Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Бейбітшілік көшесі 4

 

АБЫРОЙ МЕН ПАРЫЗ

ЖАҢА РУБРИКА!

АБЫРОЙ МЕН ПАРЫЗ

(Еуропа елдеріндегі
Екінші дүниежүзілік жəне Ұлы Отан соғысына
қазақстандықтардың қатысуы)


1941 жыл 1942 жыл 1943 жыл 1944 жыл 1945 жыл

Материалы предоставленные генерал-лейтенантом, д.и.н., профессором Тасболатовым А.Б

Сборник 550

Екінші дүниежүзілік соғыс — адамзат тарихында болып өткен жанжалға толы шиеленістен құралды. Бұл соғысқа жер жүзі халқының 80%-ын құрайтын 61 мемлекет қатысты. Яғни, Еуразия, Африка, Мұхит аралдары елдерін және барлық мұхиттар аумағын қамтыды. Соғыс жылдарындағы адам шығындарының саны шамамен — 65-67 млн-ға жеткен. Олардың тең жартысы әскери күштерге қатысы жоқ бейбіт тұрмыстың азаматтары еді. Соғыс зардаптарынан қаншама мемлекеттің аса зор материалдық байлықтары және құнды тарихи-мәдени ескерткіштері қиратылды.

Әлемді қайта бөлуді мақсатына айналдырған мемлекеттер дүниежүзілік соғыстың өршуіне себепкер болды. Қатігез соғыстың қаһарына қарапайым тұрғындар тап болды. Олар бақытты өмірді аңсаған еді.

Осындай алапат соғыстың майдан даласында қазақстандықтар шайқасты. Тылда майданға көмек ұйымдастырылды. Қазақстандықтар «Барлығы майдан үшін!», «Барлығы жеңіс үшін!» ұранымен жеңіс жолын қызу қолдады. Ананың тілегі, баланың арманы орындалды.

Ұлы жеңіске қол жеткізілді. Отан үшін от кешкен жауынгерлер ешқашан ұмытылмайды!

Мемлекет тарихы институтының ғалымдары биылғы Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы аясындағы шаралар ауқымында арнайы монография және планшет дайындады. Көптеген тарихи, мұрағаттық материалдарды кітапта қамту мүмкін болмағандықтан, соғыстың хронологиялық шегіне, майдан оқиғалары мен жаппай жұмылдыру, депортация және басқа да мәселелерге байланысты жаңа рубрика ашуды жөн көрдік. Мемлекет тарихы институты сайтындағы жаңа «АБЫРОЙ МЕН ПАРЫЗ» рубрикасында оқырмандар үшін тарихи деректер, суреттер, құжаттардан үзінді берілетін болады.

РУБРИКАНЫҢ МАҚСАТЫ – АТАЛАР ДАҢҚЫН ҰЛЫҚТАУ.

ЕЛ ҚОРҒАУДА «АБЫРОЙ МЕН ПАРЫЗ» - БАСТЫ ӨЛШЕМ БОЛЫП ҚАЛМАҚ!


Институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор

БҮРКІТБАЙ АЯҒАН



Материал дайындауға қатысқандар: т.ғ.к., доцент А.Н. Қашқымбаев, т.ғ.к. Қ.М. Ерімбетова, п.ғ.к. Ж.Н. Қалиев, Қ.Ғ. Ақанов, А.С. Əбілов, А.М. Əбенова, А.М. Бадиев, Ə.Б. Сейфуллина, К. Шайзада.



© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика