Мемлекет тарихы институтында «Оралда атылған Алаштың ардақты ұлы – Хасан Нұрмұхамедов» атты жаңа монографияның тұсаукесері өтті.

2025 жылғы 3 қараша күні ҚР Президенті орталығында Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Дәметкен Досмұхамедқызы Сүлейменованың «Оралда атылған Алаштың ардақты ұлы – Хасан Нұрмұхамедов» атты монографиясының тұсаукесері өтті. Іс-шараға жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, профессорлар Ө. Озғанбаев, А. Ісмақова, Т. Жұртбай, ҚР Президенті орталығы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Б. Қайыпова және басқа да құрметті қонақтар қатысты. Шара барысында филология ғылымдарының докторы, Назарбаев университетінің профессоры А.Ісмақова мен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Астана филиалының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қ. Сәрсенбина сөз сөйлеп, автордың еңбегіне жоғары баға беріп, жылы лебіздерін білдірді. Бұл монография  ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысының көрнекті өкілдерінің бірі болған Хасан Нұрмұхамедовтың өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған маңызды ғылыми еңбек болып табылады. Мемлекет тарихы институтының ұжымы Дәметкен Досмұхамедқызын жаңа еңбегінің тұсаукесерімен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді!

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін