Монографиялар Кітаптар

Басты бет / Монографиялар / Кітаптар
Басты бет / Монографиялар / Кітаптар

ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ, АКАДЕМИК КЕҢЕС НҰРПЕЙІСТІҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ДАРАБОЗ ТАРИХШЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ

Тарихшы-ғалым, академик Кеңес Нұрпейістің 90 жылдығына орай «Дарабоз тарихшы» тақырыбындағы дөңгелек үстел материалдарының жинағы /Н.С. Пұсырмановтың жалпы редакциясымен. – Астана: Мемлекет тарихы институты, 2025. – 120 бет.

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІГІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІГІ: ТАРИХ, ҚАЗІРГІ ЗАМАН ЖӘНЕ ДАМУДЫҢ ЖАҢА ҚЫРЛАРЫ»

Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі және тәуелсіздігі: тарих, қазіргі заман және дамудың жаңа қырлары. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы (23 қазан, 2025) / Н.С. Пұсырмановтың жалпы редакциясымен. – Астана: Мемлекет тарихы институты, Жошы ұлысын зерделеу ғылыми институты, 2025. – 228 бет.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ МОДЕЛІ

«Қазақстандық қоғамды демократияландыру моделі» Коллективтік монография. Бас редакторы Г.М. Қарасаев. – Астана: ЖШС «ZhanDos», 2025. – 340 б.

АУЫЛДАҒЫ БИЛІКТІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ

Жұмашов Е.Ә., Н.С. Пұсырманов Ауылдағы биліктің эволюциясы және жергілікті өзін-өзі басқару. – Астана: «ZhanDos» ЖК баспасы. – 2025 жыл. – 318 бет

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ САЯСАТЫ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН БОЛАШАҒЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ- ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҒЫ (2025 ж)

Жинаққа «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары енгізілді. Бұл жинақта Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы 30 жылдық тәжірибесі, жаһандық өзгерістер жағдайындағы бірлік пен ынтымақтастықты дамытудың өзекті мəселелері қарастырылған. Барлық мақалалар авторлық редакцияда жарияланған. Жинақтағы мақала мазмұнына автор жауапты.

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ ЖАДЫ: ӘСЕР ЕТУ ФАКТОРЛАРЫ, НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАР МЕН ТРЕНДТЕР

Қазіргі Қазақстандағы тарихи жады: әсер ету факторлары, негізгі идеялар мен трендтер = Историческая память в современном Казахстане: факторы влияния, основные идеи и тренды / Сәрсембина Қ.Қ., Шериязданов Б.Р., Сергалиев М. Х., Сураганова З.К., Пұсырманов Н.С., Аманғосов Е.Р., Культаева А.Т., Арынова З.К., Джумагалиев Д.А. – Астана, 2025. – 208 б

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ» (2024 ж)

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері. Республикалық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдарының жинағы (24 қазан 2024) / Н.С. Пұсырмановтың жалпы редакциясымен. – Астана: Мемлекет тарихы институты, 2024. – 96 бет.

ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІК ДАСТАНЫ, РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ ПЕН САҒАДАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ (2024 ж)

Бұл деректі оқу құралы батыр бабаларымыз - Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовке арналады. Еңбекте тың тарихи деректер мен мәліметтерді пайдалана отырып, Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбының тарихи шындығының көлеңкелі беттерін ашып көрсету және сол арқылы тарихи тұлғалардың өмір дерегін қолжетімді түрде баяндау мақсаты көзделді. Деректі оқу құралы жалпы білім беретін оқу орындарының жоғары сынып білім алушыларына, педагогтерге, көпшілік оқырмандарға ғалымның ғылыми және қоғамдық қызметін терең тануға көмек ретінде ұсынылады.

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМДАР» (2023 ж)

Жинаққа «Халықаралық ынтымақтастық жолындағы жаңа қадамдар» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары енгізілді. «Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты және аймақтар (1991-2021)» атты 2023-2025 жылдарға арналған іргелі зерттеу жобасы аясында әзірленген бұл жинақта Тəуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты мен аймақтардың халықаралық байланыстарын зерттеудің өзекті мəселелер қарастырылған. Барлық мақалалар авторлық редакцияда жарияланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек! ГАЗЕТІНЕ СҰХБАТЫ (2023 ж)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбаты.

«Шетелдегі қазақтар автохтондар және диаспора» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҒЫ (2022 ж)

Жинаққа 2022 жылы 22 қыркүйекте Астана қаласында өткен «Шетелдегі қазақтар: автохтондар және диаспора» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары топтастырылған. Мақалалар автордың редакциясымен жарияланды. Жинақ ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің, сарапшылардың, оқытушылардың, PhD докторанттардың, магистранттар мен студенттердің кең ауқымына арналған. Баяндамалар автордың редакциясымен жарияланды.

РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТУДІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ (2023 ж)

Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам. «Республика» сөзі латын тілінде «ортақ іс» деген мағына беретіні баршамызға белгілі. Бір сөзбен айтқанда, Республика өз ісіне жауапты азаматтардың ортақ іс-әрекетінің арқасында құрылады. Өйткені азаматтар – мемлекеттің арқауы. Азаматтары болмаса, мемлекет те болмайды.

«ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ НЫҒАЮ ТАРИХЫ ТЫҢ ДЕРЕКТЕР МЕН ҒЫЛЫМИ ТҰЖЫРЫМДАР» халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференцияның МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҒЫ (2021 ж)

Жинаққа 2021 жылы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция материалдары топтастырылған. Мақалалар автордың редакциясымен жарияланды. Редакция алқасының көзқарасы мақала авторларының пікірімен сәйкес келуі міндетті емес.

«ТАРИХИ БЕЛЕСТЕР КЕҢЕСТІК ҰЛТТЫҚ- МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСТАН ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТКЕ ДЕЙІН» (2020 ж)

«Тарихи белестер: кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыстан тәуелсіз мемлекетке дейін». ҚазАКСР-ның 100 жылдығына арналған ғылыми-теориялық онлайн-конференциясының материалдары (19-20 тамыз 2020 жыл) / Е.А. Әбілдің редакциясымен. – Нұр-Сұлтан: Мемлекет тарихы институты, 2020. - 104 бет. Жинаққа Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына арналған ғылыми мақалалар енгізілді.

ПРЕЗИДЕНТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗ ЖӘНЕ САЯСИ ТӘЖІРИБЕ (2020 ж)

Жинаққа Қазақстандағы президенттік институттың құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Президенттік басқару нысаны: конституциялық негіз және саяси тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияның материалдары енгізілді. Конференция материалдары президенттік институттың Қазақстандық мемлекеттілік тарихындағы жаңа кезең ретінде бағалануына, Н.Ә. Назарбаевтың саяси көшбасшылығына және басқарудың тиімді үлгісін іздестіруге, 1995 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызына, республикада демократиялық процестерді дамыту және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүргізу үшін конституциялық реформаларға байланысты көптеген мәселелерге арналған. Жинақ әлеуметтік-саяси зерттеулер саласындағы ғылыми қызметкерлер-мамандарға, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, мемлекеттік билік органдарының өкілдеріне, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстан тарихына қызығушылық танытқандарға арналған.

«ЕУРАЗИЯ ТАРИХЫНЫҢ МҰРАСЫ КӨНЕ ЗАМАННАН ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢГЕ ДЕЙІНГІ ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҒЫ» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ (2019 ж)

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар аясында өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағына Еуразия халықтарының тарихындағы өзекті мәселелер бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми баяндамалары енді. Барлық мақала авторлық редакцияда басылған.

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЛАШ ЖӘНЕ АЗАТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ» (2019 ж)

Жинаққа 2017жылы 10 қарашада Астана қаласында ЕХРО Конгресс–орталығында өткен Алаш автономиясының 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференция материалдары топтастырылған. Мақалалар автордың редакциясымен жарияланды.

«ҰЛЫ ДАЛА ЖАСТАРЫ ТАРИХИ МИССИЯ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ (2019 ж)

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жастар жылын жариялау туралы Жарлығын іске асыруға және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша шаралар аясында өткізілетін халықаралық ғылыми конференция материалдарының жинағына отандық және шетелдік ғалымдардың тарих ғылымының өзекті мәселелері, Қазақстандағы жастар саясатын жүзеге асыруға байланысты мәселелердің кең ауқымын ұғыну бойынша ғылыми баяндамалары енді.

Қазақстан дипломатиясы, (2018 ж)

Ғылыми еңбекте Қазақ мемлекетінің XV ғасырдан қазіргі күнге дейінгі дипломатиясы тарихына талдау жасалады. Қазақ мемлекетінің сыртқы саясаты мен дипломатиясының қалыптасып, дамуына үлес қосқан тарихи тұлғалар мен қайраткерлердің еңбектері баяндалады. Ғылыми еңбек жоғары оқу орындарының студенттеріне, мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушыларына және Қазақстан тарихына қызыгушылық танытқан қалың оқырманға арналады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ БАСТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ АСТАНАНЫҢ САЛТАНАТ ҚҰРУЫ»ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ (2018 ж)

Қазақстан Республикасы елордасының 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағына Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының өзекті мәселелеріне қатысты, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы, еліміздің бас қаласын салудағы, қоғамымызды рухани жаңғырудағы тарихи рөлін айқындау жөніндегі отандық ғалымдардың ғылыми баяндамалары еңгізілді. Баяндамалар авторлық редакцияда жарияланып отыр.

Қазақстандағы көші-қон (2018 ж)

Ғылыми зерттеу еңбекте XX ғасырдың 20-50 жылдарындағы кеңестік саясатпен байланысты жүрген көші-қон мәселесі қарастырылған. Қазақстан халқының демографиялық ахуалына арналған бұл зерттеуде көші-қонның түрлері, ерекшеліктері және оның ұлттық құрамға әсері жан-жақты баяндалған. Еңбек студент, магистрант, докторант, оқытушы және қоғамдықсаяси өмірді білгісі келетін көпшілік қауымға арналған.

Ұлттық тарих көкжиегі (2018 ж)

Қазақстан дамуының жаңғырған жаңа көріністері, оның халықаралық қауымдастықтағы рөлінің артуы, қазақстандық қоғамның өмір-тіршілігіндегі модернизациялық процестердің динамикасы – тарихи құбылыстарды зерттеу жұмысында инновациялық әдістер мен тұжырымдамалық бағыттарды ұстануға және оны қолдануға жол ашты. Ұжымдық монографияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарих ғылымын дамыту мен Қазақстан тарихын зерделеудегі рөлі жан-жақты ауқымда көрсетілген, Тәуелсіздік жылдардағы тарихи оқиғаларды зерттеудің түрлі қырлары сипатталады.

Еңсенов Қ. Нұртас Оңдасынов (2017 ж)

Ұсынылып отырған монографияда қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Н.Д. Оңдасыновтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі деректер негізінде жан-жақты сөз болады. Еңбекте қайраткердің өскен ортасы, еңбекке араласуы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы қызметін атқарған тұлғаның елді дамытуға қосқан үлесі баяндалған. Зерттеу жұмысы тұлғаның қоғамдық-саяси қызметін және елдік мәселелерін қамтығандықтан көпшілік қауымға арналған.

Қазақ хандығының құрылуының 550-жылдығына арналған «МӘҢГІЛІК ЕЛ» халықаралық ғылыми-практикалық конференция МАТЕРИАЛДАРЫ (2016 ж)

Қазақ хандығының құрылуының 550-жылдығына арналған материалдар жинағына отандық және шетелдік ғалымдардың Қазақстан территориясында мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуының өзекті мәселелеріне арналған ғылыми мақалалары енді.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ көне дәуірден тәуелсіздік кезеңіне дейін хрестоматия (2016 ж)

Хрестоматияға Қазақстанның көне дәуірден тәуелсіздік кезеңіне дейінгі саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, сыртқы саяси және мәдени даму тарихына қатысты жарияланған ресми деректер мен мұрағат құжаттары, баспасөз материалдары енгізілді. Хрестоматия студенттер мен магистранттар, ізденушілер, сондай-ақ, қалың оқырман қауымына арналған.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ Жаңа Хрестоматия (2016 ж)

Хрестоматияға тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, сыртқы саяси және мәдени даму тарихына қатысты жарияланған ресми деректер мен мұрағат құжаттары, баспасөз материалдары енгізілді. Хрестоматия студенттер мен магистранттар, ізденушілер, сондай-ақ, қалың оқырман қауымына арналған.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ (2016 ж)

Оқулықта мемлекеттің даму кезеңдері, қалыптасуы мен дамуының тарихи заңдылықтары айшықталған, тәуелсіз мемлекет тарихындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі көрсетілген. Оқулық карталармен, сызбалармен, инфографикамен қамтамасыз етілген. Оған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі электрондық нұсқа мен хрестоматия қоса берілген.

Аброй мен парыз (2015 ж)

Ұсынылып отырған кітап «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында» (2010) тарихи-құжаттық зерттеудің жалғасы болып табылады. Еңбек 1939-1945 жж. аралығында Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысының маңызды оқиғаларын баяндайды. Авторлар соғыстың алғашқы күнінен Токиолық әскери трибуналда аяқталуына дейінгі кезенде қазақстандықтардың көрсеткен ерлігін жан-жақты зерттеп жеткізеді. Көптеген мәліметтер, суреттер, фактологиялық ақпараттар алғаш рет жарияланып отыр. Тарих ғылымында тұңғыш рет Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстан әскери құрылымдарының планшет-сілтемесі әзірленді. Ғалымдар ұсынып отырған еңбектің электронды нұсқасы ғаламтор желісінде ұсынылады. Әр оқырман бұл тақырып бойынша өзінің ұсыныстары мен толықтыруларын жасай алады. Кітап «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы аясында шығарылды.

Жұмабек Тәшенов Ұлы Дала Тұғалары (2012 ж)

Ұсынылын отырған ғылыми басылымда қазак халқының көрнекті қоғам қайраі кері Ж А. Тәшеневтің өмірі мен қоғамдык-саяси кызметі деректер неіізінде жан-жақты сөз болады. Еңбекте тұлғаның оскен ортасы, еңбекке араласуы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Торалқасының және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің торағасы қызметін атқарған қайраткердің ел мен жердің тұгастығы үшіін жүргізген күрестері, елді дамытуға қосқан үлесі баяндалған Зертіеу жұмысы тұлғаның қоғамдық-саяси қызмегін және елдік мәселелерін қамтығандықтан, көншілік қауымға арналған

Кыдыралина Ж. Алимхан Ермеков, (2012 ж)

Издание посвящено одному из лидеров Алашского движения и партии Алаш, члену правительства Алаш Орды, яркому и талантливому государственному и общественному деятелю, активно участвовавшему в создании Казахской автономной советской республики и воссоединении казахских земель, педагогу и ученому, первому казахскому профессору математики Алимхану Абеуовичу Ермекову (1891-1970 гг.). На его долю выпали муки и гонения, он трижды подвергался арестам и провел в лагерях ГУЛАГа в общей сложности около 18 лет, но достойно вынес испытания, сохранив жизненную стойкость, душевный свет и человеческое благородство. Книга особенно интересна тем, что базируется на многочисленных малоизвестных источниках: архивных материалах, мемуарах, статьях. На ее страницах - живая панорама суровой эпохи, совместно пережитых всем народом Казахстана страданий в недавнем историческом прошлом. Адресуется широкому кругу читателей, интересующихся историей Казахстана и казахского народа, его великих личностей.

Қазақстандағы ашаршылық халық қасіреті және тарих тағылымы (2012 ж)

Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарын еске алудың 80-жылдығына арналған конференцияның материалдар жинағына отандық және шетелдік зерттеуші ғалымдардың баяндамалары енгізілді. Кеңестік ұжымдастыру кезеңіндегі тоталитарлық жүйенің саяси қателіктерінен миллиондаған адам құрбан болды. Бұл тақырып еліміздің Тәуелсіздік жылдарында ғана объективті тұрғыдан қарастырылып, лайықты бағаланды.

Егемен Қазақстан Тарихы Тәуелсіздікке 20 жыл (2011 ж)

Тарихи-құжаттық жинақта тәуелсіз Қазақстанның саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік салалардағы жетістіктері, сыртқы саясаттағы табыстарына қатысты құжаттар мен деректер, өзекті ғылыми мақалалар жинақталып берілген. Кітап тарихшыларға, саясаттанушыларға, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихына, қоғамның барлық саласын қамтыған өзгерістерге қызығушылық танытатын оқырманға арналған.

Қазақстанның білімі мен ғылымы (2011 ж.)

Тәуелсіз Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуына байланысты негізгі мәліметтер жинақталған бұл кітап алғашқы ақпараттықанықтамалық басылым болып табылады. Хроникаға енгізілген оқиғалар мен үдерістер соңғы жиырма жылдың көлемінде білім мен ғылым салаларында байқалған өзгерістерге сипаттама береді. Хроника студенттерге, магистранттарға, ізденушілерге, сол сияқты тәуелсіз Қазақстанның тарихына деген қызығушылық танытатын барша оқырмандарға арналған.

Тәуелсіз қазақстан КҮННЕН КҮНГЕ (1996 2000 жж.)

Кітап тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық тарихындағы маңызды деректерді жинақтаған алғашқы ақпараттық-анықтамалық басылым болғандығымен құнды. Шежіреге енген оқиғалар мен үдерістер еліміздің тәуелсіздік алған жылдардағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және ішкі саяси өзгерістерді қамтиды. Оқиғалар хроникасы студенттерге, магистранттар мен ғылыми ізденушілерге, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстан тарихына қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға арналған.

Тәуелсіз Қазақстан Күннен күнге 1990-1995 1 том

Кітап тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық тарихындағы маңызды деректерді жинақтаған алғашқы ақпараттық-анықтамалық басылым. Шежіреге енген оқиғалар мен үдерістер еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы қоғамдық-саяси, ішкі әлеуметтікэкономикалық және мәдени өзгерістерді қамтиды. Оқиғалар хроникасы студенттер мен магистранттарға, ізденушілерге, сондайақ тәуелсіз Қазақстан тарихына қызығушылық танытқан оқырман қауымға арналған.

Тәуелсіз Қазақстан Күннен күнге Оқиғалар хроникасы 2 том (1996-2000 жж.)

Кітап тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық тарихындағы маңызды деректерді жинақтаған алғашқы ақпараттық-анықтамалық басылым болғандығымен қүнды. Шежіреге енген оқиғалар мен үдерістер еліміздің тәуелсіздік алған жылдардағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және ішкі саяси өзгерістерді қамтиды. Оқиғалар хроникасы студенттерге, магистранттар мен ғылыми ізденушілерге, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстан тарихына қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға арналған.

Тәуелсіз Қазақстан Күннен күнге 2001-2005 3 том

Кітап тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық тарихындағы маңызды деректерді жинақтаған алғашқы ақпараттық-анықтамалық басылым болғандығымен құнды. Шежіреге енген оқиғалар мен үдерістер еліміздің тәуелсіздік алған жылдардағы қоғамдық саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және ішкі саяси өзгерістерді қамтиды. Оқиғалар хроникасы студенттерге, магистранттар мен ғылыми ізденушілерге, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстан тарихына қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға арналған.

Тәуелсіз Қазақстан Күннен күнге 2006-2011 4 том

Тарихи-хроникалық жинақта тәуелсіз Қазақстанның 2006 – 2011 жылдарындағы саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік салалардағы жетістіктері, сыртқы саясаттағы табыстарына қатысты деректер жинақталып берілген. Кітап тарихшыларға, студенттерге, магистранттар мен саясаттанушыларға, сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихына, қоғамның барлық саласын қамтыған өзгерістерге қызығушылық танытатын оқырманға арналған.

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ жылнама құжаттары (2011 ж)

«Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті: жылнама, құжаттары» – Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан бергі кезеңдегі рухани-мәдени үдеріс құжаттары мен жылнамасының жинағы. Жинақта Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан мәдениеті туралы, мәдени құрылысқа қатысты заңнамалар мен ережелер, Президент пен Үкіметтің мәдениет туралы шешімдері берілген. Сонымен қоса еліміздегі білім мен ғылым, мәдениет пен өнер ошақтары және де тіл мен дін, бұқаралық ақпарат құралдары жайлы деректер келтірілген. Жинақ тарих, мәдениет, журналистика және басқа да салалардың мамандары мен зерттеушілеріне, магистранттар мен студенттерге, жалпы көпшілік қауымға арналған. Бұл еңбек Мемлекет тарихы институты ғалымдарының 2009–2011 жылдарға арналған «Қазақстандағы өркениетті өзгерістер: рухани азаттық, құндылықтар мен идеалдар» іргелі ғылыми-зерттеу жобасы аясында орындалды.

Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері (2011 ж)

Жинаққа тәуелсіз Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеуге арналған мақалалар еніп отыр. Елімізге танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің, гуманитарлық сала мамандарының қаламынан шыққан мақалаларда Қазақстанның қазіргі тарихын теориялық және методологиялық жағынан негіздеу, тәуелсіздік тарихын кезен-кезеңге бөлү дәйектелген.

Тәуелсіздік нышандары (2011 ж)

Тәуелсіздік - бұл мемлекеттің саяси және экономикалық еркіндігі. Қазақ жерінде ежелгі заманнан бері әртүрлі мемлекеттік бірлестіктер өмір сүрген. Ата-бабаларымыз армандаған іргесі мықты, қуатты мемлекет құру идеясы тек 1991 жылы іске асты. Осы жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды, қазақстандықтар тұңғыш Президентін сайлады. Жалпыхалықтық сайлаудың натижесінде жеңіске жеткен Президент Н.а. Назарбаев жасампаздығы мен мемлекеттік басқару институтын құру арқылы, сондай-ақ республикамыздың ұлттық ерекшеліктері мен халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, тауелсіз еліміздің өз даму жолын таңдай білді. Осылайша әлемге «Қазақстандық жол» атауын таныта бастады.

Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында (2010 ж)

Бұл кітапта Ұлы Отан соғысы жайында Б. Момышұлының, М. Ғабдуллиннің, Н. Ондасыновтын, Ш. Ермағамбетовтың, Т. Әшімбаевтың, Ә. Нұршайыковтың, Ж. Қизатовтың, С. Нұрмағамбетовтың, А. Қазақбаевтың, Қ. Қайсеновтың, С. Бекеновтың естеліктері мен пайымдаулары берілген. Сонымен бірге, т.ғ.д. Ж.Ү. Қыдыралинаның Атырау облыстық мемлекеттік мұрағатынан алынған құжаттары және белгілі ғалымдар Д.А. Махаттың, Т.С. Қаленованын, С.Ш. Мұхамеджанованың, А.С. Макиповтын, С. Кенжебаевтын, К. Байсеркиннін, К.И. Искаковтың, А.Н. Қашқынбаевтың, Т.С. Садықовтың, Б. Шарахымбайдың, Т. Батырханның ғылыми зерттеулері сонымен қатар Б.Ғ. Аяған мен Х.М. Әбжановтың жеке мұрағатынан алынған құжаттары камтылды.

Қазіргі Қазақстан Тарихы Хрестоматия (2010 ж)

Бұл Хрестоматияға тәуелсіз Қазақстанның саяси экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму тарихына қатысты жарияланған ресми деректер мен мұрағат құжаттары, баспасөз материалдары енгізілді. Хрестоматия студенттер мен магистранттар, ізденушілер, сондай-ақ, қалың оқырман қауымына арналған.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Тәуелсіз Мемлекеттің Негізін Қалаушы (2010 ж)

Қазақстанның тұңғыш президентінің бойындағы халықпен бірге өмір сүру және еліне адал қызмет ету қасиеті алғашқы еңбек жолы мен саяси қызметінен бастау алады.

Тәуелсіздіктің нұрлы таңы (2010 ж)

Оқу-әдістемелік құрал жастарға рухани-патриоттық тәрбие беру мақсатында жасалды. Кітапқа Қазақстанның талантты танымал ақындарының және шетелдерде елі мен жерін аңсаумен өткізген қандас бауырларымыздың тарих, ел мен жерге деген махаббат, еркіндік пен бостандық тақырыбы арқау болған тәуелсіздік жылдарындағы өлеңдері мен поэмаларынан үзінділер топтастырылды. Іріктеу барысында қазақтың қазіргі көрнекті ақындарын түгел қамти алдық деп айта алмаймыз. Мүмкіндігінше тақырыпқа сай жырларды топтастырамыз ескертеміз. Оқу-әдістемелік құрал студенттер мен оқушыларға, мұғалімдер мен оқытушыларға, ұлт тарихын танығысы келетін, қазақ поэзиясын қызыға оқитын жалпы оқырманға арналған.

Қазақтар және түрік әлемі мемлекеттің бастаулары (2009 ж)

«Қазақтар және түрік әлемі: мемлекеттіліктің бастаулары (б.дд. II мыңжылдықтың соңы мен б.д.д. І мыңжылдықтың бірінші жартысы)» атты монографияда - Көне тарихи деректер мен топонимикалық материалдар негізінде Тұран атауының мән-мағынасы ашып көрсетілген. Әсіресе, Түран елінің этникалық және саяси тарихына ерекше назар аударылған. Онда Тұран-Түркістан атауы, Тұрандық бастау сипатталып, оның тарихи және рухани алғышарттары сараланған, арилер мен түрандықтардың этникалық ерекшеліктерін растайтын материалдар келтірілген. Кітап тарихшы ғалымдарға, оқу орындарының оқытушыларына, аспиранттар мен магистранттарға, студенттерге, сондай-ақ, түрік тектес халықтар мемлекеттілігінің тарихын оқып-білгісі келетін қалың оқырман қауымға арналған.

ҚАНЫШ СӘТБАЕВ – ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ (2024 ж)

Бұл деректі оқу құралы әйгілі ғалым, ғылымды ұйымдастырушы Қ.И. Сәтбаевтың өмірі мен қызметіне арналады. Еңбекте тың тарихи деректер мен мәліметтерді пайдалана отырып, тарихи тұлғаның өмір дерегін қолжетімді түрде баяндау мақсаты көзделді. Кітапша жалпы білім беретін оқу орындарының жоғары сынып білім алушыларына, педагогтерге, көпшілік оқырмандарға ғалымның ғылыми және қоғамдық қызметін терең тануға көмек ретінде ұсынылады.

Ұсынылатын зерттеу бағыттарының тізбесі

Зерттеу бағыттарының тізбесі.

Республика күніне арналған ұсыным

Республика күні идеясының мәні – азаматтар ортақ жауапкершілікті ұғынып, халықтың елді басқаруға белсенді қатысуы, саяси реформалармен қатар жүріп, өздерінің сәйкестендіруімен үйлеседі. Жалпы мемлекеттік құрылымның өзгеруі, жаңа саяси үлгіге көшу, яғни «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» қағидасы аясында іске асырылады. Бұл қадамдар жаңа әлеуметтік құндылықтарға құрылған болашағымыздың нақты бейнесін жасауда бүкіл Қазақстан халқының шыдамдылығын, дәйекті еңбегін және күш-жігерін қажет етеді.

Кездесуге жазылу

* — Толтыруға міндетті өрістер

Өтінімді жіберу батырмасын басу арқылы мен құпиялылық саясатының және дербес деректерді өңдеу саласындағы саясаттың шарттарымен танысқанымды растаймын және дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін