Mемлекет тарихы институты

Казақстан Республикасы, Астана қ, Орынбор көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Біз туралы баспасөз

zhas-tarihshilar.jpgЖақында Мемлекет тарихы институты мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситеті жас тарихшыларының ұйым­дас­ты­румен «Жас тарихшылардың республи­ка­лық қауым­дастығы» құрылған болатын.Енді, міне, осы қауым­дас­тық бірнеше ғылыми зерттеу жобаларын 2014-16 жылдары жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Осыған орай Мемлекет та­рихы институтының мә­жіліс залында «Отан та­ри­­хының өзек­­ті мәселе­­­лері және оны зерт­теу­ге жас ғалымдар­дың қа­ты­­­суы» тақырыбын­­да дөң­ге­лек үс­тел мәжілісі өтті.
Іс-шараға Мемлекет тарихы институтының ди­рек­торы, тарих ғылым­ы­ның докторы, про­фес­сор Бүркітбай Ая­ған, Ә.Марғұлан атын­­да­ғы Археология инсти­­ту­тының Астана бөлім­ше­сінің директоы, тарих ғылым­ы­ның кан­­ди­даты Ақан Оңғар, Ш.Уәли­ханов атындағы Та­рих және этнология инсти­тутының аға ғылы­ми қыз­меткері, та­рих ғылым­ының кан­ди­даты Дәуітхан Рахым­құ­лов және «Жас тарих­шы­лар­дың республика­лық қауымдастығы» қоғам­дық бірлестігінің әр өңірдегі мүше­лері мен бұқаралық ақпа­рат құралдары өкіл­дері қатысты.
Жиында Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Қанат Еңсенов бірлестік­тің атқарып жатқан жұ­мыс­тары мен келешекте алға қойылған мақ­сат-міндеттеріне егжей-тег­жейлі кеңінен тоқталды.
«Жас тарихшылардың республикалық қауым­дас­тығы» қоғамдық бір­­лес­­ті­гінің Ш. Уәлиханов атындағы Көкше­тау мемле­кеттік университе­­тін­­дегі мүшесі, тарих ма­гистрі Гүл­мира Қарса­қо­ва, Е. Бөкетов атын­дағы Қара­ғанды мем­ле­кеттік университе­тін­дегі мүше­сі, т.ғ.к. Жұл­­дыз Қар­сы­бае­ва, Ш. Уәли­­ха­нов атын­дағы Тарих және этно­ло­гия инсти­тутын­­дағы мүшесі, ғылы­ми қыз­­меткер Алмас Жүніс­баев, Қ. Жұбанов атын­да­ғы Ақ­төбе өңір­лік мемлекеттік универ­ситетіндегі мүше­сі, тарих магистрі Бақыт Бай­шов Отан тарихын зерттеудің өзекті мәсе­ле­леріне қа­тысты ой бөлі­сіп, өңірлерде­гі тарих пә­нінің зерттелу дең­­гейі мен мәсе­лелері жө­­нін­де тар­қа­тып айтып берді.
Бас қосу соңында жастар келешекте атқары­латын жұмыстспарларын белгіледі.
Тағы бір айта кетерлігі, жас ғалымдар мен тарих­шыларға арналған «Тарих тағылымы» респуб­ликалық ғылыми журналы шығатын болды. Журнал тоқсан сайын қазақ, орыс және ағылшын тіл­дерінде жарық көреді.

© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика