Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.-Ж. ТОҚАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» АТТЫ МАҚАЛАСЫНАН ТУЫНДАЙТЫН КЕЙБІР ОЙЛАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.-Ж. ТОҚАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» АТТЫ МАҚАЛАСЫНАН ТУЫНДАЙТЫН КЕЙБІР ОЙЛАР 06.01.2021

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.-Ж. ТОҚАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» АТТЫ МАҚАЛАСЫНАН ТУЫНДАЙТЫН КЕЙБІР ОЙЛАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.-Ж. ТОҚАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» АТТЫ МАҚАЛАСЫНАН ТУЫНДАЙТЫН КЕЙБІР ОЙЛАР

Бұл мақала халқымыздың тарихи санасын қалыптастырып, одан әрі дамытуға үлкен әсер ететін, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жаңа тұжырымдармен түбегейлі толықтыратын өте маңызды туынды болып табылады. Онда еліміздің тарихын қазіргі талаптарға сай қайта жазу туралы айтылған. Мемлекет басшысының ұйғаруынша, тәуелсіздік жылдарында бірнеше рет қолға алынғанына қарамастан, ұлттық мүддемізге сай келетін көп томдық жаңа тарихымыз әлі толық жазылған жоқ. «Оның тұжырымдамасын бұған дейінгі олқылықтарды ескере отырып қайта қарап, жаңа ғылыми ұстанымдар мен жаңалықтардың негізінде тыңнан жазатын уақыт әлдеқашан келді. Барлық оқулықтар осындай іргелі еңбекке негізделіп әзірленеді. Бұл – ұлт шежіресін дәріптеу тұрғысынан алғанда стратегиялық маңызы бар мәселе. Сондықтан, Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастау керек. Түптеп келгенде, тарихи сананы жаңғырту мәселесінің түйіні – осы. Бұл іске беделді тарихшыларымызды тарту қажет», - дейді Қ.-Ж. Тоқаев.
Енді осы талапты нақты орындау үшін, біздің ойымызша, жаңа комиссия мен жұмыс топтары құрылуға тиіс. Бұл жұмысқа біздің институттың басшылары мен белгілі тарихшы ғалымдары да қатысса жақсы болар еді.
Мемлекет басшысы мақаласында кезінде Елбасының бастамасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлт шежіресін түгендеуге жол ашқаны туралы айтады. Біздің институтымыздың ғалымдары сол бағдарлама бойынша және соңғы жылдары жарияланған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отандық тарих ғылымын тың серпінмен дамыту мақсатында, түрлі бағыттар бойынша көптеген зерттеу жүргізді. Бұрын бәймәлім болған қаншама тарихи деректер табылып, әсіресе Қазіргі заманғы тарихымызды айғақтайтын жаңалықтар ашылды. Енді осы зерттеу нәтижелері, Қ.-Ж. Тоқаев айтқандай, біздің институтымыздың аясында ғана қалып қоймай, көпшілікке жеткізу үшін жаңа монографиялар мен оқулықтар шығару жұмысын қарқанды түрде жүргізуіміз керек. Әрине бұл үшін жоғарғы билік сатылары тарапынан қажетті қаржы бөлінуі тиіс. Қаржының тапшылығынан, өкінішке орай, 2018-2019 жылдары Елбасының стратегниялық бастамаларын орындау бойынша жүргізілген Іргелі ғылыми ізденістер жобасы аясында әзірленген 800 беттен астам архив құжаттары арнайы жинақ ретінде әлі жарыққа шыға алмай отыр.
Мемлекет басшысы мақаласында биыл тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына байланысты осы мерзім ішінде қолымыз жеткен жетістіктерімізге жан-жақты сипаттама бере отырып, былай деді: « Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс».
Әрбір ел өзінің тарихында құрылу, қалыптасу және даму сатыларынан өткен. Солардың қатарында ХХ ғасырдың 1991 жылы өз тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасы да бар. Әрине, Қазақстанда 70 жылдан астам үстемдік еткен ескі тоталитарлық жүйенің орнына биліктің жаңа құрылымдарын орнату жылдам әрі жеңіл іске аса қойған жоқ. Бұл өте күрделі және ұзақ үдеріс екені адамзат тарихынан белгілі. Европа елдеріндегі 1848 жылғы буржуазиялық төңкерістер, патшалық Ресейдегі 1917 жылғы төңкерістер соның дәлелі.
Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында тек патша отаршылдары мен кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы 200-ден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққан екен. Соның ең соңғысы – тоталитарлық жүйенің темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының Желтоқсан қозғалысына да міне 35 жыл толғалы отыр. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады.
Біз тәуелсіз еліміздің бүгінгі биігінде тұрып осы күнді армандаған бабаларымыздың биік мұраттары алдында, ел бостандығы жолында құрбан болған есіл ерлеріміздің мәңгі өшпес рухы алдында әрқашан басымызды иіп, тағзым етуге тиіспіз.
Мен Мемлекет басшысының мақаласына арналған басқа да пікірлерді қолдай отырып, өз ойымды Қасым-Жомарт Тоқаевтың мына сөздерімен аяқтағым келеді: «Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр. Жалпы, тарихпен саясаткерлер емес, тарихшылар айналысуы керек». Ендеше біз Президентіміздің осы талабын орындауға жұмыла кірісімуіміз керек.

ТАЛҒАТБЕК ӘМИНОВ,
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының
аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор,
Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі

5 қаңтар 2021 жыл


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Әбiл Еркiн Аманжолұлы


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика