Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Бейбітшілік көшесі 4

 

Әбiл Еркiн Аманжолұлы

Әбiл Еркiн Аманжолұлы

Әбіл Еркін Аманжолұлы

Туған жылы, айы, күні: 04.09.1969

Туған жері: Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ұзынағаш ауылы

Ұлты: қазақ

Білімі: жоғары

1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Білімі бойынша мамандығы: тарих

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: тарих ғылымдарының докторы (2009), профессор (2011)

Диссертация тақырыбы: «Тарихи зерттеуде жаратылыстанулық тәсілдерді қолданудың әдістемелік мәселелері: тарих және синергетика»

Қандай шетел тілдерін біледі: ағылшын

Еңбек қызметі:

08.1992 - 10.1993 ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебі Әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушысы

10.1993 - 03.1995 ҚР ІІМ Қостанай арнайы орта мектебінің оқытушысы

03.1995 - 05.1998 Қостанай мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы

05.1998 - 02.2000 ҚР ІІМ Қостанай заң институты Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының доценті

02.2000 - 05.2001 ҚР ІІМ Қостанай заң институты Мемлекеттік-құқық пәндер кафедрасының басшысы

06.2001 - 01.08.2009 ҚР ӘМ ҚАЖК Академиясы Күндізгі оқыту факультетінің басшысы

21.08.2009 - 29.03.2016 Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми жұмыс және шетелмен байланыстар бойынша проректоры

29.03.2016 - 07.11.2016 Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры міндетін атқарушы

07.11.2016 - 07.11.2019 Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының (Сұлтанғазы атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің) ректоры

15.11.2019 Сұлтанғазы атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының кеңесшісі

Қоғамдық қызметі:

Қостанай облысы мәслихатының депутаты

Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Қоғамдық келісімі кеңесінің төрағасы

Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшесі

Қостанай облысының Жастарды қолдау және дамыту орталығының сарапшысы

Марапаттары:

ҚР БҒМ Құрмет грамотасы

ҚР ІІМ Құрмет грамотасы

ҚР білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы

Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің грамотасы

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың Алғыс хаты

Төсбелгілер:

«ҚР әділет органдарының ҚАЖ Үздігі»

«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін»

«Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін»

«2014 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»

Медалдар:

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл»

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл»

«Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл»

Ғылыми еңбектері:

200-ден астам ғылыми басылымы бар, оның ішінде 20 монография, 26 оқулық және оқу құралы, ISI, Scopus базаларына кіретін журналдарда 7 мақала.

Біліктілікті арттыру:

Жоғары мектеп менеджменті бойынша QazUÝ BAI курсы (Алматы, 2012)

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы (Астана, 2013)

«Жоғары білім беруде стратегиялық менеджмент» бағдарламасы бойынша Сингапур менеджмент университетінде тағылымдама (Сингапур, 2014)

«Қазақстан университеттері үшін көшбасшылықты дамыту» бағдарламасы бойынша LFHE (Жоғары білімде көшбасшылық қоры)-нда тағылымдама (Лондон, 2014)

«Мәдениетаралық коммуникацияның өзекті мәселелері» Славян мәдениетаралық ғылыми-зерттеу тобының семинары (Сомбахтей, Мажарстан, 2016)

«Орталық Азиядағы оқу бағдарламаларын әзірлеу және жаңғырту арқасындағы білімнің қолжетімділігі мен үйлесімділігі» жобасының семинары (Бургас, Болгария, 2016)

«Қазақстанның университеттері жаңа технологияларды қолдануға және сапаны қамтамасыз ету процестеріне үйретуге жетілдіру» жобасының семинары (Рим, 2019)

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, кәсіподақтық қызмет, рейтингтік журналдарда басылу жөніндегі бағдарламалар



© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика