ҚАЗАҚСТАН ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА

Авторлық баған   Теги: Т.М. Әминов Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері Қазақстан біздің_тарих Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылғы 1 қыркүйектен 1945 жылғы 2 қыркүйекке дейін созылған, әлем халқының 80 пайызға жуығы (шамамен 1 млрд. 700 млн. кісі) зардабын тартқан сұрапыл соғыс. Соғыс өрті сол кезде әлемдегі 73 мемлекеттің 62-сін (Еуразия және Африка құрлығы) шарпып өткен. Соғысқа қатысқан әскерилердің саны 110 миллионнан асса, сол соғыста 60 миллионнан аса адамның өмірі құрбан болған. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына Германияның агрессиялық саясатынан бөлек, сол кезде танымал болған «ымыраластыру саясаты» арқылы гитлерлік Германияның Австрия мен Чехословакияны жаулап алуын мақұлдаған Ұлыбритания Премьер-Министрі Невилл Чемберленнің әрекеті мен «Молотов-Риббентроп пактісіне» құпия қол қойғызған, сол арқылы Польшаны Кеңес Одағы мен фашистік Германия арасында бөлісіп алуға келіскен, екі ел арасында соғыс өртін тұтатпау туралы уағдаласқан Кеңес Одағы басшылығының де кінәсі бар екені туралы айтылады. Осылайша, Кеңес Одағының ресми келісімін алу арқылы Германия 1939 жылғы 1 қыркүйекте Польшаға басып кіреді. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған күні ретінде есептеледі. Соған биыл 85 жыл болып отыр. Соғыс барысында Германия Еуропаның көп мемлекеттерін қысқа мерзімде тізе бүктіру арқылы 1941 жылы 22 маусымда Кеңес Одағына тұтқиылдан басып кіреді. Бұл кеңестік жылнамада Ұлы Отан соғысының басталуы немесе фашистік Германияның шабуылы нәтижесінде Кеңес Одағының Екінші дүниежүзілік соғысқа кіріскен уақыты ретінде саналып келді [1]. Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңіске биыл 81 жыл болады. Президентіміз Қ.К.Тоқаев айтқанындай, Жеңіс күні – халқымыздың ерлігі мен батырлығының айқын көрінісі. Біз Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің алдында әрдайым қарыздармыз. Олардың ерлігі – мәңгілік үлгі, ал бейбіт өмір – ең қымбат құндылығымыз. Сондықтан 9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл — жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Бұл  фашизмді жеңген ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн. Сұрапыл соғыста халқымыз күш-жігерін сарп етіп, орасан зор шығынға ұшырады. Майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеттік. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау — қасиетті борышымыз [2]. Екінші дүниежүзілік соғыс адам шығыны бойынша әлемдік тарихтағы ең қатігез, қиянкескі ұрыс саналады. Жоғарыда айтылғандай, соғыс барысында шамамен 60-65 миллион адам шығыны болған. Оның ең көбісі Кеңес Одағынан болған. КСРО 27 миллионға жуық адамынан айрылған. Соғыстың алғашқы кезеңі өте ауыр соқты. Осындай жағдайда Қазақстанның  рөлі біршама өсті. Соғыс сирек кездесетін металдар және түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібінің өнімдерін көптеп шығаруды талап етті. Қазақстан эвакуацияланған мекемелерді қабылдады. 1941-1942 жылдары республикаға 220-дан астам зауыттар мен фабрикалар, цехтар мен артельдер көшірілді. Бұған қоса, Қазақстанда 1941-1945 жылдары 240 өнеркәсіп орындары салынды. Қазақстан 85% қорғасын, 35% қалайы, 75% полиметалл рудаларын беріп отырды. Соғыс жылдары Қарағанды шахтерлары 34 миллион тонна көмір өндірді. Мұнай өндіру 39 %-ға өсті [3]. Ауыл шаруашылығы да соғыс қажетіне бейімделді. Соғысқа шақырылғандардың үштен екісі ауыл шарушылығы еңбекшілері екендігіне қарамастан, көптеген колхоздарда еңбекшілердің 80%-ын әйелдер құрады. Қолхозшылар еңбекте ерлік көрсетті. Қазақстанның ауыл шаруашылық еңбекшілері майданға нан, ет, шикізат өнімдерін беріп қана қоймай, 370 мыңға жуық эвакуацияланған мал басын сақтап қалды. Осылайша майданға ет, сүт, жүн, тері өнімдерін көптеп жіберді. Қазақстан тұрғындары танкілер, самолеттер, сонымен қатар тұтас эскадрилья құрастыру үшін қаражат жинады. Қазақстандықтардың майдан мұқтажы үшін өз еріктерімен өткізген қаражаты 4700 миллион сомды кұрады. Бұдан басқа, майданға 2,5 миллионға жуық жылы киімдер, 1600 вагон сыйлықтар жөнелтілді. Сонымен қатар, Қазақстанға ғылыми және шығармашылық қоллективтері эвакуацияландырылды. Алматыға Москва және Ленинград киностудиялары, 20-ға жуық ғылыми мекемелер және аттары әлемге әйгілі  И.П.Вернадский, В.А.Обручев, А.М.Панкратова, А.А.Скочинский, т.б. сияқты академик-ғалымдар көшірілді. Рухани қару ретінде әдебиет үлкен қызмет атқарды. Майданның және тылдың батырлары жайында Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Дмитрий Снегин сияқты поэзия мен проза шеберлері, Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Сағынғали Сейітов, Жұмағали Саин сияқты жас жазушылар өз еңбектерін жазды. Қазақстанның 90 ақын-жазушысы соғыс майдандарында шайқасты [3]. Соғыстың бірінші күндерінен-ақ Қазақстан аумағында әскери құрамалар мен бөлімдер жасақталды, барлығы 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық жеке полктар мен батальондар, әртүрлі әскери жасақтар құрылды. Соғыс жылдары 1 196 164 қазақстандық әскер қатарына шақырылды. Жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдер құрамы жағынан көп ұлтты болды. Өнеркәсіп орындарында жұмыс істеу үшін 670 мың адам мобилизацияланды. Москва түбіндегі шайқаста генерал-майор И.В.Панфилов басқарған даңқты 316-атқыштар дивизиясы шешуші рөл атқарды. Ол жаудың танкілеріне қарсы табандылықпен қарсы тұра білді. 1941 жылдың 16 қарашасында Дубосеково разъезінде фашистердің 18 танкісін жойып, жауды Мәскеуге өткізбеген 1075-атқыштар полкінің 28 жауынгерінің өшпес ерлігі бүкіл әлемге белгілі. Осы топтың құрамында болған политрук В.Г.Клочковтың: «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ! Артымызда, Мәскеу!» деген қанатты сөздері бүкіл майданға тарады. Барлық жиырма сегіз панфиловшыларға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Генерал И.В.Панфилов 1941 жылғы 18 қарашада ерлікпен қаза тапты. Мәскеу үшін шайқаста, Батыр атағын 1990 жылы ғана алған, Бауыржан Момышұлы басқарған батальон табандылық көрсетті. Сол шайқаста Кеңес Одағының батырлары Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, т.б. ерлік көрсетті. П.Б.Вихревке Кеңес Одағының батыры атағы ерлікпен қаза тапқаннан кейін берілді. Сонымен қатар, Кеңес Одағының батырлары – қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров,  минометші  Қ.Сыпатаев, лейтенант  Г. Рамаев Отан үшін ерлікпен қаза тапты. Қазақстанда құралған басқа дивизиялар, бригадалар мен полктер Ұлы Отан соғысы майдандарына 1942 жылы кіргізілді. Бұл кезде Ақтөбеде жасақталған 312-ші дивизия Малоярославль түбінде жаудың үш-төрт дивизиясына қарсы бір жеті бойы қасарысқан қорғаныс ұрысын жүргізді. Шымкент қаласында құрылған 102-ші дивизия Украинаның солтүстік-шығысында қорғаныс шебін ұстап тұрды. Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы бетбұрыс кезең болды. Бұл сұрапыл шайқасқа қатысқан құрамалардың арасында Қазақстанда жасақталған 38-атқыштар дивизиясы бар еді. Ол әр кезде  62-армия /қолбасшысы В.И. Чуйков/, 57-армия /колбасшысы Ф.И. Толбухин/, сондай-ақ Сталинград үшін болған шайқастың негізгі ауыртпалығын көтерген 64-армияның /қолбасшысы М.С. Шумилов/ құрамында соғысты. Сталинград түбіндегі ұрыстарда Жамбыл қаласында жасақталған 81-атқыштар дивизиясы жауды талқандауда салмақты үлес қосты. 1942 жылғы қарашаның аяғы – желтоксанның басында бұл дивизия Котельниково қаласын алуға, сөйтіп Сталинград қаласында қоршауда қалған Паулюстің армиясын босату үшін әрекет жасаған неміс-фашист әскерлеріне қарсы шайқастарға қатысты. Сондай-ақ Орал қаласында жасақталған 152-ші атқыштар бригадасының батальондары Элиста-Астрахань жолы арқылы Еділ өзенінің төменгі сағасына өтуге тырысқан неміс, румын әскер бөлімдерінің жолын бөгеді. Қызыл әскер бөлімдерімен шайқастарда көптеген шығындарға ұшыраған неміс-фашист әскерлері Астраханьға шабуыл жасауға тырысқан әрекеттерінен бас тартты. Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен қатар Курск иінінде,  Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жанқиярлықпен соғысты. Ленинград қоршауындағы әскери бөлімдерде қызмет еткен жауынгерлердің арасында Д.Шыныбековтың, алысқа ататын зеңбірекке бекітілген аэростат командирі С.Жылқышиевтің есімдері мақтанышпен аталды. 1942 жылғы шайқастардың бірінде Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының түлегі Арыстан Ахметов өз есімін өшпес данққа бөледі. Ол 19 жауынгермен әскери маңызы бар бір төбені жаудан корғап, соңғы адамы қалғанша соғысты. Жаралы болып ес-түссіз жау қолына түскен одан жау солдаттары әскери мағлұмат алмақ

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін