Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III Республикалық форумына қатысты сарапшылық пікір

Авторлық баған Хасенова Нурбану Нурхатовна Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумы елдегі саяси жаңғыру мен институционалдық реформалардың маңызды кезеңінде ұйымдастырылып отырғаны ерекше мәнге ие. Біріншіден, мәслихаттар өңірлердің нақты қажеттіліктерін жақсы білетін институт ретінде жергілікті бюджеттердің тиімді жоспарлануына, инфрқұрылымдық жобалардың іске асуына және шағын және орта бизнесті қолдау шараларының нақты бағытталуына ықпал ете алады. Сондықтан мұндай форумдар орталық және өңірлік экономикалық саясаттың үйлесімділігін күшейтетін маңызды механизм болып саналады. Екіншіден, форумда көтеріліп отырған мәселелер алдағы конституциялық реформалардың мазмұнымен де тығыз байланысты. Конституциялық өзгерістердің негізгі мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтарының теңгерімін нығайту және мемлекеттік институттардың есеп берушілігін арттыру. Мұндай институционалдық реформалар экономикалық тұрғыдан да маңызды, себебі тиімді басқару жүйесі инвестициялық климаттың жақсаруына және экономикалық саясаттың тұрақтылығына ықпал етеді. Үшіншіден, конституциялық реформаларды халықтың қатысуымен талқылау және референдум тетіктерін пайдалану қоғамдағы сенімді күшейтеді. Экономикада тұрақтылық пен болжамдылық өте маңызды факторлар саналады. Егер мемлекеттік шешімдер ашықтық пен қоғамдық қолдау негізінде қабылданса, бұл инвесторлардың сенімін арттырып, кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне оң әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі форум, конституциялық реформалар мен референдум тәжірибеі – өзара байланысты процестер. Олар саяси жүйені жаңғыртумен қатар, өңірлік басқаруды күшейту арқылы экономикалық саясаттың тиімділігін арттыруға және елдің тұрақты дамуына негіз қалыптастыруға бағытталған. Новости Меню навигации
2026 ЖЫЛҒЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ БОЙЫНША ПІКІР

Авторлық баған Әминов Талғатбек Махметұлы Тарих ғылымдарының кандидаты Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих Қазіргі таңда Конституцияның жобасы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп, ол негізінен жалпы қолдау табуда. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталған. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс. Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норманы бекіту ұсынылып отыр. Мұны біз толық қолдаймыз. Біздің ойымызша, Конституцияның тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған. Конституция жобасының негізгі өзгерістерінің ішінде алдымен бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылатынын атап өту керек. Оны құру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институционалдық рөлін арттыруға және саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді. Жаңа жалпыұлттық диалог платформасы – Қазақстанның Халық Кеңесі құрылады, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырады. Бұл Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін, заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік орган болады. Реформаның негізінде Вице-президент институты құрылады. Адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бап алғаш рет Конституцияда бекітіледі. Осы және басқа да Конституцияға енгізілетін өзгерістер Мемлекет тарихы институты мен Президенттік орталығының сарапшылармен өткізген басқосуында жан-жақты талқыланып, толықтай қолдау тапты. Жаңа Конституция жобасының преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде белгіленген. Сондай-ақ бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде айқындалады. Егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар қатарына енгізілген. Әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілмек. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы әрі егемендіктің иесі – Қазақстан халқы екені нақты тұжырымдалады. Қазіргі таңда Конституцияның жобасы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп. ол негізінен жалпы қолдау табуда. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталған. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс. Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норманы бекітіту ұсынылып отыр. Мұны біз толық қолдаймыз. Біздің ойымызша, Конституцияның тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған. Конституция жобасының негізгі өзгерістерінің ішінде алдымен бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылатынын атап өту керек. Оны құру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институционалдық рөлін арттыруға және саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді. Жаңа жалпыұлттық диалог платформасы – Қазақстанның Халық Кеңесі құрылады, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырады. Бұл Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін, заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік орган болады. Реформаның негізінде Вице-президент институты құрылады. Адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бап алғаш рет Конституцияда бекітіледі. Осы және басқа да Конституцияға енізілетін өзгерістер Мемлекет тарихы институты мен Президенттік орталығының сарапшылармен өткізген басқосуында жан-жақты талқыланып, толықтай қолдау тапты. Новости Меню навигации
Тарихшы-ғалым, академик Кеңес Нұрпейістің 90 жылдығына орай «Дарабоз тарихшы» тақырыбындағы дөңгелек үстел материалдарының жинағы жарық көрді.

🔗 Өткен жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында тарихшы-ғалым, академик Кеңес Нұрпейістің (1935 – 2007) 90 жылдығына орай «Дарабоз тарихшы» дөңгелек үстелі өткізілді. Дөңгелек үстелде әйгілі отандық және шетелдік ғалымдар арасында академик К. Нұрпейістің Отандық тарих ғылымының дамуына, Алаш қозғалысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі жан-жақты талқыланды. Cонымен қатар, Отан тарихының өзекті мәселелері де талдауға салынды. Соның нәтижесінде осы жинақ қалыптастырылып, назарларыңызға ұсынылып отыр. ✍🏻 Жинақ материалдары ізденушілерге, зерттеушілер мен көпшілік оқырманға пайдалы болады деп үміттенеміз. ↘️ https://history-state.kz/wp-content/uploads/2026/02/nurpeisov-daraboz-tarihshy-2.pdf
Мемлекетіміздің басты құндылығы – адам капиталы

Авторлық баған Ермұханова Хадиша Кенжеғұлқызы, Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих Жаңа Конституция жобасында ел болашағының білімді, кәсіби жәнешығармашыл азаматтарға сүйенетіндігіне баса назар аударылып, Қазақстандамуының жаңа бағыты айқындалған.Ел дамуындағы негізгі фактор ретінде адамның білімі мен қабілетіалдыңғы орынға қойылып, білім мен ғылымға, мәдениет пен инновацияғабасымдық берілгендігі қуантады. Себебі, әрбір азаматтың білімі менеңбегінің деңгейі, адами капитал сапасы еліміздің келешекте қандайболатынын айқындайтын көрсеткіш. Осылайша, мемлекетіміздің негізгіміндеттерінің қатарына адами капиталды дамыту белгіленіп, басты мақсатретінде сапалы білімге қолжетімділік, ғылыми әлеуетті күшейту жәнезияткерлік ұлт қалыптастыру көзделген.Осы тарихи құжатта, сонымен бірге, халқымыздың тарихисабақтастығын негіздейтін «Ұлы Дала» ұғымы көрініс тапқан. Атап өтерболсақ, Жоғары заң шығарушы органның — Құрылтай атануы тарихи саясиүрдістің қайта жаңғыртылып отырғанының дәлелі. Сондай-ақ, ұлттыққұндылықтарымызды дәріптеу, тарихи мұраны сақтау, шығармашылықеркіндік қоғамдағы маңызды фактор ретінде айқындалған.Бұл тарихи маңызы бар құжат білімді ұлт, инновациялық даму жәнеболашағымыз бен қауіпсіздігімізді қамтамасыз етудегі басты бір сенімдіқадам болады деген сенімдеміз. Новости Меню навигации
Сарапшылар жаңа Конституцияны талқылауға қатысты пікір білдірді

Авторлық баған Калижанов Нұржау Талғатұлы Мемлекет тарихы институтының кіші ғылыми қызметкері Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих 2026 жылғы 3 ақпанда Президенттік орталықта Қазақстан Республикасының негізгі заңы – жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті. Іс-шара аясында қатысушылар конституциялық реформаның мазмұны мен ұсынылып отырған өзгерістердің қисынына қатысты тұжырымдамалық және қолданбалы мәселелердің кең ауқымын қарастырды. Талқылаудың негізгі бағыттарының бірі құқық қолдану мәселелері болды. Сарапшылар Конституция нормаларының тиімділігі олардың іс жүзінде жүзеге асырылуына, атап айтқанда сот жүйесінің, Парламенттің, адвокатураның және қоғамдық бақылау институттарының қызметіне, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейі мен мемлекеттік институттарға деген сенімге тікелей байланысты екенін атап өтті. Кездесу барысында конституциялық реформаның басты бағыттары және олардың мемлекеттілікті нығайту, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, сондай-ақ биліктің тұрақты әрі есеп беретін жүйесін дамытудағы маңызы жан-жақты талданды. Ерекше назар жаңартылған Ата Заңның түпқазығы ретінде тұлғаның басымдығы қағидатына аударылды. Сонымен қатар институционалдық өзгерістер мен оларды іске асыру тетіктері жеке блок ретінде қарастырылды. Ұсынылып отырған конституциялық жаңашылдықтардың мемлекеттік басқарудың неғұрлым теңгерімді моделін қалыптастыруға және қоғамдық-саяси саладағы құқықтық кепілдіктерді күшейтуге бағытталғаны атап өтілді. Бұдан бөлек, қатысушылар Конституция преамбуласының мәніне ерекше тоқталып, оны елдің болашақ дамуының идеялық-құндылықтық негізі ретінде қарастырды. Онда заң үстемдігі қағидаттары, тарихи сабақтастық, мемлекеттің қоғам алдындағы жауапкершілігі, сондай-ақ экология мен инновациялық дамудың басымдықтары көрініс табатыны айтылды. Новости Меню навигации
Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасындағы негізгі баптардың құқықтық және саяси маңызы

Авторлық баған Сүлейменова Дәметкен Жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты,доцент Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих Қазіргі заманғы мемлекеттердің дамуы құқықтық жүйенің қоғамдағы өзгерістерге уақтылы бейімделу қабілетіне тікелей байланысты. Конституция мемлекеттің саяси құрылымын ғана емес, сонымен қатар қоғамның құндылықтық бағдарларын, азамат пен билік арасындағы өзара жауапкершілікті айқындайтын негізгі құқықтық акт болып табылады. Осы тұрғыда конституциялық реформалар билік жүйесін жаңарту құралы ғана емес, қоғамдық дамудың стратегиялық бағытын қайта айқындау тетігі ретінде көрінеді. Қазақстанда әзірленіп жатқан жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік рөлін күшейтуге, азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға және саяси тұрақтылықты институционалдық тұрғыдан бекітуге бағытталған кешенді трансформацияны білдіреді. Атап айтқанда, 3, 6, 24 және 48-баптар мемлекеттің жаңа даму философиясын айқын көрсететін негізгі құқықтық нормалар болып табылады. Бұл баптар арқылы мемлекет тек басқарушы құрылым емес, қоғамдық дамудың белсенді қатысушысы ретінде қайта қалыптасуда. Жаңа Конституция жобасының 3-бабында мемлекеттің қызметтік қағидаттары айтарлықтай кеңейтілген. Онда адам құқықтарын қорғау, ұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық диалогты дамыту, білім мен ғылымды қолдау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтар ретінде белгіленеді. Қолданыстағы Конституцияда мемлекеттік биліктің құрылымдық қағидаларына көбірек назар аударылса, жаңа жоба мемлекетті әлеуметтік және рухани дамудың жетекші институты ретінде көрсетеді. Бұл өзгеріс мемлекеттің тек құқықтық реттеуші ғана емес, қоғамның ұзақ мерзімді дамуына жауапты субъект ретіндегі рөлін күшейтеді. Осылайша конституциялық нормаларда әлеуметтік әділеттілік пен тұрақты даму идеялары тікелей бекітіледі. 6-бапта саяси және қоғамдық жүйені реттеудің жаңа тетіктері енгізілген. Саяси әралуандық сақтала отырып, мемлекеттік органдарда партиялық құрылымдарға тыйым салу және қоғамдық бірлестіктердің қаржыландыру ашықтығын қамтамасыз ету көзделген. Бұл нормалар саяси процестердің сыртқы ықпалдан тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған бап демократиялық еркіндікті шектемей, оны ұлттық қауіпсіздікпен үйлестіру принципіне негізделеді. Мұндай тәсіл қазіргі конституциялық теорияда «еркіндік пен тұрақтылықтың теңгерімі» ретінде кеңінен қолданылады және институционалдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиімді құралы саналады. 24-бапта еңбек ету бостандығы нақты құқықтық мазмұнға ие болады. Азаматтардың кәсіп пен қызмет түрін еркін таңдау құқығы айқындалып, еріксіз еңбекке тек сот шешімі немесе төтенше жағдайларда ғана жол берілетіні белгіленеді. Бұл нормалар еңбек құқықтарын халықаралық құқық стандарттарына жақындатады. Нәтижесінде әлеуметтік құқықтар бұрынғыдай декларативті сипатта қалмай, нақты құқықтық қорғау тетіктерімен қамтамасыз етіледі. Бұл мемлекет пен азамат арасындағы әлеуметтік келісімнің жаңа деңгейін қалыптастырады. 48-бапта Президент өкілеттігін уақытша беру тәртібінің сақталуы саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды механизм болып табылады. Өкілеттіктің заңмен белгіленген тәртіппен берілуі басқару вакуумының алдын алып, мемлекеттік институттардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл баптың өзгеріссіз қалуы конституциялық реформаның радикализмге емес, институционалдық тұрақтылыққа негізделгенін көрсетеді. Яғни реформалар эволюциялық сипатта жүзеге асырылып отыр. Жаңа Конституция жобасындағы 3, 6, 24 және 48-баптар Қазақстандағы конституциялық дамудың сапалық жаңа кезеңін білдіреді. Мемлекет енді тек билік жүргізуші құрылым емес, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, құқықтарын нақты қорғауға және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жауапты әлеуметтік институт ретінде қалыптасуда. Бұл реформалар құқықтық мемлекет қағидаттарын тереңдетіп, демократиялық басқарудың жаңа моделін орнықтыруға бағытталған. Әлеуметтік әділеттілік, саяси тұрақтылық және адам құқықтарының нақты кепілдігі жаңа Конституция жобасының өзегіне айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, жүргізіліп жатқан конституциялық жаңғырту Қазақстанның ұзақ мерзімді саяси және құқықтық дамуының стратегиялық негізін құрайды. Новости Меню навигации
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ БОЙЫНША ПІКІР

Авторлық баған Әминов Талғатбек Махметұлы Тарих ғылымдарының кандидаты Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих Қазақстан тарихында еліміздің Ата заңы бірнеше рет жаңартылды. 1993 жылғы алғашқы Конституцияда президент пен парламент арасындағы өкілеттік теңгерімі айқындалғаны айтылып келеді. 1995 жылы қабылданған Конституция президенттік өкілетті кеңейтт. Ұсынылып отырған жоба осы эволюцияның келесі кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Жаңа Конституция жобасының преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде белгіленген. Сондай-ақ бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде айқындалады. Егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар қатарына енгізілген. Әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілмек. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы әрі егемендіктің иесі – Қазақстан халқы екені нақты тұжырымдалады. Қазіргі таңда Конституцияның жобасы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп. ол негізінен жалпы қолдау табуда. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталған. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс. Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норманы бекітіту ұсынылып отыр. Мұны біз толық қолдаймыз. Біздің ойымызша, Конституцияның тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған. Конституция жобасының негізгі өзгерістерінің ішінде алдымен бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылатынын атап өту керек. Оны құру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институционалдық рөлін арттыруға және саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді. Жаңа жалпыұлттық диалог платформасы – Қазақстанның Халық Кеңесі құрылады, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырады. Бұл Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін, заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік орган болады. Реформаның негізінде Вице-президент институты құрылады. Адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бап алғаш рет Конституцияда бекітіледі. Осы және басқа да Конституцияға енізілетін өзгерістер Мемлекет тарихы институты мен Президенттік орталығының сарапшылармен өткізген басқосуында жан-жақты талқыланып, толықтай қолдау тапты. Новости Меню навигации
Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасы Еліміздің болашақ дамуының кепілі

Авторлық баған Қарасаев Ғани Мұқашұлы Деректану тарихнама және Отан тарихы бөлімінің басшысы,тарих ғылымдарының докторы Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих Үстіміздегі жылдың 30 қаңтарындағы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялағандығы белгілі. Биылғы жылы өзінің Тәуелсіздігіне қол жеткізген отбесжыл мерзімдегі еліміздің қазіргі жаһандану заманындағы ұзақ жылдарға арналған әр бағытты дамуына сай келетін бұл саяси құжаттың маңызы ерекше екендігі әркімге айғақ. Осылардың ішіндегі кейбір жаңа баптардың маңыздылығына тоқтай кетсек, атап айтқанда, мемлекетіміздің 1995 жылы қабылданып, қазіргі жұмыс істеп тұрған Конституциясына көрсетілмеген маңызды бап және оның тармағы бар. Жобаның 30-бабының 2-ші тармағында «Неке – еркек пен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деп анық жазылған. Осы сөздердің келелілігі сонда,, барлығымызға белгілі, әлі күнге дейін күнделікті өмірімізде кездесетін, жас қыздарды олардың ешқандай келісімінсіз, тіпті бірін-бірі толығынан білмесе де жігіт жағынан өзіне күшпен қосуы(алып қашу) кеңінен орын алып отырғандығы жасырын емес. Ал, мұның өзі Еліміздегі адам құқығының өрескел бұзылуы, тіпті одан ары айтқанда қылмыстық әрекет болып табылатындығы белгілі. Осындай әрекеттен барып, одан ары жақсы, өзара түсіністі, ұрпақ болашағына жауап беретін жанұя қалыптаспайды.Жанұяда толық еркіндік орнамайды. Басқаны айтпағанда, мұндай әректтердің соңы қайғылы жағдайларға ұласып жатқандығын да білеміз. Оған тіпті соңғы уақыттарда мысалдар да жеткілікті. Мұның өзінен Мемлекетіміздегі жанұя қатынасының кіршіксіздігіне, теңдігі мен ұғыныстығына тікелей нұқсан келтіріп отырғандығы айғақтала түседі. Жаңа Конституция жобасындағы 30 баптың жоғарыдағы аталған жаңа тармағының қабылдануы жанұя, некелік қатынастың толық еркіндігіне, жұбайлардың өзара түсіністігі мен сыйластығына әкеледі деп есептейміз. Осы жаңа тармақтың өзі ғана бүгінгі күні қызу талқыланып жатқан Ел Конституциясы жобасының қазіргі уақыт талабына сай дайындалғандығының айқын дәлелі болып табылады. Новости Меню навигации
Отанымыздың тарихын әлемдік деңгейде насихаттау- әрқайсымыздың міндетіміз

Авторлық баған Қарасаев Ғани Мұқашұлы Деректану тарихнама және Отан тарихы бөлімінің басшысы,тарих ғылымдарының докторы Теги: Реформа Қазақстан Құрылтай2026 Үстіміздегі жылдың 20 қаңтарындағы Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында Еліміздің ары қарай дамуыныің келелі бағыттары талқыланып, оларды іске асырудың жолдары көрсетілгендігі белгілі. Яғни, Ұлттық Құрылтай отырысы арқылы Мемлекет басшысы осындай шешімін табуға тиісті ауқымды да келелі мәселелерді бүкіл Қазақстан халқына ұсына отыра, олардың барынша талқылануына назар аударды. Осылай Ұлттық Құрылтайдың әрбір отырысы Ел деңгейіндегі туындап отырған мәселелердің маңызы мен оларды ойдағыдай шешудің жолдарын ақылдасудың алаңына айналып отырғандығы белгі. Міне, аталған мақсаттағы Ұлттық жиынның соңғы отырысында да басқаларымен қатар, адамзаттың даму тарихына елеулі өзгеріс әкелуі арқылы әлемдік маңызға ие болып отырған «Төл тарихымыздың» айшықты мәселелері мен оқиғаларын ел шеңберінен асыра отыра, дүниежүзілік деңгейде насихаттаудың, одан ары жүйелі тұрғыда зерттеулер жүргізудің қажеттігі атап көрсетілді. Атап айтқанда, Президентіміз баяндамасында «Біз соңғы жылдары сан ғасырлық тарихи мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерделеу және дәріптеу жолында біраз жетістікке жеттік. Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Мен осы ауқымды жобаның басталғаны туралы Атырауда өткен Құрылтай отырысында айттым. Көп сериялы фильмнің тұсаукесері беделді халықаралық платформаларда өтеді. Бұл туынды Алтын Орда брендін жер жүзіне дәріптеуге ықпал етеді. Бірақ осындай тарихи тақырыпқа келгенде тартымды, көрнекі, яғни визуалды бейне жасаудан бөлек, алдымен оның ішкі мазмұны, мән-мағынасы терең болуын ойластыру қажет. Сондықтан менің тапсырмаммен мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум ұйымдастырылады. Іс-шараға әлемнің беделді ғалымдары шақырылады»,-деп көрсетіп, оның дүниежүзілік шеңбердегі баға жетпес тарихи маңызына назар аударды. Мемлекет басшысының «Біз тұтас түркі өркениетін зерделеуге де баса мән береміз. Қыркүйекте ресейлік әріптестерімізбен және басқа да елдердің өкілдерімен бірге «Өр Алтай — түркілердің ата қонысы» деген халықаралық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз»,-деген тұжырымынан да барша түркілердің, олардың заңды ұрпақтарының қатарындағы қазақтардың мыңдаған жылдар бойғы төл мекені болып, адамзаттық өркениеттің кіндігіне айналған Алтай өңірінің тарихи маңызын халықаралық деңгейде одан ары барынша кеңінен жариялап, ғылыми баға берудің қажеттігіне тоқтады. Егерде, кейінге шолу жасайтын болсақ Қазақстандық Алтайдың төрінде бұл тақырыптағы халықаралық ғылыми конференциялар соңғы он жыл бойы өткізіліп келеді. Ал, Еліміздің басшысының өзінің осы ұсынысы арқылы бұл ғылыми жиынды ұйымдастырудың мемлекеттераралық маңызына айырықша көңіл бөліп отырғагндығына куә боламыз. Қазақстан Президенті жоғарыдағы баяндалғандармен бірге, Жетітомдық «Қазақстан тарихы» академиялық еңбекті дайындап шығарудың керектігіне де назар аударды. Өзінің осы баяндамасында Мемлекетіміздің Жетекшісі бұлармен бірге Ел азаматтарының, соның ішіндегі жас ұрпақтың бойында «Отансүйгіштік», «Қазақстандық патриотизм» сезімін қалыптастырудағы тағы да басқа атқарылар шараларға тоқтай отыра, мыңдаған жылдарды қамтиын Ұлт тарихының, есімдері мен атқарған істері баршаадамзаттық бағалылықтың қатарына енуге лайық тарихи тұлғаларымызды «Дүниежүзілік Даналар» құрамына кіргізудің келелігін тағы да атап өтті. Президентіміздің айырықша атап көрсеткен атқарылуға тиісті осы маңызды бастамалары Отанымыздың тарихының алтын беттерін Әлемдік тарихтың құрамдас бөліміне енгізудегі нақты қимылдар деп есептеуге болады Новости Меню навигации
Ұлттық Құрылтайда туған ой

Авторлық баған Сүлейменова Дәметкен Жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты,доцент Теги: Реформа Қазақстан Құрылтай2026 Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтай қоғамдық диалогтың стратегиялық бағдар айқындаудың және Ұлттық бірегейлікті нығайтудың маңызды алаңы ретінде қалыптасып отыр. Құрылтайда тарихи сабақтастық ерекше атап өтілді. Президент бүгінгі реформалар кездейсоқ емес, қазақ мемлекеттілігінің ұзақ эволюциясының жалғасы екенін айтты. Бірақ бұл өткенге оралу емес, тарихты қазіргі жауапкершілікпен қабылдау деген ұстаным. Бағдарламаның өзекті бағыттары тарихи әділеттілікпен ұлттық жады, ғылым мен білімнің стратегиялық рөлі, мәдени кеңістіктің жаңаруы және әлеуметтік жауапкершілік. Ғылыми тұрғыда алғанда, бұл басылымдықтар “Институционалдық жаңғыру” және “Құндылықты трансформация” ұғымдарымен сабақтас. Ұлттық бірегейлік те осы логикада қаралды. Ол тек тіл мен мәдениет емес. Ұлттық бірегейлік заңға сену, әділетке қол жеткізу, мемлекетпен диалогта болу. Мемлекет дамуының келесі кезеңі материалдық өсіммен ғана емес, интеллектуалдық және мәдени капиталдың сапасы мен өлшенетіні айқындалды. Президенттің баяндамасында тарихи білімді идеалогиялық құрал емес, ғылыми дәлдікке негізделген қоғамдық сананың тірегі ретінде дамыту қажетігі атап өтілді. Бұл ұстаным қазіргі тарихнамалық талаптарға толық сәйкес келеді. Ғылыми қауымдастық үшін маңызды тұс — тарихи зерттеулерде деректік базаға, архив материалдарына және пәнаралық әдістерге сүйену қажеттігін баса көрсетілді. Сонымен қатар, ғылым мен білім саласы ұлттық қауіпсіздікпен тұрақты дамудың негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырылады. Президенттік көзқараста ғылым экономикалық өсімге қызмет ететін қосалқы сала емес елдің стратегиялық ресурсы ретінде бағаланады делінген. Осы тұста құқық пен әділет тақырыбы алдыңғы қатарға шықты. Қоғамда әділеттілік қағаз жүзінде емес, нақты механизм арқылы сезілуі керек. Бұл туралы адвокат Айман Омарова бірнеше рет атап өткен: егер адам өз құқығын қорғай алмаса, қалған реформалардың барлығы формалды болып қалады. Шынында да, адвокаттар — жүйенің ең әлсіз жері қайда екенін бірінші болып көретін топ. Сотта, тергеуде, процесте. Сондықтан «әділетті мемлекет» туралы сөз адвокаттың тәуелсіздігімен, соттағы теңдікпен тікелей байланысты. V Құрылтайдың маңызды тұсы — институционалдық трансформация жай ғана ұран ретінде емес, нақты бағыт ретінде айтылды. Мемлекет тиімді, ашық, жауап беретін құрылымға айналуы керек деген ой басым болды. Бұл — саяси мәдениеттің өзгеруі. Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік, аймақтық теңсіздік, жастар мен осал топтарды қорғау мәселелері де нақты аталды. Экономикалық өсімнің өзі адам капиталымен және тең мүмкіндікпен бірге жүрмесе, тұрақты нәтиже бермейтіні ашық айтылды. Менің ойымша, бұл Құрылтайдың басты айырмашылығы декларациядан іске өтуге дайындықтың байқалуы. Бірақ кез келген реформа оның қалай жүзеге асатынымен өлшенеді. Заң қабылданып қана қоймай, ол жұмыс істеуі керек. Құрылтай — бастама. Ал нәтиже — күнделікті өмірде көрінуі керек. Новости Меню навигации