Тарих

Басты бет / Тарих
Басты бет / Тарих

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Институт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 мамырдағы № 416 қаулысымен құрылды.

Институт қызметінің мәні мемлекеттік және тарихи өзіндік сананы қалыптастыру процесін ғылыми-талдамалық қамтамасыз ету, Қазақстан мемлекетінің қазіргі заманғы тарихын құру және теориялық негіздеу болып табылады.

Институт негізгі 4 бөлімнен және 2 топтан тұрады (қосымша):

  • Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімі;
  • Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімі;
  • Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихы бөлімі;
  • Ғылыми-ақпараттық бөлім;
  • Қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыздандыру тобы;
  • Персоналды басқару тобы.

Сондай-ақ, институт жанында ғылыми кеңес жұмыс істейді.

Осы жылдар ішінде институт ғалымдары 90-нан астам ғылыми еңбектер (монографиялар, оқу құралдары, жинақтар) шығарды.

Институт ғалымдарының мақалалары халықаралық библиографиялық және рефераттық журналдарда белсенді жарияланады. Рецензияланған ғылыми әдебиеттердің дерекқоры:

2018 жылы-8, 2019 жылы – 12 , 2020 жылы — 8 , 2021 жылы — 19 , 2022 жылы -10 , 2023 жылы-3, 2024 жылы-8.

Институттың ғылыми қызметкерлері БАҚ-та тарихи ғылымды насихаттау, тарихи өзіндік сананы қалыптастыру, сондай-ақ, идеология мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары бойынша сараптамалық сүйемелдеуді жүйелі түрде жүзеге асырады.

Жыл сайын Института Қазақстанның тарих ғылымының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ғылыми форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар және басқа да іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Бұл аталған іс-шаралар ғылыми қоғамдастықты ғылыми жобалардың нәтижелерімен таныстыру, ғылым және білім саласындағы уәкілетті органдарға ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ, идеология, ғылым және білім саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

Институт жетекші отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, талдау, білім беру орталықтарымен тұрақты байланыста жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта институтта 45 ғылыми қызметкер еңбек етуде. Оның ішінде 7 ғылым докторы және 9 ғылым кандидаты, 3 PHD докторы, 15 магистр – әлеуметтану, тарих, экономика және гуманитарлық ғылымдар саласындағы мамандар. Институттың сапалық құрамы тұрақты түрде дәрежелі кадрлармен толықтырылып отырады.  Институттың жас ғалымдарының жыл сайын   нысаналы гранттар негізінде Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторантурасына  түсуге мүмкіндік беріледі.

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін