Бисаренова Айгүл Макенқызы — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» РММ-нің кадр жөніндегі инспекторы.
1992 жылы Сырымбет орта мектебін бітірді.
Еңбек жолын туған ауылында 1992–1998 жылдары «Сырымбет» ЖШС-де диспетчер болып бастады.
Кейін Көкшетау гуманитарлық-экономикалық колледжіне (экономика, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша), одан соң Алматы қаласындағы Орталық Азия университетіне (бухгалтерлік есеп және аудит) оқуға түсті.
2001–2002 жылдары Алматы облысы, Іле ауданы, Николаевка ауылындағы «Алтын-Кен» ЖШС-де іс жүргізу жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді.
2005–2009 жылдары Орталық Азия университетінде офис-регистратор болып еңбек етті.
2009–2018 жылдары «Қазпошта» АҚ АФ Алматы поштамтында сұрыптау учаскесінің бастық орынбасары қызметін атқарды.
2020–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Аппаратының хатшысы болды.
«Қазпошта» АҚ төрағасының және ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының алғыс хаттарымен марапатталған.
Джунисов Рашид Маликович 1996 жылы 27 ақпанда Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген.
2013 жылы Ақжар ауылы Абылай хан атындағы №28 орта мектебін бітіріп, сол жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне заң факультетіне «құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2017 жылы аяқтады.
2017 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне магистратураға заң факультетіне «құқықтану» мамандығына оқуға түсіп, 2019 жылы сол университетті заң ғылымдарыының магистрі дәрежесімен аяқтады.
2021 жылы жастар тәжірибесі бағдарламасымен Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық сотында қызмет атқарды.
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты РММ-де заңгер қызметін атқарып келеді.
Ермекова Сабина Жантөреқызы — Мемлекет тарихы институтының кіші ғылыми қызметкері.
2012 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар факультетінің «Аймақтану» мамандығы бойынша тәмамдады. Дипломдық жұмысының тақырыбы — «Еуразиялық одақты құру мәселесі: идея және тәжірибе».
2024 жылы жалпы білім беру грантының иегері атанып, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Аймақтану» мамандығы бойынша магистратурасында білім алуда. Магистрлік диссертациясының тақырыбы — «Middle power» және халықаралық қатынастардағы жаңа геосаяси трендтер: Қазақстан мысалында».
Ғылыми қызығушылықтары халықаралық қатынастар, Қазақстанның сыртқы саясаты, сондай-ақ Орталық Азиядағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық форматтарын қамтиды.
Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны, орта держава ретіндегі рөлі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша ғылыми жарияланымдардың авторы. Республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысушы.
Кейбір жарияланымдары:
https://aqiqat.kazgazeta.kz/news/12656
Габдушева Алёна Салаватқызы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» РММ-нің персоналды басқару тобының жетекшісі.
2005 жылы К.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебін бітіріп, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің заң факультетіне «құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2009 жылы аяқтады.
Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы Әділет басқармасында жастар тәжірибесінен өту арқылы бастады. Тәжірибеден кейін Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде заң кеңесшісі болып жұмысқа орналасты. Кейін запастағы офицерлер және кадрлармен жұмыс қызметінің бастығы лауазымына ауыстырылды.
2012–2014 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы мәслихаты аппаратының бас маман-заңгері болып қызмет атқарды.
2014–2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы қызметін атқарды.
2015–2017 жылдар аралығында жеке компанияда кадр бөлімінің басшысы – заңгер қызметін атқарды.
2017–2023 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік қызметте бас маман, бөлім басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.
2023–2024 жылдары жеке компанияда кадр бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің, Әділет департаменті басшысының, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының алғыс хаттары мен грамоталарымен марапатталды.
Турапова Мадина Серікқызы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» республикалық мемлекеттік мекемесінде кадр бөлімінің инспекторы.
2007 жылы орта мектепті аяқтап, Семей педагогикалық институтының Филология факультетіне оқуға түсіп, 2011 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді.
Еңбек жолын 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Бұқтарма ауылындағы №1 «Жаңа-Бұқтарма» орта мектебінде бастады. 2015 жылдың тамыз айынан 2016 жылдың қаңтарына дейін «Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» КММ-інде жұмыс істедп, 2016 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың сәуіріне дейін Астана қаласы әкімдігінің №21 «Гүлдер» балабақшасында қызмет атқарды.
* — Толтыруға міндетті өрістер
Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін