Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Бейбітшілік көшесі 4

 

Қазбат – бабалар аманатына адалдық

Қазбат – бабалар аманатына адалдық 18.04.2023

Қазбат – бабалар аманатына адалдық

2023 жылдың 14 сәуірі күні Қазақстан Республикасы «Застава тарландары» Шекарашы ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігі мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ұжымының ұйымдастыруымен Тәжік-Ауған шекарасын күзету мақсатында Қазақстан Республикасының Жеке құрама атқыштар батальонының құрылғанына 30 жылдығы аясында Әскери қимыл ардагерлері күнін бекіту және оның егеменді Қазақстан тарихындағы алатын орнына қатысты мәселелерді талқылау бойынша Жиналыс болып өтті.

Қазақстандық батальондар сарбаздары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыртқы шекарасының тәжік-ауған бөлігін ерлікпен күзетті. 1993-2001 жылдар аралығында бұрынғы Ішкі әскердің, бүгінгі Ұлттық ұландық жедел мақсаттағы әскери бөлімдерінің 8 мыңнан аса офицері мен сарбазы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бірлескен батальонында ТМД сыртқы шекараларын қорғау үшін тәжік-ауған шебінде бітімгершілік міндеттерін атқарған болатын.

1993 жылдың көктемінде үш әскери ведомоствадан (Қорғаныс министрлігі, Ішкі әскер және ҰҚК Шекара қызметі) бес ротадан тұратын Жеке құрама атқыштар батальоны құрылған болатын. Тәжік-Ауған шекарасы арқылы содырлардың есірткі, қару-жарақ тасуына және шекара бұзған қарулы топтарға тосқауыл қою мақсатындағы Бітімгершілік операциясын жүргізді. Қазақ сарбаздары жау тылында да көптеген ерліктер көрсетті. Бұл жылдары Шекараны күзету дегеніміз тәжік халқының ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның да бейбіт өмірін, тыныштығын қорғау еді. 1994 жылдың қыркүйек айында содырлармен болған қақтығыста шекарасы Раджан Батырқанов ерлікпен қаза тапты.

1995 жылдың 7 сәуірінде Памирдің Пшихавр шатқалында қазақстандық Ішкі әскерінің жетінші ротасы сарбаздары қарулы моджахедтердің отты қоршауына түседі. Ұлттық ұлан сарбаздарының ерлігі мен табандылығы арқасында қарсыластар өздерінің тиімді позициясынан айырылады. Осы бір қарсыластармен күштері тең емес қақтығыста қазақстандық баталон 17 жауынгерінен айырылады, 33 сарбаз жарақаттанады. ҚР Президенті Жарғысымен қайтыс болған бес сарбаз 2-ші дәрежелі «Айбын» орденімен, он екі сарбаз «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен маатталады. ҚР Үкіметі қаулысымен Семейдің Күршім шекара отрядының «Чиндагатуй» шекара заставасына ержүрек Раджан Батырқановтың есімі берілді. Қазақстандықтардың ерлігін ұлықтау мақсатында 2007 жылы Душанбе қаласындағы Фирдауси саябағында және 2019 жылы сарбаздардың әскери қызмет еткен орны – Дарвазда мемориалды ескерткіш тақтасы қойылды. Бұл жер - жергілкті халықтың қазақ батырларына тағзым жасайтын және гүл шоқтары үзілмейтін тарихи орынға айналған. Әскери қақтығыстар салдарынан сол жылдары 46 қазақстандық қаза тауып, 400-ден астам адам жарақат алды. Қазбат сарбаздары мемлекетіміздің қауіпсіздігін сақтау жолында жанын пида етті. Ел тұтастығы, бейбіт өмір үшін, мемлекетіміздің ірге тасының нығаюы жолында бабалар аманатына адалдығын көрсетті.



Тарихи іс-шара бағдарламасы бойынша оқиға куәгерлері мен түрлі ведомоствалық мекемелерден келген қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысып, өздерінің ұсыныстарын жасады. Атап айтқанда: отставкадағы полковник Әбдірәсіл Әлішер Нұрідінұлы – гвардия Бас басқармасының тіл саясаты басқармасы қызметі мен қоғаммен жұмыс басқарма қызметінің басшысы; запастағы генерал-майор Бузубаев Токтасын Ысқақұлы – РҚБ «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының ардагерлері» төрағасы; полковник Сулейменов Сабыржан Есентайұлы - ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы; генерал-майор Дюсекеев Мукан Естайұлы - ҚР Қорғаныс министрлігі; ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты - Саиров Ерлан Бияхметұлы; запастағы полковник Магулов Манас Бадыханұлы – Әскери қимыл және «Қазбат» бітімгершілік операциясы ардагерлер Одағының төрағасы, Шимпеев Асқар Рамазанұлы – Астана қ. Ауған соғыс мүгедектері мен ардагерлер Одағының төрағасы; Төлекбаев Мейрамбек Уашұлы – «Өзге мемлекеттер территориясындағы әскери қимылдарға қатысушылар мен мүгедектері» аймақтық қоғамдық Бірлестігінің төрағасы; ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері – Ерімбетова Құндызай Мырзашқызы; ҰҚК-ның запастағы полковнигі Оразаев Аманжол Зейноллаұлы – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Әскери кафедрасының аға оқытушысы және басқалар.

Бітімгершілік миссиясына ерекше дайындалған тайдың тасындай тәжірибелі сарбаз, сержант, сардарлар іріктеліп алынды. Олар интернационалдық борыштарын орындап, ата-мекенге оралды. Бүгінде еліміздің қалаларында орнатылған ескерткіштер – тәжік-ауған шекарасының ардагерлеріне көрсетілген құрмет. Ерлік – ел жадында мәңгі сақталмақ.

  

Құндызай Ерімбетова, 

ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» РММ-нің директоры м.а.
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика