Мемлекет тарихы институтының Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, саяси ғылымдар докторы, профессор Венера Абыхановна Жексембекова Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкенов пен Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Анапияұлы Тілепке Институт ғалымдары әзірлеген «Ауылдағы биліктің эволюциясы және жергілікті өзін-өзі басқару» және «Казахстанская модель демократизации общества (қоғамды демократияландырудың Қазақстандық моделі)» атты монографияларды табыстады.
Аталған еңбектерде ауылдық басқару институттарының трансформациясы, жергілікті өзін-өзі басқарудың эволюциясы және Қазақстандағы демократиялық жаңғырудың институционалдық тетіктері жан-жақты қарастырылады.
Бұл бастама Мемлекет тарихы институтының ғылыми зерттеулерді мемлекеттік басқару практикасына енгізуге бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.