
Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері
Кітап-адамзат өркениетінің ең құнды қазынасы. Мемлекет басшысы «Кітап күні» мерекесінің маңызын атап өтіп, оқуға деген құштарлық-қоғам дамуының басты қозғаушы күштерінің бірі екенін атап өткен болатын.
Кітап оқу арқылы білім алумен қоса, ойлау қабілетімізді, тіл байлығымызды дамытуға қол жеткіземіз. Оқу адамды ойлануға, салыстыруға және қорытынды жасауға үйретеді, сөздік қорды байытып, ойды жүйелейді.
Қазіргі техниканың дамыған заманында кітап оқуға қарағанда әлеуметтік желінің басымдылығы байқалады. Жастарымыз жеңіл мазмұнды ақпаратқа үйреніп алып, негізінен кітап оқудан алыстап бара жатқаны жасырын емес. Алайда кітап мүлдем оқылмайды деп айта алмаймыз.
Жастар арасында кітап оқу мәдениеті әртүрлі деңгейде қалыптасқан. Олардың бірі әлеуметтік желіден қысқа ақпаратты тұтынуды әдетке айналдырса, екіншілері әдебиетке бет бұрып, кітап оқуды әдетке айналдырып келеді. Осы себепті қоғамдағы басым міндет жоғары оқу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Жастардың рухани дамуына әсер ететін маңызды бағыттың бірі-ұлттық әдебиетпен танысып, ұлттық әдебиетті оқу деп ойлаймын. Мысалы, айтар болсақ, жеке тұлғалық даму негізінде «Абайдың қара сөздерін» оқып- зерделеу маңызын әлі күнге жойған жоқ.
«Жақсы кітап-ақылды адамның әңгімесімен бірдей. Кітап жансыз, бірақ шынайы дос»-деген халық даналығын еске түсірсек, мағыналы да сапалы кітапты оқу жан-дүниеңнің көкжиегін кеңейтіп, рухани дамуға негіз болады.
* — Толтыруға міндетті өрістер
Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін