Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімі

Басты бет / Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімі
Басты бет / Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімі
Әминов

Талғатбек

Махметұлы

Тарих ғылымдарының кандидаты

Бағдатова

Сәуле

Ахметқызы

Тарих ғылымдарының кандидаты

Қалиева

Марал

Шатулақызы

Бас ғылыми қызметкері МТИ

Қоңырбаев

Нұржан

Өсерханұлы

Жетекші ғылыми қызметкері, PhD доктор

Қарасаев

Ғани

Мұқашұлы

Деректану тарихнама басшысы

Рыскильдин

Азамат

Құрматұлы

РММ ғылыми қызметкері

Әминов

Талғатбек

Махметұлы

Тарих ғылымдарының кандидаты

Әминов Талғатбек Махметұлы 1944 жылы Ресей Федерациясы Таврия ауданының Қоянбай ауылында дүниеге келген.

1963-1966 жж. – Курил аралдарында Шекара әскерінде қызметте болған.

1966-1968 ж. – Алматы қаласының Калинин аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 

1972 ж. – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің жанындағы Алматы Жоғары партия мектебін «тарихшы-саясаттанушы» мамандығы бойынша бітірген.

1974 ж. – Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Толығырақ көру

1972-1991 жж.  – Алматы қаласы, Орал облысы партия органдарында, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінде қызметте болған (сол жылдары Алматы және Орал марксизма-ленинизм университеттерінде СОКП тарихы, ғылыми коммунизм және политэкономия пәндері бойынша дәріс берген).

1991-1992 жж. – ҚР Әділет министрлігінің Қоғамдық және діни бірлестіктері жөніндегі басқармасының консультан-кеңесшісі.

1992-1996 жж.. – ҚР Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының референті, сектор меңгерушісі, ҚР Жоғарғы Кеңесі Бақылау палатасының бөлім меңгерушісі. 

1996-2008 жж. – ҚР Парламенті Сенаты Апаратының Редакциялық-баспа бөлімінің бас консультанты (1996 жылдан бастап бір мезгілде Қазақ технология және бизнес унивеститі Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті).

  ІХ-ХІ.2008 ж. – Қазақ медицина академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті.

  ХІ.2008 ж. – VIII  2017  ж. – «Астана медицина университеті» Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі (бұрынғы  Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы).

Х.2017 ж. — қазіргі уақытқа дейін – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының аға, жетекші және бас  ғылыми қызметкері.

Кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін Т.М. Әминов  Қазақстан тарихына арналған 100-ден артық ғылыми еңбек жазып жариялады, соның ішінде 5 оқу құралының авторы, 4 ұжымдық моногорафияның бірлескен авторы. 2023 жылғы 07 қараашада  ҚР ҒЖБМ-нің «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелгені туралы» Куәлік алды.

 Қазіргі кезде Институт тарапынан ұйымдастырылатын Қазақстан тарихын зерттеуге арналған халықаралық және республикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер және семинарларды дайындау мен өткізуге белсене қатысуда. Қазақстан Республикасының  Президенті  Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауларын, бағдарламалық мақалаларын насихаттауға тұрақты түрде қатысады.

Т.М. Әминов өзіне жүктелген міндеттерді зор ынтамен және кәсіби шеберлікпен атқаруда. Ол  әріптестері арасында лайықты беделге ие.

Бағдатова

Сәуле

Ахметқызы

Тарих ғылымдарының кандидаты

Бағдатова Сәуле Ахметқызы — Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты.

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1981).

«07.00.02. – Отан тарихы» мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Сәкен Сейфуллиннің тарихи-мәдени көзкарастары» тақырыбында диссертация қорғады (2010 ж.); тарих ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары: Тәуелсіз Қазақстанның тарихы, аймақтар тарихы, архив, және архив ісі, сонымен қатар Астана қаласының тарихы тақырыптарға қызығушылық танытады.

Толығырақ көру

2012-2014 жж. арналған «Қазақстан экономикасы: қалыптасуы мен даму тарихы» атты іргелі ғылыми жобаның орындауышысы ретінде жақсы нәтиже көрсетті; 2015-2017 жж. арналған «Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар: құрылуы мен қызметінің тарихы» атты іргелі ғылыми жобаның орындаушысы бірі болып табылады; 2015-2017 жылдарға арналған «Астана – жаңа қала» атты қолданбалы ғылыми-зерттеу жобаның орындаушысы; 2021-2022 жж. – «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихи ғылымын қалыптастырудың ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу»; 2023-2024 жж. – «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және аймақтар (1991-2021 жж.)»; 2023-2024 жж. – «Қазақстан тарихындағы саяси институттар мен құрылымдардың эволюциясы (ХІХ–ХХІ ғғ.)»; қазіргі уақытта: 2025-2027 жж. – «Қазақстан тарихындағы тұлға рөлінің концепциясы зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері» ғылыми жобалардың орындаушысы.

Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері  — 40-н астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы.

  1. Багдатова С.А. Global Cities of the East: a conceptual and empirical analysis of foreign studies // Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. № 2(135). – 2021. –  С.115-129. Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология. DOI: https://doi.org/10.32523/2616-6887/2021-135-2-115-129. URL: https://bulpolit.enu.kz/article/archive/view?id=global-cities-of-the-east-at-the-turn-of-the-centuries. (в соавторстве).

2.Багдатова С.А. Динамика этнодемографических процессов в Акмолинской области (по данным переписей населения) // Вестник Карагандинского государственного университета имени Е.А. Букетова. № 1 (113). –  2024. –  С.111-120. Серия История. Философия.DOI: https://doi.org/10.31489/2024 HPh1/11-120. (в соавторстве)

  1. Багдатова С.А. Изучение региональной истории в контексте государственных задач территориального развития Казахстана (на примере Акмолинской области) // Мир науки и мысли – The World of Science and Ideas. 2023. № 4. С. 9-15. (в соавторстве).
  2. Багдатова С.А. History of Kazakhstan – USA partnership relations (1991-1996) // PalArch’s Journal of Archaeology of Egypt / Egyptology, 17 (6), 2020. рр. 590 — 600. Retrieved fromhttp://www.palarch.nl/index.php/jae/article/view/764. (в соавторстве).
  3. Багдатова С.А. История становления города Астаны столицы независимого Казахстана // Вестник Томского государственного университета. История.- 2019. – № 62. –  С.89-101. ISSN 1998-8613. E-ISSN 2311-2387. DOI: 10.17223/19988613/62/11  (Web of Science).
  4. Багдатова С.А. Дискуссии о христианизации казахов Туркестанского края (вторая половина XIX – начало XX вв.). Российский исторический журнал Былые годы. №2 (52), 2019. Bylye Gody (2019). С. 655-667. ISSN 2073-9745 / E-ISSN 2310-0028 Vol. 52. Is. 2. pp. 655-667. 2019 DOI: 10.13187 / bg. 2019.2.655 ID-Scopus: 57202781586. 2019. 80 процентиль. (в соавторстве).
  5. Багдатова С.А. Астана – столица независимого Казахстана // Горизонты национальной истории (Развитие исторической науки Казахстана в эру Независимости). Коллективная монография. Под редакцией Б.Г. Аягана. – Астана: ТОО «Дәме». – 2018. – С.171-189.
  6. Багдатова С.А. Концепция развития новой столицы // Вестник Евразийского гуманитарного института. 2018.-№ 4.- С. 62-69.
  7. Багдатова С.А. Исторический анализ природно-климатических условий северной столицы Казахстана» // Сборник материалов Международного научно-практического форума: «Историческая урбанистика Казахстана: актуальные вопросы теории и практики» на базе Университета КАЗГЮУ им. М.С. Нарикбаева. г.Астана, 2022 г. – С. 112-124.
  8. Багдатова С.А. Общественно-политическая жизнь г. Акмолы в начале 90-х гг. ХХ в. // Вестник архива. –  №2. – 2022. –  С.57-67.

 

Марапаттар:

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің  Құрмет грамотасы» (2023).

Қалиева

Марал

Шатулақызы

Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері

Қалиева Марал Шатулақызы — Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор (доцент).

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген (1979-1984 жж.).

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінің күндізгі аспирантурасын бітіріп (1996-1999 жж.), «23.00.03 — Саяси мәдениет және идеология» мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Кеңестік Ресейде партиялық-мемлекеттік идеологияның қалыптасуы (1921-1925 жж.)» тақырыбында диссертация қорғады (1999 ж.); тарих ғылымдарының кандидаты.

Толығырақ көру

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «23.00.02 — Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар» мамандығы бойынша саяси ғылымдар докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Қазақстан Республикасын саяси жаңғырту процесінде қоғамды идеялық шоғырландыру» тақырыбында диссертация қорғады (2009 ж.); саяси ғылымдарының докторы.  

Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік жаңғыруы, тәуелсіз Қазақстан тарихы, деректану және тарихнама, этносаяси процестер, этносаралық қатынастар, полиэтникалық қоғам болып табылады.

Келесі ғылыми жобаларға қатысты: 2018-2021 жж. – «Қазақстан халқының этнодемографиялық дамуы (1989-2019 жж.)»; 2021-2022 жж. – «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихи ғылымын қалыптастырудың ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу»; 2023-2024 жж. – «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және аймақтар (1991-2021 жж.)»; 2023-2024 жж. – «Қазақстан тарихындағы саяси институттар мен құрылымдардың эволюциясы (ХІХ–ХХІ ғғ.)»; қазіргі уақытта: 2025-2027 жж. – «Қазақстан тарихындағы тұлға рөлінің концепциясы зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері».  

Республикалық және шетелдік ғылыми басылымдарда 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылады, оның ішінде:

  1. Maral Sh. KALIYEVA1 (бірлескен авторлар Kanat A. YENSENOV1, Ganiy M. KARASAYEV1, Maral Sh. KALIYEVA1, Bekmurat R. NAIMANBAYEV2, Kanat T. BAZAROV3) RETURN OF KAZAKH DIASPORA FROM WORLD COUNTRIES TO THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN (1992-2018) (HISTORICAL RESEARCH ASPECT). ASTRA Salvensis, no. 1/2021, рр.545-560. (Scopus)
  2. Maral Sh. KALIYEVA (бірлескен авторлар Abil, Yerkin A.; Karassayev, Ganiy M.; Ualtayeva, Altyn S.; Kaliyeva, Maral Sh. y Yensenov, Kanat А.); «Dynamics of development of Kazakhstan historial science during the years of independence (1991-2020): Scientific analysis, historial value an significate». Historia Regional. Sección Historia. ISP Nº 3, Villa Constitución, Año XXXVII, Nº 53, Septiembre-Diciembre 2024, pp. 1-14, ISSNe 2469-0732. (Scopus) http://historiaregional.org/ojs/index.php/historiaregional/index
  3. Калиева М.Ш. Реализованные научные проекты в системе изучения истории Казахстана за годы независимости // Вестник КазНПУ им. Абая. Серия исторические и социально-политические науки. – 2022. – № 3 (74). – С.122-132.
  4. Калиева М.Ш., Пусырманов Н.С., Габдуллина А.Ж. Имидж политических деятелей в системе современных модернизационных процессов в Казахстане // Казахстан-Спектр. – 2025. Том 113. – № 1. – С. 19-33. DOI: https://doi.org/10.52536/2415-8216.2025.113.1.002
  5. Калиева М.Ш. Трансформация политической системы как основа модернизации казахстанского общества // Горизонты национальной истории (Развитие исторической науки Казахстана в эру Независимости). Коллективная монография. Под редакцией Б.Г. Аягана. – Астана: ТОО «Дәме». – 2018. – С.230-245.
  6. Калиева М.Ш. Социальные основы развития межэтнических отношений в казахстанском обществе. — Қазақ тарихы. – 2018. – №8 (165). – С.53-55. – URL: https://history-state.kz/ru/about/departament/details.php?code=kalieva-maral-shatulaevna
  7. Калиева М.Ш. Модернизация исторического сознания в системе развития полиэтнического Казахстанского общества. — Қазақ тарихы. – 2019. — № 3 (170). – С. 52-54.
  8. Калиева М.Ш. Молодежь казахстанского общества в системе модернизации исторического сознания. — Қазақ тарихы. – 2019. — № 8 (175). – С. 73-75.
  9. Калиева М.Ш. Абай и духовное развитие общества. — Қазақ тарихы. – 2020. — № 9 (186). – С. 75-76.
  10. Калиева М.Ш. Социальная модернизация Казахстана: вопросы теории и практики // Қазақ тарихы. — 2021. — №4 (193). – С.63-67.
  11. Kaliyeva M.Sh. SCIENCE AND EDUCATION IN MODERN SOCIETY // The 5th International scientific and practical conference “Prospects of modern scienceand education” (February 07 – 10, 2023) Stockholm, Sweden. International ScienceGroup. 2023. Р. 140-142.
  12. Kaliyeva M.Sh. The regional development as a factor of stability and sustainability of the state // The 3rd International scientific and practical conference “Problems of creating scientific ideas about world development” (October 03 – 06, 2023). Ottawa, Canada. International Science Group. 2023. P. 179-181.
  13. Калиева М.Ш. Развитие Мангистауской области в системе внешней политики Республики Казахстан (историко-правовой аспект) // Новые шаги на пути к международному сотрудничеству. Сборник статей международной научно-практической конференции (10 октября 2023) / Под общей редакцией Н.С. Пусырманова. – Астана: Институт истории государства, 2023. – С.27-31.
  14. Калиева М.Ш. Социальные аспекты развития межэтнических отношений в Казахстане // Journal of Central Asian history, culture and politics. – 2025. – № 1 (1). – С. 64-77.

 

БАҚ және әлеуметтік желілер:

  1. Калиева М.Ш. Закон и порядок – одни из основных ресурсов демократизации общества.// – URL: https://www.facebook.com/share/p/uyamp1BXgq5XQedo/
  2. Калиева М.Ш. Проведение референдума в Казахстане регулируется Конституционным Законом Республики Казахстан // – URL: https://www.facebook.com/share/p/YkPKfDQsaer1b7QC/
  3. Калиева М.Ш. Референдум стал проявлением широкого общенационального диалога, одним из новых стандартов принятия ключевых государственных решений // – URL: https://www.zakon.kz/stati/6451509-proyavlenie-shirokogo-obshchenatsionalnogo-dialoga-doktor-politicheskikh-nauk-o-proshedshem-referendume.html
  4. Калиева М.Ш. Центр ЦУР в Центральной Азии — практическая реализация глобальных целей. Марал Калиева — YouTube https://www.youtube.com/watch?v=m_r6-UyN9Wkhttps://m.youtube.com/watch?v=m_r6-UyN9Wk

 

Марапаттар:

Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі (1990 ж.).

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ҚР БҒМ Мемлекеттік грантының иегері (2009 ж.).

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЕҢБЕГІ ҮШІН» төсбелгісі (2020 ж.).

Қоңырбаев

Нұржан

Өсерханұлы

Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD доктор

Қоңырбаев Нұржан Өсерханұлы — Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD доктор.

1988 жылы 12 қыркүйекте Түркістан облысы, Арыс ауданы, Шөгірлі ауылында дүниеге келген. 1995-2006 жылдары «Шөгірлі» орта мектебінде оқыды.

Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің тарих факультетін «050203 — Тарих» мамандығы бойынша бітірген (2006-2010 жж.). «Мемлекеттік думадағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі» тақырыбында диплом жұмысын қорғады.

Толығырақ көру

2010-2012 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде «Археология және этнология» мамандығы бойынша бітіріп, гуманитарлық ғылымдарының «магистрі» атанды. «ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектеріндегі этнографиялық деректер» тақырыбында магистірлік қорғады.

2017-2020 жж. аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетінің «6D020800 — Археология және этнология» мамандығы бойыннша PhD докторантурасын оқып, 15.04.2022 күні «Әлихан Бөкейхан еңбектеріндегі қазақ этнографиясы» тақырыбында диссертация (философия докторы PhD) қорғады.

11.03.2024-11.03.2025 аралығында Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы бойынша Иедитепе университетінде (Yeditepe Üniversitesi, Istanbul Turkey) 1 жыл іс-тәжірибеден  өтті. Ғылыми тағылымдама тақырыбы «Қазақстан-Түркия арасындағы оқу-ағарту және ғылыми байланыстар тарихы 1991-2022 жж».

          Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары Қазақстан-Түркия арасындағы байланыстар, алаш зиялыларынң еңбектеріндегі қазақ тарихы, этнографиясы, түркі халықтарының саяси, ғылыми және мәдени байланыстары.

Келесі ғылыми жобаларға қатысты: 2023-2024 жж. – «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және аймақтар (1991-2021 жж.)»; қазіргі уақытта: 2025-2027 жж. – «Қазақстан тарихындағы тұлға рөлінің концепциясы зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері».

Республикалық және шетелдік ғылыми басылымдарда 20-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылады, оның ішінде:

  1. Sultan Khan Zhussip, Dikhan Qamzabekuly, Sagymbay Zhumagul, Karlygash Aubakirova, Nurzhan Konrbayеv., The famine of 1932-1933 in Kazakhstan: genocide or ethnocide? Analele Universităţii din Craiova. Istorie, Anul XXV, Nr. 1 (37) 2020, (83-93) pp. http://www.istoriecraiova.ro/wp-content /uploads /2020 /04/2020_1_Anale.pdf.
  2. Nurzhan Konrbayev, Sultan Khan Zhussip, Zylikha. Ibadullayeva Kairat Anarbayev, Mambet Shagirbaev., Kazakh sheep breeding in scientific works of Alikhan Bukeikhan. no. Astra Salvensis. http://astrasalvensis.com/2021-2/1/2021. (313-324) pp.
  3. Конрбаев Н.У., Халел. Досмұхамедұлының өмірі мен қызметі. ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сексиясы. №2 (61) 2011. 125-128 бб.
  4. Конрбаев Н.У., Қазақ елінің астаналары. ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сексиясы. №3 (62) 2011. 118-121 бб.
  5. Конрбаев Н.У., Ә. Бөкейханов еңбектеріндегі қазақ этнографиясы. ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сексиясы. № 2 (65) 2012. 187-191 бб.
  6. Конрбаев Н.У., Әлихан Бөкейхан еңбектеріндегі қазақ этнографиясы (Алтыбай болысы бойынша) «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы. http://edu.e-history.kz/ru/ publications/view/895  қаңтар-наурыз № 2 (14) 2018
  1. Конрбаев Н.У., ХІХ ғасырдың аяғындағы Омбы уезі қазақтарының кәсіпшілігі. «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы. http://edu.e-history.kz/ru/ publications/view/1161 қазан-желтоқсан № 2 (18), 2019
  2. Конрбаев Н.У., Әлихан Бөкейхан еңбектеріндегі Кенесары-Наурызбай жоқтауы (этнографиялық және тарихи талдау) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi. «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы. Хабаршы. https://bulletin- histsocpolit. kaznpu. kz/index. Php /ped /issue/ view/ 4/6 № 4 (67), 2020 (325-331 бб).
  3. Қарасаев Ғ.М., Уалтаева А.С., Конрбаев Н.У., Беркінбаев О.У., Ресей ресми деректеріне сай Ақмола облысының әлеуметтік-шаруашылықтық даму тарихы (1901-1917 жж). Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. № 2 (73) 2024 ж. (15-24 бб). DOI 10.47649/vau.2024.v.73.i2.02
  4. Әминов Т., Конрбаев Н., Ғабдушева А. Қазақстандағы парламент институтының қалыптасуы – қоғамды демократияландырудың нақты көрінісі. «Қоғам және Дәуір» журанлы. 2025. №2. 35-50 бб. https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/306
  5. Конрбаев Н.У., Ә. Бөкейхановтың мал шаруашылығына қатысты этнографиялық зерттеулері (Адай уезі қазақтарының мәліметтері бойынша) «Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы: зерттеу, түсіндіру және сақтау мәселелері» атты «Х Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция. 11-12 мамыр, 2018 ж. 325-328 бб.
  6. Конрбаев Н.У., Омбы уезінің жер су атаулары мен өсімдік түрлерінің сипаттамасы. «Еуразия құрлығындағы өзекті зерттеулер және әріптестік перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Прага, Чешская Республика. 2019 ж. 425-429 бб.
  7. Конрбаев Н.У., Әлихан Бөкейхан еңбектеріндегі дәстүрлі қазақ шаруашылығының мәселелері (Қызылтау болысы негізінде). У.Х. Шәлекеновтің 95 жылдығына арналған. «Қазақстанның рухани жаңғыру жағдайындағы отандық археология мен этнология ғылымының даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 17 мамыр 2019 ж. 139-144 бб.
  8. Конрбаев Н.У., Записки о казахском овцеводстве в трудах Алихана Букейханова. «Әлемдік тарихи кеңістіктегі далалық еуразияның археологиялық-этнографиялық мұралары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қаңтар 2020 ж. 251-256 бб.
  9. Конрбаев Н.У., Қазақстан-Түркия: оқу-ағарту және ғылыми байланыстар тарихы (1991-2022) жж. «Түркі халықтарының тарихы мен шығу тегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. 11 сәуір 2023 ж. 210-213 бб.
  10. Nurzhan Konrbayev. 1991-2022 Yılları Arasında Kazakistan ve Türkiye Arasindaki Bilimsel İlişkilerin Tarihi (Türkiye Bazında). «Turkaydergi», 1 Nisan 2025. https:// www. turkaydergi.com /2025/04/01/ nurzhan-konrbayev-kazakistan-turkiye-arasindaki-bilimsel-iliskiler-kazakistanin-bagimsizligini-taniyan-ilk-ulke-turkiyedir-kazakistan-ve-turkiye-akrabadir/
  11. Әминов Т., Конрбаев Н. Қазақстан тарихындағы тұлға рөлін зерттеу мәселесі. Journal of «Central Asian history culture and politics» 2025, №2, 95-117 бб. https://centralasia-journal.kz/index.php/jcahcp/article/view/23

 

БАҚ және әлеуметтік желілер:

  1. Нұржан Қоңырбай. Сұхбат. Әлихан Бөкейханның жолы, «Қазақстан тарихы» интернет порталы. Ютуб желісі. https:// www. youtube. Com / watch ?v =oCriGqUw8gI
  2. 14.03.2025 ж. – «24 kz» телеарнасына қазақтың көрісу күніне орай «Көрісуде көп мән бар» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат бердім. https://www.youtube.com/watch?v=IOhwHzr73JQ

 

Марапаттар:

ҚР Ғылым және жоғарғы білім министірінің алғыс хаты (2023ж)

Қарасаев

Ғаний

Мұқашұлы

Деректану тарихнама және Отан тарихы бөлімінің басшысы

Қарасаев Ғани Мұқашұлы – Деректану тарихнама және Отан тарихы бөлімінің басшысы

1955 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. 1972 жылы осы аудандағы Покровка ауылындағы орта мектепті аяқтаған.  1978 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «Тарих» факультетін үздік дипломмен бітіргеннен кейін, осы жылдың қыркүйек айынан 1980 жылдың мамыр айына дейін Қазақстан Коммунистік Жастар Одағы Тарбағатай аудандық комитетінде алдымен  нұсқаушы, одан ары «Спорт және жалпы қорғаныс» бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1980 жылдың мамыр айынан 1988 жылдың  сәуір айына дейін Қазақстан Компартиясы Тарбағатай аудандық комитетінде  лектор, нұсқаушы  қызметтерінде болды.

Қарасаев Ғани Мұқашұлы- шетелдік  және республикамыздың ғылыми ортасына белгілі ғалым-зерттеуші, тарих ғылымдарының докторы, Отан тарихының (Қазақстан  Республикасы тарихының) әр кезеңдерін  зерттеуге арналған   300 ден артық ғылыми еңбектің, солардың қатарында 10-нан  астам монография мен кітаптың  және 3 ұжымдық монографияның авторы.  Солардың қатарында өзі кеңінен айналысатын  Қазақстанның шығыс өлкесі мен Алтай өңірінің көне заманнан ХХ ғасыр басына дейінгі тақырыбын  зерттеуге арналған 200-ден артық ғылыми шығармалары, бұлардың қатарындағы 5 монографиясы  дайындалып, жарияланған. 

      Ғылыми зерттеулерінің екінші саласы — Тәуелсіз Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына арналған 2 монографияның, 30-ға жуық ғылыми еңбектің де авторы. Аталған мақалалардың 20-дан астамы ағылшын тіліндегі  жоғары рейтингтік шетелдік журналдарда жарияланған,        Ғылыми еңбектерінің басым  бөлегі ҚР ҒЖБМ  Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған және  әлемнің 15-тен  астам елдерінің, атап айтқанда, Ресей, Монғолия, Қытай, АҚШ, Румыния, Словакия,  Англия, Испания, Украина, Венесуэла, Чили, Аргентина, Нидерланды, Чехия,  Италия, т.б. елдері  жоғары рейтингтіқ басылымдарында жарияланып, лайықты бағасын алған. 100-ден артық халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, конгрестер мен форумдарға қатысып, баяндама жасаған.

    2018-2025 жылдың басы     аралығында  оның шетелдік  жоғары рейтингалық журналдарда Scopus», «Web of Science»)  40-тан астам  мақаласы жарияланып, оларға 170- тен астам  шетелдік авторлар сілтемесі мен 15  Индекс «Хирша» белгісі түсті.  Бүгінгі күнге 100 ден артық шетел журналдары мен  редакцияларынан бұл мақалаларға қолдау хаттар жіберілді және мақалаларын осы журналдарға жіберу туралы ұсыныстар жасалды. Қазіргі күні 5 мақаласы осындай жоғары рейтингтық шетелдік ғылыми журналдар редакциялары сараптамасынан өтіп, қабылданды. 

      Көптеген ғылыми шығармалары ғылыми еңбектердің халықаралық көрмелерінде марапаттаулар алған.  

  Атап айтқанда, оның ғылыми туындылары   2020 жылы Мәскеу қаласында өткізілген  мерекелік XLV халықаралық ғылыми көрмеде алтын медальмен, арнайы дипломмен,   Маиндағы Франкфурт қаласындағы халықаралық ғылыми кітап көрмесінің «Frankfurter Buchmesse»(Франкфурт на Майне (Германия) алтын медалі, дипломымен,  Испанияның Барселона қаласындағы «LIBER BARCELONA» Испания) 2020 және Лондон қаласындағы  ғылыми еңбектер көрмесінің  «The London Book Fair 2021» (Ұлыбритания) және  Гонконг қаласындағы2023 жылдың 19-25 шілде аралығында өткізілген   «HONG KONG BOOK FAIR 2023» Қытай (Гонконг)» ғылыми көрмелерінде  арнайы дипломдармен марапатталды.

      Осындай шетелдік Ғылыми көрмелер  марапаттауларының қатарында автордың  Қазақстан Республикасының   Тәуелсіздік  жылдарындағы көпсалалы сыртқы саясатына арналған (2-кітап) және Қазақстанның шығысы мен Алтай өңірінің көне заманнан ХХ ғасыр басына дейінгі тарихына  арналған (4- кітап)  монографиялары мен шетелдік жоғары рейтингтік журналдарда жарияланған: «Nazarbayev and the Problem of Nuclear Weapons in the History of Independent Kazakhstan (1991-1995)» және  «HISTORY OF KAZAKHSTAN – USA PARTNERSHIP RELATIONS (1991-1996)»  деген мақалалары бар.

Ғылыми шығармаларының халықаралық дәрежеде танылуына орай  Еуропа Одағы (Евросоюз) Ғылыми-өндірістік Палатасының, «Еуропа ғылыми-өндірістік  концорциумының» «Европейское качество» (Gold medal «European Quality»)   және  Халықаралық Максимилиан Вебер (MEDAL EUROPEAN SCIENTIFIC AND INDUSTRIAL CONSORTIUM «ESIC» — MAXIMILIAN WEBER) атындағы ғылыми  бірлестіктің Алтын медалдарымен марапатталған.

      Есімі  Ресейдің  «Известные  ученые  и  специалисты России» атты Энциклопедиясының 8,16 томдарына енгізіліп, арнайы төсбелгі,  куәлік  және сертификаттармен марапатталған.

 Ғани Мұқашұлына Ресей Жаратылыстану Академиясы Төралқасының шешімімен «Заслуженный деятель науки и образования» атты Құрметті атағы берілген.     Ресей Жаратылыстану Академиясының Толық мүшесі (Академигі).

     Ресей Федерациясы Санкт Петербург Мемлекеттік Университеті  Тарих институты студенттеріне оқыған дәрістері, осы оқу орнының Диссертациялық кеңестегі белсенді қызметі, осы Тарих институты ғалым- оқытушылары  арасындағы ғылыми байланысты іске асырудағы қызметі  үшін  Санкт-Петербург Мемлекеттік  Университеті Ректоратының Алғыс хатымен  және осы Университеттің  Тарих институтының арнайы Төсбелгісімен марапатталды.

     Қарасаев Ғани Мұқашұлы ҚР Тарихшылар және қоғамтанушылар Академиясының Академигі, Қазақстанның кәсіпқой тарихшылар Лигасының, Тарихшылардың Ұлттық Конгресінің мүшесі.

     «Қазақстан ғылымына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері. Республикадағы бірнеше жоғары оқу орындарының (Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ (2 рет), Ш.Құдайбердіұлы атындағы Семей МУ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау МУ) дамуына қосқан үлесі үшін медальдарын алған. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің “Құрметті докторы” атағы берілген.

  2016 жылғы ҚР Президентінің халықаралық “Болашақ” стипендиясының иегері.

          Қазақстан Республикасының 2020 жылғы Мемлекеттік Ғылыми стипендиясының иегері.

     Абай шығармаларын  насихаттаудағы атқарған ұзақ жылғы қызметі үшін 2022 жылы  Қазақстан Республикасы  «Абай» атындағы халықаралақ мәдениет пен өнерді қолдау қорының   шешімімен   Абайдың туғанына 175 жыл  толуына орай «АБАЙ»  мерекелік медалімен марапатталды.

    2025 жылы  аталған халықаралық қордың ұйғарымымен   Абайдың туғанына 180 жыл толуына байланысты  «АБАЙ 180» мерекелік медалінің  иегері атанды. 

      Ол сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясының «ҚАНЫШ СӘТПАЕВТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫ» атындағы мерекелік медалының» иегері.

   «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  ТӘУЕЛСІЗДІГІ 25 ЖЫЛДЫҒЫ» және «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ» мерекелік медальдарын алған.

      2025 жылдың 21 қазанында  Қазақстан Республикасы  Президентінің жарлығымен  «Ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытудағы сіңірген еңбегіі үшін  «ҚҰРМЕТ» орденімен  марапатталды.

      ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтында атқарылып отырған іргелі және қолданбалы ғылыми жобалардың орындалуына үнемі белсене қатысады.  Атап айтқанда ол қазіргі күні 2023-2025 жылдарға арналған «Қазақстан тарихындағы саяси институттар мен құрылымдардың эволюциясы (ХІХ-ХХІ ғғ.)»» деген тақырыптағы  Бағдарламалы  мақсатты  ғылыми жобаның (ПЦФ) ғылыми жетекшісі болып табылады.

     ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтында атқарылып отырған іргелі және қолданбалы ғылыми жобалардың орындалуына үнемі белсене қатысады. Ол сонымен қатар  бірнеше рет  ҚР ҒЖБМ  тарапынан жарияланған Бағдарламалы  мақсатты  ғылыми жобаның (ПЦФ), гранттық ғылыми жобалардың  жетекшісі және орындаушысы болды.

Бұлармен бірге  Республикамыздың, солардың ішінде Астана қаласы жұртшылығы, ғалымдары мен студенттері алдында Тәуелсіз Қазақстанның  әр салалы тарихына, қазіргі саясатына, солардың ішінде ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларын талқылап, насихаттауға   арналған дәрістер оқып, әңгімелер өткізуге белсенді тұрғыда ат салысуда.  

2024 жылғы шілде айындағы  Астана қаласындағы Жоғары деңгейдегі ШЫҰ Саммитінің жұмысын халықаралық және еліміз деңгейінде насихаттаудағы атқарған қызметі үшін   осы жылдың шілде айында ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасындағы  жоғары оқу орындарындағы диссертациялық кеңестерінің  мүшесі ретінде жоғары дәрежелі  ғалым -таррихшы мамандар дайындау ісіне де белсене қатысуда.

         Қазақстан тарихынан дайындалған ғылыми жобаларды талқылауға арналған Мемлекеттік ғылыми-техникалық Ұлттық Орталықтың сарапшысы.  2023 жылдан  ҚР Ұлттық Ғылыми Кеңесінің мүшесі болды. “Халықаралық “Болашақ” Бағдарламалар Орталығы” тәуелсіз сараптаушылар тобының мүшесі.

     Халықаралық «e-history.kz/rue» электронды және Қазақстанның бірнеше  жоғары рейтингті   журналдарының  ғылыми сарапшысы.

Қазақстандағы бірнеше жоғары оқу орындарындағы Мемлекеттік  Аттестациялау және Емтихан комиссияларының Төрағасы болып бекітілген.

Жас ғалымдарды дайындау мен тәрбиелеуге тұрақты  назар аударады. Жақсы ұйымдастырушы, ғалымдар, әріптестері арасында беделге ие.

 

Толығырақ көру

Сонымен бірге  осы қызметтерде бола отыра, қоғамдық әіс ретінде Қазақстан Компартиясы Тарбағатай аудандық комитеті бастауыш партия ұйымының хатшылығын бірге атқарды.

 1991 жылы аудан  коммунистері атынан Қазақстан Компартиясы  ХІҮ сьезіне делегат болып сайланды.

    1988 жылдың сәуір айынан 1993 жылдың қыркүйегіне дейін аудан орталығындаға қазақ және орыс тілдерінде білім беретін Абай атындағыв орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

    Осы мерзімде аталған мектепте 1200-ден астам оқушы білім алды. Мұғалімдер саны 120-дан асты.  Абай атындағы орта мектебі сол  уақыттарда халық арасында «Тарбағатай ауданының Университеті» деп аталатын еді. Себебі ХХ ғасырдың 50-60 жылдарына дейін ауданның  түгелге жуық  ірі елді мекендерінде орта білім алу орындары  болмай,  олардағы оқушылардың басым бөлегі 9-10 сыныптардағы білімдерін Абай атындағы орта мектептерінде жалғастырып, орта білім туралы аттестаттарын алатын еді.

     Осы айтылғандармен қатар, аталған ғасырдың 70- ші жылдарында аудан кеңшарларындағы бұрын жұмыс істеп келген орыс тіліндегі оқыту сыныптары жабылып,  көптеген оқушылар орыс тілінде білім алуды Абай атындағы орта мектебінде жалғастыратын еді.

    Осының негізінде аудан орталығындағы Абай атындағы орта мектебінің барлық кезеңдердегі  түлектерінің арасында  елімізге, шетелдерге белгілі болған  ғылымның әр саласындағы ғалымдар,  мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет, халыққа білім беру, т.б. бағыттардағы  адамдар бар.

    Ғани Мұқашұлы аталған мектептің директоры қызметтерін атқарған мерзімде мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, оқу процеесін заман талабына сай  жүргізуге,  оқу сапасын арттыруға жоспарлы негізде назар аударылды.

      Мұғалімдердің кәсіптік білімін арттыру жұмыстары жүйелі тұрғыда  атқарылды.   

    1993 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың шілде айына дейін Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы Мемлекеттік техникалық Университетінде доцент, қазақ тілінде оқыту факультеті деканының орынбасары, «Қазақстан тарихы  және құқық» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

    2013 жылдың шілде айынан бүгінгі күнге дейін Астана қаласындағы  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі  Ғылым комитеті «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінде (ғылыми зерттеу институты) «Деректану тарихнама және Отан тарихы» бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді. Тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы «Тарих және қоғам тану» Академиясының Академигі, Ресей Федерациясы Жаратылыстану Академиясының Толық мүшесі (Академигі).

Рыскильдин

Азамат

Құрматұлы

РММ ғылыми қызметкері

Рыскильдин Азамат Құрматұлы — «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты» РММ ғылыми қызметкері

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде 1993 жылы тарих факультетін, 1997 жылы заң факультетін үздік бітірді.

1993-1994 жылдары Қостанай мемлекеттік университетінің Құқықтану кафедрасының оқытушысы.

1994-1998 жылдары Алматы мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының оқытушысы, Конституциялық, халықаралық және әкімшілік құқық кафедрасының аспиранты.

Толығырақ көру

1997-2000 жж. бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін жүргізу жөніндегі маман және «Гидромаш-Орион зауыты» ААҚ заңгері.

2000-2010 жылдары Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі.

2014-2017 ж. Башқұрт мемлекеттік университетінің деректану және тарихнама кафедрасының аспиранты.

2017-2020 ж.ж. » Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің» Кіші ғылыми қызметкері.

2018-2020 жж. әл-Фараби атындағы КазҰУ магистранты.

2022-2025 жж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Археология және этнология кафедрасының докторанты.

Ғылыми қызығушылықтары: мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер, мемлекет және құқық теориясы, конституциялық құқық, этнология.

2025 жылғы тамыздағы жағдай бойынша ғылыми басылымдардың тізімі.

  1. «Сұлтандық па, әлде бастық па? ХVIII ғасырдың басындағы көтеріліс жылдарындағы башқұрт ордасының шақырылған шыңғыстарының мәртебесі.». Қыркүйек айында «өткен жылдар» журналына (Scopus) жариялауға қабылданды. А. Р. Асылғожинмен бірлесіп жазған;
  2. «Батыс ойраттарының (қалмақтардың) және XVII ғасырдағы башқұрт көтерілістерінің кеңеюі кезіндегі қазақ-башқұрт әскери-саяси өзара іс-қимылы» ( бірлескен авторлықта). Өткен жылдар журналы, №1, 2025 (Scopus). Р. Р. Асылғожинмен, Ж. М. Сәбитовпен бірлесіп жазған;

E-ISSN: 2310-0028 2025. 20(1): 5-14 DOI: 10.13187/bg.2025.1.5 https://bg.cherkasgu.press/journals_n/1741096885.pdf

  1. Қыпшақ және онымен байланысты башқұрт рулары генетикалық зерттеулерге сәйкес. Edu.history. Asian Journal «Steppe Panorama» 2025. 12 (2). (COC MNVO). Э. Хабибуллинмен, Р. Р. Асылгужинмен бірлесіп жазған

https://doi.org/10.51943/2710-3994_2025_12_2_603-623

  1. «Мифтер vs естелік: Қарасай мен Ағынтай батырлардың төбедегі кесенесі Құлшынбай естек батыр?»Астана Халықаралық университетінің және» ҚР ҰӘҚ Ғылым комитетінің Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институты » ШЖҚ РМК конференциясының материалдары. Желтоқсан 2023
  2. «Ұлттық тарих әдіснамасының мәселелері». 6.2 бөлім. «Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы тарих ғылымы: тарихнама мәселелері» ұжымдық монографиясында. п / р е. Әбіл, Алматы, 2022.
  3. «ХХ-ХХІ ғ. тоғысындағы отандық тарихи-этнографиялық білімдегі антропологиялық бұрылыс «Қазақстанның тарих ғылымының аз зерттелген мәселелері»тақырыбындағы дөңгелек үстел материалдарының жинағында. 2-бөлім. п / р е. Әбіл, Алматы, 2022.
  4. «18-19 ғасырлардағы қазақ қоғамындағы иштяк/естек этникалық генонимиясы мен транзиті бойынша естек руының шежіресі». Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің хабаршысы. 1 (46) РФ, Барнаул, РИНЦ, 2021 ж. Д.У. Рыскильдина-мен бірлесіп жазған: https://doi.org/10.37386/2413-4481-2021-1-98-104
  5. «Әр түрлі идеологиялық түсіндірулердегі шыңғыстықтың саяси-құқықтық доктринасы». Талас құрылтайының 750 жылдығына арналған Халықаралық Түркі академиясы конференциясының материалдары, 2019 ж.
  6. «XIX ғасырдағы қазақ қоғамындағы «естек» инкорпорациясы үдерістеріндегі этностық және субэтностық «IV» Ұлы дала гуманитарлық ғылымдар форумы. Халықаралық Түркі Академиясы. Астана. 2019 ж. б. 225
  7. «Имитациялық сәйкестілік модельдері (қазіргі башқұрт тарихнамасына шолу)». Халықаралық Бейсембиев оқуларының жинағы. Шығыстану институты.Р. Сүлейменова ҚР БҒМ, Алматы 2017 ж.
  8. «Кейінгі Орта ғасырлардағы Тұранның саяси-құқықтық жүйелерін зерттеуге арналған әдіснамалық жазбалар». ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану, дінтану институты, қазақ құрылтайы конференциясының материалдары, Алматы 2016 ж.
  9. «Сәйкестіктің өзін-өзі анықтауы: шежіреден бастап геомәдени таңдаудың баламаларына дейін». Астана. ЕҰУ халықаралық конференциясының материалдары.Гумилева 2012 ж.
  10. «Башқұртстанның Конституциялық заңды тұлғасының дәстүрлі негіздері». Уфа, Шығыстану мәселелері, Ғылым Академиясы Республика Башқұртстан 2012 ж№

14.     «Башқұртстан Республикасының халқы: Конституциялық заңды тұлғаның дәстүрлері». Федерализм бойынша Бүкілресейлік ғылыми конференция материалдарының жинағы. Уфа қ., 2009 ж.

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін