Жаңалықтар

Басты бет / Жаңалықтар

Басты бет / Жаңалықтар

Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері Болгарияда өткен «Шығыс – Батыс» конференциясында баяндама жасады

2025 жылғы 6-8 қазан аралығында Мемлекет тарихы институтының «Еуразиялық және саяси зерттеулер» бөлімінің жетекшісі В. Жексембекова София қаласында (Болгария) өткен «Шығыс – Батыс: ғылыми білімнің синергиясы» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.

Форум әртүрлі елдердің ғалымдары мен оқытушыларын біріктіріп, ғылыми диалогқа арналған маңызды алаңға айналды. Конференцияның тең ұйымдастырушылары  Әулие Климент Охридский атындағы София университеті, Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті және Бұқара мемлекеттік университеті болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – көне философиялық трактаттардың мұрасын қазіргі ғылыми пікірталастар мен Шығыс пен Батыс арасындағы диалог контекстінде қайта қарастыра отырып, ғылым мен білімнің дамуына жаңа серпін беру.

Конференция аясында қатысушылар ғылым мен білімнің интеграциясы, олардың қазіргі қоғам мен мәдениетті қалыптастырудағы рөлі, сондай-ақ жаңа технологиялардың гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының дамуына әсері сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Басты назар ғылыми зерттеулер мен білім беру тәжірибелерінде жаңа мүмкіндіктер ашатын инновациялық тәсілдерге аударылды.

7 қазанда Венера Жексембекова Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің проректоры Мадлен Дановамен кездесті. Кездесу барысында ғылыми және білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықтың болашағы мен бірлескен зерттеулердің өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар ғылыми байланыстарды нығайтуға қызығушылық білдіріп, бұл мәдениеттер арасындағы диалогты дамытуға және пәнаралық зерттеулерді тереңдетуге ықпал ететінін атап өтті.

Сапар барысында София университетінің жетекші ғалымдарымен кездесулер өткізу,  ғылыми ынтымақтастық бағыттары, бірлескен конференциялар мен ғылыми жарияланымдарға қатысу мәселелерін талқылау жоспарланды. Сондай-ақ, София қаласының мэрімен ресми кездесу өткізу көзделіп, оның барысында мәдени алмасу және гуманитарлық саладағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылатын болды.

Аталған «Шығыс – Батыс: ғылыми білімнің синергиясы» конференциясына қатысу халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту, зерттеу көкжиегін кеңейту және еуразиялық ғылыми ойды жаһандық академиялық кеңістікте насихаттау жолындағы маңызды қадам болып саналды. Мұндай іс-шаралардың тек білім алмасуда ғана емес, Шығыс пен Батысты біртұтас мәдени және ғылыми үдерістің өзара толықтырушы бөліктері ретінде қарастыратын ортақ интеллектуалдық кеңістік қалыптастыруда  ықпалы зор.

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін