Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Бейбітшілік көшесі 4

 

Жаңарған қоғам – айқын мақсат

Жаңарған қоғам – айқын мақсат 02.09.2022

Жаңарған қоғам – айқын мақсат

Президентіміз Қ.Қ. Тоқаевтың кешегі Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауы, меніңше саяси жаңғыру бағдарын қолдаған жалпы ұлттық референдумды іс жүзінде жүзеге асыру жолдарын айқындап берді. Жолдауда тайға таңба басқандай етіп нақтыланған бес топпен берілген бағдарлар еліміздің Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы тиімді қадамы болды.

Маған әсіресе жаңа экономикалық саясат бағдарындағы басты басымдықтарың нақтылануы қөңілге қонымды болды, яғни жолдауда көрсетілген:

- жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру ЯҒНИ, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;

- бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру;

- сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу» - деген қағида ұнады. Әрине, мұның бәрі кезек күттірмейтін бірқатар маңызды міндетті шешуді талап етеді.

Сонымен бірге салық реформасы аясындағы болатын өзгерістер де көңілден шығады. Бюджет саясатына реформа жасау, Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсауды тоқтату, кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау, кәсіпкерлерге жер телімдерін бөлу орынды деп білемін. 

Жолдауда Президентіміз: 

«Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» - деді. 

Расында да медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отырғаны бәрімізге аян, сондықтан медицина – инвестиция салуға қолайлы сала.

Түйінді мәселенің бірі жобада – білім беру жүйесі туралы. Білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.

Жолдаудағы «қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек. Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет дегенді толығымен құптаймын, сонымен бірге жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылуы тиіс» - дегені әбден жөн. 

Себебі өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады. Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де бәсекеге қабілетті болуы қажет.  

Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн деп ойлаймын.

Кемелбекова М. В.  

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері  


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Әбiл Еркiн Аманжолұлы


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика