Астанада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі: тарих, қазіргі заман және дамудың жаңа қырлары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі: тарих, қазіргі заман және дамудың жаңа қырлары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны ҚР Президенттік орталығы, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Мемлекет тарихы институты және Жошы ұлысын зерделеу ғылыми институты бірлесіп ұйымдастырды. Конференция жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, отандық және халықаралық ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты. Конференцияның пленарлық бөлімінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек модератор болды. Конференция қатысушыларына құттықтау сөздерін Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп, Қазақстан Республикасының Парламенті  Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Сарангоо Раднаарагча және АӨСШК Бас хатшысы, Елші Қайрат Сарыбай жеткізді. Сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері Алтыншаш Жағанова мен Әлихан Байменов ел егемендігінің алғашқы жылдарындағы тарихи тәжірибелермен бөлісті. Конференцияның екінші бөліміне Президенттік орталықтың директоры Бақытжан Темірболат модератор болды. Мемлекет тарихы институтының директоры, PhD Нұрбек Пұсырманов институт ұжымы дайындаған екі ғылыми монографияның тұсаукесерін ұйымдастырды. Баяндамашылар қатарында Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Нурия Ниязова, Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова, София университетінің профессоры Татьяна Дронзина (Болгария), Белосток мемлекеттік университетінен Мария Жуковская (Польша), Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан, Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Әлия Масалимова болды. Қатысушылар өз баяндамаларында мемлекеттік егемендік пен тәуелсіздік идеяларының тарихи бастаулары мен эволюциясын пәнаралық тұрғыдан зерделеудің өзектілігін атап өтті. Мемлекеттік құрылым тәжірибесін жетілдіру, қоғамды демократияландыру және мәдени құндылықтарды жаңғырту бағыттары талқыланды. Ғалымдар мен сарапшылар қазіргі саяси ахуал жағдайында жастар арасында «Заң мен тәртіп», «Тәуелсіздік пен Отаншылдық» қағидаттарын кешенді насихаттау қажеттігін ұсынды. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар ғалымдарды жаңа мұрағаттық материалдарды ашуға және Республика күнінің тарихи мәні мен мазмұнын терең зерттеуге шақырды.

Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері Болгарияда өткен «Шығыс – Батыс» конференциясында баяндама жасады

2025 жылғы 6-8 қазан аралығында Мемлекет тарихы институтының «Еуразиялық және саяси зерттеулер» бөлімінің жетекшісі В. Жексембекова София қаласында (Болгария) өткен «Шығыс – Батыс: ғылыми білімнің синергиясы» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Форум әртүрлі елдердің ғалымдары мен оқытушыларын біріктіріп, ғылыми диалогқа арналған маңызды алаңға айналды. Конференцияның тең ұйымдастырушылары  Әулие Климент Охридский атындағы София университеті, Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті және Бұқара мемлекеттік университеті болды. Іс-шараның негізгі мақсаты – көне философиялық трактаттардың мұрасын қазіргі ғылыми пікірталастар мен Шығыс пен Батыс арасындағы диалог контекстінде қайта қарастыра отырып, ғылым мен білімнің дамуына жаңа серпін беру. Конференция аясында қатысушылар ғылым мен білімнің интеграциясы, олардың қазіргі қоғам мен мәдениетті қалыптастырудағы рөлі, сондай-ақ жаңа технологиялардың гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының дамуына әсері сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Басты назар ғылыми зерттеулер мен білім беру тәжірибелерінде жаңа мүмкіндіктер ашатын инновациялық тәсілдерге аударылды. 7 қазанда Венера Жексембекова Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің проректоры Мадлен Дановамен кездесті. Кездесу барысында ғылыми және білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықтың болашағы мен бірлескен зерттеулердің өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар ғылыми байланыстарды нығайтуға қызығушылық білдіріп, бұл мәдениеттер арасындағы диалогты дамытуға және пәнаралық зерттеулерді тереңдетуге ықпал ететінін атап өтті. Сапар барысында София университетінің жетекші ғалымдарымен кездесулер өткізу,  ғылыми ынтымақтастық бағыттары, бірлескен конференциялар мен ғылыми жарияланымдарға қатысу мәселелерін талқылау жоспарланды. Сондай-ақ, София қаласының мэрімен ресми кездесу өткізу көзделіп, оның барысында мәдени алмасу және гуманитарлық саладағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылатын болды. Аталған «Шығыс – Батыс: ғылыми білімнің синергиясы» конференциясына қатысу халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту, зерттеу көкжиегін кеңейту және еуразиялық ғылыми ойды жаһандық академиялық кеңістікте насихаттау жолындағы маңызды қадам болып саналды. Мұндай іс-шаралардың тек білім алмасуда ғана емес, Шығыс пен Батысты біртұтас мәдени және ғылыми үдерістің өзара толықтырушы бөліктері ретінде қарастыратын ортақ интеллектуалдық кеңістік қалыптастыруда  ықпалы зор.

Қазақстан Конституциясы-біздің мемлекетіміз бен қоғамымыздың қайнар көзі

Биыл Қазақстан халқы қолданыстағы Ата Заңымызды 30-шы рет атап өтуде. Бұл құжаттың басты ерекшелігі – онда құқықтық, демократиялық, әлеуметік мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары,  қоғамның рухани және саяси әралуандығы, нарықтық қатынастардың орнығуы әлемдік талаптарға жан-жақты сәйкестендірілген. Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаев  2020 жылы ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысып айтқанындай: «Конституция Тәуелсіздігіміздің берік құқықтық негізін қалады. Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп жарияланды. Еліміздің аумақтық тұтастығы, қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, құқық үстемдігі және демократия қағидаттары бас құжатымызда айқын көрініс тапты».  Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның мазмұны уақыт талабына сәйкес жетіліп, жаңартылып отыратынын, оның заңды құбылыс екенін айтты. Бүгінде бүкіл әлемнің кескін-келбеті өзгеріп жатыр. Осындай кезеңде Қазақстан да көштен қалмай, қарқынды дамуда. Сондықтан қалыптасқан жаңа ахуалға сай Ата заңның мәтініне қосымша құқықтық тетіктер мен нормалар енгізіліп отырады. Ата заңымыз қабылданған ширек ғасыр ішінде үш конституциялық реформа жасалды. Бұл жұмысқа азаматтық қоғам кең көлемде атсалысты [1]. Бірақ олардың барлығы тек Парламенттің шешімімен ғана жүзеге асырылды. Ал 2022 жылғы, төртінші конституциялық реформаның ерекшелігі – ол бүкілхалықтық реформа арқылы жүзеге асырылып отыр.  Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, 2022 жылғы 5 маусымда жалпыұлттық референдум табысты өтті. Азаматтарымыз дауыс беруге белсене қатысты. Отбасымен бірге барып, ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Шынайы өзгеріске және жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылысын білдірді. Келешегіміздің жарқын боларына үміті және сенімі зор екенін байқатты. Еліміз ертеңгі күнге мызғымас бірлікпен қадам басуға дайын екенін анық аңғартты. Референдумның қорытындысы баршаңызға белгілі. «Көпшілік Ата заңға өзгерістер енгізу туралы менің бастамамды қолдады. Дауыс беруге қатысқан барша азаматтарға зор алғысымды айтамын. Осылайша, ел дамуының тарихи кезеңі басталды.  Елді басқарудың жаңа үлгісі пайда болды. Яғни, біз Екінші Республиканы құруға кірістік» [2].  Президент өз пікірін былай деп түйіндеді: «Ең басты мәселе, біз Тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойдық, мемлекеттік шекарамызды бекіттік…  Біз бүкіл ел болып Жаңа Қазақстанды құрамыз. Бұл – оңай шаруа емес. Жұртымыз жаңаша өмір сүруге бейімделуі қажет. Халқымыздың сана-сезімі, құндылықтары түбегейлі жаңаруы керек. Сонда ұлттың жаңа сапасы қалыптасады. Бір сөзбен айтқанда, барша еліміз жаңарады» [2].    ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің пікірінше,   Конституцияға енгізілген өзгерістердің негізінде  Қазақстанды ауқымды саяси жаңғырту күтіп тұр. Оның айтуынша,  Ата заңымызға енгізілген түзетулер еліміз үшін тағдыршешті мәнге ие. Конституциялық реформа дегеніміз – Президенттің 2019 жылдан бергі бүкіл саяси реформаларының қисынды жалғасы,   конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұраныстарына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылуда. «Жоба бойынша жетекші ғалымдар, құқықтанушылар жұмыс істеді. Бәлкім көпшілігіңіз үшін Конституцияның ескі және жаңа редакциясы арасындағы айырмашылықты бірден көру қиын болады. Сондықтан біз барлық өзгерістер мен толықтыруларды бес ірі блокқа бөлдік, олардың әрқайсысы жаңартылған Конституцияда не өзгереді деген басты сұраққа жауап береді» [3].   Түзетулердің  алғашқы  блогы суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшуді қамтамасыз етеді. «Біріншіден, Президент өз өкілеттігі кезеңінде ешқандай саяси партия құрамында болмайды. Бұл тыйым Конституциялық соттың, Жоғарғы Соттың, өзге де соттардың төрағалары мен судьяларына, Орталық сайлау комиссиясының, сондай-ақ ҚР жоғары аудиторлық палатасының төрағасы мен мүшелеріне қолданылады. Түзетудің артықшылығы – саяси бәсекелестікті күшейту және барлық саяси партиялардың дамуы үшін тең жағдай жасау. Екіншіден, Президенттің жақын туыстарының мемлекеттік қызметшілер және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы болмайды. Үшіншіден, Президенттің аудандар, қалалар мен ауылдық округтер әкімдерін қызметінен босатуға да  құқығы болмайды.   Түзетулердің екінші блогы бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлуге бағытталған. «Біріншіден, Сенаттағы президенттік квота 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқарды. Бұл ретте олардың бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынады. Екіншіден, Сенат Конституциялық Кеңес пен Жоғары Сот Кеңесі төрағаларының қызметіне Президент енгізетін кандидатураларды мақұлдай алады. Үшіншіден, Конституциялық сот құрылды. Конституциялық сот 11 судьядан тұрады – бұл бұрынғыдан төрт адамға көп. Оның құрамы былайша құрылып отыр: 6 судьяны Парламент тағайындап, төрт судьяны Президент тағайындайды. Сонымен бірге Мемлекет басшысы Конституциялық Соттың Төрағасын Сенат келісімімен тағайындайды. Төртіншіден, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып қайта құрылды. Оның төрағасы жылына екі рет Мәжіліс депутаттары алдында есеп береді. Мұндай шара депутаттардың бюджетті бақылауын кеңейтеді. Түзетулердің үшінші блогында Парламент пен оның палаталарының рөлі мен мәртебесін арттыру туралы айтылған. Мемлекеттік кеңесші Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы Мәжілістен Сенатқа ауыстырылып, 9 депутаттан 5 депутатқа дейін қысқаратынын еске салды. Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Мәжілістің 30%-ын бір мандатты депутаттар құрайды. Бұл барлық азаматтардың құқықтарын толық ескеруге мүмкіндік береді. «Мәжіліске заң қабылдау, ал Сенатқа оларды мақұлдау немесе мақұлдамау ұсынылады. Бұл саяси жүйедегі кедергілер мен тепе-теңдік тетігін нығайтады» [3]. Конституцияға енгізілген түзетулердің төртінші блогы халықтың ел басқару ісіне көбірек қатысуын көздейді. Ең бастысы, жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі деген норма Конституцияда түпкілікті және біржақты бекітілген. Мемлекет халық атынан меншік құқығын жүзеге асырады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке Президент осы өңірдің барлық мәслихаттары депутаттарының келісімімен ғана тағайындайды. Бұл ретте Мемлекет басшысы кемінде екі кандидатура ұсынып, олар бойынша дауыс беру өткізіледі. Ең көп дауыс алған кандидат лауазымға тағайындалады. Түзетулердің бесінші блогы азаматтардың құқықтарын қорғау тетігін күшейтуге бағытталған. Біріншіден, Конституциялық сот азаматтар өтініші бойынша ҚР құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарайды. Екіншіден, өлім жазасын конституциялық деңгейде жою туралы шешім түпкілікті бекітіліп отыр. Үшіншіден, прокуратураның жұмысы Конституциялық заңмен белгіленеді. Бұл жүйелі құқық қорғау қызметін және мемлекет атынан ел аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды күшейтеді. Төртіншіден, адам құқықтары жөніндегі уәкіл иммунитетке және қандай да бір мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға тәуелді болмау және есеп бермеу кепілдіктеріне ие болды. Оның Конституциялық сотқа жүгінуге құқығы пайда болды. Осы аталған түзетулердің, Мемлекеттік кеңесшінің пікірінше, Қазақстан үшін тарихи маңызы бар. Бұл реформалар – ауқымды саяси жаңғырудың аса маңызды кезеңі. Осы түзетулер қабылданғаннан кейін 20-дан астам заңды өзгерту қажет болды. Конституциялық реформа жүйелі сипатқа ие. Нәтижесінде барлық мемлекеттік модельдің тиімділігі артып   отыр [3].           Қазақстан Конституциясының басты тарихи маңызы еліміздің ұлттық бірлігін нығайту мен қоғамымызды одан әрі демократияландыруға ерекше көңіл бөлуі дер едік. Оған елімізді мекендеген жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің барлық мүдделерінің қорғалып отырғандығының нәтижесі дәлел болып отыр. Қазақстан халқының біртұтастығы, ұлтаралық келісімі, мемлекеттікті одан әрі нығайту, дамыту аясында ерекше маңызды орын алады. Түрлі ұлыстардың өкілдері түрып жатқан ел халқының басын біріктіру, оны күнделікті жүзеге асыру Конституция тұжырымдамалары мен баптарында жан-жақты қарастырылған [4]. Өткен XX ғасырда Қазақстанда бес Конституция қолданыста болды, олар: Қазақ АКСР-нің 1926 жылғы Конституциясы, Қазақ КСР-нің 1937 жылғы Конституциясы, Қазақ КСР-нің 1978 жылғы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы және қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы Конституция. Қазақстанның конституциялық құрылысының бұрынғы табыстары мен жетістіктері, сонымен қатар олқылықтары мен

2024 жылғы 18 сәуірде Мемлекет тарихы институты мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумда мынадай мақсаттар айқындалған: өзара ынтымақтастықты нығайту, ғылыми зерттеулер саласындағы тиімді әріптестік және бірлескен мәдени-ағартушылық бағдарламаларды іске асыру. Сонымен қатар, Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пусырманов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында Қазақстан тарихының 7 томдығы аясында жазылған оқулықтарды сынақтан өткізуді ұсынды.

Бүгін біздің институтқа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы мырза келді

Бүгін біздің институтқа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы мырза келді. Кездесу Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «біз озық ұлт ретінде тек алға қарауымыз керек»әңгімесінің тезистерін талқылауға арналды. Бұл сұхбатта» жаңа ғылыми мекемелер құрылды және бұрынғы ғылыми мекемелер жаңартылды»делінген. Міне, бір нақты мысал — Мемлекет тарихы институты . Тұрақты жұмыс әлі де көп. Дегенмен, Нұртор Байтілесұлы екеуміз өз есебіміз бен жоспарымызбен бөлістік. Өткен жылдың соңында іске қосылған «Жас ғалым» тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үй алған қызметкерді таң қалдырды. Сонымен қатар, 2023 жылдың соңында біз Болашақ бағдарламасының (АҚШ, Түркия) «жас ғалымы» тағылымдамасынан өткен қызметкерімізбен ұлттық мүдделер мен шындыққа берілгендік қажеттігін атап өттік. Институт тарихының 15 жылында 99 монография жазылды, сонымен қатар біз осы кітаптардың көрмесімен таныстық. Ол сондай-ақ институттың жаңартылған материалдық-техникалық жабдықтарына қамқорлық жасады. «Мың рет айтқанша бір рет». Нұртөре Байтілесұлы дүйім-жұртшылық білетін жалғыз азамат. Кездесуге келіп, уақыт тапқаны үшін Институт қызметкерлерінің атынан және жеке өзіме алғысымды білдіремін. Шақыруды арнайы хатпен қолдаған ҚР Сенатының төрағасы Мәулен Сағатханұлына да алғыс айтамыз.

Жас ғалымдарға арналған зерттеу бағыттары

Мемлекет тарихы институтының Ғылыми кеңесінің шешімімен тәуелсіз Қазақстан тарихы бойынша ғылыми зерттеулердің басым бағыттары айқындалды. Ұсынылған бағыттар зерттеушілерге, ізденушілерге, докторанттарға, магистранттарға арналған. Бұл бағыттар Институттың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес әзірленді. Ақпарат институттың ресми сайтында орналастырылған(https://history-state.kz/statichttp://admin.history-state.kz/media/Рекомендации.2556107f1e9cd76cbbf0.pdf). Жақын арада осы бағыттар бойынша зерттеулер жүргізетін ізденушілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, жас ғалымдармен ынтымақтастық шеңберінде институт тарапынан ғылыми консультациялар түрінде де, шетелдік тағылымдамалардан өтуге де қолдау көрсетілетін болады. Сондай-ақ ғылыми кітапханада, институттың мұрағаттағы зертханасында жұмыс істеу үшін кең мүмкіндіктер жасалады. Осылайша, жылдан жылға отандық тарихты зерттеу бағыттары кеңейетін болады. Бүгінгі таңда еліміздің 15 жоғары оқу орнында «тарих» докторантура бағдарламасы (D053) бойынша 10 жоғары оқу орны, «тарих педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша (d016) – 6 жоғары оқу орны даярланады.

Жаңа гуманитарлық білім. Жаңа Тестілеу көкжиегі.

Мемлекет тарихы институты мен Ұлттық тестілеу орталығы алдағы бірлескен жұмысты пысықтады. Бұл ретте ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына көшу контексінде тарих мәселелерінің кәсіптік бағдарлау басымдықтары талқыланды. Бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек атап өткендей, » жаңа форматтағы тест сұрақтары SAT (Scholastic Assessment Test) халықаралық емтиханына ұқсайды. Онда алдымен баланың ойлауы ескеріледі «» Ұлттық тестілеу орталығының директоры Р. Ембаев » биыл тест дайындайтын 350 маман оқытылып, сертификатталды. Олар жаңа сипаттағы 5 мың сұрақ әзірлеп жатқанын атап өтті». Өз кезегінде институт директоры Н. Пусырманов институттың Жаңа гуманитарлық білімді қалыптастыру жөніндегі жұмысқа белсенді қатысуға дайындығын, білім алушылардың заманауи кәсіптік бағдарлауындағы тест сұрауларының рөлінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Нұрбек Серікұлы Қазақстан тарихы тек сандардан, күндерден ғана емес, оны оқыту білім алушының өмірлік дағдыларын, құзыреттіліктерін шыңдауға, категориялық ойлау мен сыни көзқарасты қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, біздің еліміздегі Ұлттық тестілеу орталығының 30 жылдығы маңызды күн болды және бұл тәуелсіз ел тарихындағы, оның ішінде ұлттық білім беру жүйесіндегі бірегей табысты жоба. Бұл бағытта әріптестік жұмыс еліміздегі білім беру саласын жедел тұрақты реформалауға ықпал ететініне сенімді болды.

Ғылыми тарих көпшілікке белгілі болады

Бүгін Мемлекет тарихы институты мен» Qazcontent » АҚ екіжақты қатынастарды нығайту туралы Меморандумға қол қойды. Мақсаты-ұлттық тарихты электрондық форматта насихаттайтын цифрлық платформа («Digital history») түріндегі Qazaqstan tarihy интернет-жобасын одан әрі кеңінен дамыту. Жаңа платформада жаңа технологиялар, мультимедиялық құралдар Тарихи материалдың көпшілікке түсінікті тілде болуы, тарихи дереккөздерді талдау, ғылыми тұжырымдарды жеткізу үшін қолданылады. «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы Бекзат Жүсіпов платформа аясында жас тарихшы ғалымдарды қолдау және олардың мақалаларын, зерттеу жұмыстарын портал бетінде жариялау мүмкіндігі пайда болғанын атап өтті. Өз кезегінде, Мемлекет тарихы институтының, PhD директоры Нұрбек Пусырманов ел тарихын порталмен түсіндіру ісінде цифрлық медиа мүмкіндігі арқылы виртуалды пайдаланушыға тарихты қолжетімді ету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, мәдениет тарихы мен тарихтың географиямен үйлесуіне, Қазақстан тарихы туралы мәліметтердің шет тілдерінде кеңінен таралуына назар аударды. Меморандум аясында Мемлекет тарихы институты мен Qazaqstan tarihy бірлескен медиа жобаларды іске асыруға ниетті.

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін