Mемлекет тарихы институты

Казақстан Республикасы, Астана қ, Орынбор көшесі 8, 14 кіре беріс

 

ШИРЕК ҒАСЫР ШЕЖІРЕСІ

ЖАҢА АЙДАР!

«ШИРЕК ҒАСЫР ШЕЖІРЕСІ»


Бұдан 25 жыл бұрын тәуелсіздік тұғырын бекіткен Қазақстан даңғыл даму жолына көшті. 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданды. Еліміз тұңғыш рет егеменді мемлекеттің әлем қауымдастығы таныған заңды мәртебесіне ие болды. Заманымыздың осынау ұлы жеңісі – мәңігілік елдің арыдан аңсап, беріде орындалған сан армандарының жемісі екені даусыз. Сол үшін де тәуелсіз Қазақстан – көне бірлестіктердің жалғасы мен Қазақ хандығының тікелей ұрпағы.

Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев аз уақыт ішінде мемлекетті БҰҰ қатарына қосты. Президент бастамасымен еліміз басқа да әлем мойындаған халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды.

Тәуелсіздіктен кейінгі жылдарда Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарынан көрінді, Қазақстан-2030 стратегиясын мерзімінен бұрын орындап, жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясын негіз еткен 5 институционалдық реформа мен Ұлттық жоспарды жүзеге асыруға көшті.

Еліміз - халықаралық аренада асқақ абыройға ие мемлекет ретінде Еуразияның басты мемлекеттерінің қатарына кірді. Сондықтан мемлекетіміздің осынау биік белестерін – болмысы бөлек қазақстандық даму жолдың жетістіктерін зерттеуге сансыз көп ғылыми, ғылыми-танымдық еңбектер мен мақалалар жазылса да тәуелсіздік тақырыбын тарқатуға ғылыми талпыныс азаяр емес.

Осыған орай Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арнап Мемлекет тарихы институты «Ширек ғасыр шежіресі» атты жаңа айдар ашты. Отандық ғалымдар – тарихшылар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар жаңа айдарда материалдарын орналастырып, оқырманға тың ой тастай алады.

Сіздерден тартымды мақала күтеміз!


Мемлекет тарихы институтының директоры,
т.ғ.д., профессор Бүркітбай Аяған


  1. Бүркітбай Аяған. «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» МАНИФЕСІ

  2. Қ. Еңсенов. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ҰЛЫҚТАУ АРҚЫЛЫ ПАТРИОТИЗМДІ НЫҒАЙТУ

  3. Сейітқали ДҮЙСЕН, Жабай ҚАЛИЕВ. XX ҒАСЫРДЫҢ 90-ЖЫЛДАРЫ МЕН XXI ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

  4. Еркеш Нурпеисов. Гуманитарный и политический смысл идеи «Мәңгілік Ел»

  5. Кашкимбаев Амангельды. НАРОДНЫЙ ПРЕЗИДЕНТ И ПОСЛЕДОВАТЕЛЬНЫЙ ЛИДЕР

  6. Серубаева А.Т. ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР



© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика