V Еуразиялық экономикалық форум туралы

Авторлық баған Теги: Т.М. Әминов Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері Қазақстан біздің_тарих 2026 жылғы 28 мамырда Астанада интеграция, өнеркәсіптік кооперация және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға арналған маңызды халықаралық алаңдардың бірі — V Еуразиялық экономикалық форум өзінің жұмысын бастады. V Еуразиялық экономикалық форумның негізгі тақырыбы – «Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектке басымдық». Іс-шара тақырыбы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық «бестік» мемлекеттері басшыларына жолдаған үндеуінде айқындалған Қазақстан Республикасының ЕАЭО-ға төрағалығының басымдықтарын көрсетіп, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің рөліне баса мән береді. Іскерлік бағдарлама аясында 2026 жылғы 28 мамырда өнеркәсіпті дамыту перспективалары мен цифрлық трансформация мәселелеріне арналған бірқатар тақырыптық панельдік сессиялар өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, «Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялаудың жаһандық үрдістері: ЕАЭО және ЮНИДО тәжірибесі» панельдік сессиясында өнеркәсіп секторына озық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Талқылау Еуразиялық экономикалық комиссия мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияны іске асыру аясында өтіп, жасанды интеллект технологияларын қолдану, өнеркәсіптік роботтандыру, сондай-ақ өнеркәсіпті цифрлық жаңғыртудың халықаралық тәжірибелерін қамтиды. Еуразиялық экономикалық форум — бұл Еуразиялық экономикалық одақ аясында өткізілетін ірі халықаралық экономикалық алаң. Форумда мүше елдер арасындағы сауда, инвестиция, цифрландыру, өнеркәсіп, көлік-логистика және интеграция мәселелері талқыланады. Іскерлік бағдарлама аясында 2026 жылғы 28 мамырда өнеркәсіпті дамыту перспективалары мен цифрлық трансформация мәселелеріне арналған бірқатар тақырыптық панельдік сессиялар өткізу жоспарланған. Соның ішінде негізгі іс-шаралардың бірі – «ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік кооперация: бизнес-идеялар және қолдау тетіктері» панельдік сессиясы. Оның барысында қатысушылар мүше мемлекеттердің индустриялық кешендерін дамытудың стратегиялық бағыттарын, кооперация саласындағы бизнес-бастамаларды, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі бірлескен өнеркәсіптік жобаларды қолдау тетіктерін талқылайды. Талқылау Еуразиялық экономикалық комиссия мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияны іске асыру аясында өтіп, жасанды интеллект технологияларын қолдану, өнеркәсіптік роботтандыру, сондай-ақ өнеркәсіпті цифрлық жаңғыртудың халықаралық тәжірибелерін қамтиды. Форумда теміржол дәліздері, халықаралық автокөлік бағыттары, «Бір белдеу – бір жол» бастамасымен байланыс, кедендік цифрландыру мәселелері қаралады. Бұл Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтеді. Форумға белгілі халықаралық компаниялар, инвесторлар және қаржы ұйымдары қатысады. Бұл Қазақстандағы энергетика, цифрландыру, көлік, ауыл шаруашылығы сияқты салаларға инвестиция келуіне ықпал етеді. Қазақстан басқа елдермен сауда және серіктестік қатынастарын кеңейтеді. Жаңа келісімдер мен меморандумдар жасалуы кұтіледі. Форум кезінде қонақүйлер, мейрамханалар, көлік қызметтері белсенді жұмыс істейді. Бұл жергілікті бизнеске табыс әкеледі. Новости Меню навигации