Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Нұр-сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты және ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Нұр-сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты және ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды 05.11.2020

Нұр-сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты және ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Елорда әкімдігінде Нұр-сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты және ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.

Меморандум «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Мұрағат-2025» және «Қасиетті Қазақстан» жобалары шеңберінде ынтымақтастық және бірлескен жұмыс мақсатында жасалады.

«Мұрағат-2025» жобасы отандық және шетелдік мұрағаттарда тарихтың жетіспейтін деректерін қалпына келтіру мақсатында іргелі зерттеулер бағытында жүзеге асырылуда. «Қасиетті Қазақстан» жобасы ұлттық-идеологиялық деңгейді арттыру, Қазақстанның киелі және тарихи орындары мен нысандарын дәріптеу бағытында жүзеге асырылуда.

«Біз жобалық кеңсемен бірлескен жұмыс туралы меморандум жасастық. Бұл біздің бір жұмыс жасауымызға байланысты. Біз күш-жігерімізді, ең алдымен, ғылыми-зерттеу, сараптамалық және ақпараттық сүйемелдеуді шоғырландырғымыз келеді. Ең бастысы-ғылыми-зерттеу институттарының не істеп жатқанын жеткізу, ғылыми жаңалықтарды кеңінен тарату, оларды көпшілікке жеткізу. Бұл тұрғыда біз 17 жоба аясында жұмыс істейтін боламыз. Жақын арада жаңа жобалар пайда болады. Сондай-ақ ғылыми мұрағаттар бойынша «Мұрағат — 2025″ жобасы бар. Бұл біздің тікелей жұмысымыз. Басқа институттар да үлкен жұмыс атқаруда. Жобалық кеңсе арқылы біз бұл жұмысты танымал ете аламыз», — деді ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл.

Сонымен қатар, спикер институттың және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің негізгі міндеті ұқсас, бұл тарихи сананы қалыптастыру екенін атап өтті.

«Біздің мемлекетіміз өршіл мақсаттар қояды. Ол – әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіру, бірақ сонымен бірге бізге адами капиталды жаңарту қажет. Осы бағдарламалардың барлығын жүзеге асыратын адамды қалыптастыру. Абай өз заманында сананы жаңғырту идеясын қалап, іс жүзінде ортағасырлық қазақ этносын қазіргі заманғы азаматтық ұлтқа айналдырды. Біз ұлтты жаңғыртудың осы жолын жалғастырамыз», – деп атап өтті институт басшысы.


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Әбiл Еркiн Аманжолұлы


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика