Жаңғыртудан тұрақтылыққа: Президент сөзінің тұжырымдамалық бағдарлары

Авторлық баған Жексембекова Венера Абыхановна Бөлім басшысы , саяси ғылымдар докторы Теги: Реформа Қазақстан Құрылтай2026 Қасым-Жомарт Тоқаевтың 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзі тұжырымдамалық әрі жүйеқұраушы сипатқа ие. Ол реформалардың кезекті кезеңінің қорытындысын шығарып қана қоймай, сонымен бірге қазіргі әлемдегі күрделі геосаяси және құндылықтық трансформация жағдайында Қазақстанның институционалдық дамуының логикасын нақты айқындайды. Реформалар – тарихи сәтке берілген жауап. Мемлекет басшысының реформаларды жекелеген бастамалар жиынтығы емес, қоғамның сұранысы мен тарихи дамудың логикасынан туындайтын үздіксіз үдеріс ретінде қарастыруы принциптік тұрғыдан аса маңызды. Қазіргі кезеңде бұл саяси жаңғырту дәуірінен жаңа мемлекеттік модельді институционалдық тұрғыда бекіту фазасына өтуді білдіреді. Мұнда басты назар декларацияға емес, қатысу, жауапкершілік және қоғамдық сенім тетіктерінің орнықтылығына аударылады. Осы тұрғыда жаңа үлгідегі бірпалаталы парламентті қалыптастыру ерекше мәнге ие. Ол неғұрлым ықшам, функционалды әрі азаматтардың мүдделерін мазмұнды түрде өкілдік етуге бағытталған болуы тиіс. Әңгіме жүйені жеңілдету туралы емес, оның тиімділігі мен қоғам алдындағы есептілігін арттыру туралы болып отыр. Бұл унитарлы мемлекеттердегі парламенттік дамудың озық әлемдік тәжірибелеріне сәйкес келеді. Халық кеңесі және қоғамдық диалогтың жаңа архитектурасы. Халық кеңесін тұрақты жұмыс істейтін консультативтік алаң ретінде құру идеясы жария саясаттың анағұрлым кемелденген моделіне көшуді білдіреді. Ұсынылып отырған формат өкілетті мемлекеттік органдарды алмастырмайды, керісінше, сайлау циклдері арасындағы кезеңде институционалданған қоғамдық қатысу арнасын қалыптастыра отырып, оларды толықтырады. Бұл ретте ондаған жылдар бойы этносаралық келісімді нығайту бойынша бірегей миссия атқарып келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен айқын сабақтастық байқалады. Дәстүр сабақтастығы және заманауи патриотизм. Президенттің риторикасында патриотизм декларативті ұғым ретінде емес, елге, оның болашағына және әлеуметтік тұрақтылығына деген практикалық жауапкершілік ретінде түсіндірілетініне ерекше назар аудару қажет. Ұжымдық талқылаудың тарихи формасы – Құрылтайға жүгіну – символикалық қадам ғана емес. Керісінше, бұл дәстүрлі саяси мәдениет пен заманауи басқару институттарымен табиғи үйлесімін көрсетеді. Мұндай тәсіл қатысуға, ынтымаққа және көптүрлілікті құрметтеуге негізделген азаматтық, жасампаз патриотизмді қалыптастырады. Қазіргі реформалар кезеңінің алдыңғы кезеңдерден басты айырмашылығы да осында: мемлекет тек институттарды реформалап қана қоймай, жауапкершілік пен ортақ іске қатыстылық мәдениетін қайта өндіреді. Жалпы алғанда, ұсынылған бастамаларды дәуір сын-қатерлеріне берілген уақтылы әрі салмақты жауап ретінде қарастыру қажет. Олар стратегиялық ойлауды, қоғамдық сұранысқа сүйенуді және институционалдық орнықтылыққа ұмтылысты айқын көрсетеді. Біз диалог, сабақтастық пен патриотизм мемлекетті дамытудың жүйелі негіздеріне айналатын жаңа саяси архитектураның қалыптасу үдерісінің куәгерлері әрі қатысушылары болып отырмыз. Новости Меню навигации
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 5-ші құрылтайда сөйлеген сөзіне пікір

Авторлық баған Аминов Талғатбек Махметұлы Бас ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Теги: Сұхбат Қазақстан Президент Бүгін Қызылордагың төрінде кезекті бесінші Ұлттық Құрылтайдың екінші күні өтті. Ұлттық құрылтайдың алғашқы жұмыс күнінде төрт бағыт бойынша маңызды мәселелер көтеріліп, секция отырыстарында жаңа бастамалар айтылды. Алты Алаштың басын қосқан Қызылордадағы алқалы жиынға 100-ден аса құрылтай мүшесі келді. Әр өңірден жиналған өкілдер елдің аманатын жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқы таразысына салды. Әдеттегідей, Құрылтайда айтылған әрбір ұсыныс-пікір хатталып, шешу жолдары қаралады. Өйткені бұған өткен Құрылтайда көтерілген мәселелердің нәтижесі айқын дәлел. Мәселен, Бурабайда өткен Құрылтайда көтерілген мәселелер бойынша Парламентте 6 заң қабылданып, 10 заң жобасы бойынша талқылау жүргізілуде, 70-ке жуық іс-жоспар жасалды. Одан кейін ең бастысы ішкі саясат қағидаттары жөніндегі, өңірлерді дамыту жөніндегі концептуалды құжаттар қабылданды. Жалпы бұдан бұрын өткен төрт Құрылтайдың қорытындысы бойынша барлығы 26 заң қабылданды. Биылғы Құрылтай да өзгерістер мен батыл қадамдарға бастайтын жиын болмақ. Қазақ қоғамы Президент қатысуымен Қызылордада өткен пленарлық отырыста мемлекет дамуына серпін беретін реформалардың жалғасын ризашылықпен қолдауда. Бір сөбен айтқанда, зерттушілердің пікірінше, Құрылтай – қоғамның өзекті мәселелерін анықтап, талқылап, оларды жүйелі шешу жолын қарастырады. Бұған дейін төрт мәрте бас қосқан Құрылтайды – Ұлы Кеңестердің заман ағымына сай модернизациялануы деп бағалап жатыр жұртшылық. Құрылтай – қазақ халқының тарихи дәстүрлерімен байланысты, ежелгі замандардан бері елдің ортақ мәселесін талқылайтын кеңес болған-ды. Тарихи сабақтастықты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып, 2022 жылы 16 маусымда Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысын Ұлытау облысында өткізді. Сөйтіп, Құрылтай алаңы – консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылып, қалыптасты. Бүгінде халық асыға күтетін, күн тәртібінде елдік мәселелер көтеретін бірегей платформаға айналды. Зерделеп көрсек, әр жыл өткен Құрылтайда көтерілген мәселелердің де ауқымы кеңейіп келеді. Осыған сәйкес ол жерде айтылған мәселелерге байланысты қабылданатын шешімдер мен берілетін тапсырмалар да өте маңызды. Айталық, 2024 жылы Атырауда өткен құрылтайда 300-ге жуық мәселе айтылып, 40 беттік жоспар дайындалды. Бұның өзі Ұлттық Құрылтайдың мәні мен маңызының қаншалықты жоғары екенін айғақтайды. Ал 2025 жылы Бурабайда өткен Құрылтайда айтылған мәселелер жөнінде Парламент қабырғасында Президентіміздің тапсырмалары құқық негізінде жүзеге асып, көптеген заңдар қабылданды. Мәселен, елімізде 400 мыңнан астам құмар ойынға берілген лудомандардың бар екені жайлы Құрылтайда айтылды. Депутаттар Құрылтайда көтерілген осы мәселені негізге ала отырып, құмар ойындары мен есірткіге қарсы заң қабылдады. Сонымен бірге есіртікі тасымалдайтындар мен есіріткі өндіретіндердің ара жігін ажырату туралы да Құрылтай барысында айтылды, көп өтпей бұл мәселе де шешімін тапты. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы мәселе де Құрылтайда айтылған болатын. Оған да қатысты заң қабылданды. Ұлттық Құрылтайда көтерілген ұсыныс-талаптар мен Парламент арасындағы рухани байланыс жыл өткен сайын артып келеді. Мысалы, Ұлытаудағы жиында 25 қазан – Республика күнін ұлттық мереке мәртебесін қайтаруға екпін берілсе, 2022 жылы Парламент «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзету енгізіп, ұлық мерекенің қайта салтанат құруына заңдық негіз жасады. Түркістандағы Құрылтайдан кейін «Балалар кітапханасы» атты жаңа жоба дүниеге келді. Атыраудағы маңызды жиыннан кейін әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін күшейту туралы заң, вейп саудасына тыйым салу, мемлекеттік наградалар мен ономастика туралы заң қабылданды. Оған вандализм мен ойын бизнесін шектеу туралы құжат қосылды. Жалпы айтқанда, Ұлттық Құрылтай халықтың тағдыршешті шешімдер алаңына айналды. Тіпті Ұлттық Құрылтайдың маңызы Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауынан кем түсіп тұрған жоқ. Осы алаңда еліміздің әр өңірінен келген азаматтар ойларын ортаға салып, бір шешімге келуді мақсат етеді. Қысқасы, Ұлттық Құрылтай елдік мәселелерді көтеретін платформаға айналды. Ал, Парламент Құрылтайдың мәртебесін арттыруда заң нормаларымен қолдап келеді. Бұл Құрылтай мен Парламент арасындағы байланыстың нығайғанын және халықтың ұсыныстарының ескеріліп жатқанын көрсетеді. Енді Мемлекет басшысының 5-ші Құрылтайда елімізде жүргізіліп жатқан түбегейлі реформалардың барысы туралы айтқан кейбір ұсыныстарына тоқталайық. Мәселен, Парламенттік реформаға сәйкес Мемлекет басшысы жаңа құрылатын бірпалаталық Парламентке «Құрылтай» атауын беру жөнінде ұсыныс білдірді. «Қысқаша айтқанда, «Құрылтай» деген атауды беру керек деп сенемін. Азаматтарымыз осы мәселеге қатысты өз пікірін білдіріп, ұсыныстарын жолдады. Жұмыс тобы келіп түскен ұсыныстарды зерделеп, барлық жағынан қарастырды. Өте маңызды жұмыс атқарылды. Бұл бағыттағы шаруаның бәрін өзім тікелей бақылауда ұстадым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің сөзінше, былтыр қазан айының ортасында жұмыс тобының алғашқы отырысы өткен, ал жаңа жылдан бері жұмыс тобының мүшелері үш рет бас қосқан. Мемлекет басшысы «Құрылтай» атауының тарихи аясы мен мағынасы халқымызға түсінікті әрі жақын екенін атап өтті. Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламенттің құрамы мен құрылымына қатысты жұмыс тобы талқылаған негізгі ұсыныстармен де таныстырды. Депутат санын көбейтудің еш қажеті жоқ. Мәселе санда емес, сапада. Ең бастысы, Парламентте нағыз отаншыл азаматтар мен білікті мамандар отыруы тиіс. Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын қызу талқылады. Ақыры соңында Парламенттің мандат саны 145 болуы қажет деген байламға келді, – деді Президент. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жаңа Парламенттің ішкі құрылымына қатысты да бірқатар нақты ұсыныс айтты. Президенттің сөзінше, жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін, ал комитеттер саны 8-ден аспауы тиіс. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жаңа Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайтынын мәлімдеді. Президенттің сөзінше, жаңа Парламентте депутаттарды бес жыл мерзімге сайлау көзделіп отыр. Сонымен қатар заң шығару процесін жетілдіру мақсатында заң қабылдаудың үш кезеңнен тұратын жаңа процедурасы ұсынылған. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өзгерістер мемлекеттің институционалдық тұғырын нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Біз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына сәйкес орнықты саяси жүйе қалыптастырамыз. Басты мақсатымыз да – осы, — деді Президент. Парламенттік реформаға қатысты Президенттің тағы бір ұсынысына қатысты. «Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың тарихи маңызды миссиялары іс жүзінде орындалды деуге болады. Жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық Кеңесін құруды ұсынамын. Жаңа органның қызметінде Ассамблея мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық сабақтастығын, яғни Қазақ мемлекеттілігін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін дәйекті нығайтуды сақтау өте маңызды деп санаймын», – деді Президент. Мемлекет басшысының сөзінше, Халық Кеңесі шет мемлекеттердегі консультативтік құрылымдардың тәжірибесін бойына сіңірген жаңа мемлекеттік органға айналады. Кеңесте еліміздегі барлық этностар, әлеуметтік топтар және өңірлер өкілдікке ие болады. Президент айтқандай, Құрылтайдың бірінші күні жиынның 4 секциясы өз отырыстарын өткізді. Соның аясында құрылтайдың 70-ке жуық мүшесі сөз сөйлеп, 200-ден астам ұсыныс айтылды. Ғылым және білім, бала құқықтарын қорғау саласында маңызды бастамалар қолға алынды. Жақында ғылыми қалашықтар құру және дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Мектептердегі тәрбие бағдарламасы жетілдірілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстан балалары» біртұтас бағдарламасы әзірленді. Балалардың құқығын қорғау бағытындағы шараларының бәрі енді осы құжатқа біріктірілді. «Жаңа ғана сөз сөйлеген құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты. Құрылтайдың аясында пайдалы пікір алмасулар болды. Барлығы еліміздің дамуына қажетті болатынына сенемін. Бүгін Ұлттық құрылтай жиыны осымен бесінші рет шақырылып отыр. Бұл Форумның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өтті. Екінші жиын түбі бір түркі жұртының қара