Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Бейбітшілік көшесі 4

 

Қазақстанның тарих ғылымы: архив деректері және зерттеулер

Қазақстанның тарих ғылымы: архив деректері және зерттеулер 07.09.2022

Қазақстанның тарих ғылымы: архив деректері және зерттеулер

Құрметті зиялы қауым!

ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының «Деректану, тарихнама және Отан тарихы» бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ.А. Еңсенов Қызылорда облыстық мемлекеттік архивтерінде 2022 жылы 23-31 тамыз күндері аралығында іссапарда атқарған жұмыстары туралы қысқаша есебін оқырман қауым назарына ұсынып отыр. 
 
Қазақстанның тарих ғылымының дамуы мен болашағына қатысты мәселелерді қарастыру үшін Қызылорда облысына арнайы іссапармен бардым. Ондағы мақсат – Қызылорда облысында Қазақстан тәуелсіздігі кезеңінде аймақта атқарылған іс-шаралар, тарихи тұлғалар мен оқиғаларға қатысты өткізілген мерекелік шаралар, ғылыми конференциялардың материалдарымен, архив деректерімен танысу және оларды ғылыми айналымға келтіру болатын. 


Қызылорда қаласында іссапар барысында «Қазақстанның қазіргі заманғы тарих ғылымының дамуын зерделеу және ғылыми негізделген тұжырымдамалар жасау» атты ғылыми-зерттеу жобасы тақырыбы бойынша Қызылорда облыстық мемлекеттік архивтерінен 431 парақ фото көшірме жасалды. 


Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық мемлекеттік кітапханасында Қазақстан тарихына қатысты бірқатар ғылыми еңбектер бар. Жалпы, олардың ішінде бір бөлігі қазақстандықтардың тарихи тұлғаларға арналған еңбектері қаралды. 
 

Іссапар барысында Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Онда Қазақстан қазіргі заман тарихына қатысты бірнеше қорда құжаттар сақталған. Осындай қорлардан Қазақстан қазіргі кезеңдегі тарихының 1991-2010 жылдар аралығына қатысты деректердің көшірмесі жасалды. Анықталған және көшірме жасалған парақтар саны – 431 бет материалды құрады. Архив деректерінен: 660-қордан 13 істен 77 парақ. 954-қордан 19 істен 208 парақ. 1569-қордан 10 істен 146 парақ көшірме жасалды. Бұл құнды құжаттар алдағы уақыттарда тарихи зерттеулер жазуға пайдаланылады және тың деретер ретінде ғылыми айналымға тартылатын болады. 

Зерттеу жобасына қатысты осындай күрделі және маңызды тақырыпты қарастыру үшін арнайы бекітілген «Қазақстанның қазіргі заманғы тарих ғылымының дамуын зерделеу және ғылыми негізделген тұжырымдамалар жасау» атты ғылыми-зерттеу жобасына (ИРН OR 11465459) қолдау білдірген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғыс айтамыз! Сондай-ақ, осы жобаны бірлесіп атқаруда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Мемлекет тарихы институтының ұжымы екендігін атап өткеніміз жөн деп ойлаймыз. 2021-2022 жылдарға жоспарланған ғылыми-зерттеу жобасы бойынша ғалымдар тобы архивтерде және кітапханаларда ізденіс, зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып келеді.

Аталған зертеу жобасы бойынша жинақталған материалдарға ғылыми қорытындылар жасалып, алдағы уақытта монография, оқулық және зерттеу мақалалары жарық көретін болады.

Қанат Еңсенов,

Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Әбiл Еркiн Аманжолұлы


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика