Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Бейбітшілік көшесі 4

 

Бүркітбай Ғелманұлы Аяған

Аяған Бүркітбай Ғелманұлы

БҮРКІТБАЙ ҒЕЛМАНҰЛЫ АЯҒАН

Жеке ақпарат:

Қазақ, 1954 жылы 20 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ақтас ауылында дүниеге келген.

Білімі:
Жоғары. Абай атындағы ҚазҰПУ (Абай атындағы ҚзПИ) (1975-1979 жж.), Біліктілігін арттыру институты (1987 ж.), Монтеррей халықаралық институтында тағылымдама (АҚШ, 1994 ж.), Гувер революция және бейбітшілік, соғыс институты (АҚШ, 2003 ж.), Амстердам қ., Халқаралық әлеуметтік тарих институты (Нидерланд корольдігі 2014 ж.).

Ғылыми дәрежесі:
Тарих ғылымдарының кандидаты (1989 ж.).
Тарих ғылымдарының докторы (1996 ж.).
Докторлық диссертация тақырыбы: «Общественно-политическое и социальное развитие Казахстана с 1970-1990 годы».
Ғылыми атақ:
Профессор (1998 ж.), саяси ғылымдарының доценті (1993 ж.), Қазақстан Республикасы Әлеуметтану академиясының академигі (2008 ж.), Ғалымдар мен ұстаздардың қоғамдық бірлестігі академиясы (2006 ж.), «Қазақ Білім Академиясының» академигі, «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының» академигі (2009 ж.).

Еңбек қызметі:
1972-1973 жж. - Жұмысшы.
1973-1975 жж. – Әскер қатарында.
1975-1979 жж. – Абай атындағы ҚазҰПУ-де (Абай атындағы ҚазПИ) студент.
1979-1981 жж. – Абай атындағы ҚазҰПУ-де (Абай атындағы ҚазПИ) оқытушы.
1981-1984 жж. – Комсомол комитетінің хатшысы.
1984-1984 жж. – КОКП Тарихы кафедрасында Аға оқытушы.
1984-1990 жж. – ҚазКСР Халықтық білім министрлігі Қоғамдық ғылымды оқыту бөлімінде жетекші маман.
1990-1991 жж. – ҚазКСР Президенті Аппараты Қоғамдық пікірді бақылау, зерттеу және баспа байланыс бөлімінде кеңесші.
1991-1991 жж. – ҚазКСР Президенті Аппараты Баспасөзі Қоғамдық пікірді бақылау, зерттеу және баспа байланыс бөлімінің меңгерушісі.
1991-1992 жж. – Қоғамдық пікірді бақылап зерттеу және баспа байланыс бөлімінің меңгерушісі.
1992-1993 жж. – Президент Баспасөз бөлімінде кеңесші.
1993-1994 жж. – Қоғамдық мәселелермен байланыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
1994-1995 жж. – ҚР Министрлер кабинеті ісін Басқару тобының жетекшісі, мәдениет және қоғамдық бірігу бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
1995-1995 жж. - ҚР Министрлер кабинеті ісін Басқару бөлімі ішкі саясатты жедел талдау және ақпарат секторының меңгерушісі.
1995-1996 жж. – ҚР Мемлекеттік Аппараты Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
1996-1998 жж. – ҚазГЗУ Ішкі байланыс орталығының директоры.
1998-1999 жж. – ҚР Қоғамдық келісім және ақпарат министрлігі Бұқаралық ақпарат департаменті директорының орынбасары.
1999-2003 жж. – Алматы қалалық Қоғамдық келісім және ақпарат басқармасының бастығы.
2003-2008 жж. - «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС директоры-бас редактор.
2008-2020 жж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры.
2020 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары.


Қоғамдық жұмыстар:
• «Көшпенділер», «Namads», «Ұлы Дала дүбірі», «Жау жүрек мың бала» кинофильмдеріне ғылыми кеңесші.
• 2015 жылы ғалымның бастамасымен «Қазақ хандарының жолдарымен» атты ғылыми экспедиция ұйымдастырылды.

Негізгі ғылыми жарияланымдар:
300-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. Сонымен бірге:
• Политические трансформации и изменения в социальной структуре населения Казахстана (1946-1990 гг.). / Қолжазба монография. 10.5 п.л. Депонировано в КазИНТИ, апрель 1994 г. Автореферат опубликован в сборнике «Депонированные научные работы» - Алматы. 1994 г. Выпуск 2.
• Государство Казахстан: эволюция общественных систем. / Монографическое исследование. – Алматы, 1994 г. – усл. 10.08 п.л.
• Апогей и закат советского социализма. Казахстанский полигон. / Книга 1. Алматы, 1999 г. – 12 п.л.;
• Красные и черные. (Материалы Октябрской революции (1917 г.), гражданской и Великой Отечественной войны в Гуверовском институте войны, революции и мира Стэнфордского университета США и комментарии к ним. / Алматы, 2005. – 15 п.л.
• Независимый Казахстан и лидер нации (Новейшая история Казахстана и историческая роль Первого Президента Н.А. Назарбаева) / Аяган Б.Г., Ауанасова А.М., Габдуллина А.Ж., Кыдыралина Ж.У., Селиверстов С.В., Сулейменов А.М.; под ред. Аягана Б.Г. – Алматы: Раритет, 2010.
• Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. / Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Исин А.И. Алматы: «Сөздік-Словарь», 2011. – 320 б. және т.б.
• Қазақстанның жаңа тарихы: кеңес жүйесінің дағдарысы және ыдырауы. / Аяған Б., Ауанасова Ә., Сүлейменов А. Үш томдық. Т. 1./Т.ғ.д., проф. Б.Аяғанның редакциясымен. – Алматы: 2012. – 320 б.
• Қазақстанның жаңа тарихы: дағдарыстан шығу. / Аяған Б., Ауанасова Ә., Сүлейменов А. Үш томдық. Т. 2./Т.ғ.д., проф. Б.Аяғанның редакциясымен. – Алматы: 2012. – 320 б.
• Қазақстанның жаңа тарихы: тұрақты Қазақстан. / Аяған Б., Ауанасова Ә., Сүлейменов А. Үш томдық. Т. 3./Т.ғ.д., проф. Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. – Алматы: 2012. – 320 б.

Марапаттар:
• «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медаль (2001 ж.).
• «Ерен еңбегі үшін» медаль (2004 ж.).
• «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» Құрмет белгі (2005 ж.).
• «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медаль (2011 ж.).
• «Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бірлік» медаль (2011 ж.).
• «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» медаль (2014 ж.).
• «Құрмет» Орден (2014 ж.).
• «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгі (2014 ж.).
• «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медаль (2016 ж.).



© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика