Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Президент Жолдауындағы өзекті мәселелер

Президент Жолдауындағы өзекті мәселелер 24.11.2020

Президент Жолдауындағы өзекті мәселелер

Мемлекет басшысының жолдаулары ҚР Президентінің конституциялық өкілеттіліктерінен туындайды. ҚР Конституциясының 44-бабының 1-ші тармағында ҚР Президенті «Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнайды» деп жазылған.

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланды. Бұл ауқымды бағдарламалық құжат 11 тараудан тұрады және «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталады. Осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа экономикалық бағытты әзірлеу жұмыстары жүріп жатқанын айтқан болатын. Күткендей, екінші Жолдау ел дамуының негізгі мақсаттарына, экономикалық және әлеуметтік мәселелеріне арналды.

Президент шын мәнінде әртараптандырылған және технологиялық экономиканы құру кезек күттірмейтін міндеттердің бірі деп атады. Ол елдің «дағдарыстан кейінгі дамуының» ауқымды жоспарын ұсынды - атап айтқанда, «жаңа экономикалық бағдар», мемлекеттік аппарат реформасы және жаппай цифрландыру.

Әлемді жаппай шарпыған пандемия Қазақстан экономикасына да әсер етті: билік коронавируспен және оның салдарымен күресуге 4 трлн теңгеден астам қаражат бөлді. Осыған байланысты президент Тоқаев Қазақстанның «жаңа экономикалық бағдары» жариялады, оған сәйкес ол жеті қағидатқа негізделуі керек:

- Игіліктер мен міндеттердің әділ бөлінісі.

- Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі.

- Әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашу.

- Өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру.

- Адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту.

- «Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау.

- Мемлекет тарапынан дәйекті шешімдер қабылдау және сол үшін қоғам алдында жауапты болу.

Президенттің сөзінше, «Бұл ретте біз бәсекеге қабілеттігімізді көрсететін артықшылығымызға және нақты мүмкіндіктерімізге сүйенуіміз керек».

Осы мақсаттарға арналған жобалар, деп атап өтті Президент, 2021 жылға дейін тұжырымдалады. Осының аясында, президент келісімшарттардың орындалу мерзімдері мен стратегиялық инвестициялық келісімдердің құралын енгізу туралы заңнаманың тұрақтылығына уәде берді. Жолдаудың маңызды бөлігі, күткендей, «коронадағдарыс» жағдайында шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдауға арналды. Басты мақсат, деп атап өтті Қазақстан көшбасшысы, 2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін 35% дейін, ал экономиканың осы саласында жұмыс істейтіндердің санын 4 миллион адамға дейін арттыру. Сонымен қатар, тамақ және тоқыма өнеркәсібін, құрылыс материалдары өндірісін және басқа да өнеркәсіп салаларын дамыту қажет екендігі атап өтілді.

Пандемия жағдайында әлеуметтік саланы дамытудың басқа басым бағыттарының қатарында мектеп оқушылары мен мұғалімдері үшін бірыңғай білім беру онлайн-платформасын дамыту болып табылады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы алу процесін цифрландыруды тапсырды.

Нақты шараларға келетін болсақ, ауыл әкімдерін тікелей сайлау, жергілікті бюджеттің бекітілуіне бақылауды күшейту, азаматтардың реформалар мен ұсыныстарды бастамашылық етуі үшін онлайн-өтініштердің бірыңғай заңды институтын енгізу туралы шешім қабылданды. Президенттің елдегі көппартиялық жүйені қолдайтыны туралы мәлімдемесі маңызды болды. 

Жұмағалиев Д.А. 

Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Әбiл Еркiн Аманжолұлы


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика