Ұлттың жаңа сапасы — тарихи жадында

Бүгін Мемлекет тарихы институты мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесі жұмыстың басымдықтарын талқылады. Осыған байланысты Жобалық кеңсенің басшысы С.А. Қасымов саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргінге қатысты терминдер жинағы дайындалуда. Институт директоры Н. Пусырманов » саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту шаралары ұлттық жадыны жаңғыртумен бірге азаматтық сананы нығайтады. Біздің ұлттық болмысымыздың өзегі де осы кезеңмен сәйкес келеді», — деді ол. Әрі қарай істі зерделеу бойынша ынтымақтастық тереңдей түседі. Естеріңізге сала кетейік, биылғы 5 шілдеде Астананың 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Мемлекет тарихы институты мен Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында «тарих құпиясы-мұрағаттық деректерде»жобасы іске қосылды.