2026 жылғы 4 мамыр күні сағат Астана қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» және ҚР Қорғаныс министрлігінің «ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы» РММ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Әскери-патриоттық тәрбиенің тарихи негіздері» атты республикалық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – Конституция қағидаттарын ілгерілету негізінде жастар мен өскелең ұрпақты жауапты және жасампаз патриотизм рухында тәрбиелеу, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық құндылықтарға құрметті қалыптастыру, сондай-ақ тәуелсіздік, егемендік және отаншылдық құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдері, Мемлекет тарихы институты мен Әскери-тарихи мұражай қызметкерлері, ғалымдар, әскери оқу орындары мен әскери бөлімдердің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Ө.О. Озғанбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант А.Б. Тасболатов, ҰҚК Генерал-майоры, заң ғылымдарының докторы, С.М. Қойбақов, ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының басшысы, полковник Ғ.Қ. Жұмабаев, ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Бітімгершілік қызметі басқармасының аға офицері, майор Акбалиев Фархат Жақсылықұлы, ҚР ҚҚ Әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи мұражайының ғылыми қызметкері У.Д. Умралин, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Д.Д. Сүлейменова, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің әскери оқыту және тәрбие кафедрасының аға оқытушысы, PhD, полковник Е.Д. Спатаев, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің аппарат басшысы Қаз Нұрқуаныш Отанбекұлы, ҚР Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімше бастығының аға көмекшісі, майор Н.Қ. Рахымбай баяндама жасайды.
Іс-шара барысында әскери дәстүрлер мен еліміздің ерлік жолы, тәуелсіз Қазақстан Қарулы күштерінің қалыптасу тарихы, БҰҰ аясындағы бітімгершілік миссиялар, ардагерлер ұйымдарының қызметі, сондай-ақ Қазақстандағы әскери-патриоттық тәрбиенің қазіргі жай-күйі мәселелері талқыланып, пікір алмасты.
Дөңгелек үстел қатысушыларына Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Х.К. Ермуханованың «Ерлік пен елдік дастаны: Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетов» атты деректі оқу құралы таратылды.