
Бас ғылыми қызметкері, т.ғ.к.
Бүгін Қызылордагың төрінде кезекті бесінші Ұлттық Құрылтайдың екінші күні өтті. Ұлттық құрылтайдың алғашқы жұмыс күнінде төрт бағыт бойынша маңызды мәселелер көтеріліп, секция отырыстарында жаңа бастамалар айтылды. Алты Алаштың басын қосқан Қызылордадағы алқалы жиынға 100-ден аса құрылтай мүшесі келді. Әр өңірден жиналған өкілдер елдің аманатын жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқы таразысына салды.
Әдеттегідей, Құрылтайда айтылған әрбір ұсыныс-пікір хатталып, шешу жолдары қаралады. Өйткені бұған өткен Құрылтайда көтерілген мәселелердің нәтижесі айқын дәлел. Мәселен, Бурабайда өткен Құрылтайда көтерілген мәселелер бойынша Парламентте 6 заң қабылданып, 10 заң жобасы бойынша талқылау жүргізілуде, 70-ке жуық іс-жоспар жасалды. Одан кейін ең бастысы ішкі саясат қағидаттары жөніндегі, өңірлерді дамыту жөніндегі концептуалды құжаттар қабылданды. Жалпы бұдан бұрын өткен төрт Құрылтайдың қорытындысы бойынша барлығы 26 заң қабылданды. Биылғы Құрылтай да өзгерістер мен батыл қадамдарға бастайтын жиын болмақ. Қазақ қоғамы Президент қатысуымен Қызылордада өткен пленарлық отырыста мемлекет дамуына серпін беретін реформалардың жалғасын ризашылықпен қолдауда.
Бір сөбен айтқанда, зерттушілердің пікірінше, Құрылтай – қоғамның өзекті мәселелерін анықтап, талқылап, оларды жүйелі шешу жолын қарастырады. Бұған дейін төрт мәрте бас қосқан Құрылтайды – Ұлы Кеңестердің заман ағымына сай модернизациялануы деп бағалап жатыр жұртшылық. Құрылтай – қазақ халқының тарихи дәстүрлерімен байланысты, ежелгі замандардан бері елдің ортақ мәселесін талқылайтын кеңес болған-ды. Тарихи сабақтастықты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып, 2022 жылы 16 маусымда Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысын Ұлытау облысында өткізді. Сөйтіп, Құрылтай алаңы – консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылып, қалыптасты. Бүгінде халық асыға күтетін, күн тәртібінде елдік мәселелер көтеретін бірегей платформаға айналды. Зерделеп көрсек, әр жыл өткен Құрылтайда көтерілген мәселелердің де ауқымы кеңейіп келеді. Осыған сәйкес ол жерде айтылған мәселелерге байланысты қабылданатын шешімдер мен берілетін тапсырмалар да өте маңызды. Айталық, 2024 жылы Атырауда өткен құрылтайда 300-ге жуық мәселе айтылып, 40 беттік жоспар дайындалды.
Бұның өзі Ұлттық Құрылтайдың мәні мен маңызының қаншалықты жоғары екенін айғақтайды. Ал 2025 жылы Бурабайда өткен Құрылтайда айтылған мәселелер жөнінде Парламент қабырғасында Президентіміздің тапсырмалары құқық негізінде жүзеге асып, көптеген заңдар қабылданды. Мәселен, елімізде 400 мыңнан астам құмар ойынға берілген лудомандардың бар екені жайлы Құрылтайда айтылды. Депутаттар Құрылтайда көтерілген осы мәселені негізге ала отырып, құмар ойындары мен есірткіге қарсы заң қабылдады. Сонымен бірге есіртікі тасымалдайтындар мен есіріткі өндіретіндердің ара жігін ажырату туралы да Құрылтай барысында айтылды, көп өтпей бұл мәселе де шешімін тапты. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы мәселе де Құрылтайда айтылған болатын. Оған да қатысты заң қабылданды.
Ұлттық Құрылтайда көтерілген ұсыныс-талаптар мен Парламент арасындағы рухани байланыс жыл өткен сайын артып келеді. Мысалы, Ұлытаудағы жиында 25 қазан – Республика күнін ұлттық мереке мәртебесін қайтаруға екпін берілсе, 2022 жылы Парламент «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзету енгізіп, ұлық мерекенің қайта салтанат құруына заңдық негіз жасады. Түркістандағы Құрылтайдан кейін «Балалар кітапханасы» атты жаңа жоба дүниеге келді. Атыраудағы маңызды жиыннан кейін әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін күшейту туралы заң, вейп саудасына тыйым салу, мемлекеттік наградалар мен ономастика туралы заң қабылданды. Оған вандализм мен ойын бизнесін шектеу туралы құжат қосылды.
Жалпы айтқанда, Ұлттық Құрылтай халықтың тағдыршешті шешімдер алаңына айналды. Тіпті Ұлттық Құрылтайдың маңызы Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауынан кем түсіп тұрған жоқ. Осы алаңда еліміздің әр өңірінен келген азаматтар ойларын ортаға салып, бір шешімге келуді мақсат етеді. Қысқасы, Ұлттық Құрылтай елдік мәселелерді көтеретін платформаға айналды. Ал, Парламент Құрылтайдың мәртебесін арттыруда заң нормаларымен қолдап келеді. Бұл Құрылтай мен Парламент арасындағы байланыстың нығайғанын және халықтың ұсыныстарының ескеріліп жатқанын көрсетеді.
Енді Мемлекет басшысының 5-ші Құрылтайда елімізде жүргізіліп жатқан түбегейлі реформалардың барысы туралы айтқан кейбір ұсыныстарына тоқталайық. Мәселен, Парламенттік реформаға сәйкес Мемлекет басшысы жаңа құрылатын бірпалаталық Парламентке «Құрылтай» атауын беру жөнінде ұсыныс білдірді. «Қысқаша айтқанда, «Құрылтай» деген атауды беру керек деп сенемін. Азаматтарымыз осы мәселеге қатысты өз пікірін білдіріп, ұсыныстарын жолдады. Жұмыс тобы келіп түскен ұсыныстарды зерделеп, барлық жағынан қарастырды. Өте маңызды жұмыс атқарылды. Бұл бағыттағы шаруаның бәрін өзім тікелей бақылауда ұстадым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің сөзінше, былтыр қазан айының ортасында жұмыс тобының алғашқы отырысы өткен, ал жаңа жылдан бері жұмыс тобының мүшелері үш рет бас қосқан. Мемлекет басшысы «Құрылтай» атауының тарихи аясы мен мағынасы халқымызға түсінікті әрі жақын екенін атап өтті.
Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламенттің құрамы мен құрылымына қатысты жұмыс тобы талқылаған негізгі ұсыныстармен де таныстырды. Депутат санын көбейтудің еш қажеті жоқ. Мәселе санда емес, сапада. Ең бастысы, Парламентте нағыз отаншыл азаматтар мен білікті мамандар отыруы тиіс. Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын қызу талқылады. Ақыры соңында Парламенттің мандат саны 145 болуы қажет деген байламға келді, – деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жаңа Парламенттің ішкі құрылымына қатысты да бірқатар нақты ұсыныс айтты. Президенттің сөзінше, жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін, ал комитеттер саны 8-ден аспауы тиіс. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жаңа Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайтынын мәлімдеді.
Президенттің сөзінше, жаңа Парламентте депутаттарды бес жыл мерзімге сайлау көзделіп отыр. Сонымен қатар заң шығару процесін жетілдіру мақсатында заң қабылдаудың үш кезеңнен тұратын жаңа процедурасы ұсынылған. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өзгерістер мемлекеттің институционалдық тұғырын нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Біз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына сәйкес орнықты саяси жүйе қалыптастырамыз. Басты мақсатымыз да – осы, — деді Президент.
Парламенттік реформаға қатысты Президенттің тағы бір ұсынысына қатысты. «Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың тарихи маңызды миссиялары іс жүзінде орындалды деуге болады. Жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық Кеңесін құруды ұсынамын. Жаңа органның қызметінде Ассамблея мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық сабақтастығын, яғни Қазақ мемлекеттілігін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін дәйекті нығайтуды сақтау өте маңызды деп санаймын», – деді Президент.
Мемлекет басшысының сөзінше, Халық Кеңесі шет мемлекеттердегі консультативтік құрылымдардың тәжірибесін бойына сіңірген жаңа мемлекеттік органға айналады. Кеңесте еліміздегі барлық этностар, әлеуметтік топтар және өңірлер өкілдікке ие болады.
Президент айтқандай, Құрылтайдың бірінші күні жиынның 4 секциясы өз отырыстарын өткізді. Соның аясында құрылтайдың 70-ке жуық мүшесі сөз сөйлеп, 200-ден астам ұсыныс айтылды. Ғылым және білім, бала құқықтарын қорғау саласында маңызды бастамалар қолға алынды. Жақында ғылыми қалашықтар құру және дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Мектептердегі тәрбие бағдарламасы жетілдірілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстан балалары» біртұтас бағдарламасы әзірленді. Балалардың құқығын қорғау бағытындағы шараларының бәрі енді осы құжатқа біріктірілді. «Жаңа ғана сөз сөйлеген құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты. Құрылтайдың аясында пайдалы пікір алмасулар болды. Барлығы еліміздің дамуына қажетті болатынына сенемін. Бүгін Ұлттық құрылтай жиыны осымен бесінші рет шақырылып отыр. Бұл Форумның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өтті. Екінші жиын түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы – Түркістанда болды. Үшінші отырыс бірегей Атырау аймағында ұйымдастырылды. Ал былтыр тарихы бай Көкшетау төрінде жиналдық. Енді міне, қастерлі Қызылорда жерінде бас қосып отырмыз. Бұл – халқымыз үшін орны ерекше аймақ. «Сыр – Алаштың анасы» деген аталы сөз бар. Осы атыраптағы Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ, Алтынасар, Баршын-кент қалаларының орны көне заманның өзінде қазақ жерінде дамыған қала өркениеті болғанын аңғартады. Қызылорданы сол әйгілі қалалардың заңды жалғасы дей аламыз. Бұл шаһардың тарихи мән-маңызы айрықша. Оның осыдан бір ғасыр бұрын Қазақстан астанасы болғаны баршаға мәлім. Бұл жерде еліміздің болашағына қатысты аса маңызды шешімдер қабылданды» — деді Президент.
Мемлекет басшысы Құрылтайда сөйлеген сөзінде Сыр өңірінің қазіргі кезеңде қолы жеткен жетістіктеріне оң баға берді. «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр. Былтыр аймақтың ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өсті. Үш жылда облысқа 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылды. Халықтың 80 пайызы көгілдір отынды пайдаланады. Елді-мекендерге газ құбырын тарту жұмысы алдағы уақытта жалғаса береді. Аймақтағы автокөлік жолының сапасы жалпы жақсы жағдайда деуге болады. Облыстың әуе және темір жол жүйесі де жаңғыртылып жатыр. Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы ашылды. Қызылорда қаласындағы тарихи ғимараттың бірі – темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Бұған қоса, аймақтағы 10 темір жол бекетін жаңғырту жұмысы басталды. Мұның бәрі облыстың логистикалық әлеуетін арттыра түседі» — деді Президент.
Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың 5-ші Құрылтайда көтерген идеялары мен ұысыныстарын толық қолдай отырып, алдағы уақытта оларды насихаттауға біз белсене қатысуымыз қажет деген пікірімді білдіремін.
Аминов Талгатбек Махметович родился в 1944 году в ауле Коянбай Таврического района Омской области Российской Федерации.
1963-1966 гг. – служил в Пограничных войсках на Курильских островах.
1966-1968 гг. – заведующий организациооным отделом Калиниского райкома комсомола г. Алматы.
1972 г. – закончил Алматинскую Высшую партийную школу при ЦК Компартии Казахстана по специальности «историк-политолог».
1974 г. – закончил Алматинский институт народного хозяйства по специальности «экономист».
1972-1991 гг. – работал в партийных органах г. Алматы, Уральской области, ЦК Компартии Казахстана (по совместительству преподовал историю КПСС, научный коммунизм и политэкономию в Алматинском и Уральском университетах марксизма-ленинизма).
1991-1992 г.г. – консультант-советник Управления по делам общественных и религиозных объединений Министерства юстиции РК1992-1996 г.г. – референт, заведующий сектором Аппарата Президента и Кабинета Министров РК, заведующий отделом Контрольной палаты, член Секретариата Верховного Совета РК;
1996-2008 гг. – главный консультант Редакционно-издательского отдела Аппарата Сената Парламента Республики Казахстан
ІХ-ХІ.2008 г. – доцент кафедры социально-гуманитарных дисциплин Казахской медицинской академии
ХІ.2008 г.. – VIII 2017 г. -. заведующий кафедрой истории Казахстана и философии (бывшая кафедра СГД) АО «Медицинский университет Астана»
Х.2017 г. – по н.вр. – старший, ведущий и главный научный сотрудник Института Истории государства Комитета науки Министерства Науки и высшего образования Республики Казахстан
Аминов Т.М. за время работы в Институте истории государства показал себя профессионалом высокого уровня, принимает активное участие в разработке фундаментального научно-исследовательского проекта Отдела источниковедения, историографии и отечественной истоии «Внешняя политика незавивсимого Казахстана и регионы (1991-2021 гг.» подготовил и опубликовал ряд научных статей, посвященных актуальным вопросам, предусмотренным данным проектом. Активно занимается научно-исследовательской работой в Архиве Президента РК, Национальном архиве РК и Национальной библиотеке РК.
За время работы в Институте Т.М. Аминовым опубликовано более 100 статей, посвященных актуальным вопросам современной истории Казахстана, является автором пяти учебных пособи и соавтором четырех коллективных монографий.
Ученого Т.М. Аминова отличает добросовестное отношение к своим обязанностям, профессионализм, трудолюбие, результативность работы, он пользуется заслуженным авторитетом в коллективе.
* — Толтыруға міндетті өрістер
Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін