Жаңалықтар

Басты бет / Жаңалықтар

Басты бет / Жаңалықтар

Жас ғалымдарға арналған зерттеу бағыттары

Тегтер:

Мемлекет тарихы институтының Ғылыми кеңесінің шешімімен тәуелсіз Қазақстан тарихы бойынша ғылыми зерттеулердің басым бағыттары айқындалды. Ұсынылған бағыттар зерттеушілерге, ізденушілерге, докторанттарға, магистранттарға арналған.

Бұл бағыттар Институттың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес әзірленді. Ақпарат институттың ресми сайтында орналастырылған(https://history-state.kz/statichttp://admin.history-state.kz/media/Рекомендации.2556107f1e9cd76cbbf0.pdf).

Жақын арада осы бағыттар бойынша зерттеулер жүргізетін ізденушілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, жас ғалымдармен ынтымақтастық шеңберінде институт тарапынан ғылыми консультациялар түрінде де, шетелдік тағылымдамалардан өтуге де қолдау көрсетілетін болады. Сондай-ақ ғылыми кітапханада, институттың мұрағаттағы зертханасында жұмыс істеу үшін кең мүмкіндіктер жасалады. Осылайша, жылдан жылға отандық тарихты зерттеу бағыттары кеңейетін болады.

Бүгінгі таңда еліміздің 15 жоғары оқу орнында «тарих» докторантура бағдарламасы (D053) бойынша 10 жоғары оқу орны, «тарих педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша (d016) – 6 жоғары оқу орны даярланады.

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін