Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 5-ші құрылтайда сөйлеген сөзіне пікір

Авторлық баған   Аминов Талғатбек Махметұлы Бас ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Теги: Сұхбат Қазақстан Президент Бүгін  Қызылордагың төрінде кезекті бесінші Ұлттық Құрылтайдың екінші күні өтті.  Ұлттық құрылтайдың алғашқы жұмыс күнінде  төрт бағыт бойынша маңызды мәселелер көтеріліп, секция отырыстарында жаңа бастамалар айтылды.  Алты Алаштың басын қосқан Қызылордадағы алқалы жиынға 100-ден аса құрылтай мүшесі келді. Әр өңірден жиналған өкілдер елдің аманатын жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқы таразысына салды. Әдеттегідей, Құрылтайда айтылған әрбір ұсыныс-пікір хатталып, шешу жолдары қаралады. Өйткені бұған өткен Құрылтайда көтерілген мәселелердің нәтижесі айқын дәлел. Мәселен, Бурабайда өткен  Құрылтайда көтерілген мәселелер бойынша Парламентте 6 заң қабылданып, 10 заң жобасы бойынша талқылау жүргізілуде, 70-ке жуық іс-жоспар жасалды. Одан кейін ең бастысы ішкі саясат қағидаттары жөніндегі, өңірлерді дамыту жөніндегі концептуалды құжаттар қабылданды. Жалпы бұдан бұрын өткен төрт Құрылтайдың қорытындысы бойынша барлығы 26 заң қабылданды. Биылғы Құрылтай да өзгерістер мен батыл қадамдарға бастайтын жиын болмақ. Қазақ қоғамы  Президент қатысуымен Қызылордада өткен пленарлық отырыста мемлекет дамуына серпін беретін реформалардың жалғасын ризашылықпен қолдауда. Бір сөбен айтқанда, зерттушілердің пікірінше, Құрылтай – қоғамның өзекті мәселелерін анықтап, талқылап, оларды жүйелі шешу жолын қарастырады. Бұған дейін төрт мәрте бас қосқан Құрылтайды – Ұлы Кеңестердің заман ағымына сай модернизациялануы деп бағалап жатыр жұртшылық. Құрылтай – қазақ халқының тарихи дәстүрлерімен байланысты, ежелгі замандардан бері елдің ортақ мәселесін талқылайтын кеңес болған-ды. Тарихи сабақтастықты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып, 2022 жылы 16 маусымда Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысын Ұлытау облысында өткізді. Сөйтіп, Құрылтай алаңы – консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылып, қалыптасты. Бүгінде халық асыға күтетін, күн тәртібінде елдік мәселелер көтеретін бірегей платформаға айналды. Зерделеп көрсек, әр жыл өткен Құрылтайда көтерілген мәселелердің де ауқымы кеңейіп келеді. Осыған сәйкес ол жерде айтылған мәселелерге байланысты қабылданатын шешімдер мен берілетін тапсырмалар да өте маңызды. Айталық, 2024 жылы Атырауда өткен құрылтайда 300-ге жуық мәселе айтылып, 40 беттік жоспар дайындалды. Бұның өзі Ұлттық Құрылтайдың мәні мен маңызының қаншалықты жоғары екенін айғақтайды. Ал 2025 жылы Бурабайда өткен   Құрылтайда айтылған мәселелер жөнінде Парламент қабырғасында Президентіміздің тапсырмалары құқық негізінде жүзеге асып, көптеген заңдар қабылданды. Мәселен, елімізде 400 мыңнан астам құмар ойынға берілген лудомандардың бар екені жайлы Құрылтайда айтылды.  Депутаттар Құрылтайда көтерілген осы мәселені негізге ала отырып, құмар ойындары мен есірткіге қарсы заң қабылдады. Сонымен бірге есіртікі тасымалдайтындар мен есіріткі өндіретіндердің ара жігін ажырату туралы да Құрылтай барысында айтылды, көп өтпей бұл мәселе де шешімін тапты. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы мәселе де Құрылтайда айтылған болатын. Оған да қатысты заң қабылданды. Ұлттық Құрылтайда көтерілген ұсыныс-талаптар мен Парламент арасындағы рухани байланыс жыл өткен сайын артып келеді. Мысалы, Ұлытаудағы жиында 25 қазан – Республика күнін ұлттық мереке мәртебесін қайтаруға екпін берілсе, 2022 жылы Парламент «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзету енгізіп, ұлық мерекенің қайта салтанат құруына заңдық негіз жасады. Түркістандағы Құрылтайдан кейін «Балалар кітапханасы» атты жаңа жоба дүниеге келді. Атыраудағы маңызды жиыннан кейін әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін күшейту туралы заң, вейп саудасына тыйым салу, мемлекеттік наградалар мен ономастика туралы заң қабылданды. Оған вандализм мен ойын бизнесін шектеу туралы құжат қосылды. Жалпы айтқанда, Ұлттық Құрылтай халықтың тағдыршешті шешімдер алаңына айналды. Тіпті Ұлттық Құрылтайдың маңызы Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауынан кем түсіп тұрған жоқ. Осы алаңда еліміздің әр өңірінен келген азаматтар ойларын ортаға салып, бір шешімге келуді мақсат етеді.  Қысқасы, Ұлттық Құрылтай елдік мәселелерді көтеретін платформаға айналды. Ал, Парламент Құрылтайдың мәртебесін арттыруда заң нормаларымен қолдап келеді. Бұл Құрылтай мен Парламент арасындағы байланыстың нығайғанын және халықтың ұсыныстарының ескеріліп жатқанын көрсетеді. Енді Мемлекет басшысының 5-ші Құрылтайда елімізде жүргізіліп жатқан түбегейлі реформалардың барысы туралы айтқан кейбір ұсыныстарына тоқталайық. Мәселен, Парламенттік реформаға сәйкес  Мемлекет басшысы жаңа құрылатын бірпалаталық Парламентке «Құрылтай» атауын беру жөнінде ұсыныс білдірді. «Қысқаша айтқанда, «Құрылтай» деген атауды беру керек деп сенемін. Азаматтарымыз осы мәселеге қатысты өз пікірін білдіріп, ұсыныстарын жолдады. Жұмыс тобы келіп түскен ұсыныстарды зерделеп, барлық жағынан қарастырды. Өте маңызды жұмыс атқарылды. Бұл бағыттағы шаруаның бәрін өзім тікелей бақылауда ұстадым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің сөзінше, былтыр қазан айының ортасында жұмыс тобының алғашқы отырысы өткен, ал жаңа жылдан бері жұмыс тобының мүшелері үш рет бас қосқан. Мемлекет басшысы «Құрылтай» атауының тарихи аясы мен мағынасы халқымызға түсінікті әрі жақын екенін атап өтті. Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламенттің құрамы мен құрылымына қатысты жұмыс тобы талқылаған негізгі ұсыныстармен де таныстырды. Депутат санын көбейтудің еш қажеті жоқ. Мәселе санда емес, сапада. Ең бастысы, Парламентте нағыз отаншыл азаматтар мен білікті мамандар отыруы тиіс. Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын қызу талқылады. Ақыры соңында Парламенттің мандат саны 145 болуы қажет деген байламға келді, – деді Президент. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жаңа Парламенттің ішкі құрылымына қатысты да бірқатар нақты ұсыныс айтты. Президенттің сөзінше, жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін, ал комитеттер саны 8-ден аспауы тиіс. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жаңа Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайтынын мәлімдеді. Президенттің сөзінше, жаңа Парламентте депутаттарды бес жыл мерзімге сайлау көзделіп отыр. Сонымен қатар заң шығару процесін жетілдіру мақсатында заң қабылдаудың үш кезеңнен тұратын жаңа процедурасы ұсынылған. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өзгерістер мемлекеттің институционалдық тұғырын нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Біз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына сәйкес орнықты саяси жүйе қалыптастырамыз. Басты мақсатымыз да – осы, — деді Президент. Парламенттік реформаға қатысты Президенттің тағы бір ұсынысына қатысты. «Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың тарихи маңызды миссиялары іс жүзінде орындалды деуге болады. Жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық Кеңесін құруды ұсынамын. Жаңа органның қызметінде Ассамблея мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық сабақтастығын, яғни Қазақ мемлекеттілігін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін дәйекті нығайтуды сақтау өте маңызды деп санаймын», – деді Президент. Мемлекет басшысының сөзінше, Халық Кеңесі  шет мемлекеттердегі консультативтік құрылымдардың тәжірибесін бойына сіңірген жаңа мемлекеттік органға айналады. Кеңесте еліміздегі барлық этностар, әлеуметтік топтар және өңірлер өкілдікке ие болады. Президент айтқандай, Құрылтайдың бірінші күні жиынның 4 секциясы өз отырыстарын өткізді. Соның аясында құрылтайдың 70-ке жуық мүшесі сөз сөйлеп, 200-ден астам ұсыныс айтылды. Ғылым және білім, бала құқықтарын қорғау саласында маңызды бастамалар қолға алынды. Жақында ғылыми қалашықтар құру және дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Мектептердегі тәрбие бағдарламасы жетілдірілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстан балалары» біртұтас бағдарламасы әзірленді. Балалардың құқығын қорғау бағытындағы шараларының бәрі енді осы құжатқа біріктірілді. «Жаңа ғана сөз сөйлеген құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты. Құрылтайдың аясында пайдалы пікір алмасулар болды. Барлығы еліміздің дамуына қажетті болатынына сенемін. Бүгін Ұлттық құрылтай жиыны осымен бесінші рет шақырылып отыр. Бұл Форумның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өтті. Екінші жиын түбі бір түркі жұртының қара

Президент сұхбатындағы стратегиялық бағдарлар

Авторлық баған   Аминов Талғатбек Махметұлы Бас ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Теги: Сұхбат Қазақстан Президент Қ.К.Тоқаев бұл сұхбатын өткен 2025 жылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық саласында қолымыз жеткен жетістіктерге  қысқаша шолу жасай отырып, жаңа 2026 жылы алдымызда тұрған мақсаттар мен міндеттерге жан-жақты тоқталғаны баршаға мәлім. Мәселен, еліміздің экономикасы өткен жылы 6 пайыздан астам мөлшерге өсіп, 300 миллиард доллардан асып түсіп, жан басына шаққанда 15 мың доллардан артық мөлшерге жеттті. Бұл бізді қатты қуантады, бірақ үстіміздегі жылы бұл қарқынды бәсеңдетпей, күшейте түсуіміз керек деді Мемлекет басшысы. Бұл үшін ең алдымен инфляцияны төмендетуге бағытталған іс-шараларды кешенді түрде жүзеге асыру қажет. Бұл міндет алдымен Үкімет пен әкімдерге жүктеледі.       Олар әсіресе жаңадан қабылданған Салық кодексін экономиканың тұрақты дамуына бағыттап, осы салада жүргізіліп жатқан  қаржылық реформаның басты бөлігі ретінде пайдалана білуі тиіс. Жаңа Салық кодексінде бақылау жасауға емес, өзара серіктестік орнатуға баса мән беріледі, яғни, осы үдеріске қатысушылардың бәрі – мемлекет те, бизнес те, азаматтар да өз міндетін адал орындауға тиіс. Бірін-бірі өзара толықтырып тұратын мұндай жүйеде салық төлеу ауыртпалық ретінде қабылданбайтын болады. Түптеп келгенде, салық төлеу дегеніміз – заманауи қоғамдық келісімшарт деген сөз. Салық төлесеңіз – қызмет көрсетіледі, инфрақұрылым салынады, қауіпсіз орта қалыптасады, тың мүмкіндіктер пайда болады. Керек десеңіз, бұл – әділдік болу үшін жүктемені қайта бөлу құралы, әлеуметтік тұрғыдан әлсіздерді қолдау және экономикалық тұрғыдан «белсенді ортаны» одан әрі дамыту тәсілі деді Мемлекет басшысы.Қ.К.Тоқаев сұхбатында Қазақстан үшін көлік-логистика саласының әлеуетін арттыру – стратегиялық маңызы бар міндет екендігін айтты. Теңізге тікелей шығатын жолы болмаса да, еліміз Еуразия құрлығының кіндік тұсында, яғни негізгі транзиттік күре жолдар тоғысқан жерде орналасқан. Бұл – үлкен артықшылық, біз оны ел игілігіне жарата білуге тиіспіз. Мақсат-мүддемізге сәйкес Қазақстанды Еуразияның көлік айлағы (хабы) ретінде қалыптастыру – бұл салада атқарылатын жұмыстың басты бағыты.   Қазақстан мұхит жолдарынан тысқары тұрса да, Сары теңіз бен Қара теңіздің арасында жүк терминалдарының желісін қалыптастырды. Еліміздің аумағы арқылы өтетін 12 халықаралық көлік дәлізі, атап айтқанда, 5 темір жол, 7 автокөлік дәлізі бар. Қытай мен Еуропа арасында құрлықпен жеткізілетін жүктің шамамен 85 пайызы осы жолдармен тасымалданады. Алайда, Президенттің пікірінше,  мұның бәрі – табысқа оп-оңай жете қоямыз деген сөз емес. Бұл саладағы бәсеке күшейіп келеді. Себебі көлік және логистика мәселесі геосаясаттың ажырамас бөлігіне айналды. Осы тақырып жоғары деңгейдегі келіссөздердің күн тәртібіне біржола енді. Сондықтан, Қазақстан үшін де оның айрықша маңызы бар.         Президенттің сұхбатында көтерілген келесі бір маңызды мәседе —  ауыл шаруашылығын дамыту жолдары.  Шаруаларға 2024 жылы 580 миллиард теңге, былтыр 1 триллион теңге жеңілдетілген несие берілді. Бұл – өте қомақты қаржы. Соңғы он жылда шаруаларға көрсетілген қолдаудың көлемі 10 есе артты, бірақ оның тиімділігі күмән тудырады. 2015-2024 жылдары ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 2,5 еседен астам өсті. Бұл көрсеткішті одан да көбейтуге болар еді. Қазіргі кезде Үкімет кооперативтерге, яғни шаруалар бірлестігін құруға қайта оралу мәселесін қарастырып жатыр. Кооперативтер еңбек өнімділігін және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыра алады. Сондай-ақ, дайын өнімді сататын нарықтарға жақын болуға, тұтынушылармен ұзақ мерзімге арналған қарым-қатынас орнатуға жол ашады деді Мемлекет басшысы.Президент  Жаңа жылға арналған құттықтау сөзінде 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осыған қатысты Қ.К.Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек. «Бұл – қазіргі жаңа технология дәуірінде өркениетті ел болып қалудың бірден-бір жолы. Халқымыздың ой-санасы мұндай инновацияларға дайын екеніне сенімдімін. Оның үстіне, Қазақстанда азаматтарымыздың өмір салтын едәуір өзгерткен танымал финтех компаниялар табысты жұмыс істеп жатыр» деді ол.          Президенттің сұхбатында қазіргі тарихымыздың тұлғатану саласына қатысты пікірі бізді қатты толғандырды. Оның ойынша, кез келген елдің, соның ішінде біздің де төл тарихымызда қайшылыққа толы оқиғалар мен ақиқатынан аңызы басым тұлғалар жетіп артылады. Тарихи деректерді бұрмалау, халыққа жасаған еңбегі күмәнді, яғни нақты мәліметтермен немесе құжаттармен дәлелденбеген адамдарды шамадан тыс ұлықтап көрсету – мүлде ақылға қонбайтын нәрсе.  Мұның соңы жақсылыққа апармайды. Бұл – ақиқат жолы емес, керісінше «жалған түсінік туғызатын теріс жол». Біз болашаққа ұмтылған қоғам, біртұтас ұлт ретінде төл тарихымызды танып, оны қаз-қалпында қабылдай білуіміз керек. Бізге негізсіз аңыз-әңгімелердің еш қажеті жоқ, оның бәрі сана-сезімімізге кеселін тигізеді. Тарих жұртты дауластыратын, жауластыратын тақырып емес, керісінше, қоғамды ұйыстыратын құндылық болуға тиіс.  Мемлекет басшысының бұл тұжырымын және оның  сұхбатында көтерілген басқа да ойлары мен идеяларын толық қолдай отырып, алдағы уақытта оларды насихаттауға біз белсене қатысуымыз қажет деген пікірімді білдіремін. Новости Меню навигации

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін