Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Бейбітшілік көшесі 4

 

Отан тарихын зерделеу өте маңызды мәселе

Отан тарихын зерделеу өте маңызды мәселе 26.04.2022

Отан тарихын зерделеу өте маңызды мәселе

Құрметті зиялы қауым және әріптестер!

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының «Деректану, тарихнама және Отан тарихы» бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ.А. Еңсенов Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасы мен Орталық ғылыми кітапханасында 2022 жылғы 3-12 сәуір күндері аралығында іссапарда атқарған жұмыстар туралы қысқаша есбін оқырман қауым назарына ұсынып отыр.

Алматы қаласында іссапар барысында «Қазақстанның қазіргі заманғы тарих ғылымының дамуын зерделеу және ғылыми негізделген тұжырымдамалар жасау» атты ғылыми-зерттеу жобасы тақырыбы бойынша ҚР Ұлттық кітапханасы мен Орталық ғылыми кітапханасынан 470 парақ фото көшірме жасалды.


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезеңіндегі Тарих ғылымының дамуын зерделеу аса маңызды мәселе. Мәселен, Отан тарихы бойынша қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың бағыттары және олардың нәтижелерін анықтау үшін авторефераттар мен диссертациялар кітапханалардан қаралып, олардың тізімі жасалып, одан кейін көшірмелері алынды. Ондағы ең маңызды мәселе, кандидаттық және докторлық диссертация қорғаған азаматтардың аты-жөні, қорғаған мандық шифры, көтерген өзекті тақырыптары, зерттеу нысаны, жаңалығы және қорытындыларын қарастыру және талдау аса қажет. Себебі, осындай бағытта арнайы зерттеу барысында Отан тарихындағы жетістіктер және олқылықтар анықтала түседі.


Міне, осындай күрделі және маңызды тақырыпты зерттеу, қарастыру үшін арнайы бекітілген «Қазақстанның қазіргі заманғы тарих ғылымының дамуын зерделеу және ғылыми негізделген тұжырымдамалар жасау» атты ғылыми-зерттеу жобасына қолдау білдірген ҚР БҒМ Ғылым комитетіне алғыс айтамыз! Сондай-ақ, осы жобаны бірлесіп атқаруда ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Мемлекет тарихы институтының ұжымы екендігін атап өткеніміз жөн деп ойлаймыз. 2021-2022 жылдарға жоспарланған ғылыми-зерттеу жобасы бойынша ғалымдар тобы архивтерде және кітапханаларда ізденіс, зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып келеді.

Отан тарихының Тәуелсіздік жағдайында қалыптасуы мен дамуын зерделеу және оның болашақтағы бағдарын анықтау, сол бағыттарда зерттеу жұмыстарымен шұғылдануды күшейту қажеттілігі туындайды. Сондықтан, елімізде кәсіби тарихшылар күрделі проблемаларды көтеру үшін, ең алдымен зерттеулер мен талдаулар жасап алғандығын жөн деп санаймыз. Осы аталған зертеу жобасы бойынша жинақталған материалдарға ғылыми қорытындылар жасалып, алдағы уақытта монография, оқулық және зерттеу мақалалары жарық көретін болады.

Қанат Еңсенов,

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
     


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Әбiл Еркiн Аманжолұлы


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика