Memleket tarihy institýty

Казақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел көшесі 8, 14 кіре беріс

 

Тарихи белестер

Тарихи белестер 20.08.2020

Тарихи белестер

2020 жылғы 19-20 тамызда Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Аманжолұлы Әбілдің жетекшілігімен Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуының 100 жылдығына арналған «Тарихи белестер: кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыстан тәуелсіз мемлекетке дейін» атты ғылыми-теориялық онлайн-конференция өтті.

Ғылыми шараға 2020 жылдың 19-20 тамызы күндері 13 баяндама тыңдалды. Конференция жұмысына Ғылыми форумға ҚР БҒМ ҰК Мемлекет тарихы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институттарының, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ және А. Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университетінің ғалымдары мен зерттеушілері қатысты.

Ғалымдар Бүркітбай Аяған, Зиябек Қабылдинов, Жамалиден Ибрагимов, Майсара Бекмагамбетова, Еркеш Нүрпейісов, Әлима Ауанасова, Марал Қалиева, Құндызай Ерімбетова, Талғатбек Әминов, Сейітқали Дүйсен, Күлпаш Ілиясова, Бауыржан Шериязданов, Қуаныш Ақанов баяндама жасады.

Интернет-конференция барысында жан-жақты ғылыми пікір алмасу өтті. Зерттеушілер ҚазАКСР-нің құрылу процесін қарастырып, Алаш көсемдерінің Қазақстанның дамуындағы рөліне тоқталды, Қазақ Автономиясының құрылуының заңды жақтарын және республикадағы Құрылтай съезінің тарихи маңыздылығын ашты.


Конференция қатысушылары Қазақ автономиясының қалыптасуы мен қалыптасуына арналған отандық және шетелдік мұрағаттар қорларындағы тарихи құжаттардың мәні мен маңыздылығын атап өтті, кеңестік ұлттық мемлекет құру, мемлекеттік тәуелсіздік, қоғамның рухани және мәдени дамуы мәселелерін қарастырды. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына, тәуелсіз Қазақстанның қазіргі дамуы жағдайында қоғамдық сананы жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінді.

Онлайн-конференцияға қатысушылар Қарар жобасын қабылдады.

Онлайн-конференцияны ұйымдастыруға және өткізуге Деректану, тарихнама және Отан тарихы, Ғылыми ақпарат бөлімдерінің қызметкерлері белсенді қатысты.

Онлайн-конференция жұмсы «Zoom» интернет-қосымшасы арқылы өткізілді.


Возврат к списку



«Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры
Әбiл Еркiн Аманжолұлы


© Copyright 2013. Мемлекет тарихы институты
Яндекс.Метрика