Авторлық баған

Главная страница / Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумындағы Президент баяндамасының маңызы туралы
Главная страница / Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумындағы Президент баяндамасының маңызы туралы

Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумындағы Президент баяндамасының маңызы туралы

Сулейменова Дәметкен Досмухановна

Мемлекет тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері

      2026 жылғы 12 наурызда Астана қаласында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті. Бұл форум Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға, өңірлік басқару тиімділігін арттыруға және мемлекет пен қоғам арасындағы институционалдық байланыстарды нығайтуға арналған маңызды саяси алаң болды. Форумға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент депутаттары, барлық облыстардан, қалалар мен аудандардан келген мәслихат депутаттары, сондай-ақ сарапшылар мен қоғам өкілдері қатысты. Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жергілікті басқару жүйесінің қазіргі жағдайына тоқталып, оның болашақ даму бағыттарын айқындады. Президент өз сөзінде мәслихаттардың мемлекет өміріндегі рөлі ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, мәслихат депутаттары халықтың мүддесін тікелей білдіретін маңызды өкілді институт болып табылады. Сондықтан олардың қызметінің тиімділігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететінін айтты.

     Президент баяндамасының негізгі бағыттарының бірі – жергілікті басқару жүйесін жетілдіру мәселесі болды. Мемлекет басшысы Қазақстанда соңғы жылдары жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту бағытында маңызды реформалар жүзеге асырылғанын атап өтті. Мысалы, ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесінің енгізілуі азаматтардың жергілікті билікке қатысу деңгейін арттырды. Сонымен қатар ауылдық округтердің дербес бюджеттері қалыптастырылып, бұл жергілікті мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік берді. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін орталықтандырудан біртіндеп децентрализациялауға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Президент мәслихаттардың қызметін одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, мәслихат депутаттары тек бақылаушы орган ғана емес, сонымен қатар өңірлік дамудың стратегиялық бағыттарын қалыптастыруға белсенді қатысатын институт болуы тиіс деді. Осыған байланысты депутаттардың жауапкершілігін арттыру, олардың кәсіби біліктілігін күшейту және жергілікті қоғаммен тұрақты байланыс орнату маңызды міндеттердің бірі ретінде көрсетілді. Баяндамада өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы ерекше назарға алынды. Мемлекет басшысы Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды дамыту, коммуналдық жүйелерді жаңғырту, жолдар мен энергетикалық нысандарды жаңарту мәселелеріне тоқталды. Қазіргі таңда елде жаңа энергетикалық нысандарды салу, су және жылу жүйелерін жаңарту, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар өңірлердің

 

экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғандығына тоқталды..

    Президенттің баяндамасының негізгі ғылыми маңызыдылығы біріншіден, бұл баяндама мемлекеттік басқарудағы децентрализация принципінің маңызын көрсетеді. Децентрализация – қазіргі заманғы басқару жүйесінде кеңінен қолданылатын әдіс, ол билік өкілеттіктерін орталықтан жергілікті деңгейге беру арқылы басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар осы бағыттағы  институционалдық өзгерістердің айқын мысалы болып табылады. Екіншіден, Президенттің сөзінде демократиялық басқару қағидаттарын нығайту мәселесіде айтылды. Мәслихаттардың рөлін күшейту азаматтардың саяси қатысу деңгейін арттыруға ықпал етеді. Саяси ғылым тұрғысынан алғанда, бұл үрдіс өкілді демократия институттарының дамуына және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Үшіншіден, Президент баяндамасы өңірлік саясаттың маңыздылығын көрсетеді. Қазіргі әлемде аймақтық даму мәселесі көптеген мемлекеттер үшін стратегиялық мәнге ие. Қазақстан сияқты үлкен аумақты мемлекеттерде өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңгерімді сақтау ерекше маңызды. Мәслихаттардың белсенді қызметі осы міндетті жүзеге асыруда маңызды құрал болып табылады. Осы форумның халық үшін маңызы да ерекше. Мәслихат депутаттары халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелермен айналысады. Мысалы, жергілікті жолдардың сапасы, мектептер мен ауруханалардың жұмысы, коммуналдық қызметтердің жағдайы, әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуы сияқты мәселелердің барлығы мәслихаттардың құзыретіне кіреді. Сондықтан бұл форумда қабылданған шешімдер азаматтардың тұрмыс сапасына тікелей ықпал етеді. Сонымен қатар форум мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттыруға бағытталған. Қоғам мен билік арасындағы диалогты дамыту қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттердің негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Мәслихат депутаттарының республикалық форумы осындай диалогтың маңызды алаңы ретінде қызмет етеді.

   Қорыта айтқанда, 2026 жылғы 12 наурызда өткен Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы Қазақстандағы жергілікті басқару жүйесін дамытудағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндамасы мемлекеттік басқаруды модернизациялау, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және өңірлік саясатты жетілдіру бағыттарын айқындады. Форум барысында көтерілген мәселелер Қазақстан қоғамының тұрақты дамуына, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бастамаларды қамтитын форум болып табылады.

 

 

Қарасаев

Ғаний

Мұқашұлы

Деректану тарихнама және Отан тарихы бөлімінің басшысы

Қарасаев Ғани Мұқашұлы – Деректану тарихнама және Отан тарихы бөлімінің басшысы

1955 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. 1972 жылы осы аудандағы Покровка ауылындағы орта мектепті аяқтаған.  1978 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «Тарих» факультетін үздік дипломмен бітіргеннен кейін, осы жылдың қыркүйек айынан 1980 жылдың мамыр айына дейін Қазақстан Коммунистік Жастар Одағы Тарбағатай аудандық комитетінде алдымен  нұсқаушы, одан ары «Спорт және жалпы қорғаныс» бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1980 жылдың мамыр айынан 1988 жылдың  сәуір айына дейін Қазақстан Компартиясы Тарбағатай аудандық комитетінде  лектор, нұсқаушы  қызметтерінде болды.

Қарасаев Ғани Мұқашұлы- шетелдік  және республикамыздың ғылыми ортасына белгілі ғалым-зерттеуші, тарих ғылымдарының докторы, Отан тарихының (Қазақстан  Республикасы тарихының) әр кезеңдерін  зерттеуге арналған   300 ден артық ғылыми еңбектің, солардың қатарында 10-нан  астам монография мен кітаптың  және 3 ұжымдық монографияның авторы.  Солардың қатарында өзі кеңінен айналысатын  Қазақстанның шығыс өлкесі мен Алтай өңірінің көне заманнан ХХ ғасыр басына дейінгі тақырыбын  зерттеуге арналған 200-ден артық ғылыми шығармалары, бұлардың қатарындағы 5 монографиясы  дайындалып, жарияланған. 

      Ғылыми зерттеулерінің екінші саласы — Тәуелсіз Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына арналған 2 монографияның, 30-ға жуық ғылыми еңбектің де авторы. Аталған мақалалардың 20-дан астамы ағылшын тіліндегі  жоғары рейтингтік шетелдік журналдарда жарияланған,        Ғылыми еңбектерінің басым  бөлегі ҚР ҒЖБМ  Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған және  әлемнің 15-тен  астам елдерінің, атап айтқанда, Ресей, Монғолия, Қытай, АҚШ, Румыния, Словакия,  Англия, Испания, Украина, Венесуэла, Чили, Аргентина, Нидерланды, Чехия,  Италия, т.б. елдері  жоғары рейтингтіқ басылымдарында жарияланып, лайықты бағасын алған. 100-ден артық халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, конгрестер мен форумдарға қатысып, баяндама жасаған.

    2018-2025 жылдың басы     аралығында  оның шетелдік  жоғары рейтингалық журналдарда Scopus», «Web of Science»)  40-тан астам  мақаласы жарияланып, оларға 170- тен астам  шетелдік авторлар сілтемесі мен 15  Индекс «Хирша» белгісі түсті.  Бүгінгі күнге 100 ден артық шетел журналдары мен  редакцияларынан бұл мақалаларға қолдау хаттар жіберілді және мақалаларын осы журналдарға жіберу туралы ұсыныстар жасалды. Қазіргі күні 5 мақаласы осындай жоғары рейтингтық шетелдік ғылыми журналдар редакциялары сараптамасынан өтіп, қабылданды. 

      Көптеген ғылыми шығармалары ғылыми еңбектердің халықаралық көрмелерінде марапаттаулар алған.  

  Атап айтқанда, оның ғылыми туындылары   2020 жылы Мәскеу қаласында өткізілген  мерекелік XLV халықаралық ғылыми көрмеде алтын медальмен, арнайы дипломмен,   Маиндағы Франкфурт қаласындағы халықаралық ғылыми кітап көрмесінің «Frankfurter Buchmesse»(Франкфурт на Майне (Германия) алтын медалі, дипломымен,  Испанияның Барселона қаласындағы «LIBER BARCELONA» Испания) 2020 және Лондон қаласындағы  ғылыми еңбектер көрмесінің  «The London Book Fair 2021» (Ұлыбритания) және  Гонконг қаласындағы2023 жылдың 19-25 шілде аралығында өткізілген   «HONG KONG BOOK FAIR 2023» Қытай (Гонконг)» ғылыми көрмелерінде  арнайы дипломдармен марапатталды.

      Осындай шетелдік Ғылыми көрмелер  марапаттауларының қатарында автордың  Қазақстан Республикасының   Тәуелсіздік  жылдарындағы көпсалалы сыртқы саясатына арналған (2-кітап) және Қазақстанның шығысы мен Алтай өңірінің көне заманнан ХХ ғасыр басына дейінгі тарихына  арналған (4- кітап)  монографиялары мен шетелдік жоғары рейтингтік журналдарда жарияланған: «Nazarbayev and the Problem of Nuclear Weapons in the History of Independent Kazakhstan (1991-1995)» және  «HISTORY OF KAZAKHSTAN – USA PARTNERSHIP RELATIONS (1991-1996)»  деген мақалалары бар.

Ғылыми шығармаларының халықаралық дәрежеде танылуына орай  Еуропа Одағы (Евросоюз) Ғылыми-өндірістік Палатасының, «Еуропа ғылыми-өндірістік  концорциумының» «Европейское качество» (Gold medal «European Quality»)   және  Халықаралық Максимилиан Вебер (MEDAL EUROPEAN SCIENTIFIC AND INDUSTRIAL CONSORTIUM «ESIC» — MAXIMILIAN WEBER) атындағы ғылыми  бірлестіктің Алтын медалдарымен марапатталған.

      Есімі  Ресейдің  «Известные  ученые  и  специалисты России» атты Энциклопедиясының 8,16 томдарына енгізіліп, арнайы төсбелгі,  куәлік  және сертификаттармен марапатталған.

 Ғани Мұқашұлына Ресей Жаратылыстану Академиясы Төралқасының шешімімен «Заслуженный деятель науки и образования» атты Құрметті атағы берілген.     Ресей Жаратылыстану Академиясының Толық мүшесі (Академигі).

     Ресей Федерациясы Санкт Петербург Мемлекеттік Университеті  Тарих институты студенттеріне оқыған дәрістері, осы оқу орнының Диссертациялық кеңестегі белсенді қызметі, осы Тарих институты ғалым- оқытушылары  арасындағы ғылыми байланысты іске асырудағы қызметі  үшін  Санкт-Петербург Мемлекеттік  Университеті Ректоратының Алғыс хатымен  және осы Университеттің  Тарих институтының арнайы Төсбелгісімен марапатталды.

     Қарасаев Ғани Мұқашұлы ҚР Тарихшылар және қоғамтанушылар Академиясының Академигі, Қазақстанның кәсіпқой тарихшылар Лигасының, Тарихшылардың Ұлттық Конгресінің мүшесі.

     «Қазақстан ғылымына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері. Республикадағы бірнеше жоғары оқу орындарының (Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ (2 рет), Ш.Құдайбердіұлы атындағы Семей МУ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау МУ) дамуына қосқан үлесі үшін медальдарын алған. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің “Құрметті докторы” атағы берілген.

  2016 жылғы ҚР Президентінің халықаралық “Болашақ” стипендиясының иегері.

          Қазақстан Республикасының 2020 жылғы Мемлекеттік Ғылыми стипендиясының иегері.

     Абай шығармаларын  насихаттаудағы атқарған ұзақ жылғы қызметі үшін 2022 жылы  Қазақстан Республикасы  «Абай» атындағы халықаралақ мәдениет пен өнерді қолдау қорының   шешімімен   Абайдың туғанына 175 жыл  толуына орай «АБАЙ»  мерекелік медалімен марапатталды.

    2025 жылы  аталған халықаралық қордың ұйғарымымен   Абайдың туғанына 180 жыл толуына байланысты  «АБАЙ 180» мерекелік медалінің  иегері атанды. 

      Ол сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясының «ҚАНЫШ СӘТПАЕВТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫ» атындағы мерекелік медалының» иегері.

   «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  ТӘУЕЛСІЗДІГІ 25 ЖЫЛДЫҒЫ» және «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ» мерекелік медальдарын алған.

      2025 жылдың 21 қазанында  Қазақстан Республикасы  Президентінің жарлығымен  «Ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытудағы сіңірген еңбегіі үшін  «ҚҰРМЕТ» орденімен  марапатталды.

      ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтында атқарылып отырған іргелі және қолданбалы ғылыми жобалардың орындалуына үнемі белсене қатысады.  Атап айтқанда ол қазіргі күні 2023-2025 жылдарға арналған «Қазақстан тарихындағы саяси институттар мен құрылымдардың эволюциясы (ХІХ-ХХІ ғғ.)»» деген тақырыптағы  Бағдарламалы  мақсатты  ғылыми жобаның (ПЦФ) ғылыми жетекшісі болып табылады.

     ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтында атқарылып отырған іргелі және қолданбалы ғылыми жобалардың орындалуына үнемі белсене қатысады. Ол сонымен қатар  бірнеше рет  ҚР ҒЖБМ  тарапынан жарияланған Бағдарламалы  мақсатты  ғылыми жобаның (ПЦФ), гранттық ғылыми жобалардың  жетекшісі және орындаушысы болды.

Бұлармен бірге  Республикамыздың, солардың ішінде Астана қаласы жұртшылығы, ғалымдары мен студенттері алдында Тәуелсіз Қазақстанның  әр салалы тарихына, қазіргі саясатына, солардың ішінде ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларын талқылап, насихаттауға   арналған дәрістер оқып, әңгімелер өткізуге белсенді тұрғыда ат салысуда.  

2024 жылғы шілде айындағы  Астана қаласындағы Жоғары деңгейдегі ШЫҰ Саммитінің жұмысын халықаралық және еліміз деңгейінде насихаттаудағы атқарған қызметі үшін   осы жылдың шілде айында ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасындағы  жоғары оқу орындарындағы диссертациялық кеңестерінің  мүшесі ретінде жоғары дәрежелі  ғалым -таррихшы мамандар дайындау ісіне де белсене қатысуда.

         Қазақстан тарихынан дайындалған ғылыми жобаларды талқылауға арналған Мемлекеттік ғылыми-техникалық Ұлттық Орталықтың сарапшысы.  2023 жылдан  ҚР Ұлттық Ғылыми Кеңесінің мүшесі болды. “Халықаралық “Болашақ” Бағдарламалар Орталығы” тәуелсіз сараптаушылар тобының мүшесі.

     Халықаралық «e-history.kz/rue» электронды және Қазақстанның бірнеше  жоғары рейтингті   журналдарының  ғылыми сарапшысы.

Қазақстандағы бірнеше жоғары оқу орындарындағы Мемлекеттік  Аттестациялау және Емтихан комиссияларының Төрағасы болып бекітілген.

Жас ғалымдарды дайындау мен тәрбиелеуге тұрақты  назар аударады. Жақсы ұйымдастырушы, ғалымдар, әріптестері арасында беделге ие.

 

Толығырақ көру

Сонымен бірге  осы қызметтерде бола отыра, қоғамдық әіс ретінде Қазақстан Компартиясы Тарбағатай аудандық комитеті бастауыш партия ұйымының хатшылығын бірге атқарды.

 1991 жылы аудан  коммунистері атынан Қазақстан Компартиясы  ХІҮ сьезіне делегат болып сайланды.

    1988 жылдың сәуір айынан 1993 жылдың қыркүйегіне дейін аудан орталығындаға қазақ және орыс тілдерінде білім беретін Абай атындағыв орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

    Осы мерзімде аталған мектепте 1200-ден астам оқушы білім алды. Мұғалімдер саны 120-дан асты.  Абай атындағы орта мектебі сол  уақыттарда халық арасында «Тарбағатай ауданының Университеті» деп аталатын еді. Себебі ХХ ғасырдың 50-60 жылдарына дейін ауданның  түгелге жуық  ірі елді мекендерінде орта білім алу орындары  болмай,  олардағы оқушылардың басым бөлегі 9-10 сыныптардағы білімдерін Абай атындағы орта мектептерінде жалғастырып, орта білім туралы аттестаттарын алатын еді.

     Осы айтылғандармен қатар, аталған ғасырдың 70- ші жылдарында аудан кеңшарларындағы бұрын жұмыс істеп келген орыс тіліндегі оқыту сыныптары жабылып,  көптеген оқушылар орыс тілінде білім алуды Абай атындағы орта мектебінде жалғастыратын еді.

    Осының негізінде аудан орталығындағы Абай атындағы орта мектебінің барлық кезеңдердегі  түлектерінің арасында  елімізге, шетелдерге белгілі болған  ғылымның әр саласындағы ғалымдар,  мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет, халыққа білім беру, т.б. бағыттардағы  адамдар бар.

    Ғани Мұқашұлы аталған мектептің директоры қызметтерін атқарған мерзімде мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, оқу процеесін заман талабына сай  жүргізуге,  оқу сапасын арттыруға жоспарлы негізде назар аударылды.

      Мұғалімдердің кәсіптік білімін арттыру жұмыстары жүйелі тұрғыда  атқарылды.   

    1993 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың шілде айына дейін Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы Мемлекеттік техникалық Университетінде доцент, қазақ тілінде оқыту факультеті деканының орынбасары, «Қазақстан тарихы  және құқық» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

    2013 жылдың шілде айынан бүгінгі күнге дейін Астана қаласындағы  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі  Ғылым комитеті «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінде (ғылыми зерттеу институты) «Деректану тарихнама және Отан тарихы» бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді. Тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы «Тарих және қоғам тану» Академиясының Академигі, Ресей Федерациясы Жаратылыстану Академиясының Толық мүшесі (Академигі).

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін