
Жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты,доцент
Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтай қоғамдық диалогтың стратегиялық бағдар айқындаудың және Ұлттық бірегейлікті нығайтудың маңызды алаңы ретінде қалыптасып отыр.
Құрылтайда тарихи сабақтастық ерекше атап өтілді. Президент бүгінгі реформалар кездейсоқ емес, қазақ мемлекеттілігінің ұзақ эволюциясының жалғасы екенін айтты. Бірақ бұл өткенге оралу емес, тарихты қазіргі жауапкершілікпен қабылдау деген ұстаным.
Бағдарламаның өзекті бағыттары тарихи әділеттілікпен ұлттық жады, ғылым мен білімнің стратегиялық рөлі, мәдени кеңістіктің жаңаруы және әлеуметтік жауапкершілік. Ғылыми тұрғыда алғанда, бұл басылымдықтар “Институционалдық жаңғыру” және “Құндылықты трансформация” ұғымдарымен сабақтас.
Ұлттық бірегейлік те осы логикада қаралды. Ол тек тіл мен мәдениет емес. Ұлттық бірегейлік заңға сену, әділетке қол жеткізу, мемлекетпен диалогта болу. Мемлекет дамуының келесі кезеңі материалдық өсіммен ғана емес, интеллектуалдық және мәдени капиталдың сапасы мен өлшенетіні айқындалды.
Президенттің баяндамасында тарихи білімді идеалогиялық құрал емес, ғылыми дәлдікке негізделген қоғамдық сананың тірегі ретінде дамыту қажетігі атап өтілді. Бұл ұстаным қазіргі тарихнамалық талаптарға толық сәйкес келеді.
Ғылыми қауымдастық үшін маңызды тұс — тарихи зерттеулерде деректік базаға, архив материалдарына және пәнаралық әдістерге сүйену қажеттігін баса көрсетілді.
Сонымен қатар, ғылым мен білім саласы ұлттық қауіпсіздікпен тұрақты дамудың негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырылады. Президенттік көзқараста ғылым экономикалық өсімге қызмет ететін қосалқы сала емес елдің стратегиялық ресурсы ретінде бағаланады делінген.
Осы тұста құқық пен әділет тақырыбы алдыңғы қатарға шықты. Қоғамда әділеттілік қағаз жүзінде емес, нақты механизм арқылы сезілуі керек. Бұл туралы адвокат Айман Омарова бірнеше рет атап өткен:
егер адам өз құқығын қорғай алмаса, қалған реформалардың барлығы формалды болып қалады.
Шынында да, адвокаттар — жүйенің ең әлсіз жері қайда екенін бірінші болып көретін топ. Сотта, тергеуде, процесте. Сондықтан «әділетті мемлекет» туралы сөз адвокаттың тәуелсіздігімен, соттағы теңдікпен тікелей байланысты.
V Құрылтайдың маңызды тұсы — институционалдық трансформация жай ғана ұран ретінде емес, нақты бағыт ретінде айтылды. Мемлекет тиімді, ашық, жауап беретін құрылымға айналуы керек деген ой басым болды. Бұл — саяси мәдениеттің өзгеруі.
Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік, аймақтық теңсіздік, жастар мен осал топтарды қорғау мәселелері де нақты аталды. Экономикалық өсімнің өзі адам капиталымен және тең мүмкіндікпен бірге жүрмесе, тұрақты нәтиже бермейтіні ашық айтылды.
Менің ойымша, бұл Құрылтайдың басты айырмашылығы декларациядан іске өтуге дайындықтың байқалуы. Бірақ кез келген реформа оның қалай жүзеге асатынымен өлшенеді. Заң қабылданып қана қоймай, ол жұмыс істеуі керек.
Құрылтай — бастама.
Ал нәтиже — күнделікті өмірде көрінуі керек.
* — Толтыруға міндетті өрістер
Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін