» академиялық еңбекті дайындап шығарудың керектігіне де назар аударды. Өзінің осы баяндамасында Мемлекетіміздің Жетекшісі бұлармен бірге Ел азаматтарының, соның ішіндегі жас ұрпақтың бойында «Отансүйгіштік», «Қазақстандық патриотизм» сезімін қалыптастырудағы тағы да басқа атқарылар шараларға тоқтай отыра, мыңдаған жылдарды қамтиын Ұлт тарихының, есімдері мен атқарған істері баршаадамзаттық бағалылықтың қатарына енуге лайық тарихи тұлғаларымызды «Дүниежүзілік Даналар» құрамына кіргізудің келелігін тағы да атап өтті. Президентіміздің айырықша атап көрсеткен атқарылуға тиісті осы маңызды бастамалары Отанымыздың тарихының алтын беттерін Әлемдік тарихтың құрамдас бөліміне енгізудегі нақты қимылдар деп есептеуге болады Новости Меню навигации