
Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері
Жаңа Конституция жобасында ел болашағының білімді, кәсіби және
шығармашыл азаматтарға сүйенетіндігіне баса назар аударылып, Қазақстан
дамуының жаңа бағыты айқындалған.
Ел дамуындағы негізгі фактор ретінде адамның білімі мен қабілеті
алдыңғы орынға қойылып, білім мен ғылымға, мәдениет пен инновацияға
басымдық берілгендігі қуантады. Себебі, әрбір азаматтың білімі мен
еңбегінің деңгейі, адами капитал сапасы еліміздің келешекте қандай
болатынын айқындайтын көрсеткіш. Осылайша, мемлекетіміздің негізгі
міндеттерінің қатарына адами капиталды дамыту белгіленіп, басты мақсат
ретінде сапалы білімге қолжетімділік, ғылыми әлеуетті күшейту және
зияткерлік ұлт қалыптастыру көзделген.
Осы тарихи құжатта, сонымен бірге, халқымыздың тарихи
сабақтастығын негіздейтін «Ұлы Дала» ұғымы көрініс тапқан. Атап өтер
болсақ, Жоғары заң шығарушы органның — Құрылтай атануы тарихи саяси
үрдістің қайта жаңғыртылып отырғанының дәлелі. Сондай-ақ, ұлттық
құндылықтарымызды дәріптеу, тарихи мұраны сақтау, шығармашылық
еркіндік қоғамдағы маңызды фактор ретінде айқындалған.
Бұл тарихи маңызы бар құжат білімді ұлт, инновациялық даму және
болашағымыз бен қауіпсіздігімізді қамтамасыз етудегі басты бір сенімді
қадам болады деген сенімдеміз.
* — Толтыруға міндетті өрістер
Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін