Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәселесі республиканың аймақтық мемлекеттік архивтері деректерінде» атты теориялық-методологиялық семинары өтті

«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәселесі республиканың аймақтық мемлекеттік архивтері деректерінде» атты теориялық-методологиялық семинары өтті 26.10.2020

«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәселесі республиканың аймақтық мемлекеттік архивтері деректерінде» атты теориялық-методологиялық семинары өтті

«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәселесі республиканың аймақтық мемлекеттік архивтері деректерінде» атты теориялық-методологиялық семинар офлайн түрде өтті

2020 жылдың 21 қазаны күні Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Мемлекет тарихы институтының Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімі бірлесе отырып «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәселесі Республиканың аймақтық мемлекеттік архивтер деректерінде» теориялық-методологиялық семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңызын ашып, осы мақаладан туындайтын еліміздегі ұлт саясатын жүргізудің және ұлтаралық қарым-қатынастың қырларын архив деректерінде жинақталуы мен оларды пайдалану мәселелерін тарихшы ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің талқысына ұсыну болды.

Шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы қызметкерлері, Мемлекет тарихы институтының Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімінің жетекші ғалымдары мен жас ғалымдары, ғылыми қызметкерлері қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Әбiл Еркiн Аманжолұлы


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика