Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

«Қазақстан және Түркі әлемі: қоғамдық ғылымдар саласындағы өзекті мәселелер» атты халықаралық онлайн симпозиумы өтті

«Қазақстан және Түркі әлемі: қоғамдық ғылымдар саласындағы өзекті мәселелер» атты халықаралық онлайн симпозиумы өтті 26.04.2021

«Қазақстан және Түркі әлемі: қоғамдық ғылымдар саласындағы өзекті мәселелер» атты халықаралық онлайн симпозиумы өтті

2021 жылдың 24 сәуірінде ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты мен Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қазақстан және Түркі әлемі: қоғамдық ғылымдар саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында онлайн симпозиум өтті. 

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты түркі әлемінің тіл, әдебиет, тарих, мәдениет, өнер, халықаралық қатынастар және саясат, рухани құндылықтары мен экономикалық мәселелері сияқты қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеуді қажет ететін мәселелерді жаңаша зерделеуді бірлесе жүргізуге шақыру. 

Симпозиум қатысушылары Түркі әлеміне қатысты зерттеулер жасап жүрген жас ғалымдардың басын қосып, түркі дүниесіне ортақ мәселелер бойынша ғылыми бағытта пікір алмасуды қамтамасыз ету және жаңа ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын анықтау;

- Түркі әлемін зерттеу саласындағы жас ғалымдардың тәжірибелерін жинақтай отырып, осы салада идеялар алмасуды және іс бірлігін қамтамасыз ету, іргелі зерттеу бағыттарын айқындау;

- Түркі әлемінің ортақ әдеби мұрасын насихаттау мен қатар қазіргі түркі халықтары әдебиеттерінің ортақ тұстары мен ерекшеліктерін анықтау, танымал әдеби шығармалардың өзара танытылуы мен осы саладағы ынтымақтастықтың сапалы түрде кеңеюіне үлес қосу; 

- қазіргі түркі мемлекеттері арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, білім беру және ғылыми қарым-қатынастарын еларалық байланыстар және көпжақты ынтымақтастық форматында сараптай отырып, осы байланыстардың дамуындағы проблемалар мен олардың шешімдерін, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық бастамалары мен атқарған іс-шараларын көрсету мәселелерін талқылады.


Іс-шараға түркі әлемінің жас ғалымдары мен зерттеушілері, сондай-ақ түркі жұртының ғылыми зерттеу институттары, халықаралық ұйымдары қатысты.

Симпозиум жұмысының қорытындысы бойынша қарар қабылданды және мақалалар жинағы шықты.

Симпозиумның пленарлық отырысы Youtube арнасынан тікелей эфирде таратылды: https://www.youtube.com/watch?v=2Fcp5zPb6Yk

Симпозиум бағдарламасын жүктеу үшін:
https://drive.google.com/.../1B5wNme_NtMpPVs9PKOe.../view...


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Әбiл Еркiн Аманжолұлы


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика