Іс-шаралар

Басты бет / Іс-шаралар

Басты бет / Іс-шаралар

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті базасында «Білім мен ғылымға адал ғұмыр» атты дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 13 ақпанда Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті базасында «Білім мен ғылымға адал ғұмыр» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Педагогика жоғары мектебінің деканы Б.М. Жапарованың мерейтойына арналды.

Мерейтойлық жиынға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен білім алушылар қатысты. Дөңгелек үстел барысында Б.М. Жапарованың білім беру мен ғылым саласына қосқан елеулі үлесі, педагог кадрларды даярлаудағы еңбегі мен ғылыми-зерттеу бағытындағы жетістіктері кеңінен айтылды.

Іс-шараның құрметті қонағы ретінде Мемлекет тарихы институты атынан Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, саяси ғылымдар докторы, профессор Венера Абыханқызы Жексембекова арнайы шақырылып, құттықтау сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында мерейтой иесінің кәсіби біліктілігі мен адами қасиеттеріне ерекше тоқталып, оның отандық педагогика ғылымының дамуына қосқан сүбелі үлесін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, Венера Абыханқызы өз сөзінде білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, бұл бағыттағы стратегиялық басымдықтардың мемлекет деңгейінде айқындалғанын атап өтті. Дөңгелек үстел мазмұнды пікір алмасу алаңына айналып, қатысушылар мерейтой иесіне ізгі тілектерін білдірді.

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін