Мемлекетіміздің басты құндылығы – адам капиталы

Авторлық баған Ермұханова Хадиша Кенжеғұлқызы, Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих Жаңа Конституция жобасында ел болашағының білімді, кәсіби жәнешығармашыл азаматтарға сүйенетіндігіне баса назар аударылып, Қазақстандамуының жаңа бағыты айқындалған.Ел дамуындағы негізгі фактор ретінде адамның білімі мен қабілетіалдыңғы орынға қойылып, білім мен ғылымға, мәдениет пен инновацияғабасымдық берілгендігі қуантады. Себебі, әрбір азаматтың білімі менеңбегінің деңгейі, адами капитал сапасы еліміздің келешекте қандайболатынын айқындайтын көрсеткіш. Осылайша, мемлекетіміздің негізгіміндеттерінің қатарына адами капиталды дамыту белгіленіп, басты мақсатретінде сапалы білімге қолжетімділік, ғылыми әлеуетті күшейту жәнезияткерлік ұлт қалыптастыру көзделген.Осы тарихи құжатта, сонымен бірге, халқымыздың тарихисабақтастығын негіздейтін «Ұлы Дала» ұғымы көрініс тапқан. Атап өтерболсақ, Жоғары заң шығарушы органның — Құрылтай атануы тарихи саясиүрдістің қайта жаңғыртылып отырғанының дәлелі. Сондай-ақ, ұлттыққұндылықтарымызды дәріптеу, тарихи мұраны сақтау, шығармашылықеркіндік қоғамдағы маңызды фактор ретінде айқындалған.Бұл тарихи маңызы бар құжат білімді ұлт, инновациялық даму жәнеболашағымыз бен қауіпсіздігімізді қамтамасыз етудегі басты бір сенімдіқадам болады деген сенімдеміз. Новости Меню навигации

Сарапшылар жаңа Конституцияны талқылауға қатысты пікір білдірді

Авторлық баған Калижанов Нұржау Талғатұлы Мемлекет тарихы институтының кіші ғылыми қызметкері Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих 2026 жылғы 3 ақпанда Президенттік орталықта Қазақстан Республикасының негізгі заңы – жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті. Іс-шара аясында қатысушылар конституциялық реформаның мазмұны мен ұсынылып отырған өзгерістердің қисынына қатысты тұжырымдамалық және қолданбалы мәселелердің кең ауқымын қарастырды. Талқылаудың негізгі бағыттарының бірі құқық қолдану мәселелері болды. Сарапшылар Конституция нормаларының тиімділігі олардың іс жүзінде жүзеге асырылуына, атап айтқанда сот жүйесінің, Парламенттің, адвокатураның және қоғамдық бақылау институттарының қызметіне, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейі мен мемлекеттік институттарға деген сенімге тікелей байланысты екенін атап өтті. Кездесу барысында конституциялық реформаның басты бағыттары және олардың мемлекеттілікті нығайту, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, сондай-ақ биліктің тұрақты әрі есеп беретін жүйесін дамытудағы маңызы жан-жақты талданды. Ерекше назар жаңартылған Ата Заңның түпқазығы ретінде тұлғаның басымдығы қағидатына аударылды. Сонымен қатар институционалдық өзгерістер мен оларды іске асыру тетіктері жеке блок ретінде қарастырылды. Ұсынылып отырған конституциялық жаңашылдықтардың мемлекеттік басқарудың неғұрлым теңгерімді моделін қалыптастыруға және қоғамдық-саяси саладағы құқықтық кепілдіктерді күшейтуге бағытталғаны атап өтілді. Бұдан бөлек, қатысушылар Конституция преамбуласының мәніне ерекше тоқталып, оны елдің болашақ дамуының идеялық-құндылықтық негізі ретінде қарастырды. Онда заң үстемдігі қағидаттары, тарихи сабақтастық, мемлекеттің қоғам алдындағы жауапкершілігі, сондай-ақ экология мен инновациялық дамудың басымдықтары көрініс табатыны айтылды. Новости Меню навигации

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасындағы негізгі баптардың құқықтық және саяси маңызы

Авторлық баған Сүлейменова Дәметкен Жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты,доцент Теги: Сараптамалық пікір Реформа Қазақстан біздің_тарих      Қазіргі заманғы мемлекеттердің дамуы құқықтық жүйенің қоғамдағы өзгерістерге уақтылы бейімделу қабілетіне тікелей байланысты. Конституция мемлекеттің саяси құрылымын ғана емес, сонымен қатар қоғамның құндылықтық бағдарларын, азамат пен билік арасындағы өзара жауапкершілікті айқындайтын негізгі құқықтық акт болып табылады. Осы тұрғыда конституциялық реформалар билік жүйесін жаңарту құралы ғана емес, қоғамдық дамудың стратегиялық бағытын қайта айқындау тетігі ретінде көрінеді. Қазақстанда әзірленіп жатқан жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік рөлін күшейтуге, азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға және саяси тұрақтылықты институционалдық тұрғыдан бекітуге бағытталған кешенді трансформацияны білдіреді. Атап айтқанда, 3, 6, 24 және 48-баптар мемлекеттің жаңа даму философиясын айқын көрсететін негізгі құқықтық нормалар болып табылады. Бұл баптар арқылы мемлекет тек басқарушы құрылым емес, қоғамдық дамудың белсенді қатысушысы ретінде қайта қалыптасуда.    Жаңа Конституция жобасының 3-бабында мемлекеттің қызметтік қағидаттары айтарлықтай кеңейтілген. Онда адам құқықтарын қорғау, ұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық диалогты дамыту, білім мен ғылымды қолдау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтар ретінде белгіленеді. Қолданыстағы Конституцияда мемлекеттік биліктің құрылымдық қағидаларына көбірек назар аударылса, жаңа жоба мемлекетті әлеуметтік және рухани дамудың жетекші институты ретінде көрсетеді. Бұл өзгеріс мемлекеттің тек құқықтық реттеуші ғана емес, қоғамның ұзақ мерзімді дамуына жауапты субъект ретіндегі рөлін күшейтеді. Осылайша конституциялық нормаларда әлеуметтік әділеттілік пен тұрақты даму идеялары тікелей бекітіледі.     6-бапта саяси және қоғамдық жүйені реттеудің жаңа тетіктері енгізілген. Саяси әралуандық сақтала отырып, мемлекеттік органдарда партиялық құрылымдарға тыйым салу және қоғамдық бірлестіктердің қаржыландыру ашықтығын қамтамасыз ету көзделген. Бұл нормалар саяси процестердің сыртқы ықпалдан тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.     Аталған бап демократиялық еркіндікті шектемей, оны ұлттық қауіпсіздікпен үйлестіру принципіне негізделеді. Мұндай тәсіл қазіргі конституциялық теорияда «еркіндік пен тұрақтылықтың теңгерімі» ретінде кеңінен қолданылады және институционалдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиімді құралы саналады.     24-бапта еңбек ету бостандығы нақты құқықтық мазмұнға ие болады. Азаматтардың кәсіп пен қызмет түрін еркін таңдау құқығы айқындалып, еріксіз еңбекке тек сот шешімі немесе төтенше жағдайларда ғана жол берілетіні белгіленеді. Бұл нормалар еңбек құқықтарын халықаралық құқық стандарттарына жақындатады.     Нәтижесінде әлеуметтік құқықтар бұрынғыдай декларативті сипатта қалмай, нақты құқықтық қорғау тетіктерімен қамтамасыз етіледі. Бұл мемлекет пен азамат арасындағы әлеуметтік келісімнің жаңа деңгейін қалыптастырады.     48-бапта Президент өкілеттігін уақытша беру тәртібінің сақталуы саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды механизм болып табылады. Өкілеттіктің заңмен белгіленген тәртіппен берілуі басқару вакуумының алдын алып, мемлекеттік институттардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл баптың өзгеріссіз қалуы конституциялық реформаның радикализмге емес, институционалдық тұрақтылыққа негізделгенін көрсетеді. Яғни реформалар эволюциялық сипатта жүзеге асырылып отыр.     Жаңа Конституция жобасындағы 3, 6, 24 және 48-баптар Қазақстандағы конституциялық дамудың сапалық жаңа кезеңін білдіреді. Мемлекет енді тек билік жүргізуші құрылым емес, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, құқықтарын нақты қорғауға және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жауапты әлеуметтік институт ретінде қалыптасуда. Бұл реформалар құқықтық мемлекет қағидаттарын тереңдетіп, демократиялық басқарудың жаңа моделін орнықтыруға бағытталған. Әлеуметтік әділеттілік, саяси тұрақтылық және адам құқықтарының нақты кепілдігі жаңа Конституция жобасының өзегіне айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, жүргізіліп жатқан конституциялық жаңғырту Қазақстанның ұзақ мерзімді саяси және құқықтық дамуының стратегиялық негізін құрайды.   Новости Меню навигации

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін